"ЕЗУ  ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 2

 

 Сайттың осы тарауына ұсынылған   әзіл-қалжыңдардын (анекдоттардың) кезекті топтамасын қабыл алыңдар!. 

 «Езу тартарлар (Анекдоттар)

 Тараз өңірі. Жаз. Құрғақшылық!!  Ауылдастар жиналып, ақылгөй үлкендерінен жөн сұрайды. „Тасаттық беріңдер“-дейді, ол. Көпшілік жиналып, бірнеше өгізшелерді  сойып тастап, жаңбыр тосады. Жаңбыр жоқ, есесіне көрші Шымкент өңірінде нөсер жүріп  өтеді. Ауылдағылар шыдамсызданып тағы да екі-үш рет тасаттық береді. Бәрібір тамшы да таңбай,  күн аптап болып тұрып алады, ал Шымкентте күнде
жаңбыр.  Олар қайтадан жиналып  қарияларына келеді, тағы да ақыл сұрайды.

Сонда оның айтқаны: „Тасаттыққа Шымкенттен ұрлап алып келген малдарды емес өздеріңдікін сойыңдар“. 

*       *       *

Адам  өліміне байланысты тергеу жүргізілуде.  Күдіктілер бірнешеу.  Тергеуші:  „Бізге белгілісі, адам өлтіруші мұғалім болып жұмыс істейді, мойындайтының бар ма?“-деп, сұрайды. Тыныштық, ешкімнің мойындағысы жоқ.  Сонда тергеуші  күдіктелердің  бірінен:» Сенің фамилияң қалай еді, ұмытып қалыппын?"-дейді. «Онда сен неге  басыңды  үйіңде ұмытып кетпедің?»-деп, ол тергеушінің өзіне тиіседі. Тергеу аяқталады.

*       *       *

Әйелі күйеуіне: "Ана қарашы, көршілеріміз  қандай  жақсы жұп!  Күйеуі келіншегін әрқашан әдемі сөздерімен еркелетеді, құшақтап,  аймалап отырады. Сен неге  солай жасамайсың?"

— А-а-а?  Неге жасамасқа!?  Бірақ, ол әйелді мен танымаймын ғой...

*       *       *

Әйелі іс-сапармен жол жүруге тура  келеді. Кетерінде күйеуінен көп қыдырмауын,  үйге қонып отыруын қатаң тапсырады. «Әрине, әрине» -дейді күйеуі, ішкі қуанышын әрең жасырып.  2 күннен кейін күйеуі әйеліне «Кеселер, пышақ — қасықтарды қайда қойып кеткенсің?»-деп SMS-ка  жібереді. Оған: «Мен саған үйге қон деп едім ғой»- деген жауап алады.

Ештеңе  түсінбеген және қарны ашқан ол, 2 күннен кейін тағы да  «Тарелкелер, ожаулар қайда?!» -деп, қатулы сұрақ жібереді.  Тағы да сол жауап: «Үйге қон деп едім ғой!!!».  Бір аптадан кейін әйелі үйге оралады. Екеуі де ашулы. Алдыменен  күйеуі:  «Ыдыстарды неге тығып кеткенсің?!»- деп, тиіседі.  Оған әйелі «Жүр!!» деп , оны өз төсектеріне желкелеп алып келеді де, төсекжапқышты сыпырып жібереді. Қараса, ыдыстардың бәрі соның астында жатыр. «Мен саған үйге қон!!!»-дегенмін.

*       *       *

Бірде  ер адам көріпкелге құмалақ аштырады.  Көріпкел: "Сенің өмірге келуін тосып отырған балаң ерекше болып  туады, тілі ерте шығады. Оның алдымен атын атаған 3 адам бір-екі күнде жедел өмірден өтеді"- деп, жорамал айтады.  Шындығында,  өмірге келгеннен кейін 4-5 айда баланың тілі шығып, бір күні «ата» деп, дауыс шығарады. Ертеңіне үйдің қариясы қайтыс болады. Көріпкелге енді ғана сенген, әкесі  баласына: «Менің атымды атамашы,  ендігі үйдің үлкені, шешеңнің шешесі ғой»- деп,  жалына береді.  Біраз уақыттан кейін, бала «Әже» деп атайды. Тағы солай.  Бір күннен кейін әйелінің шешесі жерленеді.  Әкесі тағы да баласына « Әйтеуір мені атамашы» күнде жалына береді. Өкінішке орай, келесі жолы бала «Әке, әке»— деп,  шақырады. Енді өмірден түңілген әкесі, «Бітті деген осы»- деп, сұлық, үнсіз, нәр татпай жатып қалады. Бір күн өтеді, келесі күні де тиыш...

Бір мезгілде күйеуіне әйелі келіп."Саған не болды сонша жаталақшынып, екі күн болды тұр енді, тамағыңды іш!  Содан кейін,  мына көрші үйдің отағасы қайтыс болып кетті, жүр көңіл айтамыз!"- дейді...