ЕРБОЛ ОРАЗБЕКҰЛЫН ҚҰТТЫҚТАУ МЕН ҰЛЫҚТАУ

 

Сайтымның бүгнгі парағын Ақсу жерінің азаматы, Талдықорған қаласы мен облыс жұртшылығына жақсы танымал, «сегіз қырлы ...», қазақ ұғымындағы серілер қауымына жатқызуға болатын, бүгінгі орта ұрпақ қауымы  арасындағы мол өнерлі жандардың бірі Ербол ОРАЗБЕКОВҚА  арнап отырмын.

Бұл ниетімді Ербол баламыздың бүгінгі туған күні  қуанышына тарту ретінде ұсынамын және оның өмірлік жылдары  мен шығармашылық жолы ұзағынан болуын, өнер кеңістегінде қанатын талмауын,  елінің құрметіне бөлене беруін тілеймін! 

Ерболды сайт оқырмандарына таныстыру және оның шығармашылығын таныту мақсатында  бұрындары да бірнеше парақтарды арнаған болатынмын. Бұл жолы да оның әр қырлы өнерлігін айқындайтын жазбалардың тағы бір топтамасын тақырыпты түрде ұсынып отырмын. Қабыл алыңдар!

 

 

 Ербол Мейірханұлы ОРАЗБЕКОВ 1976 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан  облысы  Ақсуат ауданы  Комсомол кеңшарында өмірге келген. Дүние есігін ашқан сәтте ұлы Абай туған киелі өлкенің ауасын жұту бұйырғанымен, тусауы кесілген жері Ілиястай жыр құлагерінің ардақты мекені – Ақсу ауданы. Өзінің өлеңдерінде жазып жүргендей, Ақсуат — кіндік қаны тамған жері, Ақсу — азамат болып өскен елі. ...

Осы жазылғандарды, ары қарай, жоғарыда айтылғандай, сайтымның  «Ақсулық өнерпаз — Ербол Оразбеков» деген парағында жарияланған мақала толықтырар еді. Танысыңдар: : ttp://bit.ly/2WHchQ9

 

 

 

Ақындық

 

Анасының сүтімен дарыған дарындылық  арқасында Ербол жастайынан ақындыққа бой ұрып, күні бүгінге дейін ұтымды өлеңдері мен  суырып айтар  шумақтарымен де, көлемді  поэзиялық туындыларымен да  ел арасында айтарлықтай танымалдыққа ие болған.

Ілияс ақынымызды халқымыз — «Құлагерімен» жақсы таныса, Ерболды өз жұрты — оның өткен ғасырдың 60-жылдары Ақсу өңірінің атын шарықтата шығарған, елінің мақтанышына, «брендісіне» айналған,   "ТҮЙМЕБАС" аталған сәйгүлігі туралы поэмалық тұрғыдағы еңбегін бағалайды. Кезінде республикалық үлкен бәйгелік додада Түймебастың жеңімпаз атанғаны көмескіленіп, бүгінгі ұрпаққа ұмытылып қалған жағдайда еді. Сондықтан да  ЕРБОЛ бауырымыздың айтарлықтай ізденіспен  аудан тарихының сол бір  жоғалған парағын жаңғыртқан, ЖҮЙРІГІМІЗДІ ортамызға қайта оралтқандай  болған өнерлік еңбегі ерекше леп айтарлықтай дүние! Ол туынды осы сайтымда алғашқы рет жарияланған болатын!

( Бұл поэманың да толық нұсқасын осы сайтымнан оқи аласыңдар: http://bit.ly/2wWdxQc

Сонымен бірге,  Ерболдың  халқымыздың дарынды жас әншісі Димаш Құдайбергенге, оны өнер  ортасын бұза жарып үздік шыққан дүлділ тұлпарға теңей отырып шығарған арнау   өлеңі де сайтымда алғаш рет жарияланып, ел атынан берген    өзекжарды тілегі, ақ батасы болып қабылданған еді. Оның сілтемесі: 2CAwCtx

 

*       *       *

Анаға арнаулар

 

 

 

*       *       *

Балалық шаққа саяхат

 

 

*       *       *

 

Әйелдерге

 

 

 

 

Әншілік, сазгерлік

 

Ербол жастайынан ән айтумен де  айналысады. «Әнші балапан», «Абай ізбасарлары», «Үздік жас термеші»  байқауларының жеңімпазы атанған. Бүгіндері де ел ортасында ән салады.

