«Ілияс Жансүгіровке -125». (22)

Құрметті оқырмандар!

Соңғы уақыттарда әр тараптан дүлділ Ілияс ақынымыздың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында, оның шығармашылықтарынан жыр-эстафеталар өткізу, үзінділер оқып, оның бейне-аудио жазбаларын әлеуметтік желілерге салу жөнінде оңды ұсыныстар айтылып жатыр.

Осыған орай, мен сайтымның айтарлықтай мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, онда бір жылдан бері жүргізіліп келе жатқан атамыш бөлім арқылы осы қозғалысқа қосылып отырмын. «Ілиясты тани білу – ұлт парызы» атты тарауда сайт қоржынында бұрыннан жинақталған және жаңадан ұсынылып жатқан жазбалар рет-ретімен жарияланатын болады. Бүгінгі парақта солардың алғашқы топтамасы назарларыңызға ұсынылады. Қабыл алыңыздар! (далее…)