Кітапхана — халықтың рухани қазынасы

Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

 

«Кітапхана әр заманда, әр қоғамда, қай халықтың да қасиетті құттыханасы,

рухани қазынасы саналған»

 

   Орталық кітапхананың бүгінгі мақсаты: Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, оның зор мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану.   Кітапхананың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру. Оқырмандардың сұранысын уақытында қамтылуына жәрдемдесу, оларды жаңа түскен әдебиеттермен таныстырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің көк жиегін кеңейту, оқырмандармен жеке жұмысты жандандыру, әртүрлі қызығушылар клубын жүргізу, әр түрлі бағытта оқырмандарға кітап қорын насихаттау.

 

Негізгі деректер

 

   Ақсу ауданы құрылған жылдардан бастап жұмыс істеген «Қызыл отау» мәдени-ағарту бөлімі 1953ж. Мәдениет бөлімі болып жеке шыққан. Сол кезде 22 кітапхана халыққа қызмет көрсеткен. 80-жылдары кітапханаларды орталықтандыру жүйесі қолға алынды. Ақсу аудандық кітапхана жүйесінде сол кезде 500 мың кітап қорымен 36 филиал,  2 балалар кітапханасы аудан тұрғындарына қызмет көрсетті.

  1999ж. оңтайландыруға байланысты көптеген кітапханалар кітап қорымен мектеп кітапханаларына қосылды. Ақсу аудандық кітапханасы жеке мекеме болып бекітіліп, қарамағында 11 кітапхана қалды.

  Содан кейін, 2007 жылы ауылдық 6 кітапхана, 2008 жылы аудандық балалар және Құрақсу ауылдық кітапханасы, 2009 жылы Сағабүйен, Көкөзек, 2012 жылы Қопа ауылдық кітапханалары қайтадан  ашылды.

   Қазіргі таңда, яғни 2017 жылы Ақсу аудандық кітапхана жүйесінде барлығы 22 кітапхана (1 орталық, 1 аудандық балалар және 20 ауылдық) аудан  тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аудандық кітапханада 41 адам қызмет жасайды, оның 37-сі кітапханашы мамандар.    

   Ақсу аудандық орталық кітапханасының жалпы кітап қоры – 25931 дана, оның ішінде қазақ тілінде – 15593 дана, жаңа түскен кітаптар -346 дана, оның ішінде қазақ тілінде – 315 дана. Оқырмандар саны – 3076, оның ішінде 15 – 21 жас аралығындар-1617 адам.

 

  • Ақпарат ғасырында жаңа технологияларды меңгеру мен байланыстың жаңа түрлеріне көшу уақыт сұранысы, осыған орай аудандық орталық кітапхана,  Қызылағаш, Суықсай, Сағабүйен,  Қапал ауылдық кітапханаларында    «КАБИС»  автоматтан-дырылған  ақпарат  жүйесі  жұмыс істейді.
  • Осы кітапханалардағы кітап қоры электрондық каталогқа енгізілуде. Барлық енгізілген кітап қоры- 94416 дана. 
  • «КАБИС» статья  модуліне  мерзімдік  басылымдар   беттеріндегі  еліміздің  саяси –экономикалық  және  әлеуметтік  рухани  өмірін қамтитын  мақалалармен  күнделікті  толықтырылып   отырылады .


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханалардың  мақсаты — заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, олардың рухани-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға,кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған болса,осы жолда көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен Тоқтарова Қаншайым, Жәрдембекова Гүлзипа,Есқалиева Рәш,Бекдуллина Айымжан, Құмарбекова  Төлеухан, Дәулетбекова Сәуле,Мусанова Күлпан, Жұмабекова Бақтылы Баймолдақызы, Батырбекова Адайша, Таумурзинова Сұлушаш,Омарова Фарида болса, қазір де кітапхана ісінің білікті мамандары Байшығашова Ботакөз, Қорабаева Күләтай, Мамбетова Бақытгүл, Тұрсынқызы Гулшат, Абдрахманова Бақытгүл, Дүйсекова Элмира, Жиенбаева Гүлнарлар өз міндеттерін абыроймен атқарып, жас мамандарға өз іс-тәжірибелерін үйретуде.

