Ақсу аудандық кітапханалары — қыркүйек айы

 

Ақсу аудандық кітапханалары  тарапынан  қыркүйек  айында өткізілген шаралар

 

6 қыркүйек 2018 жыл.

  Ақсу аудандық балалар кітапханасы Е.Сиқымов атындағы орта мектеп интернатының мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тілдер мерекесіне арнайы «Тіл байлығы ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Биыл тілдер мерекесі қазақтың ақыны ,әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, қоғам қайраткері А.Байтурсыновтың туылған күніне орай бекітілді.

 Көрмеге А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихатау барысында оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбилеу мақсатында библиографиялық шолу жүргізді

 

 

6 қыркүйек 2018 жыл.

 

  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  аясында 5-қыркүйек  Қазақстан   тілдер  мерекесі  күні   қарсаңында  «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына  да  себеп  болатын  нәрсенің  қуаттысы-тіл»-деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы  А.Байтұрсыновтың туылған күніне орай Ақсу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен   Е.Сиқымов  атындағы орта  мектеп – интернатының 10-шы сынып оқушылары мен  «Туған тілді аялау» атты бейне дәрісхана өтті. Шара барысына кітапханашы Нұрлан А. оқушыларға,тіл мерекесіне орай дайындалған бейне дәріспен  толығымен таныстырып өтті. Библиограф  Қырқарбекова М. «Мемелекеттік тіл-тұғырың» атты көрмесіне  шолу жасады. Шара соңында мектеп  кітапханашысы Мансұрова  Ж. қортынды сөз сөйледі. Қатысқан оқырман  саны:21

 

  

 

13 қыркүйек 2018 жыл

 

  Аудандық орталық кітапхана Е.Сиқымов атындағы мектеп – интернатының кітапханасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы  маңызды бағыттың бірі: «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасы аясында «Әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек» атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.

 Мақсаты: мәдени құндылықтарды бағалай білетін,рухани интеллектуалығын қалыптастыра отырып  мәдени  ой-санасын дамыту. Шараға жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, кітапхана мамандары қатысты. Қатысушылар саны: 25

 

 

 

13 қыркүйек 2018 жыл

 Аудандық балалар кітапхана Е.Сиқымов атындағы мектеп – интернатының кітапханасында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Білім — тәуелсіздік тірегі» атты интеллектуалды ойынын өткізді.

  Мақсаты: өнер әлемін, білім-ғылым дүниесін, мәдениетіміздің тарихын терең білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру. Қатысушылар саны: 25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 қыркүйек 2018 жыл

 

  Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Е. Сиқымов атыңдағы орта мектеп-интернатының кітапханасында 10-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақтың танымал жазушысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» ордені мен «Отан» орденінің, Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері жазушы Әкім Таразидің 85-жасқа толуына орай «Тұлпардың ізі» атты әдеби кеш өткізілді.

  Әкім Таразидің бірқатар шығармалары орыс, шетел тілдеріне аударылған. Өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Ә. Тарази бүгінде кемел шағында, қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосып келе жатқан көрнекті қаламгер.

  Мақсаты: Қазақтың танымал жазушысы Әкім Таразидың шығармасының мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу , оқырмандардың ойларын нақты дәл жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту,туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 
Қатысқан оқырман саны-21