Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы  ауылдық округтері туралы  жарияланған ( алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері (лайықты саналатын болса) әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, солай қажет деп санасаңыздар,  деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

Барлыбек Сырттанов ауылдық округі.  Ақсу ауданы

 


Ауыл округі құрамына  Барлыбек Сырттанов  және Қопа елді мекендері кіреді. Округ орталығы —   Барлыбек  Сырттанов  ауылында орналасқан. Жер көлемі 0,7 мың шаршы шақырым.   Халық саны- 1,5 мыңнан асады.

    Округте 2 орта мектеп,  ауылдық  дәрігерлік  амбулатория,  фельдшерлік  пункт, кітапхана, байланыс торабы, учаскелік полиция пункті, мал дәрігерлік пункт, 5 сауда орындары, 1 наубайхана  халыққа  қызмет  етеді.

 Округте 100-ге жуық  шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері 35,0 мың га, оның ішінде егістігі — 1,8 мың га. Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

 

   Барлыбек  Сырттанов  ауылы  аудан орталығы — Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай  35  шақырым жерде, Бүйен  өзенінің  жағалауында, боз жусан, ажырық,  ши  аралас  әр түрлі астық тұқымдас  шөптесін  өскен  шалғынды  сұр  топырақты жазығында  орналасқан. 

 1929 жылы Бүйен өзенінің орта ағысында ауылшаруашылық артельдері құрыла бастады. 1930 жылы «Бесбай» ұжымшары құрылды. Оны алғашқы басқарушысы Темірбеков Тыныбай,  ауылдық Кеңестің төрайымы Түзубаева Дәмелі болды.

  1932 жылы Сүттіген, Қарасу, т.б. ұсақ ауылдар бірігіп, «3-ші ауыл» атанды. Оны Сарткенов, Жарылғапов, Ерболған, Темірбеков, Тәшібаев деген азаматтар басқарды.

  1949 жылы 3 ауыл жеке ұжымшарға бірігіп, оны Нұрпейісов Серпербай басқарды. Сол  жылы  ауылшаруашылық  науқандық жұмыстардың  бітуіне орай облыста  үлкен  слет-мереке  өткізіледі де, онда Есенов  Молдағали  басқаратын бригада облыстық ауыспалы Қызыл Туды жеңіп алып, өзі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  Президиумының  Құрмет  грамотасымен  марапатталды. Осы табысқа орай  ауылда  үлкен  жиналыс  өтіп,  ұжым  ресми  түрде  «Қызылту» деп аталады. 

  Қызылту ауылдық округі мен Қызылту ауылына Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылдың 13 қарашадағы  шешімімен  Барлыбек Сырттановтың есімі  берілді.

  1950-70 жылдары  «Қызылту» шаруашылығын  Байдуанов Мұқатай, Көшкінбаев Смағұл,  Дәндібаев Нартай,  Көпбосынов,  Мұсабаланов Айт  деген азаматтар басқарады.  Кеңшардың  экономикалық-әлеуметтік, мәдени салаларының   жақсы өркендеуіне,  2 мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты  болған  Дәндыбаев  Нартайдың (1956-71) сіңірген еңбегі ерекше болғанын ауыл тұрғындары  құрметпен  еске  алып  отырады.  Ауылда  наубайхана мен орталық монша салынады, канал  қазылып,  бақша суы тартылады, ағаштар  отырғызылып,  тұрғын  үйлер  сән түзеді.

  1975 жылы «Қызылту» кеңшарынан Ш.Уәлиханов атындағы қой кеңшары жеке бөлініп шықты. Осы кезден егін шаруашылығына мамандандырылған «Қызылту» кеңшарының жаңа даму кезеңі басталады. Оны Мұқанов Сабыржан, Чабдарбаев Тынышбай басқарған жылдары шаруашылық қант қызылшасын өсіруден үлкен жетістіктерге жетіп, бірнеше мәрте Бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері атанды. Көптеген ауылшаруашылық техникалары сатылып алынды. 3 мың га. жер игеріліп, товарлы- сүт фермасында 800 бас сауын сиыр ұсталды. Қой басы саны — 16 мың басқа, жылқы 1000 басқа жетті.

 1976-77жж. әр жүз саулықтан 180-190-нан қозы алып, халықшаруашылық жетістіктері Көрмесінің жүлдегері атанған, мал шаруашылығының 1-дәрежелі  шебері Болысбаев Әсемғажы; осы көрменің күміс медалін алған,  механизатор Төлеубеков Жанай;  Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Маңлаев Елесбай; Ленин орденінің иегері Бейсембеков Жабықбай, тағы басқа еңбек озаттары — ауыл мақтаныштары.

