Құрметті Әділбек Егеубекұлы , Бейбіт Жаңылысұлы !

Сіздерді және бүкіл Ақсулықтарды Қант заводының қайтадан іске қосылып, алғашқы өнімін беруімен құттықтаймын! Өздеріңіз «Рухани қайта жаңғыру» ісіне белсене қатысумен қатар, туған өңірді гүлдендіруге ерекше үлес қосып, халықты жұмылдырдыңыздар. «Жас келсе – іске » дегендей, қажымай жалықпай ізденіп инвесторлар тауып , тиісті орындарға мәселені дер кезінде қоя білдіңіздер. Жоғарғы органдардың назарын аудардыңыздар. Міне , талпыныс пен ізденістің қортындысы завод қайта жаңғырып,бұрқыраған түтінімен ауданға тіршілктің жылы демін алып келді. Енді осы қарқын ары қарай алға жылжып жемісін көріңздер.Халықтың көңіл -күйі көтеріліп ,табысы молайсын. Аудан экономикасы өрлеп өссін.

Ізгі тілекпен, Ақсу ауданы мен Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы», зейнеткер

Молдабаева Зура Дүйсенқызы