АҚСУДЫҢ  «ТҮЙМЕБАСЫ» 

 

Құрметті сайт оқырмандары, қонақтары! Ақсулық азаматтар!

Кеше «Фейсбук» әлеуметтік жүйесінде ауданымыздың төл баласы, айтулы өнер иесі азаматымыз ЕРБОЛ ОРАЗБЕКОВТЫҢ екі шығармашылық еңбегін көріп, оған деген үлкен ризашылық ниетімді  жеткізуге және сол туындыларымен Сіздерді тезірек танысытыруға асықтым.

 

1. Біріншісіне байланысты.  Әдетте, белгілі бір өңірдің (ауданның) жұртшылығы өз жерлерінде туып-өсіп ержеткен, одан ары еңбектегі озық жетістіктерімен. мемлекет деңгейіндегі қайраткерлігімен, ғылым, өнер, т.т., әр салалардағы ерекше танымалдығымен туған жерінің атын асқақтатып жататын азаматтарын барынша құрмет тұтып, мақтаныш ететіні белгілі және түсінікті де. Сондай санатқа жатқызылатын біздің Ақсулық азаматтардың қатары да жетіп артылады. Соларды насихаттау басты мақсатының бірі болып құрылған біздің осы аудандық сайтымыз да сол бағытта мүмкіндігінше өз жұмысын жүргізе беретін болады...

Алайда, өмірдің әр кезеңдерінде, тек айтулы тұлғалар ғана емес,  әр өңірдің, сол жердің елінің беделін аспандатып жататын, мақтаныштарына айналып жататын  басқа да жайттар мен оқиғалар болып жатады. Мәселен, қазіргі әңгімеге тиек болатын, сондай аудан тарихының  бір  дерегі. Ол, өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Ақсу өңірінің атын шарықтата шығарған, бүткіл Ақсу елінің ерекше мақтанышына, бүгінше айтылғанда, «брендісіне» айналған — «ТҮЙМЕБАС» атты жүйрік арғымағымыз туралы. Ол кезде балалар болған, бүгінгі біздің қатардағылар, оны көре алған жоқпыз, бірақ ол туралы, оның республикалық үлкен бәйгелік додада қалай жеңімпаз атанғаны туралы әңгімелерге «құлағымыздың құрышы» қанатын. Бірақ, кейіннен сол оқиғаны жақсы білетін, насихаттай алатын адамдардың аз болғандығынан ба (бүгіндері жоқтың да қасы), нақты деректер көмескіленіп, ұмытылып та қалған жағдайда еді. Енді міне, ЕРБОЛ бауырымыз жарады, айтарлықтай ізденісті еңбек атқарып, ТҮЙМЕБАСЫМЫЗДЫ поэмалық тұрғыда деп аталған шығармасымен ортамызға қайта оралтып жатқан жайы бар. Оның туындысының әдеби-көркемдік жағына баға беру әдебиет мамандарының міндеті шығар, ал біздікі — оған аудан тарихының тағы бір  жоғалған парағын жаңғыртып жатқанына ризашылық білдіру. Еліміздің «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫДА» осындай сәттерден қалыптасатын шығар.

   

Әзірге осы, бірақ бұл алдағы кеңінен болатын әңгімелердің бастамасы деп ойлайық. ЕРБОЛДЫҢ өз келісімімен поэмасының бейнелік форматына қоса, оның жазбалық нұсқасын ең алғашқы болып, осы сайтта жариялап отырмын. Қабыл алыңыздар! Жақсылап көріңіздер, тыңдаңыздар, оқыңыздар. Содан кейін, шығармашылық туынды туралы осы сайт бетінде пікірлеріңізбен бөлісіңіздер, «коммменттеріңізді» қалдырыңыздар, ниеттеріңізді білдіріңіздер.

 

2. Келесісі -  бүгіндері әлемдік деңгейде мемлекетіміздің мәртебесін ерекше арттырып, қазақ халқының атын миллиардтаған адамдарға паш етіп, асқақтата таныстырып жүрген — әнші баламыз, үлкен азаматымыз ДИМАШҚА арнаған Ерболдың өзекжарды тілегі болып отыр. ДИМАШТЫ да тұлпарға, өнердегі ортасын бұза жарып үздік шыққан жүйрікке теңей отырып, ЕРБОЛДЫҢ оған берген ақ батасы сайтымыздың келесі парағында берілетін болады. Тосыңыздар, тыңдаңыздар.

 

            АҚСУДЫҢ ТҮЙМЕБАСЫ

   поэма

Ербол ОРАЗБЕКОВ   

 

 

Естіген əңгімемді айтайын Алла куə,
Түймебастай жүйрік бопты ауданымда.
Алпыс бірде болыпты кеңес кезі,
Куəгерлер əлі де бар, жоқ ешқандай жалғаны да.
Сол жүйрікті баптаған иесінің,
Жолықтым жолым болып балаларына.

Жаздым мен сол əңгіме желісімен,
Балаларының рұқсаты келісіммен.
Мен ол кезде дүниеге келмегенмен,
Сұрастырдым білетін ел ішінен.

Мол мұра ғой білгенге нағыз құнды,
Көңілдерден шыға ма білмеймін, жазуымды,
Сол ауылдың бір баласы болғаннан соң,
Орындайын деп шештім перзентік парызымды.

Ол кезде Қызылту мал колхозы,
Өкіметтің болатын өктем сөзі.
Ауылдағы кәрі – жас еңбек етіп,
Демалыс жоқ тынымның кеткен кезі.

 

Көпжасар жастайынан болды зерек,
Әлсіздерге қарайласып жүрді демеп.
Жәрдем етіп жақсылық қылғандарға,
Дейді екен ғой қашанда Алла берет.