  Ауыл тұрғындары мемлекет және қоғам қайраткері Барлыбек Сырттанов, ақын-драматург Құдаш Мұқашев, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Қасен Қожахметов, ғылым кандидаттары Махмұтов Айдарбек, Нұрғалиев Тоқжігіт, ғалым, шаруашылық басшысы болған Шабдарбаев Тынышбай, аудандық мәслихат депутаты және қызметкері болған Жексенбі Молдағалиев сияқты азаматтарын мақтан етеді.

   Барлыбек Сырттанов ауылының өсіп дамуында сіңірген үлкен еңбектерімен ел есінде қалған, ұрпақтары құрмет тұтатын басқа да ардақты азаматтары бар. Әубәкіров Қожабек пен оның жұбайы Әубәкірова Айтжамал шаруашылықтың товарлы-сүт фермасында меңгеруші және сауыншы ретінде еңбек озаттары болады, екеуі де «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әубәкірова А. «Алтын алқа» иегері, 9 баланың анасы болды. Күзембаев Әскер жүргізуші  болып жұмыс істеп, «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен мараптталған. Жұбайы, дәрігер Асанова Тұрсын да «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Құрмет Грамоталарымен» марапатталған. Әмірқожанов Оразғали қант қызылшасы звеносының жетекшісі болып, ұзақ жылдар «Социалистік жарыстың жеңімпазы» атанып, үлкен еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізген, медальдармен, жеңіл автокөлікпен марапатталған. Шұлғаубаев Мұратбек ауылдық комсомол ұйымының хатшысы, ұйымының төрағасы, бас зоотехникі қызметін атқарған.

  Тылда еңбек  еткен Момынова Ожарбек, Орынбасаров Ермолда, Молдалимханов Уақас, Төлеубеков Жанай, Қалибекова Зейнеп сынды ауыл үлкендері де құрметпен аталады. Бегалин Талғат пен Сейітов Нұрболат -ауған соғысының ардагерлері.

  Бүгінде округте «Алихан» (басшысы  Тынышбаев Б.), «Шағыр-Меркіт» (басшысы Әкенай А.),  «Жанар» (басшысы Сүлейменов Б), «Береке» (Асанова Т.), «Достар» (Керімқожанов С.) «Жігер» (Құсанбаев Е.), «Ақжол» (Ермұханбетов Б.), «Әсет» (Есболғанов А.). т.б. шаруа қожалықтары өнімді еңбек етуде. Мал ұрықтандыру пунктінде Орынбеков Саят үзбей қызмет етуде.

  Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Жұматаева Әсем, Мұсабаева Роза, Ермұханбетова Сағадат,Қоржынбаева Ардақ, Ешмұханбетова Ләззат,  Құрымбаев Берікбол тұрғындарға абройлы қызмет етуде.

   Бүгінгі таңда Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімдігінде бас маман-жүргізушісі болып — Ермұханбетов Бекзат, бас маман-салық инспекторы — Тазабеков Ахмет, бағдарламашы — Халелов Айдын және әр  салалар  бойынша Орынбасарова Алмагүл, Асылбеков Қайрат, Салтақов Серік және Әмірбаев Мараттар қызмет атқаруда.

2014 жылы  әкімшілікке жастар ісі  және спорт нұсқаушысы  штат бірлігі беріліп, ол міндетті Дарубаев Қанат, Сейітов Арман және Әсемқажы Дидар атқарды. Қазіргі таңдағы  спорт нұсқаушысы — Нұрмұхамбетұлы Думан.

    Әкімділік жанында учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант — Мұқатаев Ұлан; пошта бөлімшесінде-Махатова Күләш; электр мамандары — Найманханов Самат; Қаршікенов Серік, Қырықбаев Ұлан; ветеринарлық — пункт меңгерушісі — Күзембаев Руслан және оның мамандары — Бейсенбаев Талғат,Мырзабаева Айжан , Күдеров  Құрманхан, Аубакиров Рысбек, Орынбеков Асхат тұрғындарға оңды қызмет атқаруда.  Ауылдық ақсақалдар алқасы құрамы 9-адамнан тұрады, төрағасы - Жұматаев Құрманкелді.

Б.Сырттанов ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері. Ақсу ауданы


Б.Сырттанов ауылдық округінің  ақсақалдар алқасы. Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылту ауылдық округінің алғашқы әкімі Тұрсынбек Иманғалиев (1994—1996), одан кейін Қанай Батырбаев (1997—2002), Қанатбек Ермеков (2003—2007) Майра Әбішева (2007—2017) болды.

 

Байжұманов Серік Өмірзақұлы. Б.Сырттанов ауылдық округі әкімі.

