«ҚЫЗЫЛАҒАШТАҒЫ» СУ ТАСҚЫНЫНА — 10 ЖЫЛ

 

 Құрметті оқырмандар!

Осыдан 10 жыл бұрын «Қызылағаш» ауылында (Алматы облысы) орын алған  су алапаты  ел тарихының қойнауына ұмытылмас оқиға болып енген еді...

Соған орай, бүгінгі парақта тасқынның орын алуы себептері мен салдары, сол кездегі ауылды тез арада қайта тұрғызу мақсатында бүткіл халқымызбен ел азаматтарының ортақтаса атқарған жанкешті жұмыстары, ауылдың қазіргі жағдайы мен тіршілігі және су қоймасының қайта іске қосылуы туралы жазбалар беріліп отыр. Танысыңдар!

 

10 жыл бұрын

  

 

«ҚЫЗЫЛАҒАШ ОҚИҒАСЫНЫҢ» ОРАЛЫМДАРЫ

Серікбек СЕРПЕРБАЕВ

 Бұл, аудан басшыларының бірі ретінде, сол күндердің алғашқы сәтінен бастап ауылдың толығымен қайта орнына келуіне дейінгі жұмыстардың үзіліссіз басы-қасында болған, ӨЗІМНІҢ тасқыннан 3 айдан кейінгі көңілкүй сезіміммен, өз түйсігімнен, ой електерінен өткізіліп жазылған  жазбаларым.

Мақала сол уақытта  аудандық газетте және кейінірек осы сайтымда да  жарияланған болатын. Оны мына сілтемемен оқи аласыңдар: http://bit.ly/2VOE3Fi)

 

Фотокөріністер

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛАҒАШ ҚЫРҒЫНЫ

(Өлең жолдарынан)

 Ақын, Түлкібек ҚҰРАҚБАЕВ (марқұм).

 

Дамба тұр тау басында суға толы,

Бітелген, барар жер жоқ, жүрер жолы.

Алапат бұл сойқанның түрі жаман,

Кім білсін, кімнің бағы, кімнің соры.

 

Дамбаға құйып жатыр ағылған су,

Сөгіліп көбесінен жарылған су.

Мұздарды кесек-кесек үйіп жатыр,

Дүркіреп жан-жағынан қағынған су.

 

Ет болып бетіменен шүпілдеді,

Таудың да тас жүрегі дүпілдеді.

Сақтықпен етектегі ел бұл жайдан,

Қам жасап, алдын-ала күтінбеді.

 

Төніп тұр ел басына үлкен қауіп,

Тас бетон сықырлайды ауық-ауық.

Дайын тұр жосылғалы төмен қарай,

Кетсе егер бір жерінен саңлау тауып.

 

Кете ме, кім біледі, бұзып-жарып,

Кеп жатыр толастамай сулар ағып.

Шлюз де тас шеге боп қатып қалған,

Иесі ескермеген оны не ғып?

 

Дамбаны су-мұз жарып кетер болса,

Жөңкіліп тар шатқалдан өтер болса.

Сыпырып барлығын да жоқ қылады,

Жолында Қызылағаш жетер болса.

 

Көлтабан, одан ары Егінсу тұр,

Қалмайды апат болса, олар да құр.

Мылқаудың долы дүлей түрі жаман,

Толықсып шарасынан асқалы тұр.

 

                      *    *    * 

 

... Сол дамба бойға жиып бар ашуын,

Дайын тұр атылғалы алас ұрып.

Түксиіп  сызданады, қабақ түйіп,

Ауызы ашылғандай жарасының.

 

Долдана бұрқырайды көбік шашып,

Барады сағат сайын асып-тасып.

Арасын тар шатқалдың жын ұрғандай,

Тастарын үгітпекші езіп-жаншып.

 

Тауды ұрып, тасты соғып ойрандамақ,

Еркіндік жолға түсіп сайрандамақ.

Жолдағы тыныш жатқан қайран ауыл,

Су басып, батпақ шылап, қайрандамақ.

 

Бұл жайдан төменгі елдің хабары жоқ,

Болса да оған қылар амалы жоқ.

Ойнақтап келе жатса дүлей бір күш,

Қайрандап, оған айла табары жоқ.

 

Тәңірім оның бетін ары қылсын,

Бүлінбей барлығы да аман тұрсын.

Кетсінші өз бетімен бүлік салмай,

Сұмдығын көрсетпесін құрсы-құрсын!

 

  *    *    * 

 

Алаңсыз елдің бәрі жүрген тегіс,

Ұзын жол, жолаушылар барыс-келіс.

