«Езу тартыңыздар» -3
"ЕЗУ ТАРТЫҢЫЗДАР ! " — 3
Сайттың осы тарауына бүгінгі ұсынылған әзілдер (анекдоттар) топтамасы «дәрігерлер» тақырыбына арналды: Қабыл алыңдар!.
"Езу тартарлар (Анекдоттар)
Ауруханада өрт. Өрт сөндіріледі. Өрт сөндірушілер басшысы келіп, нәтижесін хабарлайды: « Барлығы 9 пациент болған екен. Екеуі өрттен өздері қашып шықты, төртеуін тірі алып шықтық! Өкінішке орай, қалғанын құтқара алмадық».
Оны естіген бас дәрігер, жүрегін ұстап, құлап бара жатып: «Ол мүрдехана ғой ?!»-депті.
* * *
Аурухана медбикесі жас хирургті ота жасау залындағы соқырішек болып жатқан ауруға ертіп келеді.:
— Соқырішекке ота жасау ең оңайы болып табылады. Қорықпаңыз, қобалжымаңыз! -дейді.
Сол кезде, ауру орнынан тұрып сыртқа шыға жөнеледі. Оны тосып тұрған әйелі:
— Не болды, соншама? Қорықпа, отау жасау оңай деді ғой!
-Сенде сөйлейсің! Медбике оны маған емес, докторға айтты!!
* * *
Аурухана. Ота жасалып, жаңа әкеліп жатқызылған адамнан палатада бұрыннан жатқан ауру оның жағдайын сұрап, ары қарай әңгімесін бастайды: «Қалай, бәрі дұрыс болды ма? Саған ота жасаған хирург ана жолы аурудың қарынында скальпелін қалдырыпты!- дейді ғой».
Өзіне-өзі келіп, есін енді ғана әрең жинап жатқан ауру қорқа бастайды. Осы кезде есікті ашып, палатаға кірген медбике ота жасалушыдан: «Сенімен бірге қайшы келген жоқ па?» — деп, сұрайды.
* * *
— Доктор! Менің оң аяғым қатты ауырып маза бермейді?.
— Бұл жасыңыздың егделігінен ғой.
— Неге? Екеуі жасты ғой, бірақ сол аяғым ауырмайды.
* * *
Қаралуға келген өзінің пациентіне, кардиолог-дәрігер: "Сонымен, күніне қанша сыра ішіп жүрсің? -деп, сұрайды
-Екі литр.
-Қалайша!? Мен бір литрге ғана рұқсат еткенмін!
— Тағы бір литрге терапевт рұқсат етті ғой!
* * *
Пациентті қабылдаған тіс дәрігері кабинетінен шығып, мазасызданып коридорда жүріп алады.
Оны көрген медбикесі: "Не болды, қиын жағдай ма?-деп, сұрайды.
-Тіпті қиын!! Ақшасы деген артып жығылады, ал тістері сап-сау...
* * *
Дәрігер қабылдауға келген аурудан:
-Ота жасады ма, қалай?
-Иә, 50мың теңге.
-Мен сізден не болды деп, сұрап отырмын ғой?
— Бар болғаны 20-ақ мың теңге...
-Мені түсінбедіңіз, жарайды. Неге шағымданасыз?
-Тым, қымбат!..
* * *
Ауруларды аралап жүрген доктор кезекті палатада жатқан жас келіншекке:
- Сәлемет пе? Мен Сізді дұрыстап қарауым керек, шешінерсіз.
— Ой! Маған әлгінде ғана Сіздің әріптесіңіз келіп тексеріп, жағдайымның жақсы екенін айтып кеткен болатын.
-Иә, иә! Маған да солай деп айтты.