  2017 жылы  тамыз айында ауыл әкімі болып  Байжұманов Серік Өмірзақұлы тағайындалды.    Ол 1962 жылы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Сәтбаев атындағы орта мектепті,  Өскемен қаласындағы Жол құрылысы институтын «автомобиль жолдары» мамандығы және ҚР мемлекеттік тергеу Комитетінің Қарағанды жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1985 жылдан Ақсу аудандық жол жөндеу мекемесінде бас инженер қызметін атқарып, 1990 жылы Ақсу ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы  болып тағайындалады. 1994—1998жж Ақсу ауданының экономикалық қылмыс пен күрес бөлімінде жедел уәкіл, 1998—1999 жж Ақсу ауданының ІІБ-нің жол полиция бөлімінің бастығы және 1998—2011жж Ақсу ауданы Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет жасады. 2011—2015 жылдар аралығында СБ ФС АО «БТА Банкінде» жетекші маман, 2015—2017 жж «ДМСУ-22АБ» ЖШС-нің директорының орынбасары болы.

      

Қопа ауылы

  Ауыл округіне қарасты Қопа ауылының іргетасы 1955 жылдары қаланған. 15-20 шағын үйі бар ауыл сол кездегі Қызылағаш жылқы зауытының №1 фермасы болды. 1960-70жж. «Қызылту» кеңшарының бір бөлімшесі болады. Содан кейін, 1975 жылы жеке Ш.Уәлиханов атындағы кеңшар болып бөлініп шығып, директорлығына Айт Мұсабаланов тағайындалады. Партком хатшысы болып — Абрахманова Манат, кәсіподақ төрағасы — Айтбаев Мэлс, комсомол ұйымының хатшысы — Садыханов Ұлдахан, пошта таратушы — Қорғанбаев Байдүйсен, веттехник — Көптілеуов Жантілеу деген азаматтар еңбек етті

  Кеңшарға 1977 жылы Қарамырзанов Тәліп Шәкірұлы басшы болып келіп, ауылда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Қызылту мен Қопа ауылдары арасында тас жол, 10 мың бас қойға мал бордақылау алаңы, баздар салынып, шопандар қыстақтарына электр желісі тартылды. Ауылдың үш көшесі бой көтеріп, оларға орталық су құбыры тартылып, ауызсумен қамтамасыз етілді. 40-қа жуық тұрғын және малшылар үйлері, жастар үйі, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, медпункт, екі қабатты орталық кеңсе, жаңа үлгіде 3 қабатты мектеп, азық-түлік, киім-кешек дүкендері салынды. Осы жылдары халық саны 1500-ге жетеді.

  Одан кейінгі директорлар Түсіпбеков Тоқтарбек (1986-88) пен Байболов Қалимолда (1988-91) болды. Қ.Байболовтың кезінде ауыл жағдайы одан сайын жақсарды. Ауылды абаттандыру, халықтың әлеуметтік жағдайына, мәдени шараларға ерекше көңіл бөлінді. Малшыларға жаңадан үйлер, моншалар салынып, жылжымалы вагон-моншалар да  әкелінді. Мал бордақылайтын алаң салынды. Негізгі көшелерге асфальт төселіп, түнгі жарық шамдары орнатылды. Орталықтан бассейін, монша-сауна, прожекторлар қойылған стадион кешені салынды. Мәдениет үйінің екінші қабатында ойын-сауықтар өткізуге арналған 420 орындық зал жабдықталды. Меңгерушісі — Егізова Ақмарал, методистері — Абуғалиев Қыдыр, Бандиков Виктор болды. Клуб жанында ансамбль құрылды, бокс, күрес үйірмелері жұмыс істеді.

   1992-98 жылдары шаруашылыққа Сахметов Жеңіс, Қорғанбаев Амангелді басшылық етті. 1997 жылы ұжым банкрот болып тарап кетті.

   Қопа ауылының іргетасын қалап, шаруашылықты дамытуда салмақты үлес қосқан азаматтардың бірі Абилмажинов Советбек еді. Ол осы шаруашылықта бас зоотехник және экономист қызметтерін атқарып, 35 жыл табанды еңбек етті. Сол сияқты, бас зоотехник болған Чубаев Эдис, Қазыбеков Маман, Тыныбаев Табыс; мал дәрігерлері — Қасымбеков Серікхан, Жиреншин Жәнібек; қырман  меңгерушісі-Тазабеков Бидахмет;  МТМ меңгерушісі-Сағмаденов Тұмарбай; гараж меңгерушісі-Бекішов Қасымғали; еңбек инженері-Шпагонов Виктор; бас инженер-Қорғанбаев Амангелді; ферма меңгерушілері-Абилмажинов Кеңес, Абуғалиев Қыдыр, Қасенов Қажымхан; «Еңбек Қызыл ту» орденін алған Ахмадиев Тұрсынбай мен Төлешов Ғалым және жоғары еңбек көрсеткіштері болған шопандар — Ахметов Нүсупахун, Оразғалиев Әдіби, Даутбаев Болатбек, Сартбаев Жұман, Мұсабаев Нұрдыбек, Саулебаев Сабетхан, Қуатов Сәбит, Мұқатаева Зейнеп, Қиынбаев Күмісбек, Жексенбинов Әлімхандар  - ауылдың құрметті еңбек ардагерлері.

