Бүгін сайтымыздың «Мектептер өмірінен» атты тарауының да  алғашқы парағы ашылып отыр. Оған  аудан орталығындағы жас ұрпақты сапалық тұрғыда оқытып-тәрбиелеуде үлгілі де негіздік деңгейде саналатын және де ашылғанына биыл 50 жыл толып отырған  Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы ұжымының дайындап берген мектеп туралы деректік мақаласы енгізілді.  

  Осыдан ары қарай, басқа да мектептерден де ұсынылатын әр тақырыптағы құжаттар жарияланып  тұратын болады.

Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы

МЕРЕЙЛІ, ТАБЫСТЫ- 50 ЖЫЛ 

 

Мектеп – халықтың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншектердің бойына сіңіретін орта. Мектеп – келешек ел басқарар, жер суына иелік етер, халқын гүлдентер,мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя.

Алтын ұя мектебіміз — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясына —   жарты ғасыр толды. Елу жыл деген аз уақыт емес. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы 1967—2017 жыл аралығында сан мыңдаған ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты.Заманында бұл мектептің сыныптарында 30-40 баладан отыратын. Жылына 4-5,кейде жылдары 6-7 сынып бітіріп шығып,әр жылы 70-90 шәкірт ұядан ұшып шықса, осы кезеңге дейін 3000 — 4000 — дай түлек өмірге жолдама алған екен.

Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназиясының елу жылдық тарихының негізгі кезеңдері:

  • 1967 жылы ақпан айында Алматы облысы халық депутаттары Ақсу аудандық атқару комитетінің «Жансүгіров поселкесінен Сәтбаев атындағы орта мектебін ашу туралы» 02.1967ж. № 41 қаулысына сәйкес Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп болып құрылды.
  • Талдықорған облысы Ақсу ауданы әкімінің «Сәтбаев, Сыдықов және Сиқымов орта мектептерінің статусының өзгертілуі туралы» 09.06.1993ж. №161 Жарлығына сәйкес гимназия класстарын ашу туралы ұсыныс бекітіліп, ҚР Білім және қаржы министрлігінің біріккен 16.07.1991ж. қаулысы бойынша аталған мектептердің статусын өзгерту туралы шешім қабылданды.
  • 1993—1995 жылдары бірінші және екінші басқыштағы сынып оқушыларын оларды жеке пәндерге бейімділігі мен ерекшеліктеріне қарай іріктеп шоғырландыру, сонымен қатар гуманитарлық және математикалық циклдағы пәндердің оқу бағдарламаларын талдау, осы бағдарламаны толықтыру бағытында жұмыс жасайтын мұғалімдерді іріктеу, олардың ұсыныстарын саралау жұмыстары жүргізілді.
  • 1995—1998 жылдары эксперименттік гимназия сыныптарын ашу. Республика деңгейінде қолға алынған жеке пәндерді оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысу, авторлық бағдарламаларды саралап, облыстық мамандар білімін жетілдіру институтына ұсына отырып, мектеп- гимназия бағдарламасына үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
  • 1998 жылдан бастап мектепте жылдар бойы жүргізілген эксперименттік тәжірибелер жинақталып, Алматы облыстық білім басқармасының 09.1998ж. №212 бұйрығына сәйкес, мектеп – гимназия статусы берілгені туралы 01.09.1998 ж. – 01.07.2003 ж. аралықтарына ББ №0000085 мемлекеттік лицензия берілді.
  • 2003 жылдан бастап Алматы облыстық білім департаментінің 12.09.2003 ж. №243 бұйрығы бойынша АА№0013198 лицензиясына сәйкес тұрақтағы бағыттағы мектеп- гимназия статусы берілді. 
Мектептің іргетасы қаланғалы білім ордасын  басқарған басшылар: 
Бейсембеков Хамит Бейсембекұлы (1919—1982)

Чкалов атындағы әскери училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қызыл жұлдыз орденінің, көптеген медальдердің иегері. Қазақ КСР- дің жоғары  кеңесі Пезидиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мұғалім. Директорлық қызмет атқарған жылдары :  1966- 1967 жылдар

Садуақасова Елетай  Омарқызы  (1924—2009)

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика- математика факультетін  бітірген. Математик. «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері. Қазақ КСР-І Халық Ағарту ісінің үздігі. Еңбек ардагері. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.  Директорлық қызмет атқарған жылдары :1967—1968 жылдар

Қорғанбаев  Бейсебек Мұқанұлы ( 1923—2011)

Қапал педагогикалық училищесін, Қазақтың мемлекттік Абай атындағы  педагогикалық институтының қазақ тілі  мен  қазақ әдебиеті факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1-дәрежелі Отан соғысы, «Еңбек Қызыл Ту» , «Отан соғысы», «Парасат» ордендерінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.  КСРО және Қазақ КСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі. Соғыс және Еңбек ардагері. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.  Директорлық қызмет атқарған жылдары: 1968—1971 ,1977—1979 жылдар.

