Бүгін Ақсу аудандық  мәслихатының  «Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық–экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Ә.Е.Далбағаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтері  әкімдері, ауылдық ветеринариялық пункт меңгерушілері, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары және басқа да шақырылған адамдар қатысты.

Отырыста күн тәртібіне қойылған «Аудандағы  ветеринария саласындағы қауіпсіздік мәселелері және ветеринария қызметін жақсарту туралы»  мәселе  бойынша аудандық   ветеринариялық бөлімі басшысының міндетін  атқарушы    Жандос Өмірсадықтың есебі тыңдалды.

Мәселе бойынша аудандық аумақтық  инспекциясының басшысы М.Д.Келгенбаев, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Е.Темірханов және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Қ. Балтабаев қосымша хабарламалар жасады.  Отырыста аудан әкімі Ә.Е. Далбағаев сөз сөйледі.

Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

*     *     *     *     * 

     Сонымен бірге, бүгін  Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өткізіліп, онда «Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсанындағы «Ақсу ауданының 2017—2019 жылдарға арналған бюджеті туралы»№10-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы", «Ақсу ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістермен қайта  құруға келісім беру туралы» және т.б. мәселелер талқыланды.

Қаралған мәселелер бойынша сессияның шешімдері қабылданды.