"ЕЗУ  ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 4

Бүгінгі  Демалыс күніне  ұсынылған  әзіл-қалжыңдар  (анекдоттар)  топтамасын қабыл алыңдар!. 

 «Езу тартарлар (Анекдоттар)

*       *       *

 

Ұшақ. Аспанда. Ұшақ қатты селкілдеп, ары-бері қисайып ұшады. 

Стюардесса: 

 - Неге сонша қорқып айғайлайсыңдар?  Аспанда  »Ауа шұңқыры " деген болады, ұшағымыздың  қатты  селкілдеп  кеткені   содан.  Тез,  сабыр  етіңдер!  Болдыңдар  ма? ... (Ұшқыштар басын изейді).

Онда, мен енді барып жолаушыларды тыныштатайын.

*       *       *

Әйелі:

 — Кезінде қандай ақымақ болғанмын?! Артымнан жүгірген, бірақ мен беттерін қайтарған  қаншама жігіттер тобыры болып  еді!  

Күйеуі:

Сол тобырдың ішінде неге  болмаған екенмін деп мен де өкінемін...  

*       *       *

Жұмысқа жаңадан орналасқан  дәрігердің қабылдауынан шыққан егде әйел дәлізде айғайлап, ұрсып жүр: «Ұятсыз! Менің балаларым, немерелерім бар, ал ол маған „екіқабатсың“ дейді!! Оңбаған, мен шағымданамын!»

Оны естіген бөлім басшысы жас дәрігерге келіп:

— Оның қалай? Солай деп айтуға бола ма?!

Жас дәрігер қағаздан басын көтермей:

— Есесіне, ол кісінің ықылығын кетірдім ғой...

*       *       *

Ұлдары  әке-шешесіне :

— Бүгін  өмірге келейін деп жатқан немерелеріңіз қап-қара, негр болып туатын шығар.

— Не-е-е-ге ??!

— Келіндеріңіз босануға бара жатқанда  алдынан қара мысық өтіп кетіпті.

Әкесі кемпіріне:

 - Осы сені  босануға апара жатқанда алдымыздан салпаңқұлақ есек өтіп кетпеп  пе еді?!

*       *       *


Дәрігер босанайын деп жатқан келіншектен:

 - Босанар кезіңде сәбидің әкесінің қасыңда болғаны дұрыс шығар?

 - Жоқ, жоқ, керегі жоқ!

 - Неге, сонша шошыдың?

 - Оны күйеуім  қатты жек көреді!