АҚСУдың бойын жағалай ...
АҚСУдың бойын жағалай ...
Ақсу ауданына 90 жыл
Сайтымның Ақсу ауданының (Алматы облысы) 90 жылдығына арналған осы тарауында бұл жолы оның атауына негіз болып отырған Жетісудың бір өзені — АҚСУ ӨЗЕНІ туралы деректер, өлең, ән, фото, бейнетүсірілімдер ретінде берілген танымдық жазбалар ұсынылып отыр.
Тамашалаңдар!
Ақсу өзені
(Ресми деректер)
Жетісу өзендерінің негізгілерінің бірі саналатын — Ақсу өзені, Жетісу Алатауының 4000 метр биіктігіндегі мұздықтардан бастау алып, Балқаш көліне құяды. Ұзынды-қысқалы 132 саласы бар. Ұзындығы 316 шақырым. Және де ол, тек бір ауданның, өзімен аттас Ақсу ауданының ғана аумағымен өтеді.
Су жинайтын алабы 5040 шаршы шақырым. Жылдық орташа су ағыны Жансүгіров поселкесінің тұсында 11,2 текше м/сек. Өзен жоғары ағысында тау аралық Қапал аңғарын кесіп өтіп, жазыққа шыққан соң көптеген саяз тармақтар мен арналарға бөлініп кетеді.
Төменгі ағысында тарамдар, өзектер, көлдер мен батпақтар құрай отырып, Балқаш маңы жазығын кесіп өтеді. Өзен алабының мұз құрсану аумағы 139, көлемі 0,77 шақырым болатын 162 мұздық бар.
Негізгі салалары — Сарқан, Қожамберлі өзендері. 1930 жылдарға дейін Ақсу өзені Балқашқа еркін құятын, кейіннен суын ауылшаруашылығы мақсатына көптеп пайдалануға байланысты Балқашқа толық жетпейді. Суы көктем мен жазда тасиды, осы кезде жылдық ағындысының 80 пайызы өтеді. Суы тұщы, минеральдар 0,2- 1,5 г/л аралығында. Минералдары химиялық құрамы жағынан гидрокорбанат класының кальций және магний тобына жатады. Суы егін, мал суаруға және техникалық қажеттіліктерге пайдаланылады.


Ақсу өзенінің аңғары туралы
Ақсуды бойлай ...
(Туристік сапар)
oleg paramonov
Ән тыңдайық!
Ақсудан ұшқан аққулар
Шахмардан Сакыбеков
25 сәуір 2015 ж
Орындаған Айнұр КЕРІМБЕКОВА
Бейнетүсірілімде — қазақтың белгілі ақындарының бірі, Ақсулық Қанипа БҰҒЫБАЕВА.
Төбемде тұрдың жұлдыздай жанып, арманым болып аңсаған,
Араға талай жылдарды салып, оралдым жаным мен саған.
Алатау бөктерін аралап, көп жүрдім жауыннан жасқанбай,
Ақсудың өзенін жағалап келемін, алдымнан ұшады аққулар.
Жеңешең сенің өзенге келіп, су алып қайтып барады,
Көңілсіз тұрған кейпімді көріп, қиыла неге қарады?
Сұрауға батпадым, көңілім жабығып, аңсадым жүзіңді,
Мен алыс жүргенде бір бақыт жолығып, Баурап ап қойды-мау жаныңды?
Не дейін саған, не дейін саған, хабарың жаным жоқ мүлде,
Оралмай маған, құс болып қонып, аққу боп ұшып кеттің бе?
Қайда сен жүрсең де талмасын қанатың, талмасын мәңгіге,
Кім білсін, әйтеуір, өшпейтін жүректе бір белгі қалдырып кеттің бе?!