Ол рас, Алла өзі береді екен,
Ниет қылсаң бәрі де келеді екен.
Сол үшін жаратқанға мойынсұнып,
Әр таңда жалбарыну керек екен.
Құлшылық адамзатқа таптырмайтын,
Баға жетпес мол байлық, қорек екен.

 

Көпжасардың қасиеті содан болар,
Қосқан аты бәйгеден келеді екен.

Бүгін де сол ниетпен шықты жолға,
Астындағы мінген аты мықты жорға.
Қас қарайып, күн батып қалған кезде,
Жылқы ауылға кешеулеп жетті зорға.
Көпжасардың бар ойы ішіндегі,
Бір жүйрік кезіксе деп епті қолға.

 

Ерте шығып ел-жұртты аралады,
Кезікпеді бірақ та қалағаны.
Бар ойы жылқы ауылдан шыға ма деп,
Сол жақты көздеп міне жағалады.

Тор жорға астындағы зулап келет,
Тербелгенде аққан тер булап келет.
Ауылдың тақағанда маңайына,
Бар тыныштықты бұзғандай иттері шулап кенет.

 

Қарсы алды жылқыауылдың жігіттері,
Көпжасардың келетіні олардың да біріккені.
Ауылдан шыққаннан-ақ ақсақалдың,
Қайда барып, қайда жүргенін отырғандай біліп тегі.
Сынатып алмақшы жылқыларын,
Бір бір жүйрік міну ғой, бәрінің де үміттері.

Көпжасар да риза бауырларын көргеніне,
Іштей Аллаға тәубә дейді өсіп-өнгеніне.
Қолпаштап қарияны бәрі бірден,
Шығарды құрмет қылып төрлеріне.

Жаңалықты сұрап жатыр еліндегі,
Ақсақал да айтып жатыр әңгімесін тегіндегі.
Көрпе салып, шынтағына жастық төсеп,
Дастарханын әзірледі келіндері.

Әңгімені тыңдағандар ұйып жатыр,
Көңілдеріне айтқандары сиып жатыр.
Шөлдегенін ақсақалдың байқағандай,
Келіндерде шайларын құйып жатыр.

Көпжасарда жаудыруда ықыласын,
Ақ батаның болады құты басым.
Қарағым, үлкендерді құрметтесең,
Құдайда құр қалтырмай құтыңды ашсын.

Жаудыруда асыл сөздің тізіп бəрін,
Таусылмасын деп жатыр қызықтарың.
Ер жетіп аман есен ел қатарлы,
Жігіт болсын деп қоят бұзықтарың.

Келіндерде бата алып қуануда,
Барларын алға тосып шығаруда.
Көпжасар да құрметке ие болған,
Адам еді құрметті бір ауылға.

Бата мен дастарханды тəмəмдады,
Етке дейін үзіліс деп амалдады.
Келіндер үлкен астың нанын жайып,
Жиып жатыр шайға қойған тағамдарды.

Кірісіп жатыр әйелдер ас қамына,
Аса қатаң мән беріп астарына.
Үлкендердің сынына ұшырап бір,
Ұят келмесін деп тырысуда бастарына.
Көпжасар да көңілдегі жиғандарын,
Үлгі етіп, айтып жатыр жастарына.
Құлшылық қыл, құдай таны деп қояды,
Өмір деген өткінші деп қас-қағымда.
Еліңе қызмет қыл, адал бол деп,
Барынша еңбек ет дейді жас шағыңда.

Тамаққа деп шақырды аталарын,
Бəрі де біледі ғой ықылас бата барын.
Көпжасарға қойылған мал басына,
Жаудырды ақ ниетті баталарын.

Етпенен бірге келді қымызы да,
Кіргендей болды үлкен астың қызығы да.
Ақсақалда тартты кеп талай кесе,
Қарамастан асқазанның қыжылына.
Қымыз, ет, сары май, қатық, сорпа, шұбат,
Майдай жағар əр қазақтың қыз ұлына.
Отырғанменен ендігі мəні болмас,
Ұйқы қысып, əңгімеде бұзылуда.
Тор жорғаның жорғасы жұмсақ болды,
Əйтпесе қалжыратар жолдың мына ұзыны да.

Жатқанменен төсекте алаңдады
Жүйрігінде аңсаған таба алмады
Осының бəрін оймен шолып жатыр
Жұмылып жатсадағы жанарлары

Жылқыдан табалама Алла білед
Орындалама белгісіз бата тілек
Тұрған соң таң намазға елден бұрын
Көп отырды жайнамазда таңда тілеп

Иа, раббым бір жүйрік өзіңнен сұрағаным
Кезіктір қайырлысын, көңіліме ұнағанын
Өзіңе мақтау болсын, мадақ болсын
Құр қайтпасын намаздағы дұғаларым

Намазын аяқтап боп түрегелді
Құр қайтармас Аллада тілегенді
Келіндерді дастарханда күтіп отыр
Шай беріп жолға салмақ жүрер елді

Ішкен соң елдің бəрі таңғы шайын,
Көпжасарға таныстырмақ малдың жайын.
Үйір үйір жылқыны аралатып,
Көрсетіп жүр бесті мен құнан, тайын.

Алыңыз деп қояды ұнағанын,
Көңіліңіз ауғанын, құлағанын.
Жылқышы айтып жатыр көмекшіге,
Бер дейді қолдан қақпа сұрағанын.

Жылқыдан бір қоңырды таңдап алды,
Шыңғыртып қыл мойынға арқан салды.
Сиықсыз мына ұстаған атын көріп,
Мазаққа айналдырды бәрі шалды.