Кәрімбаев Әнуарбек Тұрғынұлы (1922—1989)

Қазақ Мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институтын тарих факультетін бітірген.  Тарихшы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1- дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. КСРО және Қазақ КСР-і халыққы білім беру ісінің, КСРО азаматтық қорғанысының  үздігі. Директорлық қызмет атқарған жылдары: 1971—1972 жылдар

Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұл  (1934 жылы туған).

Алматы шетел тілдері институтының неміс тілі факультетін бітірген. Неміс тілінің маманы. Қазақ ҚСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі, 2 медаль иегері. Ақсу ауданының  Құрметті азаматы. Еңбек  ардагері. Директорлық қызмет атқарған жылдары:1972—1977 жылдар

Сүлейменов Рашид Дәулетұлы (1931—1992)

Қапал педагогикалық училищесін, Абай атындағы педагогикалық институтын тарих факультетін бітірген.  Қазақ КСР- дің жоғары  кеңесі Пезидиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.  Қазақ КСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі. Директорлық қызмет атқарған жылдары:1979—1983 жылдар.

Бексейітова Алуа Бексейітқызы  (1949 жылы туған).

Абай атындағы педагогикалық институтының физика- математика факультетін  бітірген. Математика  пәнінің мұғалімі.  Қазақ КСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі. Директорлық қызмет атқарған жылдары:1983—1993 жылдар. 

Бақаншынов  Ахат Дүмшебайұлы (1959 жылы туған).

Абай атындағы педагогикалық институтының сурет- графикалық факультетін бітірген. Сурет, сызу пәнінің  мұғалімі. Директорлық қызмет атқарған жылдары: 1993—1995 жылдар

 Оразбеков  Тілеутай Оразбекұлы  (1948 жылы туған).

Қазақ  мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институтының физика- математика факультетін, Алматы  халық шаруашылығы институтының аграрлық – экономикалық факультетін бітірген.  Мамандығы -математик-экономист.

ҚР Құрмет грамотасымен , «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»,«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»    мерекелік медальдарымен  наградталған.Қазақ КСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин атындағы» төс белгінің иегері... Есімі республикалық «Қазақ жері зиялы   азаматтары» жинағының алтыншы томына  және Ақсу ауданының « Құрмет кітабына» енгізілген. 2004—2008 жылдары  мектеп-гимназия ұжымының , ал 2005 жылы  іс- тәжірибелері  облыс деңгейінде таратылды.  Тілеутай Оразбекұлы  Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңындағы байқауда және инновациялық бағыттағы  мектеп басшыларының  облыстық олимпиадасында  жүлделелі 2-орынға ие болды. Директорлық қызмет атқарған жылдары :1995- 2012 жылдар.

 Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы  (1965 жылы туған).

1986 -1991 Қазақ  мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институтының физика- математика факультетін бітірді. Мамандығы – физика- информатика пәнінің мұғалімі.

Алматы облысы  Білім  басқармасының  Құрмет грамотасы (2010жыл), Алматы облыстық мамандар  кәсібін дамыту институтының  Құрмет грамотасы, «Менің сүйікті  сабағым» атты  облыстық байқауында «Программалаушы  мұғалім» номинациясын иеленді. 13.08.2012 жылдан бастап  Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта  мектеп-гимназиясында директорлық қызметін атқаруда.

Облыстық «Үздік ауыл мектебі-2016» байқауының І-ші орын жүлдесімен  марапатталу сәті.