 

Абдикерова Гуля.  Ақсу аудандық кітапханасының директоры

 

Ақсу аудандық орталық кітапхана ұжымы

 

   2012 жылдан бастап  Алматы облысы  «Ақсу аудандық кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Абдикерова Гуля Жалимханқызы қызмет атқарып келеді. Білімі жоғары, еңбек өтілі -20 жыл, жоғарғы санатты кітапхана маманы

   Ол 1970 жылы  Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дүниеге келген. 1986 жылы осы ауылдағы орта мектептің 8-ші сыныбын үздік бітіріп, Сарқан қаласындығы  мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі  бөліміне түседі. Оны 1989 жылы аяқтап, Ақсу аудандық кітапханасына аға кітапханашы қызметіне орналасты. 2006 жылы  Алматы қыздар педегогикалық университетіне  түсіп,  оны 2009 жылы бітіреді.

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап  кітапханасы  директорының 2015 жылы ақиық ақын І.Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай байқауының Бас жүлдесін, 2011 жылы  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай кітапхана ісіне қосқан еселі еңбегі мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін  «Алғыс хатын» алған.

  2012 жылдың  қазан  А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Кітапханалардың технологиялық инновациялары-ақпараттық қоғамға» атты республикалық форумына, 2014 жылы  Қарағанды   қаласында өткен «Сандық замандағы кітапхана. Электрондық қызметтер мен сервистер» атты VI жазғы Интернет-Университетіне, 2017 жылы «ЭКСПО–2017» көрмесі аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» атты халықаралық симпозиумдарына қатысып, сертификаттар алды. Ақсу ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен», Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасының, Ақсу ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталған

 

Ақсу аудандық балалар кітапханасы 2008 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Кітап қорының жалпы саны – 7705. Оның ішінде мемлекеттік тілде – 3886. Оқырмандар  саны  — 1690.

 

   Аудандық кітапханалар өз жұмыс жоспарларына сәйкес әртүрлі тақырыптарда  оқырмандар конференцияларын,  тақырыпты және шығармашылық  кештер,  ақпарат сағаттарын, кітап көрмелерін,  мекемелер ұжымдары және  мектеп оқушыларымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер»  ұйымдастырып отырады

 

«Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында аудандық кәсіптік техникалық колледжі оқушыларымен өткен «Сәулелі ойдың шуағы» атты интеллектуалды сайысынан көрініс. Ақсу аудандық кітапханасы.


23 сәуір — «Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық» күні не орай өткізілген «Кітап — тарих, кітап – қазына» атты кітап көрмесі.Ақсу аудандық балалар кітапханасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі — Дубек Мусановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғибратты ғұмыр » атты шығармашылық кешінен. Ақсу аудандық кітапханасы.


Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі — Дубек Мусановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғибратты ғұмыр » атты шығармашылық кешінен. Ақсу аудандық кітапханасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72– жылдығына орай «Қаһарман ұрпаққа – тағызым » атты үш ұрпақ өкілдерімен кездесуде. Ақсу аудандық кітапханасы.


«Ерлік –елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» тақырыбымен  ауған соғысына қатысқан жауынгерлерімен өткізілген кездесу кеші. Ақсу аудандық кітапханасы.

 

 

Терроризм және экстремизмге, жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Ақсу кәсіптік-техникалық колледжінде өткен «Иманды жас — елдің болашағы» атты дөңгелек үстел. Ақсу аудандық кітапханасы.


Терроризм және экстремизмге, жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Ақсу кәсіптік-техникалық колледжінде өткен «Иманды жас — елдің болашағы» атты дөңгелек үстел. Ақсу аудандық кітапханасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«1 наурыз- Алғыс айту» күніне орай Ақын Сара жастар орталығында өткізілгени мерекелік шарадан. Ақсу аудандық кітапханасы.


Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде өткізілген «Ақтаңдақ күндердің ақиқаты» атты дөңгелек үстел. Ақсу аудандық кітапханасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясының аясында қазақ ақын-жазушысы С. Торайғыровтың шығармашылығын оқу. Ақсу аудандық кітапханасы.

 

«Қобызшы Молықбай Байсақұлына 160 жыл» атты оқырмандар конференциясы мен кітап көрмесі. Ақсу аудандық кітапханасы.

 

 

 

Ақын Құдаш Мұқашевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жалғыз тораңғы» атты кітабіның тұсаукесер шаралары. Ақсу аудандық кітапханасы.


Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген «Тілім менің» атты әдеби монтаж. Ақсу аудандық балалар кітапханасы.