 

Күлкі қылды құрдастары мазақ етіп:
«Жарытпассың мынаумен топқа жетіп,
Есектей типыңдатып мініп апсың,
Мерт қылмасын біреулер басып кетіп», —

Деп келеке қылды заман тұрғылары,
Шымшып тисіп, әзілдеп қудың бәрі.
Шал мініп шықса болды анда – санда,
Қоңыр атқа қарайды жасы – кәрі.

 

 

Қоян құлақ, ешкібас, салпы ерін,
Болат тұяқ, шашалы, емес тегін.
Қатпан бел, қозы сауырын болса дағы,
Қызықтырып алды өзіне аттың бегін.

Көпжасар күнделікті жүрді баптап,
Көңілі толып, жүйрігін іштей мақтап.
Түймебас деп ат қойып қоңырына,
Шығарына иланды сенімді ақтап.

Ауданда ат озбады Түймебастан,
Құтылмады қандай мал одан қашқан.
Әр бәйгеден бірінші жүлдені алып,
Кезі еді ең алғашқы қадам басқан.

Кеше ғана құрбы дос мазақ еткен,
Қарайтындай болған сәт байыпты еппен.
Өз дегенін қалайтын жүрек шіркін,
Алдамайтын турашыл сенім неткен.

Сезгендей бір жақсылықты жүрегі,
Табылардай көптен күткен бір емі.
Алматының естігенде бәйгесін,
Қабыл болды деп қуанды тілегі.

Іштей сезіп ақсақал жақсылықты,
Түймебасты жаратып жақсы күтті.
Жүйрігін жүйіткіте шабатұғын,
Ыңғайлы іздеді бір жас жігітті.

Әкейбек жігіт болып қалған еді,
Әйтпесе, көп жарысқа барған еді.
Қазақтың әр баласы шабандоз ғой,
Бұл кісіге керегі салмақ еді.
Сондықтан жасы кіші болсадағы,
Тірібекті жеңілдеу деп таңдап еді.

Шақыртады ақсақал «баламыздың» бірі деп,
Өзгелерден сенің етің тірі деп.
Анда- санда кей жарысқа барғанда,
Ара тұра Түймебасты мініп ет.
Ақсақал да сырттай қарап сүйсініп,
Бұл баладан үміт күтіп жүріп ет.
Сол үміті бүгінгі күн ақталып,
Ат жарысқа барар болды Тірібек.

Бала көңіл тұрғандай бір сұранып,
Әзір тұрды не нәрсеге сыбанып.
Атасының естігенде бұл сөзін,
Тірібек те қалды қатты қуанып.

Сейілді бұл хабардан уайым бүгін,
Бір керемет шуақ боп жайылды күн.
Алматының жарысына барамын деп,
Тірібек те бастап кетті дайындығын.

Көпжасар Бөрте елінің азаматы,
Жалпы бірге болғанымен қазақ аты.
Түймебасты баптайтын да, шабатын да,
Бір рудың баласы екен ғаламаты.

Бөрте деген орта жүздің Найманы,
Бұзылмаған берекелі қаймағы.
Әр елдің өз мақтаны бар емес пе,
Көпжасарды сыйлайды екен аймағы.

Тірібек пен Әкейбек те сол Бөртенің ұлдары,
Әр жарыста желбіреген тулары.
Түймебастың Алматыда шапқаны,
Мың тоғыз жүз алпыс бірінші жылдары.

 

Ақсақалға жиналды барлық халық,
Шығарып салды сапарға бәрі барып.
Ат арбаға ас-дәмін тиеді де,
Жолға шықты Тірібегін ертіп алып.

Алматы қайдасың деп арбакеш желіп келет,
Ұзын жолдың азабында көріп келет.
Басынан ноқта жібін шешсе дағы,
Түймебас қалыспастан еріп келет.

 

Арбамен жол жүруде оңай емес,
Кезігеді шұңқыр, сай, небір дөңес.
Көпжасар қасындағы Тірібекке,
Айтып келет білсін деп ақыл-кеңес.

Шү дегенде шығып ал алға деді,
Қарайлап артқа балам қалма деді.
Ауыздықты тежеп бақ сен барынша,
Тізгінді тым босатып алма деді.
Егер де артжақта қалып қойсаң,
Көмілесің түк көрмей шаңға деді.

Алдыға шығып алып тежеп ұста,
Шауып қой алдыңғы топ келер тұста.
Өзінің арынымен шаба берсін,
Қамшылап жануарды қатты қыспа.

 

Жарайды деп Тірібекте мақұлдайды,
Жақсы білем дегендей атым жайлы.
Жаратып бұл жарысқа өзі мінген,
Қателікке бой алдырып шатылмайды.
Күнде мініп Түймебасын білгеннен соң,
Басын да онша ойлап қатырмайды.

Көпжасардың байқалады шаршағаны,
Тезірек жетсек болды аңсағаны.
Өз ойымен келеді тек таласып,
Жеткен кезде кім бізді қарсы алады.

 

 

Не боларын сырттай пішіп пайымдады,
Тек алға жүреміз деп дайындады.
Барған соң не болат деп іштей мұжып,
Жандарын қинап бітті уайымдары.

Түймебас шөптің басын шалып келет,
Кейде қалып, кейде озып шауып келет.
Арба айдаған маужырап Көпжасарды,
«Ата!»- деген оятты дауыс кенет.

«Ата, әне, Алматы!» деп айқайлады Тірібек,
Қуаныштан екі көзі күлімдеп.
Риза болып баласына қария,
Маңдайынан искеп қойды емірене, ұлым, деп.

