Үстіміздегі жылдың 25 қараша күні Ақсу ауданы бойынша өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылған Ақсу және Суықсай ауылдық округтері әкімдерінің орнына сайлау болып өтті. Сайлауға әр округ бойынша 3 үміткерлердің кандидатуралары тіркелген болатын.

Заңдылық негізінде Ақсу аудандық мәслихатының депутаттарының қатысуымен өткен жабық сайлау қортындысы бойынша, солардың басым көпшілігінің дауысына ие болған Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлы — Ақсу ауылдық округінің әкімі және  Мерекенов Ғалымжан Қанатбекұлы -  Суықсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды

 

Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлы

1973 жылы    Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында туған.

1988 жылы Көксу ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп, оны 1992 жылы «агроном» мамандығы бойынша бітірген.   2005 жылы Жетісу мемлекеттік университетін бітіріп,  “экономист- қаржыгер” мамандығын алды.

1993—1999 жылдары Сағакүрес ауылында агроном болып жұмыс жасады. 2005—2010 жылдары  «Ақсу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі» бөлімінің  есепшісі, 2011—2014 жылдары «Ақсу Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары, Көшкентал ауылдық округінің бас маман іс — жүргізушісі,  «Аудандық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі»  бөлімінің басшысы болды.

2014 жылдың тамыз айынан «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және  тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.   Отбасылы, төрт балалары бар.

 

Мерекенов Ғалымжан Қанатбекұлы

1989 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Суықсай ауылында дүниеге келген.

Білімі-жоғары. 2015 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін « мал дәрігері»  мамандығы бойынша бітірген.

2011– 2012жылдары Суықсай ауылдық округіне қарасты «Ащыбұлақ» бөлімшесінде мал дәрігері, 2012 – 2013 жылдары осы ауылдық округінде бас маман — инспектор болды.

2014 жылдан ауыл шаруашылығы бас маманы қызметін атқарып келді.

Отбасылы,  екі балалары  бар.