КОМПЬЮТЕРЛІК КЕҢЕСТЕР

Сайт оқырмандары мен оның  қонақтарына!

Осы сайттың «Ақсу ажары» газетінің бөліміндегі   «Біліп  қойыңыз!» деген рубрика енді ашылып отыр.  Оның алғашқы  тақырыбы ретінде «КОМПЬЮТЕРЛІК  КЕҢЕСТЕР» деген атаумен мақалалар циклін бастамақшымыз. Оның белгілі бір аудиторияға қажеттілігі, көмегі болады деп ойлаймыз.

  Алғашқы әңгімені,  MICROSOFT WORD-та  мәтіндер ( текстер) дайындауды   жеңілдедетін және тездедетін (біреу білсе де, білмейтіндер де болады.)  функцияларын,  әдіс-тәсілдерін  көрсетуден бастадық. Ары қарай, осындай кеңестердің қажеттілігін,  өміршеңдігін  уақыт және  сұраныстар көрсетеді.

 

 

  • Word — та мәтіндер (текстер) дайындау  барысында,  байқалмай  пернетақтаның  (клавиатура) CAPS LOCK түймесі (кнопка)  басылып  қалған болса,  әріптердің бәрі « БАС әріптер» болып кететіні белгілі. Оларды жойып,  қайта басу уақытты да алады,  жүйкеңе де тиеді.  Ал, егер сол Бас әріптермен жазылып кеткен  тексті  белгілеп,  Shift F3 түймесін басса, олар  барлығы бірден кіші әріптерге айналып орнына келеді.

 

  • Курсорды көрсеткі (стрелка) арқылы жүргізсе, ол тек бір әріптермен ғана қозғалатыны белгілі. Егер сол көрсеткіні Сtrl түймесімен бірге басса, ол тезірек, сөздер бойымен жеделденіп кетеді.

 

  • Құжаттарды дайындау кезінде оны жеделдету жолдары: 

              Ctrl Alt Page Down — келесі параққа бару

              Ctrl Alt Page Up — алдыңғы параққа оралу

              Ctrl Home — құжаттың үстіне бару

              Ctrl End — құжаттың астына бару

 

  • Егер жазылған текстің әр жерлерін  бөлшектеп  (фрагменттер)  белгілеу қажет болса,  Сtrl түймесін  басып отырып  белгілейсіз.

 

  • Word-пен жұмыс істеп отырып, соңғы жасалған қимылды қайталау керек болса (мысалы: соңғы тексті қайта жазу не өшіру, т.б.) F4 түймесін басыңыз.

 

  • Егер сөз әрпіне екпін белгісін (ударение) қою қажет болса, курсорды сол әріптің артына қойып, Alt 7 6 9  комбинациясын жасау керек  (цифрлар пернетастаның оң жағынан басылады).

 

  • Егер,  терілген текстің үлкен  көлемдегі  бір бөлігін  белгілеу  қажет болса (мысалы, көшіру үшін),  курсорды сол бөліктің  алдына  қоясыз,  содан  соң  Shift  түймесін  басып отырып,  тінтуырмен (мышь)  соңын  басу  керек

 

  • Ctrl Enter комбинациясы жедел жаңа парақ ашып береді

 

  • Егер,  дайындаған тізіміңізді  бұзып  алған  жағдайда. тексті тігінен де белгілеуге болады. Ол үшін Alt түймесін басып тұрып, мышканың курсорын пайдалану керек

 

  • Егер, текстің бастапқы пішімін (исходное форматирование) қайтару  қажет  болса,  Ctrl Spacebar комбинациясын  басу керек.

 

  • Егер,  дайындаған  құжатыңызды  құпиялау  қажет  болса,  «Файл» қойындысына  (вкладка) барып,   «Защита документа»  опциясын таңдау  керек.  Содан  кейін  құпия  сөзіңізді (пароль) қойыңыз.  Ал, енді  оны  ұмытып  қалсаңыз,  құжатты  біржолата  жоғалтасыз!

 

  • Егер текст дайындау барысында сол күнгі датаны жедел қою керек болса, Shift Alt D комбинациясын бассаңыз болды. Ал уақытты қою керек болса   Shift Alt T комбинациясын басасыз.

    (ЖАЛҒАСЫ БОЛАДЫ)