Жетті-ау міне Алматы қаласына,
Кірді келіп қалың ел арасына.
Қуаныштан жүзі де бал бұл жанып,
Қарап қоят көрдің бе дегендей баласына.
Құжыныған көп көлік қайшы алысқан,
Адассаң бір біріңді табасың ба?
Басында шайқап қоят аңда — санда,
Жетпейт дегендей ауылдың кең даласына.
Жан жағына алаңдап келе жатыр,
Қалжырап əбден біткен шамасы да.
Ары қарай күніміз не болат деп,
Бір қорқыныш кіріп алған санасына.
Бір бəле бола қалса аяқ асты,
Жоқ емесін біледі табашы да.
Алматыда нең бар ет деп,
Бар бəлеге сол кезде қаласың да.
Осының бəрін електен өткізіп бір,
Өз ойымен тынымсыз таласуда.
Алаңсыз жайбарқат жайлы отырған,
Көз тастап қарап қояд баласына.

Тірібек те қуаныштан түрленеді,
Көңілі алып – ұшып, гүлденеді.
Өз — өзіне масаттанып дəн риза,
Тындырып тастағандай бірдеңені

Жан — жағына таңырқап, таңқалуда,
Ол дағы өз ойымен сандалуда.
Шіркін — ай деп, балмұздақты аңсағанмен,
Таппайсың бір дүкенді сауда алуға.
Дүкенге бару үшін ең алдымен,
Оны іздеп тура келет сандалуға.
Осының бəрін ішінен ойлап пішіп
Не істесем деп ол дағы таңдануда.

Атасы шү деп атын сабап қоят,
Жүр дегендей тезірек талап қоят.
Мына біреу бəле болды дегендейін,
Аты да бишік батқан жағына қарап қоят.

Осылай торала аттың желісмен,
Ақырын жүріп өтіп ел ішімен.
Аттарды жайғастырып орнықтырды,
Ат бəйге болар жерге келісімен.

Орыс, қазақ толып жүр, басқасы да,
Сарысы да, ағы да, қасқасы да,
Көпжасарға көз салар бір пенде жоқ,
Өзі қожа, өзі би, бас – басына.

 

Көлеңке жасап алып арбасына,
Ат көрпесін салып ап жамбасына.
Қаужаңдап бар нəрсесін ішіп отыр,
Толтырып алып шыққан қамбасына.
Өздері де біліп болмас күйде отыр,
Түскі асы ма, жоқ əлде, таңғы асы ма?

 

Аттардың да жем — шөбін тауып қойды,
Неше күндік тамағын алып қойды.
Көз үйреніп, екі — күш күн өткеннен соң,
Сейілткендей болған сəт қауіпті ойды.

Біреуге тапсыра сап арбаларын,
Тындырмаққа кірісті шаруаларын.
Ертең бəйге болады дегеннен соң,
Алмаққа кезек тұрды таңбаларын.

Жетті шүкір, кезегі де көп тостырған,
Жайғасты бір орынға жай бос тұрған.
Шаңқ етті ана жақтан жаман дауыс,
Кім деді бұл бəйгеге тай қостырған.

Тай емес, балам, бұл үлкен ат, деді
Мен ғой бұны алып келген атбегі.
Шапқанда шашасына шаң жұқпайтын,
Бұл нағыз жүйрік құлагер ғой, нақ деді

«Жоқ!» деді əлгі дауыс қайталап
«Болу керек бұл бəйгеге сай талап!
Ренжімеңіз, ақсақал, заңы сондай
Сіздікін қостырмайды, қайтарат!»

Көпжасардың көңілі құлағандай,
Жалынды кеп анаған жылағандай.
Сонау ауылдан келіп едім,
Атжарыс деп арбамен бір адамдай.

«Ақсақал, қоса алмаймын, қайтыңыз!
Арызыңды өзгелерге айтыңыз,
Ренжімей орынды босатыңыз.
Следующий, деп бастады, қайсыңыз?»

Түк шықпады барлық айтқан сөзінен,
Жас сорғалап ағып келет көзінен.
Сонау жақтан атжарыс деп нем бар ет,
Деп ұрысты ызаланып өзімен.

«Ақсақал!» деді бір дауыс жарқын шығып
Амандасты алдымен ишрат қылып,
Ау, шырағым, деп жауап берді
Көпжасар да көңілсіз бетін бұрып.

Нұрмолда есімім, деді азамат,
Сезілгендей сөзінен бір ғаламат.
Не болса осыдан болатындай,
Көпжасар да ішінен тұр бағалап.
Ақсақал, үмітіңді үзбе!» деді,
«Сіз үшін ана жақты келейін бір жағалап.

Не үшін қостырмады атыңызды?
Мен тұрғанда жемес ешкім қақыңызды»
Нұрмолданың бұл сөзі тым əсерлі,
Құлаққа жағымды да, батыл ізгі.

Қысқасы, былай деді ана жақта:
«Орын жоқ деді сіздікіндей шабан атқа»
Бəйгеге болмайды деп қостырмайтын,
Қазақи ат айтшы, балам, жаман ат па?

Бола берсін олардікі ақалтеке асылдар,
Қазақтікі емес қой есек — қашырлар
Орыс билеп тұрса дағы төр біздікі емес пе?
Осыны ұқтыршы, Нұрмолдажан, басың бар.

Қазақ аттар айтшы балам осал ма?
Бізде қарап байқаймыз ғой қосарда.
Мыналардың аттарынан озып келет Түймебас,
Осы сөзім дəлел болар, тос алда!

Аналардың сөзі осылай қарашы,
Сен ғой жаны ашитын қазақ баласы.
Билік ұстап тұрған соң ба кім білет,
Басыну ма солай болды — ау шамасы.

Атыңыз бұл бəйгеге шаба алмайды,
Өз орынын бұл жерден таба алмайды.
Ақалтеке асылдар тұрған кезде,
Сіздікі ат орнына саналмайды.

