ҚҰРМЕТТІ  САЙТ ОҚЫРМАНДАРЫ!

  Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі  ғаламтор жүйесінде — интернет-сайттарда, әлеуметтік жүйелерде отыратыны белгілі. Себебі, әркім олардан өз кәсіптеріне, қызығушылықтарына байланысты қажетті мағлұматnарды молынан алады, білімдік деңгейлерін  көтереді, пайдалы кеңестер алады, демалады...

 Осы  авторлық  сайтым интернет кітап-газет тұрғысында құрылғандықтан,  соған тақырыптас, мазмұндас келетін  сол  желілердегі  жарияланымдарды  талдап-іріктеп  Сіздерге  таныстырып отыруды жөн көріп отырмын.  Олар «Әлеуметтік желілерде не айтылды?» деген  атаумен  тақырыптар бойынша  құрылды. Бұл шолу ең алғашқысы  болғандықтан,  оның тақырыптарын да,  жарияланымдарын да сынақтық нұсқа  (пробный вариант) деп қабылдаңыздар. Бұл жолы 6 тақырыптық топпен   беріліп отыр,  екінші бөлімі  таяу күндері қосылады (Барлығы 10 топ).  Сонымен бірге, осы бір тәсілдің сайтта  қажеттілігі бар, өміршеңдігі болады десеңіздер  және де оның тақырыптары, шығарылымдардың  таңдалуы,  шығару мерзімаралығы туралы ұсыныс-пікірлеріңізді білдіріңіздер.  Рахмет! 

ТОП-10 (Бірінші бөлім)

I. Қуанышқа ортақпыз! (Құттықтаулар)

Өткен аптада  желідегілер  тарапынан құттықтауларды  молынан алған азаматтар

  1. Желінің ең үлкен ақсақалы

Кәрім Жұмағалиев

Сол кісінің өзі жазғанын  оқыңыздар!

«ҚҰРМЕТТІ ДОСТАРЫМ!!!  Жасымның үлкендігіне байланысты шығар, менің жағдайымды сұраған достарымның лебіздерін  фейсбук  беттерінен көріп қаламын. Солардың барлығына өлең жолдарымен жауап беруді жөн санадым».

Сексенжетіге бассам да аяғымды,
(Ұстамаймын ары әкет, таяғыңды.)
Өткен өмір парағын ақтарамын,
Еске алып, жастық шақты- баяғыны.

Оһ!
жастық шақ кеттің ғой мені тастап,
(Несіне айта берем соны қақсап,)
Қартайу да, өмірдің бір кезеңі,
Ол да, қызық межелеп жолын тапсақ.

Кей кезде неше түрлі ойлар тербеп,
Кәрілік шақырады бері кел деп.
Бірақ оны маңыма жолатпаймын,
Өйткені көңілім мен бойым сергек.

Кеш жатам, ұйықтап кетем, ұйқы басып,
Таңсәріден оянам ұйқы қашып.
Компьютерге отырып өлең жазам,
Кенеттен шабыт келіп, көңіл шалқып.

Ерте тұрып гүл-бақты аралаймын,
Таза ауа, самал желді аялаймын.
Суғарып Алма, Алмұрт, көкөністі,
Жүзімдерді үзіп жеп бағалаймын.

Жемістің 15 түрін өсіремін,
Оларды күтіп баптау есілдертім.
Өсімін бау-бақшамның жинағанда,
Таңқалады достарым, көршілерім.

Еңбек десе елеңдеп ерінбеймін,
Кәрілікке ешқашан берілмеймін,
Компьютерге отырып кітап жазам,
Бейсауат көшеде көп көрінбеймін.

Сәл босасам Фейсбукте отырамын,
Жаһанның жаңалығын қопарамын.
Жаман жағын көңілге қондырмастан,
Жақсы жағын миыма толтырамын.

Міне осындай, сұрасаң қал-жағдайым,
Сексенжетіге келдім деп ойламаймын.
Күш, қайрат, ақыл, есім бәрі дұрыс,
Қартайдым деп өзімді санамаймын.

Ризамын !!!
Жағдайымды сұраған Достарыма,
Денсаулық, бақыт берсін бастарыңа!
Алаламай бәріңді жақсы көрем,
Фейсбукте жүремін қастарыңда,

Кәрім Жұмағалиев
Алматы, 22.11.2017- ж.

Құттықтауларға қосылып, айтылған тілектер мен қойылған  «лүпілдердің»   көптігінен  оларды санап шығуға жалығып кеттік. Солардан ішінен  өлеңге өлеңмен айтылған  біреуі:

 

Аман жүр қайда жүрсең, Кәрім аға,
Істеген тірлігіңнің бәрі жаңа.
Жігіттей сізді көріп мен өзімді
Көремін мектептегі әлі бала.

Үлгі алар адамдар көп өзіңізден,
Үлгісіз ісіңізбен, сөзіңізбен.
Еңбекқор, ақын әрі бағбан аға,
Сіз жассыз ойсыз жүрген көбімізден.