Солдан оңға қарай: Мектеп-гимназия директоры Нұрахметов Б.Т., облыс әкімі - Баталов А.Ғ,

облыстық білім басқармасының  басшысы - Базаркулова Л.Т

*      *      *      *      *

   Мектеп –гимназия республика бойынша 2000—2003 жылдар аралығында жоғары оқу орнына түсуде грант пен несиеге ие болған үздік 100 мектептің ішінде :2001 жылы 40 орын,2002 жылы 28 орынды иеленді. 2004 және 2008 жылдары мектеп-гимназия ұжымының іс-тәжірибесі, 2005 жылы мектеп директоры Тілеутай Оразбековтың іс-тәжірибесі облыс деңгейінде таратылды. Мектеп-гимназия Қаныш  Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңындағы байқауда және инновациялық бағыттағы  мектеп басшыларының облыстық олимпиадасында жүлделі ІІ орынды иеленді. Мектеп-гимназия оқу жылының аудан білім беру ұйымдарының арасында білім сапасының  көрсеткіштері бойынша үнемі жүлделі орындарды иеленіп отырды.

Мектеп-гимназия ұстаздары қажырлы да  жемісті еңбектерінің нәтижесінде үлкен  абыройға ие болып,мектептің өркендеуі мен өсуіне өз үлестерін қосты.   Олар:

Қазақ  КСР- іне еңбегі сіңген мұғалімдері  - Попова Мария Михайловна, Семенюк Зоя  Емельяновна, Нұрмұханбетова Айман Мәділовна,

КСРО және Қазақ КСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі - Сүлейменова Дина Нұғымановна.

Қазақ КСР-і  Халық Ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері - Әбдіқадырова Төкен Әбдіқадыровна.

КСРО азаматтық қорғанысының үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері — Айтбаев Амангелді Айтбайұлы

Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары мен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалінің,«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне  20 жыл» медалінің,«Ы.Алтынсарин атындағы» төс белгінің иегері,Қазақ  КСР-і Халық Ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің Құрметті қызметкері,  Ақсу ауданының Құрметті азаматы  - Оразбеков Тілеутай Оразбекович.

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкерлері- Сабырбаева  Дана Баймұхамбетовна, Сарбасов Ерболат Журеберсинович,  Чанышева Алма Халитқызы,  Абеуова Қарлығаш Қазиевна.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігіне 10 жыл» медалінің иегері-  Бимұратова Фатима Әлиасқаровна.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері: Әлсейітова Бағия Шілтеновна, Боровикова Любов Николаевна, БолысбаеваЖарқынай Мұхаметжановна, Білісбекова Бақыт Сәтімбековна, Естібаева Күләш Әбдірахмановна,Есенова Роза Молдағалиевна, Нұрбекова Балғын Бақбергеновна, Попова Мария Михайловна, Скобцов Виктор Александрович, Мамырбекова Жамалхан Тәңірбергеновна, Молдабаева Гүлбаршын Сүлейменовна, Мүлікова Гүлшат Шафиковна, Романовская Валентина Николаевна , Қасенова Бану Асылхановна, Қуанышбаев Жумабек Қуанышбайұлы, Шкунова Нина Михайловна, Жұмағалиева Қарлығаш Қанатовна, Қасабаева Тілеуғайша Қайырғазиевна, Павлий Екатерина  Владимировна, Өтегенова Сәуле Қисметовна (Ақсу ауданының «Құрмет кітабына» есімі енгізілді)

Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағын алған  ұстаздар: Айтбаев Амангелді Айтбаевич, Оразбеков Тлеутай Оразбекович, Абдрахманова Күләш Абдрахмановна.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының  иегерлері: Абеуова Қарлығаш Қазиевна, Бүркітбаев  Қызайбай Канетович, Егінбаева Күмісжан Солтанбаевна, Исаева Әлия Имашевна, Көпесбаева Светлана Ауелбековна, Каримова Назия Самигуловна, Қажыгеерева  Гүлшара Қажыгереевна, Құрманова Светлана Талғатовна, Қырғызбаева Мариям Молдазимовна, Сачкова Галина Петровна, Қасенова Гүлмира Тынышбековна.

