Ақсу аудандық орталық кітапханалары  тарапынан 

2019 жылдың қаңтар айында өткізілген шаралар

 

15 қаңтар 2019 жыл 

«Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай  «Молықбай»  бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен «Елбасы және Партия»  атты кездесу кеші өткізілді. «Нұр  Отан» партиясының ардагерлері, ауданымыздың құрметті азаматтары Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлы  және Исанова Орал Сердәліқызы, Боранбаев Болатхан,  «Нұр  Отан» партиясы  Ақсу аудандық партия филиалы  төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Дәулетбекова Кулайхан Тұрсынбекқызы, аудандық кітапхана директоры Абдикерова Гуля Жалимханқызы,  Орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары, мәдениет қызметкерлері қатысты. Кездесу кешін «Молықбай» БПҰ-ның төрағасы Досмұханбетов.А.С жүргізді. Партияның 20 жылдығына арналған баяндаманы «Молықбай» БПҰ-ның хатшысы Дүйсекова.Э оқыды.

«Нұр Отан — нұрлы істер партиясы» атты кітап көрмесімен аудандық кітапхананың библиографы Қырқарбекова.М библиографиялық шолу жасады. «Молықбай»  БПҰ–ның мүшелерінің жасаған іс – шараларынан дайындаған видео-слайд көрсетілді. Партия  ардагерлері  жүрекжарды тілектері  және ауданымызда «Нұр Отан» партиясының құрылғаны жайлы тарихи оқиғаларға тоқталып естеліктерімен бөлісті. Ақсу аудандық партия филиалы  төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Дәулетбекова Куләйхан Тұрсынбекқызы  бүгінгі іс – шараны қортындылады. Шара соңында «Молықбай» Мәдениет Үйінің қызметкелерінің дайындаған концертімен аяқталды.

 

 

 

 

 

16 қаңтар 2019 жыл 

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Е.Сиқымов атындағы орта мектеп– интернатының кітапханасында «Ұлы даланың ұлағаты» атты сұхбат алаңы өтті. Сұхбат алаңына Е.Сиқымов атындағы орта мектеп – интернатының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіндіру. Қатысқан оқырман саны: 27.

 

 

 

 

 

22 қаңтар 2019 жыл 

 Ақсу аудандық балалар кітапханасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының кітапханасында «Қазақстан кең даланың қара шаңырағы» атты дөңгелек үстөл өткізді. Дөңгелек үстөл барысында мақала өзектілігі халқымыздың мәдениеті мен тарихын мақтан етуге тұратын үлкен байлық екенін, мұндай баға жетпес тарихы бар мемлекетімізді әрбір Қазақстан азаматы мақтан етуі тиіс жайында ой бөлісті.

Шараға осы мектептің ұстаздары Ә.Амангелді, Қ.Мұқабек, мектеп кітапханашысы К.Мусаева ,оқушылар Д.Орынғали, Б.Биболат, Н.Мерей ой пікірлерімен бөлісті. Қатысқан оқырман саны- 20.

 

 

 

 

25 қаңтар 2019 жыл 

Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жалғасын тапты.

Негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз¬ғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.

Келушілерге арнап 50-ден аса түрлі жанрдағы көркем шығармалар ұсынылды.

 

 

27 қаңтар 2019 жыл 

«Молықбай» БПҰ–да Ақсу аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары  Құрымбай Байқадам Болатұлының қатысуымен талқылау өткізілді. Партия Төрағасының қаулысына сәйкес Астана қаласында   «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». «Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау.  «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық  филиалының кезектен тыс ХХУІ конференциясына делегаттар сайлау  мәселесі қаралды. Талқылауға «Молықбай» БПҰ-ның төрағасы Досмұханбетов.А.С және партия мүшелері қатысты.