«Езу тартыңыздар»-8
«ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР» — 8
Сайтымның «әзілдік» осы тарауы көптен бері «қозғалыссыз» қалған еді. Сондықтан да, бүгінгі, 1-сәуір — «Күлкі» күніне орай, оның «қоржынында» жинақталып қалған әзіл-күлкілік жазбалардың үлкен бір топтамасын ұсынып отырмын. Көңілдерің көтеріңкі болсын, тамашалаңдар!
Сонымен бірге, бұрынғы парақтарда жарияланған әзіл-қалжыңдық жазбаларды, күлкілі әңгімелерді мына сілтеме бойынша оқып шығуларыңа болады: http://bit.ly/2I1XUNO.
«Көңілді бейнежазбалар»
* * *
Аминка-Витаминка баламыздың қойылымдары
* * *
Биді қатырамыз !
«Езу тартарлар». ...
* * *
Қазақ әріптерінің өзара мақтануы ...?
Бірде бір сыйлы ағамыз дастархандық басқосуда мынандай әңгіме бастады. "Қазақтың әріптері арасында басқаларынан ерекшеленіп, биік тұратындары болады. Мысалы, біріншісі, Қазақтың ең «аяулы», «әдемі» сөздері басталатын « А, Ә» әріптері: «Ана, Ата, Аға, Әпке, Асыл, Алтын, Ардақты, Аяулым, Айым, ... , деп, тізбектей келе, тағы ерекше бір-екі „сөз“ бар екенін айтты.
Екіншісі, „ Құдыретті“ саналатын „Қ“ әрпінен басталатын сөздер деді:„ Құдай“, „Құдырет“, Құда», «Құрмет», «Қадыр», «Қызыр», «Қаһарлы», «Қару», «Қылыш», ... ... дей келе, тағы да ерекше бір-екі «сөзді» өздеріңіз білесіздер, деп қойды және «Қ»-дан басталатын өзінің есімін де қыстырып қойды.
Бірге отырғандар келісіп, шәукілдесіп жатқанда мен де сөз қостым: "Менің пайымдауымша — дедім, — осы екі әріпті тығыз байланыстырып тұратын «С» әрпін солардың қатарына қою керек. "Сұлу, «Сүйкімді», «Сән», «Салтанат», «Сырласу», «Сәуле», «Сүю» ...... деп, мен де тағы бір-екі сөзге емеурін білдірдім. Оған қоса, өз есімімнің «С-дан» басталатынын екенін мақтан еттім.
Ал, Сіздер өз есімдеріңіздің алғашқы әрпімен мақтана аласыздар ма? Кәнеки...?
* * *
Болған оқиғаға қалай күлмейсің!
Байқаңыз, бәдік сөздер бар!