Құрметті оқырмандар!

  Жетісу өңірі  Ақсу жерінің —  қазағымның  ұлттық өнерінің  сарқылмай қайнап жататын  бір «қазаны» екенін көзі қарақты  жұрт  жақсы біледі санаймыз. Менің осы сайтым да ашылғанынан  бері сол пікірді мүмкіндігінше  айғақты түрде  көрсетіп, насихаттап   келе жатқанын оқырмандарым,  Сіздер де  байқап жатырсыздар...

  Енді,  бұл  жолы  Ақсу  жерінен  елімізге жақсы танымал болып лег-легімен жалғасып жатқан ақын-жазушылармен (олар жөнінде сайтымда дайындалып, жеке жаңадан шығарылып тұрған электронды кітап та бар), сахна саңлақтарымен қатар, өнердің басқа да салаларында  мемлекет  деңгейінде танылған, ерекше мақтанышпен  айта  алатын  дарын  иелеріміз  бар екенін көрсеткім келгені!

  Соның бір айғағы ретінде —  қазақ елі кеңістігіндегі ерекше аталатын қыл қалам шеберлерінің  шоқ жұлдыздары ортасында ойып алған орны,  дарынды  өнер иесі болған Ақсулық азаматымыз (марқұм), суретші. Қазақ графикасының негізін қалаушылардың бірі  Исатай  Исабаевты  баршаңызға,  көпшілікке жақын  танытайын.

 Осы мақсаттағы  әңгімелердің бастапқысы ретінде берілген аяулы азаматымыз туралы оның өмірбаянын, деректік  бейнежазбаларды және өзінің қаламынан шыққан біраз шығармашылық туындыларын қабыл алыңыздар!.  Яғни осы жазбалардың жалғасы болады.

 

*       *       *

  Құлаққағыс:  Егер осы сайтта «жоқ болсаңыздар», оған жазылуды ұмытпаңыз!! Ол үшін оң жақтағы немесе  парақтың  астындағы  терезешелерге  адрестеріңізді  енгізіңіз!   Және де  дайындалған  электронды  кітаптарды  алыңыздар!

 

 

Исатай Нұрышұлы ИСАБАЕВ  

(1936—2007)

 

  Суретші, графиканың ерекше шебері. Қазақстандағы графикалық өнердің негізін қалаушылардың бірі.  КСРО-ның және Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері (1991),  КСРО  және  Қазақстан Суретшілер одақтарының мүшесі, ҚР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер (1987).

  Алматы  облысы Ақсу ауданы  Көкөзек ауылында  туған.  Ауданның Чапаев атындағы орта  мектебін,  Мәскеу полиграфиялық институтын бітірген  (1965).  Институтта  графика және бейнелеу өнерінің шебері Андрей Гончаровтан дәріс алған.

  1955-58 жылдары  әскер қатарында болады.  Одан кейін «Қазақ мемлекеттік көркем әдебиеті» баспасында көркемдеуші, Қазақ политехникалық институтында оқытушы, Қазақ КСР-і баспа, полиграфия  және кітап саудасы жөніндегі комитеттің бас суретшісі болады (1960-91). 1994 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Ана тілі» баспасының бас суретшісі-редакторы  болып жұмыс істеді.

  Қазақстанның  ұлттық  өнер  мектебінің  дамуына ерекше үлес қосқан 60-шы жылдардағы   суретшілердің  шоқ  жұлдыздары қатарына жатады. Графикалық офорт-техникасының, эстампаксилографияның, автолитографияның, меццо-тинтоакватинтаның,  линогравюраның,  суреттің  құрғақ  ине  әдісінің барлық түрлерін  тамаша меңгере білген.

  Республикалық және шетелдік көрмелердің тұрақты қатысушысы. Еңбектері А.Қастеев атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер мұражайында. Ресейдің  Мәскеу қаласындағы  Орталық көрме залына, Сан-Франциско қаласы көрме кешенінде (АҚШ). ҚР  Президентң  резиденциясында және де Югославия, Мексика, Швеция,  Франция,  Канада, Финляндия Бельгия Дания, Эстония, Ресей,  Польшаның, Австрия, АҚШ,, Венгрия және Италия елдерінің көрмелерінде қойылған, 

   Автордың шығармалары Қазақстанның мемлекеттік және жеке коллекцияларында және шетелде сақталады.

  Қазақ эпосына және халық өміріне арналған керемет кітап иллюстрацияларының және  графикалық  серияларының  авторы  ретінде де  ерекше  танымал  болды.  Қазақ халқының «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б. эпостық шығармаларын безендіруге арналған графикалық көркем туындыларымен танымал. Оның «Мұхтар Әуезов-жазушы» атты линогравюрасы, «Абай», «Суретші Айтбаев» шығармалары, «Қазақ халқының тұрмысы», «Көкпар», «Жекпе-жек», «Шайқас» секілді циклді еңбектері халықаралық  көрмелерге  қойылып,  түрлі  жүлделерге  ие болған.

 100-ден астам кітапты көркем безендірген, 1000-ға жуық графиканың және бейнелеу жұмыстарының авторы. Абайдың екі томдық туындысының көркемделуі-кітап графикасы саласындағы ең үздік жұмыстарының бірі.

 Бүкілодақтық, халықаралық және республикалық марапаттардың лауреаты. Түрікменстанның жылдың үздік графикасы  «Бехзад» (1991) «Қазақстанның және Орталық Азияның үздік графикасы» (1991, Өзбекстан) (1993, Тәжікстан),  «Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуына шығармашылық үлесі үшін» (2000 , Алматы қ.), дипломдарымен марапатталған. Қазақстанның бейнелеу өнері саласындағы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2004). 

  Суретшінің есімі өзінің туған ауданындағы өнер мектебіне берілген.

 

И.Исабаев атындағы аудандық өнер мектебі алдында

 

 

«Мен жанымды өз халқыма арнадым».

Исатай Исабаевтың 80 жылдығына арналған көрме туралы бейнежазба

 

Исатай Исабаев

 

Бейнежазбада  суретшінің қызы Әлия Исатаева түсініктеме береді.

 

 

 

 Исатай Исабаевтың өміржолы мен шығармашылығы туралы

бейнефильм

 

 

 Исатай Исабаевтың шығармашылықтарынан ...

 

Исатай Исабаев