Деп күйдірді иттің ғана балалары,
«Жоқ, бітті, жоқ!» деп бір сөзге қадалады.
Шүлдірлеп, араласып отырып ап,
Ерегіссең, ай қарамайт, жан алады!

Көпжасар болған жайды баяндады,
Нұрмолда да тыңдап бəрін аялдады.
Көмектесем ақсақал саспаңыз деп,
Қолдан келер шаруа ғой деп аянбады.

Нұрмолда да бұл сөзге намыстанып,
«Сонда біз тұрғанда қазақ аты тұрама қалыс қалып
Қазір барып қостырам Түймебасты
Көрсетеміз оларға жарысты анық!»

Деп іштей өзін қайрап жігерленді,
Басқарып отырған ет осы кезде бірер елді.
Сол өзінің мүмкіндігін пайдаланып,
Жөн көрді ақсақалды бəйгесіз жібермеуді.

Жолығып түсіндірді барлық жайды,
Бір атты шаптырсаңдар болмас қайғы.
Бұл жануар асқан жүйрік, сеніңіздер,
Көресіңдер, аламанда жол бастайды.

Деп жүріп көндірді ғой дегеніне,
Жоқ емес қой абырой беделі де.
Көпжасар да дəн риза естіп мұны,
Алғысын жаудыруда көмегіне.

Ақсақал олжалы болсын атыңыз,
Ертең бəйге, ертерек барып жатыңыз.
Ұятқа қалдырмас бəрімізді жануар,
Бұл сіздікі ғана емес, қазақтыкі болған соң, бəріміздің атымыз!

Деп Нұрмолда ниет қылды кетпекке,
Шаруасына ол да ертерек жетпекке.
Екеуі де екі жаққа қайтпақшы,
Шығар жолға жүріп келет беттеп те.

Жақсы деді кетерінде қол беріп,
Қоштасқанды кетпес бұрын жөн көріп.
Алдыменен Көпжасарды шығарды,
Үлкен ғой деп құрмет қылып жол беріп.

Көпжасар да ақ тілегін айтуда,
Тұрарлықтай іс қылды ғой айтуға.
Ал жақсы деп қоштасты да екеуі,
Ыңғайланды өз жөнімен қайтуға.

Көпжасар да келді орынға көңілді,
Жас баладай жаңа бастаған өмірді.
Тірібек те атып шығып алдынан,
Ата, не болды, алдыңыз ба нөмірді?

Ия ботам, ертең ерте барамыз,
Нөмірді де сонда бірақ аламыз.
Жақсылап тынық, қандыр əбден ұйқыңды,
Ертең сынақ, атбəйгеге шабамыз.
Сен дұрыс шаба алмасаң атыңа,
Ел алдында біз ұятқа қаламыз.

Деп баласына ескертіп жатыр жарысты,
Көрсетші, дейт, бір керемет шабысты.
Елдің атын ер шығарар деген бар,
Жігер беріп, қайрап қоят намысты.
Еңбек етсең ерінбестен құлыным,
Дəулетің артып, боласың дейт табысты.

Тірібек те сезіп сөздің салмағын,
Түсініп тұр өзі міндет алғанын.
Тырысам деп іштей өзін қайрайды,
Алла білер деп қояды қалғанын.

Нағыз қызық басталар сəт жетті ғой,
Талай елден небір тұлпар кепті ғой.
Мынанша аттан қалай шауып шығам деп,
Сан — сағаққа тарам — тарам кетті ой.

Түймебас та тыпырлап тұр, шабам деп,
Бас бəйгені қайтсем ұтып алам деп.
Басқа аттарда осқырынып қояды,
Ия саған, сенен қалай қалам деп.

Жатыр елге жарыс жөнін хабарлап,
Өңшең бала тосып тұр бұйрық алаңдап.
Он бес елдің жүйріктері таңдаулы,
Келсе келет дегендей ғой табанды ат.

 

Бастап кетті бұйрық келіп жарысты,
Кілең жүйрік ауыздықпен алысты.
Ел де қарық көзайым боп отырған,
Тамашалап бір керемет шабысты.

Бұл — нағыз жүйрік шабар аламан,
Озып шығар ең мықтысы жараған.
Таныстарын көре қалса айқайлап,
Отыр ел де шыдай алмай қараған,
Өз жүйрігім озып келсе дегендей,
Іштей тілеп отырған кез əр адам.

 

Көпжасар да отыр қарап тесіліп,
Айғай, аттан, елдер жатыр көшіріп.
Соңғы айналым тақағанда бітіуге,
Түймебас та шықты алға көсіліп.
Ақалтеке, асылдары қалыпты,
Мақтанып ет ерте шығып есіріп.
Шығып қалды айналымға жете алмай,
Кей аттардың тағдырлары шешіліп.
Шабандары шауып келет қалмастан,
Қалса дағы ілесе алмай кешігіп.

Соңғы айналым жетті-ау міне бітіуге,
Не болат деп елдің бəрі күтуде.
Дара шауып жетті міне Түймебас
Жүйірік жасар бақ па, əлде күтім бе?

 

Қиып өтті бірінші боп көмбені,
Мəлім болды Түймебастың жеңгені.
Жүйрігінің жөнін білген алдымен,
Бұл əрине Тірібектің еңбегі.
Тіл мен көзден сақта бізді Құдай деп,
Көпжасар да қуанып жүр, тірілгендей өлгені,
Сонау жақтан ат арытып келгенде,
Бұл Алланың көз жасыма бергені.

Тауба, тауба деп жүгірді ат жаққа,
Бүкіл ел — жұрт алған екен қаптап та.
Мынау нағыз жүйрік қой деп кейбіреу,
Арасында айтып жатыр мақтап та.

