«Шежіре жүргіземіз» (18)

 

Сайтымның  осы  тарауының  соңғы сандарында ҚАЗАҚ  елінің НАЙМАН тайпасының, одан ары қарай таратылатын ТӨЛЕГЕТАЙ - ҚЫТАЙ – «Төрт Төлегетай» атанған,  МАТАЙ,  САДЫР,  ҚАРАКЕРЕЙ, ТӨРТУЫЛ  деген  ұлдарының  шежірелік таратылымы туралы деректер беру басталғанын  байқаған боларсыздар.

Осы үрдісті ары  қарай  жалғастыру мақсатында  бұл жолғы парақта МАТАЙДЫҢ  бір ұлы – ҚАПТАҒАЙ батыр жөнінде ізденістер жасаған химия ғылымдарының кандидаты, Райыс қажы  ӘРІПЖАНҰЛЫның   «Ер  ҚАПТАҒАЙ»  атты  бұрынырақ жарияланған мақаласын беріп отырмын.

Сонымен  бірге, осы  МАТАЙ – ҚАПТАҒАЙДАН  - .... – ЕСЕНКЕЛДІ — ... – АСАН – ТОҚА  болып  және  одан  ары  қарай  таратылатын  өзімнің  әулеттік шежірені ұсынып отырмын. (далее…)