Ақсу ауданы Н.Есеболатов атындағы орта мектеп жанында «Нұршуақ» шағын орталығы ашылды

 

      «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ауданымыздың Н.Есеболатов атындағы орта мектебі жанында «Нұршуақ» шағын орталығы ашылып, ауыл тұрғындары, ата-аналар мен мектеп ұжымы үлкен қуанышқа бөленді. Соған орай өткізілген салтанатты шараға аудан әкімі Ә.Е.Далбағаев, ауданның мекемелер басшылары қатысты.          Мерекелік жиында аудан әкімі Ә.Е.Далбағаев және ардагер-ұстаз  М.С.Сағымбаев құттықтау сөз сөйледі. Ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Ш.Тойлыбаев  ақсақал  ел алғысын жеткізе келіп, көпшілікке бата берді. Шашулар шашылып, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Салтанатқа қатысушылар мен келген қонақтар шағын орталықтың ішкі көрінісімен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге, мереке шаралары аясында мектеп сыныптарында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, ауыл әкімшілігі қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушыларының  қатысуымен «Біздің Тұңғыш Президентіміз» атты тақырыпта әдеби-музыкалық кеш өткізілді.