Өткен аптада жерлесіміз, облыстық «Жетісу» телекомпаниясының белді қызметкері Гүлжанат Мақұлжанованың ұлы, ертеректе ауданымыздың озат шопандары болған Ахмет пен Үміт Мақұлжановтардың немерелері  Алмат Хамитов Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2017» сыйлығына ие болды.  Ол  облыс жастары арасында жыл сайын өткізілетін осы шарада «Үздік журналист» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан марапаттарын алды.  Қуаныш иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алматқа әлі де талай биіктерден көрінуіне тілектестік білдіреміз!

Аудан азаматтары атынан      С.Серпербаев