Сол кезде дамба жақтан хабар жетті,

«Сақтансын» деген бір сөз еміс-еміс.

 

Тағы да бір сөз жетті қорықпасын,

Қорқып, үркіп, құр босқа зорықпасын.

Келетін дамба жақтан еш қауіп жоқ,

Дегенмен әкім оны анықтасын.

 

Ұға алмай, қай сөз дұрыс, қай сөз бұрыс,

Сабылып ел әбігер, болды жұмыс.

Бәрін де анықтадым деді білгіш,

«Үрікпей, үрейленбей бол деп тыныш».

 

Сонымен екі дай боп қаңтарылды,

Не істерді біле алмай аңтарылды.

«Сақтықта қорлық жоқ» деп кейбіреулер,

Аулаққа шықпақ болып жол торыды.

 

Кейбіреу сеніп сөзге жата берді,

Кейісі білгіш сөзі қате деді.

Соткамен бір-біріне хабарласып,

Қауіпсіз жерге кетсек қайтер деді?

 

Дамбаның байқағанға түрі жаман,

Туады басымызға қандай заман?

Кім білсін, оны болжап дәл білмейсің,

Қалғанымыз дұрыс қой есен-аман.

 

Сақтанғандар бас сауға жолды бақты,

Сақтанбаған салақсып үйде жатты.

Көлігі бар үй-үйден адам тасып,

«Қашыңдар-қашыңдар» деп безек қақты.

 

Осылай ел әбігер күйге түсті,

Кемпір-шал, бала-шаға зәресі ұшты.

Кетейін деп тұр екен деген бір сөз,

Есіткен ойдағы елге болды күшті.

 

Не болмақ алдағыны біле алмайды,

Кем-кетік, аурулар жүре алмайды.

Ауру адам тұрмақ, дені сау да,

Тажалға ешбір қайрат қыла алмайды.

 

Түн болды, басылған жоқ абыр-сабыр,

Айқай-шу ауыл іші дүбір-дабыр.

Әр адам әр алуан сөз айтады,

Қақтығып, сапырылып болмай сабыр.

 

  *    *    * 

 

Болғанда түнгі он екі сағат тілі,

Наурыз үшінші айдың дәл он бірі.

Тас бетон қақырады сол бір кезде,

Екі мың оныншы барыс жылы.

 

Тау шошынып дір етті дүлей күштен,

Бұйра толқын бүктеліп сайға түскен.

Қопарып жолдағыны бұзып-жарып,

Топан су келе жатыр үлкен күшпен.

 

Барлық су дамбадағы қотарылып,

Артқысы алдын басып қопарылып.

Тауды ұрып, тасты жарып, топырақты,

Мұзымен келе жатыр қатар іліп.

 

Тар шатқал кетті сонда күңіреніп,

Шыққанда топан судың үні келіп.

Болмаған бұрын сонды тарихта,

Мұндай іс көрмеп еді бүлінерлік.

 

Келеді ақтарылып, ырғып, шапшып,

Қарамай жолдағысын бұзып жаншып.

Мұз аралас, ауылды басып қалмақ,

Ағылған лавадай қара балшық.

 

Аузына тар шатқалдың келді міне,

Ауылын Қызылағаш көрді міне.

Тілі жоқ, аяры жоқ, мылқау дүлей,

Бастын албастыдай төнді міне.

 

Кетеді-ау, ғайып болып ақ армандар,

Кетеді-ау, Отанына оралғандар.

Кетеді-ау, аяулы ана, абзал әке,

Кетеді-ау, үлкен әулет қара ормандар.

 

Кетеді-ау, жазығы жоқ жас нәресте,

Кемпір-шал ол да тірі жан емес пе?

Толықсып төсегінде жатқан ару.

Олдағы бір жігіттің жары емес пе?

 

Тұрыңдар, ұйқы дұшпан ояныңдар,

Қашыңдар, сақтаныңдар, қармаңындар.

Бір-ақ жол бұл апаттан құтылудың,

Тек қана қашу деген амалың бар.

 

Болыңдар, тездетіңдер, тұр ма қарап,

Арқырап келе жатыр су анталап.

Қайтсең де аман қалу қамын ойла,

Тұратын нәрсе емес қой тамашалап.

 

Келді де тар шатқалдың ауызына,

Сыйғандай бір тарының қауызына.

Атылған стволдан оқтай болып,

Лап етті кең даланың сауырына.

 

Созылып айдаһардай қайқаң етті,

Опасыз бұл не деген сайтан етті.

Қыстығып сайдан шыққан долы неме,

Сыпырып Қызылағашты жайпап өтті.

