Ақсу аудандық кітапханалары — қараша айы

 

Ақсу аудандық кітапханалары  тарапынан  қазан-қараша 

айларында өткізілген шаралар

 

16.11.2018.

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жетісу сауда үйінің» алаңында «Буккроссинг» акциясы, яғни кітап алмасу шарасы ұйымдастырылды. Жалпы, «буккроссинг» термині ағылшын тілінде «кітаптың айналымда жүруі — өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген. Ол хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі.

Мақсаты: үйде шаң-тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру.

 

 

8.11. 2018.

Аудандық кітапхана қызметкерлері арасында Елбасының мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіруге байланысты латын графикасымен бекітілген жаңа əліпбиді ел арасында практикалық тұрғыда меңгеруді жан-жақты қамту мақсатында латын графикасы негізіндегі қазақ тілі əліпбиімен жазылатын диктант жазылды.

 

 

14.11.2018.

 «Қазақ тілінің латын графикасына» кезең – кезең көшіру жоспарына сәйкес «Жалпы халықтық диктант » күні өтті. Осы диктант күніне Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының 15 жастан жоғары оқушылары мен устаздардары қатысты.
Қатысқан адам саны -200.

 

 

14.11.2018. 

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі республика бойынша «Жалпыхалықтық диктантқа» қатысып, «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазды.

 

 

29.10.2018.

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақсу аудандық политехникалық колледжінің кітапханасында Мәкей Еркінбековтың туғанына 125 — жыл толу қарсаңында , «Елге арда азамат саналған тұлға» атты еске алу кеші өтті. Шараға арнайы шақырылған қонақтар Қарасу ауылының тұрғыны айтыскер ақын, Мәкейтанушы Бекболат Атамбаев , Мәкей Еркінбековты зерттеуші Біржан Бекболатұлы және Ақсу аудандық политехникалық колледжінің студенттері қатысты.
Қатысқан адам саны – 21.

 

 

19.10.2018.

 Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясында 10-сынып оқушыларының қатысуымен, «Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жанат Ахмәдидің 75 жасқа »толуына орай әдеби вернисаж өтті.Шара барысында жазушының шығармашылығы мен кітаптары таныстырылды.
Қатысқан оқырман саны:17

 

 

20.10.2018.

Ақсу аудандық балалар кітапханасы балалар жазушысы Шакен Күмісбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің майталманы» атты әдеби сағат өткізді. Шараға Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының 7 сынып оқушылары қатысты. Жазушы шығармаларын жақын таныстыра отырып, әңгімелері мен хикаяларын терең ұғынуға,негізінен ауыл балаларының қызықты өмірінің қилы-қилы сырларын әңгімелейді. Қатысқан оқырман саны – 25.

 

 

26.10.2018.

 Ақсу аудандық орталық кітапханасы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда жарияланған «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын насихаттау мақсатында, Аудандық білім бөлімі, «Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мекеме қызметкерлерімен және Қ. И.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен Елбасы Жолдауын талқылады. Аудандын орталық кітапхананың аға кітапханашысы Г.Жиенбаева, орталық кітапхананың библиографы М.Қырқарбековалар Жолдауда көрсетілген басым бағыттарға тоқталып,түсіндірді. Мекеме қызметкерлерінің,мектеп оқушыларының тарапын қойған сауалдарына нақты жауап берді.

 

 

26.10.2018.

Ақсу аудандық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят монологынан пікір алмасу өткізді. Шара Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының кітапханасында 8сынып оқушыларымен өтті. Н.Келімбетовтың бұл туындысы өмір үшін күресті, шынайы махаббатты, адалдықты арқау етеді. Оқушылар кітапты оқып таныса отырып өз ойларымен бөлісті. Қатысқан оқырман саны – 28.

 

 

25.10.2018.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қ.И.Сәтбаев атындағы орта -мектеп гимназиясында жоғары сынып оқушыларымен «Шеберлер еліне саяхат» атты шеберлік сағатын өткізді.

Мақсаты: «Өнегелі құндылықтар» жобасын таныстыру. Жастарды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған шәкірттердің шеберлігін, еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Шара барысында Аудандық орталық кітапхананың кітапханашылыры Ж. Алшынбаева А,Нұрландар «Өнегелі құндылықтар» жобасына, қолөнер тарихының дамуы мен ерекшеліктеріне тоқталды.Технология пәнінің мұғалімі Элмира Жұмақанқызының шәкірттері Асхатқызы Айым мен Тұрсын Еңілік,Арғын Аяжан өз қолдарынан шыққан қолөнер туындыларын таныстырды. «Қолөнер — еңбектің қайнар көзі» презентациясы көрсетілді.

 

 

22.11.2018.

 Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» бастауыш партиясымен, аудандық «Ақын Сара жастар орталығының» қызметкерлері және мектеп ұстаздарының қатысуымен «Дәуірдің дара тұлғасы» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында президент күніне орай ұйымдастырылған «Әлемдік деңгейдегі саясаткер» атты кітап көрмесімене библиографиялық шолу жасалды. Қатысқан адам саны — 25 .

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23.11.2018.

 

Ақсу аудандық балалар кітапханасы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының 8 сынып оқушыларымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауымен таныстыру бағытында ақпарат сағатын өткізді. Бұл жолдау терең мағынаға ие. Әрбір жаңа жолдау — ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыты бола бермек. Қатысқан оқырман саны- 23.

 

 

Елбасымыздың 2018 жылдың 21 қараша күні «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Мақалада қазақ халқының тереңнен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктері сондай-ақ, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы жазылған. «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласы қазақ қоғамының дамуына жаңа серпіліс беріп, тарихымыздың жаңа қырларын ашуға мол мүмкіндіктер берері сөзсіз. Осы орайда  «Ұлы даланың жеті қыры» — ұлтты жаңа ойларға жетелейтін мақаламен кітапханашылар танысып, талқыланды.                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

26.11.2018.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын түсіндіріп, насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапханасы Е. Сиқымов атындағы орта мектеп- интернатының оқушыларымен жедел-талқылау өткізді.

 Шара барысында:   

— Бұл жолғы мақалада Елбасы өзі айтқандай «Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті. «Ұлы даланың жеті қыры» атауымен халыққа жол тартқан бұл мақала еліміздің тамыры тереңде жатқан төл тарихын қайта жаңғыртпақ.Сол арқылы тарих тағылымын түгендеп, жастардың санасын жаңғыртуға жол ашылады; 

— Ұлы даланың бесінші қырында «Дала фольклорының антологиясын» жасау керектігін атап өтті. Бұл дегеніміз Ұлы дала халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады деген сөз. Демек біздің бабаларымыздан жалғасып келе жатқан бай мәдени мұрамыз, қайта жаңғырып, заманауи үлгіде әлем елдеріне жол тартады деген сөз;

— Кітапханаларда өлкетану бағыты бойынша,яғни,туған жердің перзенттерін, тарихи тұлғаларын таныту, туған жердің құнды құпия сырын таныту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде;:

— Мақаланың негізгі өзегі Ұлы дала өркениетінің әлем тарихындағы орнын айқындауға бағдар сілтеді. Алдағы жасалатын үлкен жұмыстар тарихи санамызды қайта түлетіп, шын мәніндегі «рухани жаңғыруға» бастарына сенімдіміз»-деді,ой-пікірлерімен бөліскен ұстаздар, кітапханашылар, оқушылар.

 

 

 

26.11. 2018.

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Е. Сиқымов атындағы орта мектеп- интернатының кітапханасында І. Жансүгіровтың туғанына 125-жыл толу қарсаңында «Ілияс- қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, көркем сөздің һас шебері» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке арнайы дайындалған І. Жансүгіровтың өмірі мен еңбегі жайлы слайд көрсетіліп, «Жыр дүлділі- Ілияс» атты кітап көрмесі қойылды. Шараға жоғарғы сынып оқушыларымен мектеп ұстаздары, «Ақсу аудандық жастар ресурстары орталығынан» Алғабас Еламан қатысты. Кітапхананың тұрақты оқырманы , ақынжанды Аблақашев Б өзінің Ілияс ақынның 125-жылдығына арнап шығарған арнауын оқыды. Оқушылар ақынның жырларынан шашу шашты

 

 

 

27.11.2018.

Ақсу аудандық балалар кітапханасы Елбасының жақында жария еткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні қарсаңында «Ұлттың қолбасшысы» атты портрет кешін ұйымдастырды. Шара Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті. ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен басталып кітапханашы С.Рахипбекова слайд көрсетілімі арқылы жас ұрпаққа Елбасының өмір жолы мен білім алған ортасы, қызмет жолы туралы толыққанды мағлұмат беріп өтті. Елбасының өмір жолынан үлгі алуға, Отанын, халқын сүюге, парасаттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу бағытында таныстырылды. Оқушылар А. Балғабай, А. Бауыржанұлы, А. Нұржанқызы, Е. Өкен, Қ. Толқын,Т. Кәдірхан Елбасына деген жыр шумақтарын жатқа айтса барлық қатысқан оқушылар өз білімдерін көрсетіп қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді. Шара барысында ұстаз Нұрхия Иембергеновна, сынып жетекшісі Бейбітгүл Қордалықызы, балалар кітапханасының меңгерушісі Б.Абдрахманова алдағы мерекемен құттықтай отырып, оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасын гүлдендіруге қосқан үлесі өлшеусіз екенін атап өтті.

 

 

.