 

Баласымен, атыменен қауышып,
Құшақтасып, қатып қапты жабысып,
Қуанышы құшағына сыймай тұр,
Аман — есен бір — бірімен табысып.
Шақырып жатыр, ана жақта сіздерді,
Деп есекертті бір жас бала танысып.
Түймебас та еліріп тұр жануар,
Əлі менің шамам бар дегендей,
ауыздықпен алысып.

Бірінші орын Түймебасқа берілет,
Дара шауып бұл жануар келіп ет.
Бар үмітін ел жұртының ақтады,
Біз де сондай нық сеніммен сеніп ек.

Деп қояды хабаршысы жылмаңдап,
Сол еді бастабында қарсылықты қылған нақ.
Енді өтірік кісі болып қалыпты,
Жеңіп шығып, бас бəйгені тұрғанда ап.

Екі мың сом жеңісіңіз алатын,
Ыңғайлы ғой қалтаңызға салатын.
Ал ақсақал шын жүректен мінеки,
Аттарыңыз көп болсын, деп тілеп қоят, шабатын!

Көпжасарға ақша емес, атақ емес, ат керек!
Жылқы малын жақсы көрер атбегі ет.
Түймебасы дара шауып бəйге алған,
Міне нағыз бақыт байлық сəт демек.

Жолға шықты Тірібегі қасында,
Көңілдері қуаныштан тасуда.
Бергеніне жаратқанның тәубе етіп,
Ей, Аллахым сен ұлықсың расында.
Деп мақтауын шұбыртып,
Сүртіп қоят орамалмен жасын да.
Торы ала ат та қайтар жолды сезді ме,
Бишіксіз-ақ жылдам қадам басуда.

Қайтар жолға кетет уақыт бір апта,
Кез боласың талай-талай сынаққа.
Туыстың да, туғанның да, ұғынарсың қадірін,
Елден ұзап шыққан кезде жыраққа.
Өзі аңсап әдейілеп барған соң,
Келе жатыр амалы жоқ шыдап та.
Жалғыз болса кім біледі қайтеді,
Тірібегі қасында ғой бірақ та.

Арып — ашып жетті-ау елдің шетіне,
Ауа-райы жақсы болды ниетіне.
Тірібегі ұйықтап жатыр пырылдап,
Көк көйлегін жамылып ап бетіне.

Түймебастың озуы да бір Алланың бұйрығы,
Бізге берген абыройы сыйлығы.
Жайдақ мініп атшабу да оңайма,
Құлынымның ойылып қалды-ау құйрығы.

Деп Тірібекке қарады,
Жасқа толып жанары,
Шын жүректен риза,
Алқап отыр баланы.
Сонау жерден келгенде,
Жігіт болды, жарады.
Аман болсын алтыным,
Таудай болсын талабы.
Тілек тілеп сыртынан,
Бата беріп бағалы.
Ыңғайлы жер кезігіп,
Дем алайық деп шамалы,
Жайып алайын деп аттарын.
Оты бар жерді қарады,
Дрр! деп айтқан сөздері,
Оятып жіберді баланы.

Ата не болды деп сұрады,
Тоқтағанды сезді ме екен құлағы.
Жай балам, дем алайық деп шештім,
Кезіккен соң мына жердің бұлағы.
Деді де атын доғарды,
Қалың қияққа арқандады жоғарғы.
Түймебас та желіп келді арт жақтан,
Күтіп тұрғандай күйде болды оларды.

Аз қалды балам жетеміз,
Сәл демалып кетеміз.
Болдырып қалса жануар,
Тасқа тиер шекеміз.

Деп Тірібекке беріп жатыр тағамын,
Қарны ашып қалмасын деп баланың.
Қайта жолға дайындығын жасады,
Екеуі де ішіп алды тамағын.

Келе жатыр ауылдарын сағынып,
Ұзақ жолан кетті –ау әбден жалығып.
Торы ала ат та тоқтап қалат әр жерге,
Шаршады ма жануар да талығып.
Әрең-әрең аяқтарын басады,
Ақ көбік боп қара терге малынып.
Көпжасар да шү деп қояд атына,
Тоқтамаш деп өтінгендей жалынып.
Қайта құдайдың бергені де бұл жаста,
Арба айдауда оңай емес күні бойы сарылып.

Жетті-ау Шүкір еліне,
Жылады кеп егіле.
Атасын көріп Тірібек,
Жабыса кетті беліне.

Не болды ата жыладың,
Деп бастады сұрағын.
Жай әншейін сағыныш,
Қойдым деді шырағым.

Келіп жатыр қал сұрап ауылдастар,
Ақсақал, құрбы-құрдас, кілең жастар.
Қаптаған ауыл жұрты бәрі осында,
Әкім, қара, түгел жүр елді бастар.

Бәрі де бәйге жөнін сұрап жатыр,
Жағымды жаңалығы ұнап жатыр.
Жүлдені естігенде есі барлар,
Әй қулар деп сынап жатыр.

Олардың да дұрыс қой сын ойлары,
Тегін болмасын біледі ғой тойлары.
Өзге елден келген кезде қонақтар,
Белгілі ғой мықты жүлде қойғаны.
Ақсақалға екі мың сом ұсынып,
Ұят болды нақ жүлдені жойғаны.
Өздері алып автокөлік кілітін,
Жүзеге асып қуанды ғой ойлары.
Неге келсе де солардың ғана ісі ғой,
Шабармандар ұйымдастырушы тойдағы.

Ерлік иісі аңқып тұр ғой ісінен,
Барды емес пе тек өзінің күшімен.
Ол кісіге керек емес жүлдесі.
Дәлелдеп тұр мұның бәрін ісімен.

