Құрметті оқырмандар!  Бүгін сайттың «Ақсы ажары» газетінің «Демалыс беті» аталатын тарауына алғашқы жұмбақтар топтамасын енгізіп отырмын. Ермек етіңіздер, шешіңіздер, жауабын жіберіңіздер!  Егер,  ұнап жатса, тарауды тұрақты жүргізетін боламыз, мүмкін конкурстық жүйеге айналдырамыз...

 

 1. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқадан табады. Сондай 15 тауық 15 күнде қанша жұмыртқа табады ???

  *     *     *     *     *

  2. Толық келген үш  әйел біршама  уақыт  қолшатырдың  астында сығылысып  тұрады, алайда  бәрі де судан аман,  құрғақ қалпында қалады.  Қалайша ???

*     *     *     *     *

   3. Үйде электр жарығы өшіп қалады.  Ендігі қолда бары- білте шам мен балауыз (свеча)  ғана.  Алдымен нені жағасыз???

*     *     *     *     *

   4. Теңіз  дауылына тап болып, апатқа ұшыраған кемеден бір  теңізшіні толқындар  аралға  ағызып апарады, ол  тірі қалады. Алайда, ол есін жинағанда өзінің қол-аяғы байланып, ағашқа асулы екенін көреді және  өлтіруге дайындап қойғанын біледі.  Қараса, аралда ер адамнан еш жан жоқ, бәрі тек жас қыздар. Оларды  сапқа тізіп қойған ішіндегі жетекшісі: «Біздің тәртіп бойынша кәзір біреуіміз сені өлтіреміз, соңғы сөзіңді айт», — дейді.  Тұтқын сәл ойланып барып, сөзін  айтады. Сол кезде қыздардың бәрі жабыла кетіп, оны дардан, байлаудан босатады, тамағын береді, тірі қалдырады.  Ол қандай сөз айтты ???

*     *     *     *     *

   5. Қала көшесінің айрығындағы  қызыл белгісі жанған  бағдаршамның алдына 3 көлік келіп тоқтайды: КаМАЗ, мотоцикл және ат-арба. Сәл уақыттан кейін КаМАЗ-дан «баж» еткен сигнал даусы шығады. Одан шошып кеткен арбаның аты мөңкіп барып, мотоциклшінің құлағын тістеп алады. Осылардың қайсысының  тарапынан, қандай  жол қозғалысы  ережесі бұзылды ???

*     *     *     *     *

  6. Фамилиялары Ақбаев, Қаратаев және Сарин болып келетін үш жолдас бірде әңгіме қозғай қалады. « Осы қызық, шаштарымыздың  түрі  үшеуміздің де фамилияларымызда бар, бірақ ол  өздерінікіне  дәл келмейді?», -дейді қара шаштысы. «Шынында да...», — дейді Ақбаев.   Сонда  әрқайсысының шаштарының нақты түрі қандай ???

*     *     *     *     *

 7. Төмендегі есепті қалай шығаруға болады??

1 + 4 = 5

  2 + 5 = 12

  3 + 6 = 21

    8 + 11 = ? ?