Салтанатты жиын өтті

 

Кеше, 1 наурыз күні  Ақсу ауданының (Алматы облысы) Молықбай атындағы мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты салтанатты жиын өтті.

Жиын аудан «Жасқырандық»  мектеп оқушыларының  құттықтау өлеңдерімен және партия тарихына, оның әр кезеңіндегі негізгі оқиғаларына  шолу жасаумен басталды. Аудандық «Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшысы Сымханов Ербол өзінің арнау өлеңін оқыды.

Содан кейін партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Есім Сейілханұлы Базарханов,  партия ардагері, аудандағы бірінші бастауыш партия ұйымын құрушы Нұрбек Сәрсенбайұлы Қасымбеков, партияның кешелері өткен XVIII съезінің делегаты Рахат Нығметбекқызы Ибраймова және «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінің делегаты, биылғы «Жастар жылы» ашылу рәсіміне қатысушы Әділжан Махмұджанұлы Сыздықбаевтар құттықтау сөз сөйлеп,  салтанатқа қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Біраз партия ардагерлері мен белсенділері партияның облыстық және аудандық филиалдарының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының  Алғыс хатымен

марапатталған Ақсулық азаматтар:

 

Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбекұлы;

Серпербаев Серікбек;

Молдағалиев Жексенбі;

Ахметова Гүлжахан Хасенқызы;

Аташева Нағима;

Мейрембеков Бөлек;

Нұрпейсова Ерік;

Қалықбаев  Жақан,

Жұмагелдин Әшімғали;

Боранбаев Болатхан Боранбайұлы.

 

Жиын соңы мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. 

 Одан ары ауданның партия ардагерлері  аудандық филиалдың әр кезеңдерде  атқарған жұмыстары туралы өзара естеліктерімен бөліскен «дөңгелек столын» өткізді,  оның алдағы жұмыстарына сәттілік, табыстар тілеп тарқасты.