КСРО спорт шебері — Сейфульмаликова Шынар Сатбекқызы

«Ы.Алтынсарин атындағы» төс белгінің иегері — Молдағалиева Гүлмира  Әмірханқызы

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім алар десек, мектеп – гимназия тарихында есімдері алтын әріппен жазылған және  де әрбір шәкірт жүрегінде ерекше орын алатын қазіргі кезде құрметті демалысқа шыққан ұлағатты ардагер ұстаздарымыз: Айтбаев Амангельды Амантаевич, Оразбеков Тілеутай Оразбекович, Сүлейменова Дина Нугмановна, Әлсеитова  Бағия Шілтеновна, Романовская Валентина Николаевна, Сатыбалдинова Жамал Курманаевна, Ордабаева Ақмиса Ордабаевна, Касабаева Тлеуғайша Қайырғазықызы, Кошқарбаева Нәсипа Айтқажықызы, Абилмажинова Ұлжан Ешенқызы,  Сатимбекова Күләш Білісбековна, Мамырбекова Жамалхан Танирберегеновна, Естібаева Күләш Абдрахмановна, Мулюкова Гульшат Шафиковна, Болысбаева  Жарқынай Мухаметжановна, Утегенова Сауле Хисметовна, Шкунова Нина Михайловна, Салихова Раиса Салиховна, Хасенова Бану Асылханқызы, Қуанышбаев Жумабек Қуанышбайұлы, Попова Марья Михайловна, Медведьева Тамара Михайловна,   Сатимбекова Бақыт Сатимбековна, Рысдаулетов Тынысбек Касымбекович, Молдабаева Гүлбаршын Сулейменовна, Сачкова Галина Петровна, Шолпан Әбілқасымовна, Чудинова Нина Ивановна, Жумадилова Рая Жумадиловна, Боровикова Любовь Николаевна, Сабырбаева Дана Баймухамбетовна, Каримова Назия Самигуловна, Теміргалиева Аягөз Нусиповна, Кажгереева Гүлшара Кажгереевна, Рахипова Сара Касымовна, Нурбекова Балғын Бақбергеновна, Сейфулмаликова Гульфайрус Айтуловна, , Павлий Екатерина Владимировна, Жумадилова Рая Жумадиловна, Садуакасова Гүлжахан Айкеновна, Нурмухамбетова Айман Мадиловна, Рахипова Сара Қасымовна, Исаев Арыс Құрманбекович, Оразбеков Самет Құдайбергенович, Жакаева Тоқтобүбү Акашовна, Жанабекова Сағадат Кәкешовна, Рамазанова Роза Шакеновна.

Сонымен қатар, өз ісінің шебері майталман ұстаздарымыздың жетістіктерін атап айтсақ, облыстық «Үздік жыл мұғалімі-2006» байқауында - Сарбасов Ерболат Журеберсінұлы -ІІІ орын, «Үздік жыл мұғалімі-2008» байқауында -Ахмадиева Жазира Берденовна «Эрудит мұғалім» номинациясы,  Садыкова Эльмира Төлеухановна -  «Үздік жыл мұғалімі-2011» байқауында Алғыс хатпен марапатталды.

Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназия ұжымы

  *      *      *      *      *

  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ғұлама Абай атамыз айтқандай мектебіміздің дарынды тұлғаларын тәрбиелеуде ұстаз қауымы шығармашылықпен  еңбек ете отырып,шәкірттерін білім, ғылым, өнер, еңбек, спорт салалары бойынша  қабілеттерін танып, дарынын ашып, зерттеу арқылы бағыттап, білімін шыңдап,қанаттарын қатайтып  жеміс заңғар  шыңына шығара білді. Білім мен ғылымды қатар меңгеріп,өнерді өркендетіп, мектебінің мәртебесін асқақтатып метебіміздің мақтанышына айналған  шәкірттеріміз бен түлектеріміз мыңдап саналады. 

Орта мектепті бітіруші оқушылардың сапалық көрсеткіші

(1968—2010 жылдар)

  1. «Алтын» мен «Күміс» медальдармен бітіргендер, барлығы- 46
  2. «Алтын белгімен » марапатталғандар, барлығы- 15
  3. «Үздік аттестатпен» бітіргендер, барлығы — 106        

Ғылым саласында еңбек етіп, еліміздің гүлденуі мен өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген  мектебіміздің ғалым  түлектерін мақтан тұтамыз.