Нағыз ер ғой алған беттен таймаған,
Жасады ғой азаматтыққа сай қадам.
Жылқы малын сүйгендігі емес пе,
Намысында қылыш қылып қайраған.
Қиянатдеп ойлаған ғой ол кісі.
Түймебастың бағын бекер байлаған,
Осы ниет емес пе еді кешегі.
Алматыға алдына сап айдаған
Абыройы бірінші орын тұрды ғой,
Жеңісің деп бере тұрғын пайдадан.

Малын сойып, тамақ берді ауылға,
Ағайын-жекжат, туған-туыс, бауырға.
Оңай емес елден шығып жырақтап,
Алматыдай астанаға бару да.
Үлкен ерлік болып олда саналат,
Ат арбамен керек жерді табу да.
Бес мемлекет арасында айқайлап,
Үлкен сынақ атқа мініп шабуда.
Түймебас та нағыз жүйрік жануар,
Қиын болды жүз жиырма аттан алу да.
Тірібегін тастамайды аузынан,
Бірге болған жанында.
Айтып жатыр бастан өткен жағдайды,
Сұраған соң, үлкен — кіші қауымға.

Уақыт шіркін өтіп жатыр бағынбай,
Көрген күндер жай əшейін сағымдай.
Жылға жуық бос жүрген ет жануар,
Қалжыратты Көпжасарға табылмай.

Сұрастырып барып ет жылқышыға,
Келмеді деп жөнін айтты жылқысына.
Бірінші рет іздеп шығып тұрған еді,
Бос болғалы Түймебас жыл тұсына.

Ой, Аллай, деп өз — өзінен таңқалады,
Бұл қайда кетті екен деп таңданады.
Жорғасымен жалғыз өзі жолаушылап,
Кезіп келет көз тастап маң даланы.

Табылса екен деп келеді бағына,
Сандалам ғой табылмаса тағы да.
Дегеніне өз ойымен таласып,
Бір атты адам жетіп келді жанына.
«Ассалаумағалейкум!» деп амандасып,
Қатарласты көк атымен маңына.

«Жол болсын! Не ақсақал іздегенің?
Осы жақтың серісіміз біз дегенің!
Күнде осылай ары бері мал шығарып,
Жан — жақта не шығат деп із көремін»

«Е, балам, дұрыс екен бұл ісің,
Сен қай жақтың қуысың?
Мына жақтан келе жатсаң егер де,
Қопа жаққа ұқсап тұр ғой жүрісің.
Ол жақтағы ауыл аймаққа аман ба?
Бар еді менің Балқыбектей туысым.
Сенің түрің Нүсіп шалға ұқсап тұр,
Сен оның кімісің?
Саған қарағанда үлкенірек,
Көрген едім інісін.
Сен сонда, атың – Садуақас...
Ұлысың?»

«Айтқаныңыз дұрыс ата,
ешқандай емес қата,
Түймебасты мен қазір тауып берем,
Риза болам берсең бата»

«Ал атымды тауып бер!
Қашық болсын қауіптер,
Ата — анаңды қуантып,
Тезірек келін алып кел!»

Аумин! деп шауып кетті қуана,
Өй, мынаның аты қандай жыға ма?
Деп Көпжасар артынан,
Ол да келді жыраға,
Жағасына Бүйеннің жеткенінде,
Айғайлады «Бері қарай жүр аға!
Кіріп апты иірімге бəлекет,
Жалғыз жанға шыға ма»

Жеткенінше шал дағы,
Садуақас алдағы
Түймебасқа иіріп,
Салып жіберді шалманы.

«Жіберген едім жыл бұрын,
Семіріпті құрғырың.
Мə, мынаған ноқтала!»
Деп, ұсынды шылбырын.

Рахметін айтып балаға,
Ықылассыз қала ма,
Ал жолыңды бер, деді,
Жаратушы Тағала!

Сұрау деген жоқ табат
Сандалғанша көп қарап
Жетекке алып жөнелді,
Түймебасын ноқталап.

Жілік майы толыпты,
Керемет боп оңыпты.
Бітімдері өзгеріп,
Нақ жүйрік боп толықты.
Жетіп қалғанда ауылға,
Жанайбек шал жолықты.

«Аға, қал жақсы ма? Жеңешем қалай?
Көрмегелі сендерді болды талай,
Қойдыңдар ғой тіпті өзі біраз болды,
Біздің жаққа бет бұрып, аяңдамай.

Сейдахмет не істеп жүр, ерке інім?
Қоймады ма əлі де еркелігін,
Талжібек Алматыда оқып жүр ме?
Құдайым бере салған ерке күнім»

«Рахмет, айнайлын, бəрі дұрыс,
Аман — есен жеңгең де, туған – туыс.
Жібегім оқуында, бітірген жоқ,
Сейдахмет жүр ғой істеп жұмыс.

Бауырың үйленем деп дəмеліміз,
Қашан келін келіп, шығады екен əлегіміз.
Өзіңді құдалыққа апарам ғой,
Жасаймыз ғой салтқа сай кəдені біз»

«Аумин! Жетейік аға сол күнге!
Жақын қалды — ау ол күнде.
Бас құрайық, той жасап,
Қызық қуаныш мол күнде.

Бізде де жаңалық жоқ айтарлықтай,
Түймебас жоқ, кетті ғой жай таптырмай.
Өз — өзіммен ұрсысып əбден біттім,
Тым құрмаса неге үйттім деп байқап тұрмай.

Қопа жақта жүр екен жануарым,
Жүрегім сезіп еді табыларын.
Қызылтудың төлінен болғаннан соң,
Білмедік қой өрістен жаңыларын.

