«Таң қалыңыз!» — 2

 

Сайтымыздың осы тақырыпты  тарауына екінші жазбалар топтамасын беріп отырмын. Бұл жолы, танымдық тұрғыда Қазақ жерінің таңқаларлық жұмбақ  және мистикалық орындары туралы  мақалалар жарияланды.

  Сол сияқты, әлеуметтік желілерден алынғаносы тақырыпқа сай  және адамдардық Өмірге құштарлығын көрсететін   бейнежазбалар ұсынылды. Қабыл алыңыздар!

 

 

«Өлі көл»

(Қазақ жерінің таңқаларлық жұмбақ  және мистикалық орындары тізбесінен) 

 

   "Өлі" көл - біздің, Талдықорған өңірінде,  Алакөл ауданы  Сапақ  ауылының (2010 жылға дейін Герасимовка аталған)  маңында орналасқан: Ол  ұзындығы — 100, ені — 60 метр болып келетін шағын көл болса да, жер бетіндегі ең қауіпті жерлердің тізіміне енген. Ол жыл сайын Қазақстанға келетін, құпиялық және жұмбақты орындарды көруге қызығатын  шетелдік туристер үшін таптырмас орын.

   Көлдің ерекше қасиеттері -   қандай ыстық жаз болса да, оның суы құрғаған емес, әрқашан мұздай суық болып тұрады. Көлдің, өзінің әдемілігіне   қарамастан, онда  су балдырлары  өспейді,  балықтар және басқа да су жәндіктері мүлдем жоқ, жағасында тіпті масалар мен шыбындар да болмайды.

  Аңыз бойынша, осыдан бір  ғасыр бұрын, қызғаныштан көзі қарайған күйеу жігіттің өз қалыңдығын үйленер алдында,  осы көлге батырып жіберген дейді. Сондықтан да, жергілікті тұрғындар, көлді «қарғыс атқан» деп санап, оған өздері де жоламайды және сырттан келушілерге, туристерге де сондай  кеңес береді. Соған қарамастан,  кеңестерге құлақ аспаушылардың,  немесе көлдің сондай тылсым күштерін  білмеушілердің суға батып кету деректері  болып тұрады. Таң қаларлығы,  суға батқандар, физика заңдарына қайшы келетіндей, ешқашан су бетіне қайтып шықпайды, Жергілікті тұрғындар мөлдір су ішінен олардың  тік тұрған қалпында  көретіндерін  айтады. Тіпті, аквалангалары бар кәсіби сүңгуірлердің өздері суда  үш минуттан аса тұра алмайды, жұмбақты, белгісіз  себептермен олар тұншыға бастайды да, жедел су бетіне көтерілулеріне тура келеді. Ол, барлық тіршілік иелерін  жойып жіберетін,  көл  түбіндегі  жарықшақтардан шығатын  улы газдардың әсері деп саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өмірге  деген құштарлық. ...»

 

 

 

«Жігері  мықты  баламыз. ...»

 

 

 

«Қалай таң қалмайсың?!»