«МЕН АУЫЛДЫҢ БАЛАСЫМЫН»

(Серікбол САЙЛАУБЕК туралы)

 

Сайтымның бүгінгі парағы осындай тақырыппен  Ақсу, Сарқан жерінің (Алматы облысы) баласы, үлкен өнер иесі, қазіргі таңдағы халқымызға жақсы танымал әншілердің бірі  Серікбол САЙЛАУБЕККЕ арналып, оның өмір және өнер жолы туралы танымдық жазбалар беріліп отыр.

Танысыңдар, тамашалаңдар!

 

Алдымен  бір ән тыңдап алайық:

 

Достарым

 

 

 

Қысқаша өмірдеректері

 

ХИТ ШЕРУ Төреғали Төреәлі & Ерке Есмахан - Сәлеметсізбе Шамшырақ дуеті - Сүйемін Алтынбек Тәшімбетов - Бірге болайық Ағайындылар тобы - Қарамаса қарамасын Меломен - Сені ойласам Айқын Төлепберген - Сұрама Бейбіт ...

Серікбол САЙЛАУБЕК Алматы  облысы Сарқан ауданында туып өскен. Әкесі – Сайлаубек, жүн дайындау мекемесінде, ал анасы  - Жәмилә, сауда саласында жұмыс істеген. Өзі отбасының  жалғыз ұлы  әрі кенжесі болады, өзінен үлкен 3 әпкесі  бар.     Ол бала кезінен әнші болуды  армандайды. Талдықорған қаласында оқыған мектебінде үздік және белсенді оқушы болып, көптеген шараларға, мерекелік концерттерге қатысатын; өзі де  ұйымдастырушысы болып жүреді. 9-сыныптан кейін аспаздық колледжге түседі. Ол жерде де өнер сайысына қатысып, орындаған әнімен 1-орын иегері атанды. Бұл оның алғашқы  жетістігі еді. Бірақ, көп ұзамай  мектепке қайта оралып  11-сыныпты аяқтайды.

  Содан кейін Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне түсіп, онда 3 жыл Лаки Кесоглудан білім алады. Сол кезде белгілі әнші  Қайрат Нұртаспен курстас болып бірге оқиды, өзара дос болады.

  Одан ары 2 жоғары оқу орнында оқып, экономика саласы және «заңгер» мамандықтарының иегері болды. Біраз жыл отбасылық, тұрмыс-тіршілік жағдайларын реттеумен айналысып,  Алматы қаласында үй салып алады. Аяғына нық тұрған соң, 2007 жылы өнер жолын түпкілікті таңдайды.  Бастапқы  жылдарында эстрада саласындағы шығыс стилінде, рок, рэп жанрларында ән айтады. Өзі «сол кездерде жасанды стильде шығып, орындаған көптеген әндерінің көпшілікке танылмай қалғанын» айтады. Содан кейін, тойға, билеуге арналған әндер айтып, халыққа танымал бола бастайды. Бүгінгі таңда ол өзіндік ерекше дауыс иесі ретінде және аса екпінді, көңілді стильде  орындау мәнерімен көптің ықыласына бөленіп, толыққанды сахна шебері атанған әнші. Репертуарында 150-дей ән бар,  олардың ішіндегі «Ең сұлу» («Ой, жеңге»), «Достарым», «Кешір мені», «Сол кездер», «Есімде мен» «Ұлы дала». «Сайгүлік», «Лезгинка»,  «Бота бота»,  «Мен ауылдың баласымын» және т.б. әндік жарқын композициялары мен бейнебаяндары көрермендер сүйіспеншілігіндегі хиттер болып саналады. Соңғы уақытта шығармашылығы  салмақты, мағыналы әндермен де барынша толығуда.  Ол жеке орындаумен қатар, дуэттерге де жиі  қатысады. Оның Роза Рымбаевамен, Ерке Есмаханмен, т.б. әншілермен бірге орындаған әндері де  тыңдаушылардың жүрегінен лайықты орнын алған.

 Өзі де ән жазумен айналысады.  елге танымал бірнеше әндердің авторы.   

  Серікбол өнер жолында, Қазақстан қалаларындағы, елдің әр өңірлерііндегі, ауыл-аймақтардағы концерттерін тегін, ақысыз беріп жүргенімен ерекшеленеді. «Неге солай? Қаражаттар мәселесі қалай шешіледі? Өмірдегі басты ұстанымдарың қалай?» деген сияқты  өзіне жиі қойылып жататын сұрақтарға: «Адам арам нәрседен аулақ жүру керек, ондай жолмен келген  дүниенің ешқашан берекеті болмайды.  Егер адам таза жолмен жүрсе, бәрі өз ретімен келеді. Қасыңда сатып кетпейтін достарың, жанашыр бауырларың болғанда, шығармашылық   адамы  өседі. Осы өнер саласына жақын келуіме себепкер болған, бүгіндерде де қолдаушы болушылар — сол адал да жақын достарым. Жүрегімде «Алла бар», сондықтан да ештеңеден қаймықпаймын ...

 Ал концерттерімді тегін бергім келеді және беріп жүремін. Өйткені, кішкене кезімде ауылға келген концерттерге жағдай, ақша болмағандықтан, кіре алмаушы едім. Сондағы үлкен қынжылыстардан кейін, қасымдағы балаларға «Осыдан әнші болайын, тегін концерт беремін» деп сөз берген едім. Сол уәдемде тұрып келемін. Ал, ән жаздырып, бейнебаян түсіруге, басқа да қажеттілікке ақшаны тойларға, мерекелік шараларға  қатысудан табамын. Қаражат жағынан «Жайлау» деген  шаруашылық жақсы көмектеседі» деп, әрдайым ойын ашық айтып жүреді.  Сондықтан да, ол өнердегі дарындылығымен қатар, ақжарқындылық, қарапайымдылық адами қасиеттерімен көпшілік көрермендерінің  үлкен құрметіне ие; адалдығымен, шыншылдығымен  өнердегі  әріптестері, дос-жарандары арасында сыйлы да беделді жан.

  Серікбол қазір отбасымен, анасымен бірге туған жеріне жақын, әрі тыныш саналатын  Талдықорған қаласында тұрады. Анасына кең сарайдай зәулім үй салып берген. Альмира есімді жұбайымен отасқанына ширек ғасырдан асты.   Онымен қала  кафелерінде музыкант болып жұмыс істеген жылдары танысқан. 4 балалары  бар, Үлкен ұлы Бейбарыс, одан кейінгі қызы  Дәрия.  Ол өз денсаулығындағы, көзінің  көруіне байланысты проблемалары болғанымен,  оның қиындықтарын қажырлылықпкен, қайсарлықпен жеңе білуде. ...

 Серікболдың алдағы уақытта да өнердің талай биік белестерін алатынына,  шығармашылығында үлкен табыстарға жететіне ниеттес көрермендерінің, тілектес  достарының  сенімділіктері  зор.

 

 

Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото) - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

 

*       *       *

Серікбол Сайлаубектің бір үлкен  ән-жинағымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://youtu.be/cvx-cJ6NmB4

 

 

Серікбол Сайлаубек  "ТАЛАНТЫМ-ТАҒДЫРЫМ" жобасында

НТК Show, Жоба авторы — Анна Данченко

27 сәуір 2020 жыл.