ЕРБОЛ ОРАЗБЕКОВ туралы

 

ЕРБОЛ бауырымыз 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірі  Ақсуат ауданында дүниеге келген.  Сол жылы, оның екі айлығында ата-анасы біздің ауданның Қопа ауылындағы жаңадан құрылған Шоқан Уалиханов атындағы қой кеңшарына көшіп келіп  жұмысқа орналасады. Сол жердің топырағында аунап-қунап өскен Ербол ауылдағы орта мектепте оқиды. Оны бітіргеннен кейін ауылда жеке шаруашылықпен айналысады.

 Сонымен бірге, ержеткеннен бастап Ербол ауылдағы көркемөнерпаздар ұжымы жұмыстарына, ауылдың, ауданның мәдени-көпшілік шараларына белсене араласып, бойындағы өнерлік қырларын дамытып шыңдайды. Ел көзіне түскен ол, аудандағы салтанатты кештерді жүргізуші, той-қуаныштардағы асабалық міндетті атқарып көпшіліктің құрметіне ие болады.

Біраз жылдан бері Талдықорған қаласында тұратын  Ерболымыз — бүгіндері Өзінің ақындығымен, сазгерлігімен, әншілік өнерімен де  және үлкен сұранысқа ие асаба ретінде  тек ауданымыз емес, жалпы Жетісу өңіріне жақсы танымал азамат.

Енді міне, күні кеше, қаңтар айының 20-шы күні «Евразия» телеарнасында көрсетілген «Тамада battle» бағдарламасының кезекті хабарына  қатысқан Ербол Оразбековтың асабалық өнері көрермендердің, төрешілерінің көңілінен шығып жеңімпаз атанғанына куә болдық.

Ризамыз, құттықтаймыз және де шығармашылығының шыңдалып, өнерінің  өрлей беруіне тілектеспіз!

 

 

 

   Ары қарай, Ерболдың осы айтылған жан-жақты  өнерлік қырларын паш ете алатын  бейнежазбалар топтамасы  және біраз өлең шумақтары ұсынылады.

 

 

 

«Айтуға оңай» телебағдарламасында 

 

 

 

 

Ақсудың «ТҮЙМЕБАСЫ»

 

Бұл Ербол Оразбековтың  аудан тарихының  ерекше бір  дерегі — өткен ғасырдың 60-жылдары Ақсу өңірінің атын шарықтата шығарған, бүткіл елінің мақтанышына, қазіргіше «брендісіне» айналған — ТҮЙМЕБАС атты жүйрік арғымағымыз туралы поэмалық тұрғыдағы еңбегі. Кезінде республикалық үлкен бәйгелік додада Түймебасымыздың жеңімпаз атанғаны көмескіленіп, бүгінгі ұрпаққа ұмытылып қалған жағдайда еді. ЕРБОЛ бауырымыздың айтарлықтай ізденіспен  аудан тарихының сол бір  жоғалған парағын жаңғыртқан, ЖҮЙРІГІМІЗДІ ортамызға қайта оралтқандай болған еңбегі  алғашқы  рет менің осы сайтымда жарияланған болатын. 

Оның толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://bit.ly/2wWdxQc

 

 

 

ДИМАШҚА  деген  ақ  бата

Бүгіндері әлемдік деңгейде мемлекетіміздің мәртебесін ерекше арттырып, қазақ халқының атын миллиардтаған адамдарға паш етіп жүрген әнші баламыз, үлкен азаматымыз ДИМАШТЫ да тұлпарға, өнердегі ортасын бұза жарып үздік шыққан дүлділге теңей отырып, Ерболдың оған деген   арнауы, ақ батасы.

Оның да толық мәтіні және бейнежазбалық түрі бұрынырақ сайтымда жарияланған болатын:http://bit.ly/2CAwCtx

 

 

 

Ақсуға арнау

(Туған жерге деген өлең шумақтары)

 

 

 

 

 

«Сезім сыры» әні

Әні де, сөзі де - Ербол Оразбековтікі,

орындаушы да өзі

 

 

 

 

 

Ақсудың ЕРБОЛ асабасы ерледі

«Тамада battle» бағдарламасы

20 қаңтар 2019 жыл