«Аңыз, Абыз, Нағыз Ақсу» кітабы туралы

    «Өскен ел-шежіресін тасқа бастырады»  деген  даналықты,  қазіргі  уақытта «Дамыған ел оны ғаламторға енгізіп, мәңгілікке қалдырады» деп айтса еш сөкеттік емес шығар...
2011 жылы  Ақсу  ауданының 80 жылдық  мерекелік шараларына арнап,  Өзімнің  тікелей ұйымдастыруыммен  «Абыз Ақсу, Аңыз Ақсу, Нағыз Ақсу»  атты  энциклопедиялық  кітап  шығарылған болатын.  Кітапқа  оқырмандар,  көпшілік  оңды  бағасын берді.   Алайда, 1500 дана  болып шығарылған кітап қалың жұртқа қолжетімсіз болып қалған болатын.

Енді міне, сол  шығармашылық  жұмысты  қазіргі  уақыттың  талабын ескере  және  мүмкіндіктерін пайдаланып  интернет сайты  формасына  айналдыруды,  яғни, жаңғырту мен жалғастыруды қолға алып отырмын.  Онда,  кітаптың  бұрынғы  материалдары негізге алынып,  мүмкіндігінше пайдаланылады.  Олар бүгінгі күн тұрғысынан  өңделеді, жаңаланады және  толықтырылады.  Яғни,  аудан  кітабы  өз  оқырмандарының  үлкен талғам-талаптарына сай  ұзақ жылдарға  жалғасатын өміршеңдігі  болады деп үміттенемін!

Кітап құрылымының  тарау-бөлімдері  сайттың басты бетінде көрсетілген тақырыптарға сай жүргізіледі.

Осы орайда,  сол  оқырмандардың  Өздерінің,  ниеттес азаматтардың,  жерлестердің  қолдауын,  ұтымды пікір-кеңестерін, ұсыныстарын тосамын!    Үлкен Рахмет!!!

 Құрметпен, сайт иесі: СЕРПЕРБАЕВ С.

Вверх