Айтбаев Амантай - 75 жаста

 Бүгін, 28 желтоқсан күні ауданымыздың  қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, ұзақ жылдар Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарған, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы», аудандық ардагерлер ұйымы мен қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Амантай Айтбаев 75 жасқа толып отыр.

 

 

Жетпіс беске жеттің міне  Ақсақалым,

Сымбатыңнан  әлі де мін таппадым.

Ұстаздықтың  ақ туын биік ұстап 

Ақылшысы бола білдің мың жастардың

                       

 

        Бүгін де көшін бастап үлкендердің

   Құрметтісің еліңе. Ардақтысың.

     Жетпіс бестің белесін жүзіп өткен

Өмір-өзен кемесі тоқтамасын

 

  Өмірдің жеті белесінен  жас ұрпақты тәрбиелеудегі еселі еңбегімен, қажырлы қайратымен, ауданның қоғамдық өміріндегі зор белсенділігімен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделімен асып өткен Әбекеңді туған күнімен шын жүректен  құттықтаймын!

   Әлі де мықты денсаулық,  ұзақ ғұмыр тілеймін.  Әулетіңізде жақсылықтар мен қуаныштар молынан болсын!

 

 

Үлкен құрметпен, әріптес ініңіз,

Аудандық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы, осы сайттың иегері  Серпербаев Серікбек

28 желтоқсан 2017 жыл