Ақсу аудандық орталық кітапханалары — мамыр айы

Ақсу аудандық орталық кітапханалары — мамыр айы

Ақсу аудандық орталық кітапханалары  тарапынан 

2019 жылдың мамыр  айында өткізілген шаралар

 

 

04.05.2019

Ақсу аудандық орталық кітапханасы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде  (бастығы Б.Б. Ермуханбетов) 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай,  «Ел үмітін ер ақтар» атты кітап көрме ұйымдастып, библиографиялық шолулар  жасады және «Ел ертеңі бүгінгі жас ұландар» атты буктрейлер көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

04.05.2019ж.

 

Ақсу аудандық балалар кітапханасы тарапынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Жас ұландар мақтанышым елімнің» атты кітап көрмесі және библиографиялық шолу өткізілді.

Шолудың мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, рухани-адамгершілікке жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру, еліміздің болашағы жасөспірімдерді Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу. Елдің болашағы да,өрлеуі де, жас ұландардың қолдарында. Қатысқан оқырман саны: 23

 

 

 

08.05.2019ж.

 

Ақсу аудандық балалар кітапханасы  9 мамыр ұлы жеңіс күніне Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушыларымен «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс» атты тарихи сағат өткізді. Мақсаты:  балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. «Мәңгілік ұлықталар ұлы жеңіс» бейне слайд арқылы  батырлардың ерліктерін  таныстырды.

 

 

 

 

 

 

14.05.2019.

 

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясының кітапханасында, жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл — халықтың алтын діңгегі» атты тақырыпта дебат өтті. Шара барысында екі топ болып өзара сайысқа түсті.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

16.05.2019.

 

Ақсу аудандық балалар кітапханасы отбасы күніне арналған «Ұлағатты отбасы елдің тірегі» атты оқу сағатын өткізді. Кітапханашы бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып «Отбасым бақытым менің» атты слайд арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасты қалыптастыру жайлы айтып өтті. Балалар өздерінің отбасы мүшелері жайлы айтып , әңгіме өлеңдер оқып берді.

 

 

 

16.05.2019.

 

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Е.Сиқымов атындағы мектеп-интернатының оқушылары қатысуымен «Рухани жаңғырудың негізі ұлттық құндылықта» атты тақырыпта сұхбат алаңы өткізілді.