Алдағы айда үлкен бəйге болады,
Жүлдесі де дейді жұрттар жоғары.
Түймебасты тағы байқап көрсем деймін,
Жарама деп дəмелімін доданы»

«Ə, бəркелді!» деп Жанайбек те көрсетіп жатыр қолдауын,
Болсын дейді қай қашанда жолдарың!
Екеуі де кетпек болып қоштасты,
Айтып бірге талай уақыт болғанын.

Көпжасар өз үйіне жақындады,
Түймебас алдыға озды тақымдағы.
Қолындағы шылбырды жібере сап,
Бұл ісін жануардың мақұлдады.

Жануар кетті кіріп қорасына,
Ауыз салды ақыр толы мол асына.
Алдына бəрін тосып əзірлеген,
Жүйріктің жемін əсте тонасын ба.

Түймебастың бастады жаратуын,
Күнде кешке ауыл шеті шабатұғын.
Тірібекке мінгізіп, өзі бірге,
Қарап терін Көпжасар ала тұғын.

Бəйгенің де уақыты белгіленді,
Түймебасты бұл кезде ел біледі.
Аттар əлі топтасып шаппаса да,
Қызылту бұл жарысты жеңді деді.

Қаптаған аудан жұрты сабылуда,
Ары — бері бала — шаға ағылуда.
Кейбіреу қашан бастайт деп күтіп отыр,
Құр отырып, іші пысып, жалығуда.

Ал қазір бастаймыз деп хабар берді,
Жинады бір алаңға шабар елді.
Адамдарды шығарып қайшы алысқан
Тазалады топ бəйге шабар жерді.

Қиқулап шапты міне аламанға,
Керемет көрініс бір қарағанға.
Жетпіс аттың мынандай шапқандығы,
Тұрарлық іс шынында бағалауға.

Түймебас топтан оза дараланды,
Сүйсіндірді шабысымен қарағанды.
Дəл көмбеге енді міне жеткен кезде,
Аяғын інге тығып, жараланды.

Түймебас бұл бəйгеден келері анық,
Жүйрігіне қашанда сенер халық.
Ат түгілі екі аяқты адамға да,
Кездесер аяқ асты нелер қауіп.
Жиналған алманға кілең жүйрік,
Жарыса желдей есіп кетті шауып.
Көмбеге жеткенінде тура келіп,
Жығылды алғандай бір аяқ шалып,
Жануар домалады қатты келіп,
Аузымен бұрқыраған шаңды қауып.

Көпжасарда жүгірді Түймебасы құлағанда,
Көзбен көріп шыдап қарап тұра алама.
Атының мына қалін көрген кезде,
Тірібек елдің бəрін жылатты, өзі егіліп жылағанда.

Осылай Түймебас жараланды,
Бірінші кеп аяқтады аламанды.
Мал болса да қимасқа айналып ет,
Жылатты ғой еріксіз бар адамды.

Сол жерден тиеп кетті көлік тауып,
Ауылға əрең жетті өліп — талып.
Бала — шаға бəрі де жылап жүр ғой,
Мына қалін аттарының көріп қалып.

Түсірді жабылып бəрі көлік үсті,
Жануар намысына тырысып өзі түсті.
Тер басып қалшылдап тұр қора ішінде,
Екі шелек алға қойған суын ішті.

Бұралып сынып қалған аяқ тұр,
Көпжасар да Түймебасын аяп тұр.
Əй, тұлпарым, амал қанша қайтейін?
Деп жылады, қоңырына таяп бір.

Екі ай атты, барын беріп жемдеді,
Түк шықпады емдеуін де емдеді.
Жанын қинап енді босқа қайтейін,
Дұрыс деді елге сойып бергені.

Көпжасардың бұл сөзіне иланып,
Барлық ауыл келді үйіне жиналып.
Бауыздатты Медетбекке ақыры,
Тұрса дағы қимай іштей қиналып.

Ауыз тисін деді тұлпар етінен,
Алып жатты ағайындар шетінен.
«Басын сақтап қойыңдаршы қораға,
Жоғарыда тұрсын, деді, өтінем!»

Түймебастың басы қалды сақтаулы,
Аты қалды аңыз болып мақтаулы.
Сол кездегі ауыл жұрты түгелдей,
Жануарды жыр ғып айтып мақтанды.

Одан бері жарты ғасыр болыпты,
Халық саны жылдар санап толықты.
Сол ауылда тұрат екен баласы,
Бұйымтайым бар еді деп жолықты.

Айтыңыз, деп құлақ түрдім сөзіне,
Осы аңызды айтып берді езіле.
Қағаз алып, жаздым өлең жолдарын,
Кейде жас кеп елестете көзіме.

Міне осындай жүйрік бопты ғаламат,
Жай əшейін сыйықсыздау шабан ат.
Кім ойлаған сырттан қарап көргенде,
Шығады деп сондай мықты қазанат.
Сол ауылға неге ескерткіш қоймасқа,
Жерлестері, ұрпақтары бар емес пе, таза нақ?

Түймебастың шабысы — бұл қазақтың шабысы,
Орын алса топ жарып — бүкіл елдің табысы.
Англо — араб аттарына құмартпай,
Қазақы атты шығарыңдар, жандар болса намысты.

Кетпеңдер салт дəстүрден қалыс бəрің,
Ойламаңдар тек қана таныс қамын.
Дəлелсіз сырттан сөйлеп еш уақытта,
Бір — біріңмен бауырлар алыспағын.
Сынассаңдар тек қана біліміңмен,
Дүниемен еш уақытта жарыспағын.
Қазағымның қаны таза қыз – ұлдары,
Өлмесінші бойдағы намыстарың,
Кешегі Түймебастай қазанаттың,
Үлгі еттім қазақ үшін шабыстарын.
Естіген əңгімемді жыр ғып жазып,
Өздеріңе ұрпағым табыстадым.