Ақсу аудандық кітапханалары — қазан айы

 

Ақсу аудандық кітапханалары  тарапынан  қазан  айында

өткізілген шаралар

 

4 қазан 2018 жыл

 

Ақсу аудандық балалар кітапханасы Алтайдың ақиығы Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай кітапханада әдеби сағат өткізді. Кітапханашы слайд арқылы жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, бүгінгі жас ұрпаққа тәрбиелік мәнін түсіндірді. Ақын жазушылардың О.Бөкей туралы білдірген ойларын оқушылар оқып шықты.

Мақсаты: Жазушы шығармалары арқылы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау; ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Қатысқан оқырман саны – 20.

 

 

5 қазан 2018 жыл

 «Қарттарым жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен Оқитын келешекте бір - бір дастан»— демекші, өмірінің жастықшағын артта қалдырып, өмір деген алып институтты тамамдаған, жас буынға тәрбие  беріп, от  басына ұйытқы болып отырған абыз ақсақалдарымыз бен әжелеріміз қаншама?!  Өткен ғасырларда ақсақалдар институты қазақ қоғамының тәрбиелік, саяси, һәм рухани тұтастығының берік діңгегі болды.

 Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында және «Қарттар күніне» орай, аудандық орталық кітапханасы мен аудандық балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен Е.Сиқымов атындағы орта мектеп-интернатының кітапханасында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Даналықтың алтын кілті- ата бабамыз» атты мерекелік сыр-сұхбат алаңы өткізілді.

Мерекеге арнайы шақырылған қонақтарымыз,  Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» Заңгер журналист Ақсу аудандық «Ақсу өңірі» газетінде тілші болып жұмыс істеген, дербес зейнеткер.Көп жылдар бойы аудандық кітапханамызда қызмет еткен ,қазыр зейнеткерлікке шыққан Есеболатов Тілеухан Бекбатырұлы;  ардагерлеріміз Таумурзинова Сұлушаш Сағымбайқызы мен Омарова Фарида Шәймерденқызы және де, көп балалы ана күміс алқа иегері Шоқым Нүриман. еңбек ардагері, ақын жанды Рәшәт Ұшан атамыз қатыстып, оқушылармен тұшымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ Рәшәт Ұшан атамыз оқыған атамекенге, туған жерге,елге арнаған өлеңдер үзіндісі өте әсерлі шықты. Шара барысында қарттарымызға арнап, осы мектептің белсенді оқушылары:Тұрсын Бекбол,Балтабай Гауһар,Тілеуберді Сұңқар арнау өлең-жырларын оқыса, мерекелік шараның сәнін келтіріп, әннен шашу шашқан мәдениет үйінің қызыметкерлері Қадыл Есім мен Жағыпар Қайдар көпшіліктін  ықыласына  бөленді.

Арнайы  дайындалған «Қариялар сарқылмас қазыналар» атты слайд-презентация көрсетілді. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың ұлықты, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге-өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу,ұлттық тұлғаны қалыптастырары хақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 қазан 2018 жыл

 

 Ақсу аудандық балалар кітапханасы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының 3 -сынып оқушыларымен «Сөз атасы –Абай әлемінде » атты мәнерлеп оқу өткізді. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп ақын С.Торайғыров айтқандай, біз бүгінгі шарамызды ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір бойына жинаған Абай атамызға арнадық.

Бұл шараның мақсаты :оқушыларға Абай өлеңдерін оқыта отырып, көркем шығармаларын мәнерлеп оқуға бейімдеу.

Қатысқан оқырман саны -20

 

 

 

11 қазан 2018 жыл

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясында 11-сынып оқушыларының қатысуымен, «Шытырман оқиғалар жазудың шебері, қазақ әдебиетінің детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың туғанына 95-жыл толуына орай, шығармашылық бейне портреті көрсетілді. Шара барысында жазушының өмірбаянымен және шығармашылығы таныстырылып өтті.
Қатысқан оқырман саны:15

 

 

 

11 қазан 2018 жыл

 

 Ақсу аудандық балалар кітапханасы «Буккросинг» кітап алмасу акциясы аясында «Кітапты ашып әлемді таны»  атты  оқу сағатын өткізді. Кітапханашы  әр  келген оқушыларға,  кітапхана  және  кітап туралы мағлұматтар бере келе, кітап оқыса ата-бабаларымыздан қалған даналық өсиет сөздерді,  мақал- мәтелдерді,  жаттап  тіл байлығын арттыратынын, сөйлей білуге жаңылтпаш, тақпақ жұмбақтарды жаттап өсуге, кітапты оқу арқылы бүкіл әлемді танып білуге болатынын ұғындырды. Оқушылар өздерін қызықтырған кітаптарын алып бір-бірімен кітап алмасты.

Қамтылған оқушылар саны – 23.

 

 

 

 

19 қазан 2018 жыл

 

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясында 10-сынып оқушыларының қатысуымен, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жанат Ахмәдидің 75 жасқа толуына орай әдеби вернисаж өтті. Шара барысында жазушының шығармашылығы  мен  кітаптары  таныстырылды.
Қатысқан оқырман саны:17