 

Белгісіз кімдер қалды, кімдер кетті,

Көлтабан, Егінсуға қойды бетті.

Жайылып жынданған су сол бетімен,

Талқандап, қырып-жойып құмға жетті.

 

  *    *    * 

 

Мұны естіп, жан-жақтағы ел дүрлікті,

Жасаған кімдер екен бұл сұмдықты.

Жоқ әлде табиғаттың ісі ме екен?

Естірміз асықпасақ бар шындықты.

 

Деп осылай халық біткен қайғы жұтып,

Боларын бір шындықтың тұрды күтіп.

Өлгені қырық жеті адам саны,

Бес жүз үйді төгелдей кеткен құртып.

 

Ісі емес табиғаттың бұл жасаған,

Жасаған ол өзімшіл соқыр надан.

Бекен деп айтылды ғой жыр басында,

Бұл істі шындығы сол, сол жасаған.

 

Бір адам жоғын іздеп еңіреген,

Еңіреп, жылап жүріп жоқ іздеген.

Әйелін және тағы бес баласын,

Таба алмай, ой-қырдан көп іздеген.

 

Іздеуші бұл адамның аты Талшын,

Таппады іздегенін, қайда барсын?

Қамығып, ертелі-кеш зарланады.

Бүйткенше мына мені Құдай алсын.

 

Іздей бер, шаршамастан талма дейді,

Бір ойы тоқтап қалма, «алға» дейді.

Көз тігіп әр нәрсенің сұлбасына,

Көрінсе бір қарайған, сол ма дейді.

 

Таппады, көп іздеді дымы бітті,

Қайсар қып жаратқан-ау бұл жігітті.

Талмастан, тарықпастан іздей берді,

Арқалап бір күдікті, бір үмітті.

 

Бармаған жер, баспаған құм қалмады,

Іздемеген маңайда дым қалмады.

Бір барған жеріне қайта барып,

Бұл маңайда баспаған із қалмады.

 

Ойылды табандары жараланып,

Әйтсе де жоғын іздеп, табары анық.

Бір жерде бала жатыр деген сөзбен,

Сол жаққа зытты іздеуші хабар алып.

 

Ақыры тапты-ау бәрін іздеп жүріп,

Жүрістен неше күнгі еті қызып.

Қасірет қайғыменен зар шегеді,

Көзінен ағыл-тегіл жас ағызып.

 

Топан су қаптағанда, құлындарым,

Білмеймін не деп сонда шырылдадың?

Дүлей күш екпінімен ұрған кезде,

Үзілд-ау, құлындарым, жұлындарың.

 

Тұншығып қалдыңдар-ау демің бітіп,

Тасқынның құм аралас суын жұтып.

Адасып анаңнан да қалдыңдар-ау,

Алғанда екі өкпеден қысып-қысып.

 

Деп солай запыран құсып зарланады,

Ашынып жоқ нәрсеге қарғанады.

Айырылды әйелінен, баласынан,

Енді ол не нәрсеге алданады?

 

Тағдырдың қосқан бұл бір ісі еді,

Әйелі, бес баласы тыныс еді.

Неге ол тағдырына мойынсынып,

Өмірдің балын татпай у ішеді.

 

Солай деп жазды ме екен маңдайына,

Бал қосып, у жақты ма таңдайына.

Не болмақ алдағы өмір кім біледі,

Тағдырдың кездеседі қандайына?

 

  *    *    * 

Сұмдығын топан судың көрдік, білдік,

Күндегі жаңалыққа құлақ түрдік.

Көмекке келгендердің есебі жоқ,

Оны да көріп, біліп, естіп жүрдік.

 

Ол – асар, қайыр жасау бұрыннан бар,

Демейміз бұл қазақтың пейілі тар.

Ежелден жомарттығы бар емес пе?

Сонысын бір көрсетті-ау, ол да жарар.

 

Бәрінің қайта тұрды бас панасы,

Білді олар үкіметтің тастамасын.

Бұрынғы Қызылағаш орынына,

Ауылдың тұрды жаңа жас қаласы.

 

Үй жаңа, көше жаңа, ауыл жаңа,

Бүгінгі болып жатқан дәуір жаңа.

Кетпейтін естерінен бір-ақ нәрсе,

Ойлайды ертелі-кеш соны ғана.

 

Не нәрсе ойлайтыны белгілі жай,

Тұрманы түгел болса, көңілі бай.

Оларда ондай болмақ қайдан болсын,

Бір кезде жыламап ед салып ойбай.

