Ақсу аудандық кітапханалары — желтоқсан айы

 

Ақсу аудандық кітапханалары  тарапынан  желтоқсан айында 

өткізілген шаралар

 

12.12.2018 жыл

Ақсу аудандық балалар кітапханасы  Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының  7 «ә» сынып оқушыларының  қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан гүлдене бер!» атты  тақырыптық  кеш өткізді. Балалар  видео слайд  арқылы «Желтоқсан желі», «Қазақстанның Тәуелсіздік күні» атты көрсетілімді тамашалады. Оқушылар Тәуелсіздікке арналған  өлең шумақтарын  арнаған болса, ал  ұл балалар 11 оқушы  «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасының тереңде жатқанын, әр әрпінің алар орны ерекше екенін жатқа айтып берді. Бұл шараның мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Қатысқан оқырман саны – 30.

 

 

 

 

12.12.2018 жыл

 

 Ақсу аудандық орталық кітапханасы «Буккроссинг»  кітап алмасу акциясын Ақсу политехникалық колледжінің студенттерімен  жалғастыруда.  «Буккроссинг сөресінің саяхаты»  атты кітап алмасу акциясы  колледж студентерінің қатысуымен өтті. Мақсаты: Кез – келген кітап сүйер қауым өзі сияқты кітапқұмарларды танып біліп, өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітап алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту.  Қатысқан оқырман саны: 21 

 

 

 

11.12.2018 жыл

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, Ақсу политехникалық колледжінің студенттерімен, шараның арнайы шақырылған қонақтары аудандық маслихат депутаты: Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы және колледж ұстазы Крамов Мәулет Қапсаламұлының қатысуымен «Тәуелсіздік идеясының алтын қазығы» атты кездесу кеші өтті.

 

 

 

25.12. 2018 жыл

Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен  Е. Сиқымов атындағы орта мектеп — интернатының кітапханасында «Отбасымның сүйікті  кітабы» атты оқырман бенефисі өтті. Кітапханамыздың көп жылдан бергі тұрақты оқырмандары: «Ақсу ауданының Құрметті азаматы», Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, зейнеткер Есеболатов Тілеухан Бекбатырұлы, Ақсу политехникалық колледжінің студенті Истанбеков Дәурен Меделбекұлы, 
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Есен Нұрболатұлы және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара соңында кітапханамыздың үздік оқырмандары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

25.12. 2018 жыл

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізі ережелерін және «Мәңгілік Ел» илеясын ілгерлету мақсатында ақпараттық кампанияның ұйымдастыру және өткізу» атты кездесу тарих  ғылымының докторы, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Әзімбай Ғали, «Алакөл-Қамқор» ҚБ жобалар жетекшісі Нусупова Рита Ахметкалиевна, «Алакөл-Қамқор» ҚБ жобалар жетекшісі Құрмаева Жібек Төлегенқызымен  кездесу  өткізілді. Тарих  ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Әзімбай Ғали  Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті  қыры» мақаласына тоқталып жастарға қазақ жерінің тарихы туралы  қызықты  мәліметрге  тоқталып   қызықты тарихи әңгімелер  бойынша   тоқталып өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарлы мақаласының басым бағыттарын ақпарат – тық түсіндіруге арналған іс-шараларын жүзеге асыру. .Шараға қатысушылар: Аудандық ардагерлер ұйымның төрағасы А.Айтбаев және аудандық ішкі- саясат бөлімнің басшысы Н.Қасымбеков және ардагерлер, ұстаздар, кітапханашылар, оқушылар қатысты.  Барлығы 100 адам.