Ақсу аудандық орталық кітапханалары  тарапынан 

2019 жылдың ақпан айында өткізілген шаралар

 

8 ақпан 2019 жыл

 Ақсу аудандық балалар кітапханасы  жыр мекені жайсаң Ақсу жерінде  туған, жыр дүлдүлі атанған  І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында  «І.Жансүгіров –лирик ақын» атты поэзия  кешін өткізді.  Шараға  Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің  ұстаздары, 8 сынып оқушылары  қатысты. Қазақтың сөз өнерінде қайталанбас қол таңбасы бар кең тынысты ақын шығармашылығына  арналған кітап көрмесімен  кітапханашы  Рахипбекова  Сабира  Керимбайқызы таныстырды. «Халқына мәңгілік  мұра қалдырған  дүлдүл  ақын» атты видео слайд арқылы өмірі мен  шығармашылығынан сыр шертетін суреттермен танысты. Оқушылар  Ілияс бабамыздың  шығармаларын жатқа  орындап бәрі атсалысты.  Қатысқан оқырман саны –25.

 

 

 

 

27 ақпан 2019 жыл

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қаз.ССР академигі тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы Ә.Х. Марғұланның туғанына 110- толуына орай,  Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Марғұлан феномені» атты тақырыпта ауызша журнал өтті.

 

 

27 ақпан 2019 жыл

«Театр – өнеге көзі, өмір айнасы» десек, режиссер – оның жүрегі.Театр өнерін өркендету бағытында аянбай тер төгіп жүрген талант иелерінің арасында жерлесіміз, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, қоюшы-режиссер, сценарист Сәулебек Есімбекұлын мақтанышпен айтамыз. Бекзат өнердің майталманы ол, 70 жасқа толып отыр.

«Сәулебек Есімбекұлы Асылхан 1949 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылында туған, ,Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері/1998ж/.

М.Әуезов атындағы драма театры жанындағы студияны, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын,1981ж Мәскеудегі комсомол театрында М.Захаров мектебін бітірген. 

Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты/2001ж/, халықаралық және республикалық театр фестивалінің, «Алтын жұлдыз», «Ильхом» байқауларының лауреаты. «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. 

1974 жылы режиссерлік жұмысы ретінде қазақ академиясы драма театрының сахнасында М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» пьесасын қойды. 1975-79жж.Талдықорған облыстық театрында еңбек етіп, оның құрылуына, қалыптасуына, дамуына үлкен еңбек сіңірды. Осы театрда М.Әуезовтың «Түнгі сарын», Ш.Айтматовтың «Армысың ақ кеме», Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», «Әке мен бала», Т.Қалилахановтың «Абылай аманаты», «Ақын Сара» спектакльдерін сахналады.

1981ж. Әуезов атындағы академиялық драма театрына қайта оралады. Театр сахнасында, теледидарда, радиода, 70 жуық қойылымдар жасады. — 2001 жылдан Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің Мәдениет комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарды.Бүгінде Астанада Президент мәдениет орталығы ұлттық дәстүрлер театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарады».

Осыған орай, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында мерейтой иегеріне аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Өнер деп соққан жүрегі» атты танымдық сағат өткізді. Мақсаты: жастарға театр ісінің дамуына үлес қосқан ұлы тұлғаларды насихаттау,театр өнерінің шеберлерін қадір тұтуға,өз заманымыздың озық ойлы,кең өрісті, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

 

 

28 ақпан 2019 жыл

Ақын, драматург: Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығына орай өткізілген «Ә.Тәжібаев оқулары» облыстық байқауына  Ақсу аудандық орталық кітапханасының тұрақты оқырманы Нұрахман Еділ қатысып бас жүлдені жеңіп алды.

 

 

1 наурыз 2019 жыл

Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен  Е. Сиқымов атындағы орта мектеп –интернатының жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Алғыс айту» күніне арналған «Ізгілік пен жарқын болашққа» атты ақпарат сағаты өтті. Мерекелік шараға байланысты кітап көрмесі қойылып библиографиялық шолу жасалды.
Мақсаты: Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Қатысқан оқырман саны: 23