Тілеймін денге саулық, жанға шабыт,
Жүріңіз жырдан өріп алқа тағып.
Ұл-қызың өзіңіздей зиялы боп,
Өнерді жоғалтпасын бағып-қағып!

Оралбай Сатуов

 

2. ҚР Президентінің  «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанған жерлесіміз, 

 Рза Тұрсынзада

3. Қуат Қайранбаев" 

«Бұйырса төртінші рет ата-апа болып отырмыз. Кәусар деген сәби дүниеге келіп, қуанып жатқан жайымыз бар. Бұл қызым Гаухар мен Сымбаттың шаңырағындағы екінші бала. Жаратушы ғұмырын ұзақ еткей!!!»

II. Рухани жаңғыру -Ұлт мүддесі

 

Сымбат Демесинова

7 ноября в 1:47

Ей, дүние, маған қара!
Мен қазақпын!
Тордағы барыс едім, енді азатпын,
Ей, Еуропа, өркөкірек маған қара!
Түсіңе де кірмеген, азиатпын!

Мен қазақпын,
Жаттап ал есімімді,
Дос болсаң, айқара аштым есігімді.
Ар-намысты анам бар тербететін,
Сенің емес, мына менің бесігімді.

Мен қазақпын,
Азия даласынан,
Жеті атасын жеткізген баласына.
"Қазақтардың шамасы жетеді- ау «-деп,
Қарашы Тəңірімнің шарасына,
Орнықтырған азулы барысыңды,
Аю мен айдаһардың арасына.

Мен қазақпын,
Ұлт алдында арым таза!
Көрсем де талай сынақ, талай азап.
Анау күн, өшсе де аспандағы,
Өшпейтұғын мəңгілік, атым Қазақ!

БАС  ПРОКУРОР  кеңесшісі  журналист  сауалына  орыс тілінде жауап беруден бас тартты

4443 |  24.11.2017 16+

Міне, нақты жетістік!

ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина «Руxани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқауы туралы өткен брифингте тек мемлекеттік тілде сөйлеп, журналист сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Бүгінгі тақырыбымыз «Руxани жаңғыру» болғандықтан мен брифингті мемлекеттік тілде өткізгім келіп отыр. Егер сұрақтарыңыз орыс тілінде болса біз оған қазақ тілінде жауап береміз, рұқсат етсеңіздер, кейін өздеріңіз аударып алсаңыздар. Себебі «Руxани жаңғыру» дегенде мұның артында мемлекеттік тілдің мүддесі, ұлттық мүдде деген тақырып жатқанын жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Осы шараны өткізетін кезде баспасөз қызметі арқылы бір мәселе айтылуы керек болған. Біз «Руxани жаңғыру» тақырыбын бастағаннан кейін руxани жаңғырып жатқанымызды дәлелдеуіміз керек. Бүгінгі шараны сіздердің мекемелеріңізде (Орталық коммуникациялар қызметніде – авт.) мемлекеттік тілде өткізейік дедік»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Мұндай шараның ОКҚ-да бірінші рет өткізіліп отырғанын да жасырмады. Брифинг соңында орыс тілді журналист Нұргүл Қарағойшинадан ресми тілде жауап беруін сұрады. Бірақ ол бас тартты.

«Орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері аударып жүрді, аударып та келеді, енді сіздер (орыс тілді журналистер – авт.) қазақ тілінде аударып көрсеңіздер деген ниет болды. Бұған дейін тіл мәселесімен айналысып жүргендіктен, сіздердің әріптестеріңіз болғандықтан xалықтың алдында басқа тілде сөйлеп отыруға ұялып тұрмын, шынымды айтсам»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Ол Бас прокуратурадағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін айта кетті.

«Прокуратура – қалыптасып қалған орган. Бізге келетін құжаттарды екі тілде де қарай алатын прокурорлар отыр. Бүгінгі таңда біздің прокуратурадағы өзгеріс басшымыздың екі тілде бірдей шешен сөйлейтінінен көрініп тұрған шығар деп ойлаймын. Талап өзгерді, бұрынғыдай бір тілді білетін маманнан гөрі екі, үш тілді білетін маманға таңдау жасалатын болды. Бәсекелестік заманында, әркім жақсы жерде отырғысы келетін, өзін көрсеткісі келетін, шен-шекпенді болғысы келетін заманда прокурор болу үшін бірінші кезекте мемлекеттік тілді білу – міндет. Басым көпшілігі, 80%-ы дерлік қазақ тілін жақсы біледі», — деді ол.

Сонымен бірге ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина прокуратураға келіп түсетін құжаттарға байланысты құжат айналымы көбіне орыс тілінде жүретінін жасырмады. Мұның себебі де бар.

«Себебі арыз жазушы көбіне өзіміздің xалқымыз, олар орыс тілінде жазып әкеледі. Біз өзіміз, xалық боп, ұлт боп, талабымызды өзіміздің жеке тарапымыздан бастамасақ, жеке шағым, арыз, айтатын әңгімемізді қазақ тілінде айтпасақ, онда жауап та сондай болады. Сол үшін байланыс екі жақты болсын дегіміз келді», — деп сөзін түйіндеді.

