Өткен жетіде,  25 қазан күні облыс орталығы — Талдықорған қаласында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен  «Ауылым — алтын қазынам»  тақырыбымен  IV облыстық форумы өткен болатын.  Онда, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру бағытындағы  облыстың  қалалары, аудандары және  ауылдарындағы  Қоғамдық келісім кеңестерінің   атқарудағы жұмыстары ауқымы, олардың  ролі мен белсенділіктерін арттыру міндеттері туралы келелі  әңгіме  болды.

Сонымен бірге, жиында   олардың  озық тәжрибелері де ортаға салынып,  көрмелері  ұйымдастырылды.  Соған орай,  форум  соңында   соларды  бағалау қортындысы жарияланып,  үздіктері анықталды. Солардың ішінде біздің ауданның атынан қойылған көрме де (аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы — Амантай Айтбаев)  озықтар жағынан аталып,  екінші орынның иегері болды, диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды... Құттықтаймыз!!!