Тәңірбергенова Динара Таңірбергенқызы — педагогика ғылымының кандидаты, доцент, профессор РАЕН РФ;

Тәңірбергенова Гүлша Таңірбергенқызы — философия ғылымының кандитаты;

Тәңірбергенова Қарлығаш  Таңірбергенқызы — педагогика ғылымының кандидаты, доцент;

Керімбаев Талғат – медицина ғылымының докторы, Ұлттық медицина академиясының докторы, Республикалық нейрохирургия орталығының меңгерушісі;

Бектасова Назгүл – медицина ғылымының кандидаты;

Есімханова Айгүл — филология ғылымының кандидаты;

Жиенбаев Арыстан — ауылшаруашылық ғылымының кандидаты;

Калилаханова Тотыгүл — педагогика ғылымының кандидаты;

Көпесбаева Шолпан — техника ғылымының кандидаты;

Нүкенова Гүлнар-физика — математика ғылымының кандидаты;

Серпербаева Лейля Серікбекқызы -техника ғылымдарының кандидаты, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика кафедрасының аға оқытушысы

Сабырбаева Шолпан — педагогика ғылымының кандидаты;

Исбеков Қуаныш — ауылшаруашылық ғылымының кандидаты;

Майлина Камалия — математика ғылымының кандидаты; 

  2003—2009 жылдары  облыс деңгейіндегі пән олимпиадаларында — 22 оқушы;

2006—2011 жылдары республика, облыс деңгейіндегі  «Дарын»  бағдарламасы бойынша ғылыми жоба жарыстарында — 11 оқушы;

2006—2010 жылдары республика, облыс деңгейіндегі  «КҒА»бағдарламасы бойынша «Ғылыми жоба жарыстарында» — 20 оқушы;

2003—2010 жылдары өнер салаларында -10 оқушы;

1980—2010 жылдары  спорт саласында -27 оқушы  жеңімпаздар және жүлдегерлер атанды 

  *      *      *      *      *

Қазіргі таңда  50 жылдық тарихы бар мектеп-гимназияда жалпы 120 мұғалім қызмет етеді. Мұғалімдердің сапалық құрамы білімі бойынша:  жоғарғы білімді-109, арнаулы орта-11, санаты бойынша: жоғарғы санатты-28,  бірінші санатты -19, екінші санатты-46, жалпы санатты -27.   Деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдер: І деңгей-4, ІІ деңгей-4, ІІІ деңгей-9. Бұл жалпы саннан 16% құрайды.

Мектеп-гимназия ұжымы ұлттық білім беруде  шығармашылықпен, ізденіспен мектеп –гимназияның білім сапасын көтерумен білім жүйесін жетілдіруде   жаңашылдықпен ,жауапкершілікпен  еңбек етуде. Ұжымымызда береке мен бірлік қалыптасқан.  Бұл ұжымның бір мақсатта жұмыс істеуі мен ұжымның әрбір мүшесінің жеке тұлғасының биіктігін көрсетеді.Бұл  қиын да, қастерлі білім жолында талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденумен, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жететіндігінің  айғағы. Оған дәлел:

Қ.И.Сәтбаев  мектеп-гимназиясы білім сапасы  Ақсу ауданының білім беру мектептері арасында  3 жыл қатарынан (2012—2013,2013-2014,2015—2016 оқу жылдары бойынша) білім көрсеткішінің рейтингісі бойынша І орындарды, 2014 – 2015 оқу жылы ІІ орынды  иеленді. 2016 жылы білім беру ұйымдары арасында «Үздік білім беру ұйымы» номинациясын жеңіп алды. 2016 жылы аудандық және облыстық «Ауыл мектебі» байқауында жүлделі І  орынды қанжығасына байлады. Аудан ішінде өткізіліп жатқан әрбір іс-шарада жүлделі орындардың жеңімпазы атанып, бағалы сыйлыққа ие болды. 2017 жылы аудан бойынша мекемелер арасында өткізілген «Ұлы Дала мәдениеті» тақырыбында   көрерменөнерпаз байқауы бойынша  Бас жүлдені иеленді.

Берік Тұрсынбайұлының басшылығы кезінде мұғалімдердің сапалық деңгейі артып, көптеген мұғалімдер  мемлекеттік марапаттарға ие болды:

 Абеуова Қарлығаш Қазиқызы — «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»Төсбелгі иегері (2013 ж).

Қасенова Гүлмира Тынышбекқызы — «Еңбегімен елге сыйлы» медалі(2014ж), «Ұлағатты ұстаз» Төсбелгі иегері(2015ж).

Құрманова Светлана  Талғатқызы — «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»медалі иегері (2016 ж).

Молдабергенова Күнсұлу Шакарқызы — «ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми –практикалық орталығының төсбелгісі» (2014 ж).

Молдабергенов Талғат Боранбайұлы — «ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми –практикалық орталығының төсбелгісі» (2014 ж).

