Сайтымның  жоғарыдағы  тақырыптағы  бөліміне  осы  жолы  Ақсулық  ақындар  -  Ж.Қуанышбаевтың,  А.Естеновтың, С.Намазшамованың,  Ә.Ыбырайымұлының  және  Ш.Кәрімұлының  өлеңдері беріліп отыр.  Қабыл алыңыздар!

 

 

АҚСУ ЖЫРЛАП АҒАДЫ

Лирикалық толгау

 

Жұмабек ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Ақын, ҚР білім беру ісінің үздігі, спортшы.

 (марқұм).

 

Ақсуымның өзені тулап ағып жатады,

Ақсуымның өзені жырлап ағып жатады.

Ақсуымнын өзені сылдырлайды сыңғырлап,

Адамзаттың қиялын ұрлап ағып жатады.

 

Осы өзеннің бойында туды ақынның дулділі,

Осы өзеннің бойында туды ақынның бұлбұлы.

Акын Ілияс жырына ғашық болып тау-дала,

Жыр сең болып құбылып, бұршік аткан қыр  гүлі.

 

Ілияс аға, арманың орындалды бұл күнде,

Жырыңды окып бүлдіршін қолын созып тұр күнге.

Құлагердің үстінде бір көрінсем демеген.

Көсіле бір шаппаған дулділдерің  дулдүл ме.

 

Жастық шағың өтіпті байдың  малын бағам деп,

Сонда-ақ  далам өзің боп сырын шерткен саған кеп.

Мұң-кайғыны сондағы жүрегіңмен сезініп,

Сырласың кең дала боп көтерілген бағың тек.

 

Мынау дала қашанда несібе болған халықка

Жүсіпбек, Дулат,  Шәкәрім жол таба алмай торыккан.

Тәуелсіздік таңы  атып,  «Дала»  күйін түнектен.

Сан дүлділді жөн сілтеп алып шыққан жарыққа.

 

«Ел-жұртыма» — деп, күйін бере көрме арықтың,

Молықбай шал қобызшы мұңын шерткен халықтың.

Көрмедің ғой, жан аға, «Саржайлаудай» күйім бар,

Бар әлемге қазақты әуезімен танытқан.

 

 

Еңбеккер-ақ  жандарымыз егін егіп, мал баққан,

Еңбек еткен ұл-қызды тұтады ғой ел мақтан.

Шопан, бірі диқаншы, жазушы, ақын, қайраткер,

Қыздарым көп,  жан аға,  көріне алған төр жактан.

 

Ақсуымда мен айтсам, ерлерім бар шыңды асқан,

Жайсаң жандар  әрқашан  еңбекте алда жүр бастап.

Сіңлісі  Сараның  Қанипа — ана,  дара ақын,

Жүрімбек Сыдық — ғұлама еңбектері жыр-дастан.

 

Жетпіс  жылдай қазағым көріне алмай табыста,

Қоса алмадың жаратқан бәйге атыңды жарысқа.

Тілім менен дініміз көтере алмай еңсесін,

Ұлттығымыз үміт боп қала бердік қалыста.

 

Жаңа  заман өзгеше оянады таң күліп.

Тілім,  дінім,  дәстүрім  құшақ жайды мәңгілік.

Ұлылардын ұлы ісін жалғастырып кейінге,

Тәуелсіздік — бақ құсым айтар сөзім ән қылып.

 

Ілияс аға, атыңда  калам бар өсіп келеді,

Ауылым бар атыңда — дәулеті аскар өрелі.

Сен туған жерде атыңда  сәулетгі әсем мектеп бар,

Жеткіншектер білім an сан-қияға өрледі.

 

Сол мектептен түлеген көбі маман иесі,

Бұл күндері меңгерген ғылымнын сан жүйесін.

Сырын үғып Ақсудың  туған жерін түрлентіп.

Алған  сенін жырыңнан озық ойдың үлесін.

 

Ілияс аға, даламның кадірлеген жер-суын

Өзің кұсап акын ғып Құдаш, Ораз туды ұлың.

Ақсу бойы қашанда жыр-думанға  ұлассын.

Егеменді елімнің тік  ұстаймыз  біз туын.

 

Туды заман құтты боп егеменді мерекең.

Арта берсін  Отаным. ынтымағың,  берекең.

Ал бүгінде танытып  деп айтқыздың әлемге,

«Абайы мен Мұхтардай»  ұлдары бар ел екен.

 

Уа, туған ел биік сенін мәртебең.

Тұнган  байлык  ырыс-бак, ойпат, кырың, әр төбең.

Енбек етіп тынымеыз бейбіт күннің төрінде,

Ақының боп көмейден сені жырлап  ән төгем,

 

Ілияс аға жырына ынтыктығым артады,

Арманың  жай Құлагер алға сүйрей тартады.

