Архивы за Март, 2019

«Езу тартыңыздар»-8

0

 

«ЕЗУ  ТАРТЫҢЫЗДАР» — 8

 

Сайтымның «әзілдік» осы тарауы көптен бері «қозғалыссыз» қалған еді. Сондықтан да, бүгінгі, 1-сәуір — «Күлкі» күніне орай,  оның «қоржынында» жинақталып қалған әзіл-күлкілік жазбалардың үлкен бір топтамасын  ұсынып отырмын. Көңілдерің көтеріңкі болсын, тамашалаңдар!

Сонымен бірге, бұрынғы парақтарда жарияланған әзіл-қалжыңдық жазбаларды, күлкілі әңгімелерді мына сілтеме бойынша  оқып шығуларыңа болады: http://bit.ly/2I1XUNO.  (далее…)

«Ілияс Жансүгіровке-125». (24)

1

 

«Ілияс Жансүгіровке-125». (24)

Осы тараудың бүгінгі парағында беріліп отырылған жазбалар

  1. Жемісбек Толымбековтың бұрындары жарияланбаған  «Өмір сәті» деген деректі-хикаяты (повесть). Онда Ілияс ақынның, Мұхтар Әуезовтың және Молықбай күйшінің Ақсу жерінің Амантекше жайлауында кездесулері әңгіме етіледі;

 2. І. Жансүгіровтың туған жері — Алматы облысы Ақсу ауданы басшылығының  ақынның 125 жылдық мерейтойын өткізуге байланысты дайындық іс-шараларының нақтыланған жоспары.

Танысыңыздар! (далее…)

«Шежіре жүргіземіз» (17)

3

 

«Шежіре жүргіземіз» (17)

 

Осы шежірелік тараудың бүгінгі санында: 

1.ҚАЗАҚ елінің НАЙМАН тайпасының, одан ары қарай таратылатын ТӨЛЕГЕТАЙ — ҚЫТАЙ – «Төрт Төлегетай» атанған ,  МАТАЙ,  САДЫР,  ҚАРАКЕРЕЙ, ТӨРТУЫЛ   деген ұлдары ұрпақтарының  шежірелік таратылымы бұл жолы  ТӨРТУЫЛ руы жөніндегі жазбалармен жалғасады. (Алайда,  жалпы да және ғаламтор жүйесінде де ол жөніндегі деректердің тым тапшы болғандығынан шағын  жазбалармен  шектеліп отырмыз).

2. Белгілі тарихшы, жазушы, шежіресі, ел ағасы Камал Әбдрахманның  сайтымызда өткен жолы жарияланған «Қаракерей руының таратылуы» туралы шежірелік жазбаларға берген  коммент- анықтамалары және бірер жылдар бұрын жарияланған «Қаракерей ме, әлде, қарақытай ма?» деген мақаласы беріліп отыр. Бұл мақалада жалпы Найман тайпасының және оның ұрпақтары жөнінде  құнды тарихи-зерттеушілік  мағлұматтар айтылады.

Оқыңдар, танысыңдар!

(далее…)

«Шежіре жүргіземіз» (16)

1

 

«Шежіре жүргіземіз» (16)

 

Осы шежірелік тараудың алдыңғы парақтарында ҚАЗАҚ елінің НАЙМАН тайпасының, одан ары қарай таратылатын Төлегетай — Қытай – «Төрт Төлегетай» атанған Қаракерей,  Матай,  Садыр,  Төртуыл  деген  ұлдары ұрпақтарының  шежірелік таратылымын жеке-жеке жалғастырсақ деген ниетімді білдірген болатынмын. Соған орай, МАТАЙ, САДЫР  руларына байланысты біраз шежірелік-танымдық жазбалар берілген болатын (Олармен  мына сілтемелер арқылы танысуға болады:http://bit.ly/2FlhQrN)  және  http://bit.ly/2TQyiuf

Бүгін солардың жалғасы ретінде  Қаракерей  руы туралы біраз танымдық жазбаларды ұсынып отырмын. Танысыңыздар! (далее…)

«Туған жерге сағыныш» (16)

0

«Туған жерге сағыныш» (16)

Құрметті оқырмандар, әлеуметтік желідегі достар!