 

Біреулер айырылды күйеуінен,

Жанашыр, етжақыны сүйеуінен.

Біреулер айырылды баласынан,

Анасы, нағашысы, жиенінен.

 

Соларға соның бәрі болды салмақ,

Малды да, адамды да кетті жалмап.

Сыпырып барлығында алып кетті,

Бір үйде қалмады да жарты жаңғақ.

 

Тағы да соның бәрі болды қайғы,

Өмірі ұмыта ма, сол бір жайды.

Қырғынын Қызылағаш айтқан кезде,

Бір істен бір іс шығып туындайды.

 

Әр нәрсе елестейді көздеріне,

Байқасаң айтып жатқан сөздеріне.

Денесін үрей билеп әлде нелер,

Елес боп көрінеді көздеріне.

 

Бар әлі бойларында қорқынышы,

Кеткен жоқ, тарылады кең тынысы.

Өлікті бір ай бойы іздеуменен,

Олардың өтті солай көп жұмысы.

 

Көміліп бірі жатса құм астында,

Біреуі ашық жатыр қыр астында.

Бірінің қолы бөлек, бұты бөлек,

Денесі толық емес расында.

 

Шашылған денелерді жиып-теріп,

Іздеген иесіне тауып беріп.

Шығарып жаназасын, құран оқып,

Арулап топыраққа қойды көміп.

 

Осындай іс те болды өткен жылы,

Қар еріп, нөсерлеткен өктем күні.

Жазықсыз шейіт болған адамдарды,

Халайық, шығармаңдар естен мұны.

 

Сонда да таусылған ба армандары,

Тірліктің мынау бес күн жалған бәрі.

«Өмірге адам қонақ» деген сөз бар,

Арттағы аман болсын қалғандары!

2011 жыл

 

Былтыр:

 

«АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫН» — ҚЫЗЫЛАҒАШ

Жетісу телеарнасының бағдарламасы

7 сәуір 2019 жыл

 

 

 

ҚЫЗЫЛАҒАШ СУ ҚОЙМАСЫ ТОЛТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Телеканал «Хабар 24».

25 қараша 2019 жыл

 

 

Бүгіндері:

Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталовтың 2020 жылғы 19 ақпандағы халық алдындағы есептік баяндамасынан:

«19,3 мың га суармалы жерлер қалпына келтірілді, Балқаш ауданының Тасмұрын су бөгетіне, Жамбыл ауданының «Әйтек»  және Райымбек ауданының «Үкірші» магистральды каналдарына күрделі жөндеу жүргізілді. Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту жұмысы аяқталды.»

 

ЖДЕТ ЗЕМЛЯ ПОЛИВА

Жанар Мыктыбаева,

Аксуский район.

Ждет земля полива

 

С вводом в эксплуатацию Кызылагашского водохранилища в сельскохозяйственный оборот будет введено около 7 тысяч гектаров поливной земли. На предстоящий вегетационный период планируется собрать около 20,0 млн куб. м. воды.

В настоящее время на плотине идет прием воды. Скоро объект сдадут в эксплуатацию, и на месте разрушенного заработает новое, отвечающее современным требованиям, а главное — безопасное водохранилище. Мощное каменно-бетонное сооружение отличается от старого тем, что здесь применяются автоматика и компьютерные технологии при эксплуатации. Под тоннами бетона, уложенного глубоко в земле, уже не видны результаты колоссальной работы, проведенной гидротехниками, инженерами-строителями в течение последних нескольких лет.

Как известно, первые строители приехали сюда в декабре 2016 года, а сегодня они наводят последние штрихи. Котлован, откуда вывезено свыше полумиллиона тонн камня и суглинка, туннель диаметром пять метров и длиной 260 метров, само тело плотины вместе с дюкерами, шлюзами, катастрофическим сбросом, зданием управления представляют собой законченный объект. Построены ограждения, жилые дома для сотрудников, мост, водопровод, посажены деревья.

Сдачу в эксплуатацию данного стратегически важного объекта с нетерпением ждут крестьяне, поля которых пустовали на протяжении многих лет.

На сегодняшний день на плотине планируется установка автоматизированной системы управления, после чего объект стоимостью более 5,9 млрд тенге можно будет успешно эксплуатировать для нужд крестьянских хозяйств региона. Общий объем водохранилища достигает 42 млн куб. м.

Напомним, что разрушение старой плотины произошло десять лет назад, что привело к большой трагедии: погибло 45 человек, разрушены сотни домов. Но благодаря всему народу Казахстана село восстановили в течение двух месяцев. Сегодня Кызылагаш, образцовый населенный пункт области и страны.