Белгілі әнші–композитор Жанар ҚожағазинаБейбігүл Нұрымғожина, Рүстем Наурызов сияқты сазгерлер — қазақтың талантты ұл-қыздарының әндеріне сөз жазған.

 

Сазгерлігімен де танылуда,  «Гүл жеңгем», «Достарым», «Ауылым алтын бесігім», «Нағашыма», «Сезім сыры», «Құрдастар» сынды әндердің  авторы.

 

*       *       *

«Нағашыма» әні

 

 

*       *       *

«Гүл жеңгем» әні

 

 

 

Асабалық

 

Ербол мектептегі кезінен ауылдағы көркемөнерпаздар ұжымы  жұмыстарына, ауылдың, ауданның мәдени-көпшілік шараларына белсенді араласып, бойындағы  өнерлік қырларын дамытып шыңдайды. Ел көзіне түскен ол, аудандағы салтанатты кештерді жүргізуші, той-қуаныштардағы асабалық  міндетті атқарып көпшіліктің құрметіне ие бола бастайды. Қазігі уақытта ол асабалықты кәсіпке айналдырып, Жетісу өңіріне, Алматы қаласына  жақсы танымал азамат,  үлкен сұраныстағы өнер иесі.

Биылғы жылдың басында «Евразия» арнасындағы «Тамада battle» жобасына қатысып, оның  жеңімпазы атанды.

 

 

*       *       *

 

Үйлену тобын жүргізу

 

 

*       *       *

 

ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы Аманжол Бұғыбаев ағасының кешінен бір естелік

 

Ел намысын биіктерге сүйреген
Қарсыласын саз балшықтай илеген
Аманжолдай ағамызбен мақтанам
Жауырыны еш бір жерге тимеген

Қолпаштаған қазақпыз ғой арысын
Үлгі етеміз ұрпақ үшін əр ісін
Біздер үшін қадірлі ғой қадірлі
Туған елге сыйлағандар табысын ...

Бұл кісіні таниды тек үлкендер
Жəне алған шəкіртері дəрісін
Ағамыздан салып қойдым естелік
Жеткіншектер жақын көріп танысын
Жетпіс төртке келгенмен жасыда
Жас жігіттей жұлқынып тұр əлі шын
Сағынбала шешемізбен бас қосып
Нағыз ердің жанған екен бағы шын
Аманжолдай ағамыздан бата алған
Менің дағы баға жетпес табысым
Көріңіздер көз айым боп көрермен
Естеліктің пайдасы зор бəрі үшін

16.05.18

 

 

 

 

Атқұмарлық

 

Ербол, ата-аналары малшылар болғандықтан, бала кезінен  мал ортасында өседі, әсіресе, ат жануарына жақын болып, оның «құлағында» ойнайды.  Қазіргі уақытта да қолы бос сәттерінде ауылға барып, жылқылармен бірге «кісінесіп», шүйіркелесіп қайтады...

 

Ауылда жүрміз ағайын
Бөлісіп сурет салайын
Көгеріп көктеп құлпырып
Қарашы қандай маңайым
Ат мініп қырға шығып ем
Ашылдау бір сарайым

Бұл қырда жатып мал баққам
Шапқылап талай шаңдатқам
Құдықтан мына керемет
Суынан суық дәм татқам
Ыстықтап кетсем шомылып
Салқындап сонда жан баққам

 

Имандылық жолында

 

На данном изображении может находиться: текстНет описания фото.

 

 

 

Қазақ өнерінің танымал азаматтарымен бірге

 

 

   

 

 

 

 

Мақала соңында:

 

Қолынан қазақтың қара домбырасы түспеген өнер жолында, мыңнан астам отбасыға ақылын айтып, жаңа өмір жолына бағыт беріп жүрген ардақты Ербол азаматымызды туған күнімен тағы да құттықтай отырып, отбасына шаттық, қуаныш тілейміз. Қазақтың атын әлемге танытар азамттарды тәрбиелеу бақыты бұйырсын дейік!