Кеше, 31 қазан күні Ақсу ауданы әкімдігінің  кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске  аудандық  мәслихаттың  хатшысы, депутаттары, ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары, учаскелік полиция инспекторлары,мектептер директорлары, ветеринариялық пункттерінің,  денсаулық сақтау мекемелерінің меңгерушілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мәжілісте «Ауданның 2017 жылғы 9 айындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары және ІV тоқсанда жүзеге асырылуға тиісті негізгі міндеттері туралы» мәселе қаралып,  сол жөнінде аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлы баяндама жасады.

Сонымен бірге, мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С. Ж. Бекбулатовтың, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Д.О. Оңдасыновтың, орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Қ.Балтабаевтың және Есеболатов, Қарашілік ауылдық округтерінің әкімдері  Ж.Б.Ерғалиевтың, Ы.Ғ.Садуақасовтың  қосымша хабарламалары тыңдалды.

Мәжілісте қаралған мәселе бойынша аудан әкімі Ә.Е.Далбағаев қортынды сөз сөйледі.