Күйлі ортама көз артып кең  даламды тербетіп,

Сен боп жырлап думанға бөлеп  жүрмін ортаны.

 

 

Ақсуымның жағасы болған ақын жатағы.

Ілиястай ағанын ту көтерген атағын.

Арындаған Ақсуым тулап ағып жатады,

Шаттык кұшкан Ақсуым жырлап ағып жатады.

 

 

ТУҒАН ЖЕР

Арасанбай ЕСТЕН

Ақын, балалар жазушысы

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері 

 

Құс төсегім төсіңде көк шалғын боп,Похожее изображение
Суретіңе түндерде тамсандым көп.
Сен дарытқан бойымда құдірет-ау,
Сағыныштан тұрады ән салғым кеп.

 

Сені еске алсам, бұлбұлды жыршы бағым,
Оянады кеудемде шым-шым ағын.
Бұлағыңнан дарыған қасиет пе,
Жайын тауып жаным бір, тыншымадым.

 

Ақ еркемдей алғашқы сүйген менің,Фото Гүлбақыт Қасен.
Қайыңыңмен сырласып, күйге енгенмін.
Сабырлық пен айбарды таудан алып,
Жомарттықты далаңнан үйренгенмін.

 

Сезімімді суарып таң нұрына,
Шайынғанмын ақ нөсер жаңбырыңа.
Ақ таңыңдай киелі махаббатым
Бабаларым қалдырған мәңгі мұра.

 

Мейіріңді кәрі мен жас сүйетін,
Анамсың сен, панамсың бас иетін.
Туған жерім, көктедік біз осылай
Бойға дарып бар ізгі қасиетің

 

 

АҚСУҒА АРНАУ

(циклды өлеңдерінен)

 

Сагыныш НАМАЗШАМОВА

Ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

 

Білгендей мәңгі бақи алғымасын,Картинки по запросу Сагыныш НАМАЗШАМОВА

Асқақтатты  Алатау қарлы басын.

Ақ бозүйге мен едім ұя салған.

 Ақсу, сенің ақ бауыр қарлығашың.

 

Жеріңде жайнап өскен біз бір өрік.

Топырағыңнан көнерген ізді көріп,

Есіме түсті сенің йен далаң,

Күндіз мал,түнде шыққан жүлдыз өріп,

 

Балкаштың бауырына ңүлаш үрып,

Ағатын күн асырып,түн асырып.

Ақсуым — ару қыздың бұрымындай

Өрімі тарқап кеткен шұбатылып.

 

Өр өзен, арындаған, арқыраған,

Мен үшін жалғыз өзің жарты ғалам.   

Жетісудың төсінде жарқыраған

Сен жатқанда, шат күліп, шалқып ағам.

 

Тораңғы құм, Кемерқұм, Жалқұмдарың.

(Сонда барып төксеңші, жаңбыр жаным).

Қоңыртау,  Қайрақкөлдің тұсы жақтан,

Қарсы алады қадымнан жаңғырған үн.

 

Бұл маңда жер де жомарт,аспан нүрлы,

Ілияс толғап жатыр дастан-жырды.

Молықбай қарт күңірентіп  қобыз тартып.

Сара апам жыр төгілтіп жатқан сынды.

 

Будақ  бұлт бір-бірімен араласқан.

Сүйінші сұрап жатты бар Алаштан,

Қой соңында жүретін қара бала.

Қара танып шыққанда Қарағаштан.

 

Шежіре шертетіндей, шіркін, әлі,

Бауырыңда бүйығы сыр бұлқынады.

Keyдеңе құлақ түріп,  қыр — жотаңа.

Аман болса бұл балаң мың шығады.

 

Жүрмегін, бір мен үшін алаң болып.

Ағылатын алысқа тәмам көлік —

Үлкен жолдың басталса басы сенен,

Соңы да тіреледі саған келіп.

 

• 

АҒЫНЫҢДЫ ІРКЕ АЛМАС АЯЗ ҚЫСЫП...

(Жетісу суреттері циклінен)

 

Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ

Ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Көптеген әдеби сыйлықтардың лауреаты.

 

Қапал сені сағына ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ
Еске аламын,
Қамқорлығын көргенмін есті ағаның.
Арасанбай ақынды сенен тауып,
Бізді әкетті 
Алысқа көшкен ағын.

Шөптің басын еріксіз қозғаса ебі,
Мені тартты жетелеп, сөз дәсері.
Қарағайың сыңсыған қалды алыста,
Жайлы, жұмсақ қысыңның өзге әсері.

 

Өмір деген тоқтамай сапырылды, ә-ә,
Тірлік кешті 
Ағзам мен пақырың да.
Қопалы өзен ағатын етегіңде, 
Қапал болып айналған ақырында.

 

Төскейіңде сан түрлі тұма – тұнық,
Сарқырайды өзен боп шұбатылып.
Батқан күннің таласып арайымен,
Шатқал жатыр қатпайтын буы атылып.