Қожабекова Рахат Рысбековна-«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі (2016ж)

Молдабергенов Асхат Боранбайұлы— «Отан» патриоты  медалі иегері(2013),

Етекбаев Нұрмұрат Батқалұлы— «ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің Құрмет грамотасы» (2016 ж).

Жанабекова Сагадат Какашевна— «Ана  жүрегі»  медалі иегері.

Макулжанова Бақыт Ахметовна— Облыс әкімінің Құрмет грамотасы (2015 ж).

Аташева Нағима Максутовна — облыстық «Нұр Отан» Құрмет грамотасы (2016 ж), Ақсу ауданының «Құрмет кітабына» есімі енгізілген (2016 ж) ,  «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісі (2017ж)

Матембаева Нұрзия Хамзаевна — облыстық «Нұр Отан» Құрмет грамотасы (2016 ж).

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деп Бауыржан Момышұлы айтқандай ерен еңбектерімен көзге түскен ұстаздарымыз республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие   болып жүр.

2012 — 2017 оқу жылдарындағы мұғалімдер  жетістіктері:    Мұғалімдер шеберлігінің деңгейі олардың шығармашылық байқауларға қатысуы арқылы іске асырылды.

Жаукарова Ж.Б – республикалық «Тілдарын-2012» олимпиадасы ІV орын, Мерекенова О.О – І республикалық   «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»  байқауы «Ең жаңашыл ұстаз» номинациясы, Амирсанина С.А. – облыстық «Үздік химик-2013» байқауы Алғыс хат, облыстық мұғалімдер арасындағы өткен Бірімжанов олимпиадасында І орын,  Шорина Н.В – облыстық «Үздік бастауыш -2012» байқауы Алғыс хат,  Қажиева С.М – облыстық «Қазақ тілдер пән мұғалімі» байқауы Алғыс хат, Молдағалиева Г.А  – облыстық «Үздік педагог-2013» байқауы Алғыс хат, Республикалық оқытушылардың «Ұлағатты ұстаз» конкурсы Жұмаханов Б.Ж –  І орын, Самалова А. М.-І орын, Қаметжанова А.Н –  ІІІ орын, Қызайбаева С.Е – І орын, Молдагалиева Г.М-ІІ орын, Кусаинова Г.А— І орын, Айткожина Г.Ж   - педагог-психолог, ІІ орын, Қасенова Г.Т - ІІ орын, Қалибекова А.М -Республикалық «Үздік сабақ» байқауы - І орын, «Үздік сабақ» байқауы - Космилианова А.Т,   М.Н – ІІ орын, Ахмадиева Ж. Б, Торкимбекова Л. К - І орын, Қызайбаева С.Е - облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2014» «Зерттеуші мұғалім» номинациясы, Оспанова А.Б. - облыстық «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі» -  ІІІ орын,  Самалова А.М- республикалық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»  -ІІ орын, Хасенова А.Х -  облыстық «Үздік математика пәні мұғалімі-2016» ІІІ орын, Фазылжанова З.Е. - облыстық «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» педагогикалық жобалар байқауында «Үздік педагогикалық жоба» номинациясы, Байболов А.А.— «Шығармашылық және заманауи ізденіс» роблыс  — І орын, Кыдырманов С.С - «Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі»  облыс -ІІ орын, облыстық «Үздік заманауи сабақ» ІІІ орын, республикалық «Менің қалам-менің мақтанышым» байқауында І орын, Тогасова А.Е -«Педагогикалық идеялар»- фестивалі облыс-ІІ орын, Жұмаханов Б.Ж.— «Мәңгілік ел – ұлттың ұлы мұраты» облыс- ІІ орын, Заманова А.Б- облыстық «Үздік педагог-2015» байқауы Алғыс хат, Кыдырманов С.С -облыстық«Үздік сабақ» фестивалі ІІІ орын, Омаров Е.Ө - облыстық «Үздік тарихшы-2016» байқауында І орын, Сыздыкбаев А.М— облыстық «Дінтану және зайырлы мемлекет» пікірсайысында І орын, Молдагалиева Г.А- облыстық «Үздік математика пәні мұғалімі» байқауында ІІ орын.