Барлықтарыңды Наурыз мейрамы — Жаңа Жылымызбен тағы да құттықтай отырып, сайтымның осы тарауы тақырыбына сай  «АУЫЛЫМДЫ САҒЫНДЫМ» деген атпен әсем әуенді әндердің кезекті  топтамасын ұсынып отырмын.

Қабыл алыңдар, мейрам күндері көңілдерің  көтеріңкі болсын!

(далее…)

«Шежіре жүргіземіз» (15)

2

 

«Шежіре жүргіземіз» (15)

 

Кеше осы шежірелік тарауда ҚАЗАҚ елінің НАЙМАН тайпасының, одан ары қарай таратылатын Төлегетай — Қытай – «Төрт Төлегетай» атанған Қаракерей,  Матай,  Садыр,  Төртуыл  деген  ұлдары ұрпақтарының  шежірелік таратылымын жеке-жеке жалғастырсақ деген ниетімді білдірген болатынмын. Соның алғашқысын МАТАЙ руынан бастап, біраз шежірелік-танымдық жазбалар берілді (Олармен  мына сілтеме арқылы танысуға болады:   http://bit.ly/2FlhQrN)

Бүгін солардың арасын үзбей САДЫР руы туралы танымдық жазбаларды ұсынып отырмын.

Соған қоса, осы тақырыпты пайдалана отырып, Ғали Әзімбайдың бұрынырақ жарияланған  «ЖЕТІСУДАҒЫ САДЫРЛАР КӨТЕРІЛІСІ» атты тарихи-деректік мақаласын қоса беріп отырмын. Танысыңыздар!

(далее…)

«Шежіре жүргіземіз» (14)

1

 

«Шежіре жүргіземіз» (14)

Сайтымның осы  шежірелік тарауы жүргізіле басталғалы оның парақтарында ҚАЗАҚ елінің  НАЙМАН тайпасының тарихы мен оның шежірелік тармақтарына байланысты біршама танымдық мақалалар жариялануда. (Олармен осы тараудың адрестік сілтемесі арқылы танысуға болады http://bit.ly/2Ctfx5I)

Енді оның  ары қарай таратылатын Төлегетай, одан Қытай, одан – «Төрт Төлегетай» атанған Қаракерей,  Матай,  Садыр,  Төртуыл  деген  ұлдары ұрпақтарының  шежірелік таратылымын жеке-жеке жалғастырсақ деген ниеттеміз. (далее…)

«Ілияс Жансүгіровке -125». (23)

0

 

«Ілияс Жансүгіровке -125». (23)

 

Сайттың осы мерейтойлық  тарауының бүгінгі парағында:

 1. Ілияс ақынымыздың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында, оның шығармашылықтарын насихаттау мақсатында басталған «жыр-эстафетасына»-"челледжге" қосылушылардың бейне-аудиолық жазбаларының кезекті топтамасы назарларыңызға ұсынылады;

 2. Сонымен бірге, мерейтой дайындығы «қоржынына» өз үлестерін қосушы азаматтар мен жиналудағы каражат есебі туралы, осы жұмыстарды үйлестіруші Ақсу аудандық штабының кезекті мәліметі беріліп отыр.

 Танысыңыздар! (далее…)

Электронды кітаптар туралы — 4

0

 

ЭЛЕКТРОНДЫ  КІТАПТАР  ТУРАЛЫ — 4

 

Құрметті   оқырмандар!

Мен бұрынырақ осы сайтым бетінде электронды кітаптар туралы бірнеше танымдық мақалалар жариялап, олардың қазіргі технологиялық және ақпараттық серпіліс уақытында аса қажеттілігі мен тиімділіктері жөнінде, қандай мақсаттарда  дайындауға  және  пайдалануға болатыны туралы бірнеше танымдық мақалалар  берген  едім. Және де өзімнің соларды қазақ тілінде дайындау технологиясын меңгеріп,  5-6 кітап дайындағанымды көрсеткенмін. Қазір де 2-3 кітап дайындалу үстінде. (далее…)

Серікбек Серпербаев туралы

0

 

СЕРІКБЕК СЕРПЕРБАЕВ ТУРАЛЫ

Алматы облыстық «Жетісу» газетінде «Аудан баласы» деген тақырыппен менің мерейжастық туған күніме арнаулар  ретінде жазылған  мақала мен өлең шумақтары жарияланыпты. Соларды бүгінгі параққа енгізіп отырмын. Танысуларыңызға болады. (далее…)

Вверх