"ЕЗУ  ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 1

Қымбатты оқырмандар!  Сайттың «Ақсу ажары» газеті бетіндегі «Кел, демалайық!»  деп аталған бөлімінің (рубрикасының) тұсаукесерін жасап отырмын. Оның «ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР!» деп атаған тарауында жинақталған әзіл-қалжыңдардын (анекдоттардың), күлкілі деген бейнежазбаларды, қызықты болған оқиғаларды ұсынып отыратын боламын.

Бүгін  солардың  алғашқы топтамасы  ұсынылады.  Қабыл алыңыздар.  

 «Езу тартарлар (Анекдоттар)

*       *       *

 

Екі қыздың әңгімесінен:

— Сен  жүретін жігітіңмен айрылысып кетті дейді ғой. Не болып қалды?

-  Иә!  Мәселен, сен өзі темекі тартатын, арақ ішетін, боқтампаз, оның үстіне төбелескіш адаммен бірге тұра алар ма едің??

-Әрине, жоқ!


—   Міне, ол да тұра алмас еді!

*       *       *

   Ұшақта  іскерлер  санатындағы  жігіт пен студент қыз қатар отырады. Көпке дейін үнсіздік. Оған шыдамаған жігіт, пысықсынып:

— Қарындас, жол ұзақ.  Жұмбақтар шеше отырайық?   Мен сұрақ берейін, егер жауабын білмесеңіз, Сіз 5 доллар  бересіз. Содан кейін Сіз  сұрақ қоясыз, егер  жауабын  мен білмесем,  500 доллар берейін.

Қыз үндемей,  басын изеп келіседі.

— Жер мен Айдың арақашыңтығы  қанша?

Қыз үндемей 5 доллар бере салады.

Қыздың сұрағы:

— Тауға үш аяқпен шығып, төрт аяқпен түсетін кім?

Кәсіпкер барлық туыс-достарымен хабарласады, Интернетті шарлайды. Жауап таба алмайды.

Амалсыздан қызға 500 долларын беріп, „ сонда, кім ол өзі???“- деп, сұрайды.

-Қыз тағы да  үнсіз 5 доллар бере салып, терезеге бұрылады...

*       *       *

   Арабтың аса бай бір эмирі қатты ауырып, жатып қалады. Емі көпке дейін табылмай,  соңында қанын айырбастау қажет екендігі айтылады, Алайда, оның  қанының  құрамы аса сирек кездесетін топқа жататындықтан, донор таппай қатты қиналады.  Жан-жаққа хабар жіберіліп, сондай адаи табылып, көмек беретін болса, зор көлемде сыйлықтар тарту  беретіні айтылады.

Біраз уақыттан кейін, бір еврей табылып , уәде анық болса,  келісетінін айтады. Не керек, бәрі дұрыс болады. Эмир жазылады, еврей сыйлығына зәулім үй, аса қымбат автомашина, зор көлемде ақшасын алады...

Содан біраз жылдардан кейін  эмир қайта ауырып,  жағдай толығымен бұрынғыдай қайталанады.  Еврей көмегін береді, эмир жазылады. Еврей сыйлығын алуға келеді, бірақ оған бұл жолы „қазақтың сыйлығындай“  шай-жейдесі бар бір пакет қана ұсынылады.  Оған түсінбеген және қатты  ашуланып келген  еврейге,  эмир „Қазір менің қаным да 95 пайыз еврейдікі болды“ деп, басу айтып  жауап беріпті.

*       *       *

 Сот отырысы өтіп жатыр. Алдымен, айыпталушы ер адамнан  іске  түсініктеме беруі  сұралады.

—  Бірде іс-сапардан мерзімінен бұрын ерте, таң ата  үйге оралдым, қоңырау бастым. Қарасам есікті ашқан әйелімде түр жоқ, сұп-сұр, шошыған кейіпте. „Не? Кім ?! Біреу бар ма?“ деп, айғайымды салып, бөлмелерге ұмтылдым. Бәрі таза, тек ашық тұрған балконға жетіп барып қарасам,  төменде,   іш киімдерімен ғана  қашып бара жатқан  еркекті көрдім. Ашумен, көп ойланбастан, балконда тұрған мұздатқышымызды көтеріп алып, үстіне тастай салдым...»

    Жәбірленушіге сөз беріледі.  Оның басы дәкемен таңылған,  бір қолы гипсте, аяқтарын ақсап әрең басады. « Менің спортшы ретінде күнде таңертең жүгіретін  жаттығуым  бар. Сол күні сол үйдің қасында жүгіріп өтіп бара жатып,  үстіме бірдеңенің құлап келе жатқанын байқадым. Жалт бұрылдым,  үлгірмедім. Одан ары есімде жоқ,  ауруханадан кеше шықтым...»

   Куәгер шақырылады.  Басы дәкемен таңылған,  екі қолы да, екі аяғы да гипстелген оны мүгедектер арбасымен кіргізеді.  Оның сотқа берген жауабы:  "Мен ештеңе де  білмеймін, ештеңе де  көргенім  жоқ.    Мен мұздатқыштың ішінде отырғанмын?!"

*       *       *

    «Алматы-Талдықорған»  маршруты  автобусының іші толық адам. Жол ұзақ, күн ыстық. Бәрі шаршаған,  сіркелері су көтермейді.  Соған қарамастан автобустағы  4-5 жастағы бала  жол бойы қасындағы әжесіне   дауыстап  сұрақ қойып келеді.  "Анау не, мына өзеннің аты қалай, ана жерге не себілген, осы жолдың жөндеуі қашан бітеді, т. тағылар?"  Әжесі сүйікті немересінің сұрақтарын қайталап сұрап, барынша  түсіндіріп келеді.  Немересі арасында қайта-қайта:  «Қашан Көксуымызға  келеміз, Көксу қашан көрінеді» деп, бір тұрып, бір отырып, елдің де  мазасын алып қоймайды. . Жолдан және баладан шаршаған жолаушылар   оларды жақтырмай, өзара күбірлесуде.

Бір уақытта  автобус  жайылып жүрген сиырлардың қасынан өтеді.  Қараса, арасында бір бұқашық екінші бір тайыншаның  артына мінгесіп жатады. Оны көрген бала қоя ма: « Әже, әже!!! Аналар не істеп жатыр??»

... Автобус іші бірден жым-жырт, үнсіз тиыштық.  Бәрі ақылды  әженің жауабын күтуде.

Біраз толғаныстан  кейінгі  әжесінің берген жауабы: « Балапаным менің!  Ол да сен сияқты, Көксуым  қашан көрінеді,  деп мазасызданып, тыпыршып  жатқаны ғой !!!»

Осыдан кейінгі автобустың  күлкілерден жарыла жаздағанын сезетін шығарсыздар?   Ары қарай, автобустың Көксуға қалай кіргенін жолаушылар сезбей ды қалды...