Құдаш Мұқашев- 85

Кеше, Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінде  жерлесіміз ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құдаш Мұқашевтың 85 жылдық мерейтойына арналған мәдени шара өтті. Бұл кеште Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама бақармасының басшысы А.Ж.Әбдуалиев, Ақсу ауданының әкімі Ә.Е.Далбағаев, Аудан әкімінің орынбасары А.А.Сабырбаев, Ақынның балдызы Халық ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері, Еңбек ардагері Майра Жылқыбаева, Ақынның қызы Байжасарова Кемен, бажасы Нүсіпов Егеубек және жиені Әбуғалиев Қыдыр ізгі тілектерін айтты. Бұл кешті аудан әкімінің орынбасары А.А.Сабырбаев құттықтау сөзімен бастады. Бүгінгі кештің бағдарламасы бойынша «Ұлы дала дастаны» видео хроника көрсетіліп, «Жалғыз тораңғы» атты кітабының тұсауы кесілді. Ақсу халық театрының дайындаған «Жүректерге ән салғызып, жыр еккен» атты концерттік бағдарламасын тамашалады. Кеш соңы түскі ас берумен аяқталды.

 

Ақсу аудандық мәдениет бөлімі