 

Туған еді сол сәтте Айым да оңнан,
Болашаққа жол тарттым уайым болған.
Ағыныңды ірке алмас аяз қысып,
Адуынды екпіннен тайынғаннан.

 

Сен деп қана ұмтылар, жұртым, ұлың,
Жеті Қатқа жетсе ғой, шіркін, үнім.
Талабыма бергенсің қанат байлап,
Қапал, сенде, қап қойды бір тұғырым.

 

 

АҚСУ КЕЛБЕТІ

Шахари КӘРІМУЛЫ

Жергілікті ақын

Тау, көлдердің атын қойған

Бабалардың бабасы.

Байырғы атпен хатқа жаздым,

Ұқсын ұрпақ жаңасы.

Биік асу, Бесқарағай,

Байсерке мен Азберген.

Баян сөзім жер туралы,

Аяқ басып, көз көрген.

Ақсу аймақ қайда десең

Жетісудың жерінде.

Шыңдары көп Жоңғар таудың

Теріскей жақ төрінде.

Басы тауда, кеуде — жайлау,

Жазығы көп белінде.

 

Ал аяғы толқып жатқан

Балқаш теңіз көлінде.

Ақсудың басы қос заңғар,

Байсеңгір және Көксеңгір.

Байсеңгір ата етектен,

Мал-жанын байқап тұрғандай.

Көксеңгір ата бұлт жиып,

Қиялға батып тұрғандай.

Әр жерде тұрған шоқылар,

Күзетіп солдат тұрғандай.

 

Бабамның ойлағаны туған елі,

Жетісу — жер жаннаты, туған жері.

Бабамның көз жетері шығыс Сайқан,

Түстікте қарауытқан биік Майқан.

Іргеде тау Текелі Көксуменен

Бүлдырап Шаған тауы ойпаң- тойпаң.

Сайында қүс қанатын маңырығы,

Шыңында тастүлектің саңырағы.

Ақсудың биігінде жарқырап түр,

Шыңғыстың алтындаған шаңырағы.

 

Ақсудың басы үш бір көл,

Асыл көл және Жасыл көл.

Ортада жатыр еркелеп

Па, шіркін, сүлу Айнакөл.

Ақсудың басы қос бұлақ,

Ақбұлақ және Көкбүлақ.

Мұзтаудан төмен ағады

Асау тайша шапқылап.

Ақсуымның эр сайында бір бұлақ,

Арасан мен Тамшыбүлақ, Шыңбұлақ.

Асыл өзен тас каналмен су берер,

Әр күн сайын егіншіге мың құлақ.

Туған жердің жыр етейін,

Табиғатын жайнаған.

Жасыл жайлау, ну қарағай

Гүлге толған айналаң.

Жылқы торғай, әнші құстар,

Бұлбұл тоты сайраған.

 

Сауықшыл ел, өр Матайы

Күнде тойын тойлаған.

Ақсуым, менің қарт мекен,

Үш мың жылдық жасы бар.

Таулары жиған қойнына,

Інжу-маржан тасы бар.

Туған жёр біздің бай елке,

Егін де бар, малы бар.

Тауында өсіп тұратын,

Мың бір түрлі дәрі бар.

Ақсуым — достық өлкесі,

Он бес үлттың бәрі бар. Т

атар мен орыс сары шаш,

Қарашай, болғар қара қас.

Жүмыскер аудан Ақсуым,

Еңбекпен үлдар ержеткен.

Қыздары ардақты ана боп,

Әлдимен бесік тербеткен.

Қариясы ел басқарған,

Берекелі жерім бұл.

Той-думаны таусылмас,

Мерекелі елім бүл.

Таудан тіке, ойдан бүра

Көлбей аққан Ақсуым.

Аталарым тартқан бейнет,

Су боп аққан Ақсуым.

Біздің Ақсу ару қыздай

Жетісудың еркесі.

Жол бастайтын, ел бастайтын

Жетісудың серкесі.

Көңіл жүйрік Қүлагердей,

Аққу болып үша бер.

Елді сүйсең, жерді сүйсең,

Мен сияқты қүша гөр.

Жасыл жайлау Ақтасты мен

Аршалы мен Сарытау.

Қарасазы, Күреңбелі,

Тәукетау мен Іргетау,

Баурайында бақша бау.

Жас өрендер, еліңді сүй,

Ол Отаның, бауырың да шырағың.

Жеріңді сүй, туған жерің — тұрағың,

 

Алты өзенім Басқан — Сарқан, Ақсу мен

Жеке аққан Бүйенім.

Шыңнан шығып,

Құмға тартқан Қызылағаш.

Ақешкілі жырғалаң,

 

Ақсуым деп табиғатын жырлаған,

Жетпіс жасар  мен де сенің бір балаң.