Назерке Абибулла

 

III. Ұлағатты сөздер — ақылдың кені

Ер-Аға Ақанұлы

Администратор · 1 ч

Құрметті апай-ағайлар,оқырман қауым!  Өткен парақшамызда басталған тақырыбымыз,,Қазақтың салт-дәстүрлері,әдер-ғұрыптары»-ұмытылып бара жатқандай соны жалғастырайық;

1)Құрсақ той-айтылған жоқ кім толығырақ мағлұмат берер екен?
2).Қазанжарыс-бұған Kannat Elemecoba апайым мықты жауап берді.

3).Сүйінші-жауап жоқ?
4).Шілдехана-дұрыс толық мағлұмат керек.
5).Шашу,
6).Қалжа,

7).Тымаққа салу,
8).Бесікке салу,
9).Тыштырма-өте жақсы жауаптар келді,
10).Ит көйлек-жауабы жоқ салт-дәстүрге толығырақ жауап берсеңіздер екен!

 

 

 

 

IV. Қазағымның ірілері

V.  Ауылдан, елден не хабар

 

Аксулыктардын көптен тосқан армандарыы орындалды. 10 жыл тұрган Ақсу кант зауыты бүгін алгашкы ақ қантын  шыгарды. Зауыттың іске қосылып жүргізілуі мен үздіксіз жұмыс істеуі - аудан тұрғындары үшін жаңа  жұмыс орындарына  орналасуларына,  келешекте  көптеген әлеуметік мәселелерінің  ұтымды шешілуіне және аудан орталығы-Жансүгіров ауылының  мәдениетінің көтерілуіне, сонымен бірге, ауданның ауылшаруашылығы саласының күрт дамуына, қант қызылшасын өсірумен  айналысушы шаруалардың, жалпы аудан халқының әл-ауқатының әлдеқайда жақсаруына да  үлкен  көмек  болатыны анық  мәселе. Осы жағымды оқиға — алдағы болар келелі әңгімелердің арқауы, атқарылар  ауқымды жұмыстардың бастауы ...

 

VI. Желідегі шығармашылық

Әділбек Ыбырайымұлы

7 ч ·

ТАУ, БӨКТЕР, ОРМАН БӘРІ ҚИЛЫ-ҚИЛЫ...

Орманның
Түсін бұзып нәрге бөккен,
Өзгеріп кете берді
Әр кенеттен.
Мамық қар
Ұлпасы ұшқан үп еткенге,
Кіршіксіз ақ пейілмен жәрдем еткен.

Қанық өң қызыл-күрең алаулаған,
Сақтар ем,
Тисе, әттең-ай, қалау маған.
Сұлудың
Шын ажарын жаны елжірей,
Биіктен көре алатын санаулы адам.

Қылаудан ептеп түскен бүлінбейді,
Көрігің –
Көзді алатын – «мінің», мейлі...
Ағы мен қызыл шырай араласқан,
Келісті әсем қыздай күлімдейді.

Боянған
Сан іреңге тым-тым жалған,
Сылаңдар жеңешемдей сылқымданған.
Тау, бөктер, орман бәрі
Қилы-қилы,
Жалғасқан көркемдікпен құлқыңды алған.

Қаласың бір «әу» деуге жарамастан,
Көңілді
Әсерлі әуен ала қашқан.
Кернейді жүрегімді
Әппақ сезім,
Қызылға қыз-қыз қайнар араласқан...

ӘЫ

2017 жылғы 18 қараша, сағат 17.10

 

Нұрадин Қанатбайұлы

16 ноября в 23:33 ·

Қыран жеткен қияға,
Қарақұс ұшып жетпейді.
Сұңқар салған ұяға,
Басқа құс залал етпейді.

Жақсыға еткен жақсылық,
Айдалаға кетпейді.
Тұрмыста көрген — тапшылық,
Көпшіліктен шеттейді.

Қайсар жандар қаймықпай,
Қиынға қарсы беттейді.
Жүрегі қорқып шайлықпай —
Етеріңді ет, дейді!

Бітісер болсаң даярмын,
Кетісер болсаң кет — дейді.
Күреспей неден таярмын?
Дегеніңе жет дейді!

Ақылды адам ірі айтып,
Сабырсыздық етпейді.
Əрнəрсені бір айтып,
Орынсыз ісіп-кеппейді.

Жақсы адам жатырқап,
Жатты кері теппейді.
Жан ауыртар — жабырқап
Жүрекке у сеппейді!

Ақылдаса кеңесіп,
Ептейтін жерде ептейді.
Артық та болса теңесіп,
Септейтін жерде септейді.

Асқынып кеткен дау болса,
Ақылын айтып «тек» -дейді.
Осындай ерлер сау болса
Жөнсіздікті шектейді.

Ақылшың болса осындай,
Ақылың аулақ кетпейді.
Ендігі ерік өзіңде,
Тыңда, əлде зая ет мейлі!!!!!