Облыстық «Бастауыш сыныпты оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі» педагогикалық оқуында: Капышева Ж.К  — ІІ орын, Шорина Н.В   — ІІ орын,  Турусбекова Л.Т — ІІІ орын, Амангельдина А.А. — ІІІ орын, Нургалиева А.Т. — ІІІ орын, Рахымберлина М.О — ІІІ орын, Махмутова Ж.А – ІІІ орын.

Республикалық «Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайындағы тіл пәндерінің оқушы шығармашылығын арттыру»  ғылыми – практикалық конференциясы бойынша: Фазылжанова З.Е. -  І орын,  Заманова А.Б - І орын, Оспанова А.Б - ІІ орын,  Есимова Ж.О. - ІІІ орын,  Капышева Ж.К - ІІІ орын, Рамазанова А.Г.— ІІІ орын. 

  *      *      *      *      *

Оқушы жетістігі – мұғалім мерейі: 

«Алтын белгі» иегерлері: 2013—2014 оқу жылы — Баймуханов Кадыр , 2014—2015 оқу жылы — Шалкар Ғалым, 2015—2016 оқу жылы — Асылбек Асемгуль,  Заманбек Шынар, Қарқын Сағима, 2016—2017 оқу жылы- Мұратов Темірлан, Капсалямова Талшын, Сетеш Саламат.

«Үздік аттестат» иегерлері: 2014—2015 оқу жылы- Сейтова Индира, 2015—2016 оқу жылы - Мұратхан Әдемі, Маратқызы Жанбану, Кастаева Еркежан, Байдүйсен Сабина, 2016—2017 оқу жылы Мырзакасымова Жанелия, Тахатбек Айгерим, Мухитова Диана.

Мектеп – гимназия директоры Б.Т.Нұрахметов «Алтын белгі» иегерлерімен бірге. 

Солдан оңға қарай: «Алтын белгі» иегерлері Капсалямова Талшын,

Сетеш Саламат, Мұратов Темірлан.

 

   Сол сияқты, халықаралық ғылыми жоба жарыстарында — 5 оқушы,  Республикалық КИО интернет олимпиадаларында- 6 оқушы,  Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында -2 оқушы, Республикалық сырттай «Дарын» мектебінде-3 оқушы, Облыстық пән олимпиадаларында - 21 оқушы, Республикалық, облыстық «Дарын» ҒЖЖ, КҒА ҒТК, «Зерде» ҒЖЖ –нда -56 оқушы, «Жарқын болашақ» КАТЕV қазақ тілі олимпиадаларында - 7 оқушы, Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында — 7 оқушы, Өнер саласындағы байқауларда — 14 оқушы,  Өңірлік «Дельфилік ойындар» конкурсында -7 оқушы және спорт жарыстарында -16 оқушы  жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.

Міне, биыл мектеп-гимназиямыз өзінің торқалы 50 жыл толған мерейлі тойын атап өтті. 68 түлек 50-ші оқу жылын табысты аяқтап, жаңа форматты ҰБТ-ге қатысып, 31 түлек мемлекеттік грант иегері атанды.

50- жылдық табысты тарихы бар, мерейі үстем білім ордасының әлі де биік асуларды бағындырары сөзсіз.

 

Мектептің озық ұстаздары

Курманов Светлана


Қасенова Гүлмира


Абеуова Қарлығаш


Жанабекова Сағдат


Қожабекова Рахат

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Солдан оңға қарай:  Курманов Светлана Талгатовна  — «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»  медалі иегері;  Қасенова Гүлмира Тынышбекқызы  - «Еңбегімен елге сыйлы» медалі,  «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі иегері;  Абеуова Қарлығаш Қазиқызы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі иегері;  Жанабекова Сағдат Какашевна -   «Ана жүрегі» медалі иегері ; Қожабекова Рахат Рысбековна «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі иегері. 

Молдабергенов Талғат


Аташева Нагима


Молдабергенов Асхат


Молдабергенова Күнсұлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солдан оңға қарай:  Молдабергенов Талғат Боранбайұлы  - «ҚР БҒМ дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының төсбелгісі» иегері;   Аташева Нагима Максутовна «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісі  иегері;   Молдабергенов Асхат Боранбайұлы  «Отан патриоты» медалі иегері;   Молдабергенова Күнсұлу Шакаровна   -  «ҚР БҒМ дене тәрбиесінің ұлттық    ғылыми-практикалық орталығының төсбелгісі» иегері.

 

 

Мектеп-гимназияның  кіші қызметкерлері