   Қазіргі уақытта Қопа ауылында 23 шағын кәсіпкерлік құрылған, 4 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысып отыр. Ауылда 100 түтін басы бар, 600-ге жуық халық тұрады. Үш қабатты мектеп пен оның жанындағы шағын орталығын қосқанда 81 бала білім мен тәрбие алуда. Ауыл кітапханасының кітапханашысы — Қуатова Сәуле; пошта меңгерушісі — Адейбаева Айгүл; медпункт бөлімшесі меңгерушісі — Қаламбекова Марал.  Ақсақалдар ұйымы (төрағасы -Әкімбаев Абай), әйелдер кеңесі және жастар ұйымы өз деңгейінде жұмыс істеуде.

   Қопа ауылынан шыққан зиялы азаматтар ретінде Абилмажинова Айман Советбекқызының (мектепті алтын медальмен, ҚазҰУ-нің заң факультетін бітірген. Ақсу ауданында, Талдықорған қаласында адвокат- қорғаушы, Алматы облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының соты болады, 2009 жылдан Алматы қаласының экономикалық сотының соты), Абилмажинова Баян Советбекқызының (Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектеп интернатын, Қаз МУ-дың математика факультетін, Ресейдің Ломоносов атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. Қазір Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қолданбалы информатика кафедрасының доценті) және Бұрханбаева Кенжегүл Рақымғалиқызының (ҚазҰУ-нің филология факультетін, магистратурасын бітірген. Журналист, облыстық «Талдықорған» газетінде жұмыс істейді) есімдері аталады.

   Ауыл округінде    Ғани Мұратбаев және Ш.Уәлиханов атындағы екі орта мектеп бар.  (Олар туралы деректер жеке берілетін болады).

 

Б.Сырттанов  ауылдық амбулаториясы.

Б.Сырттанов  ауылдық амбулаториясы ғимараты

    Қызылту ауылында бұрындары медициналық пункт жұмыс жасаған, оның меңгерушісі болып ұзақ жылдар (1962—1990) Асанова Тұрсын еңбек еткен. 1968 жылы 25 орындық аурухана ашылып, оның бас дәрігері  болып Кеңес Акпайұлы Қабдолданов тағайындалады. Одан кейін, аурухананың бас дәрігері болып Раймов Бектай (1969—2010) және Садыкова Гулжамила (2012—2017) абройлы қызмет атқарады. 2010 жылы амбулатория жаңа  салынған ғимаратқа көшті.  2017жылдың  қараша айынан аурухананың бас дәрігері — Шынтаева Мөлдір. Ауруханада қазіргі  таңда  Қыдырбаева Қалығаш, Керимкожанова  Минуар, Бекова Зәуре, Мамырбекова Алтын, Досымбекова Гүлназ, Сагымадинова Бақытжан, Джанабаева  Алтыншаш,  Журсінова Жұлдыз, Асылбекова Маржан, Қыдырбаева Гүлназ сияқты ақ халатты  абзал  жандар  халыққа  қызмет  көрсетуде. 

Б.Сырттанов  ауылдық амбулаториясы қызметкерлері

  Б.Сырттанов ауылдық клубы. 

Ауыл мәдениетін көтеруде  өз жұмысын лайықты атқарып  келеді. 1984—1997 жылдары аралығында оның меңгерушісі болған Биғалиева Қырғауыл ауыл жастарының басын қосып, әр түрлі қызықты мәдени шаралар ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының рухани демалуына зор ықпалын тигізе алды. Белгілі жағдайларға байланысты бірнеше жылға тұралап қалған клуб жұмысы, 2008 жылдан қайта жандана бастады. Оның  меңгерушісі  Хасенов Әлібек, көркемдік  жетекшісі Матембаева  Гүлзира, музыкалық жетекшісі Шұлғаубаев Талғат болып тағайындалды. Ауылдық клубта ән, би, хор үйірмелері, «Ақ ниет» әжелер ансамблі, «Ақ босаға» келіншектер би тобы жұмыс  жасай  бастады. Клуб меңгеруші болып К.Байжолова (2009—2016ж) тағайындалуымен (музыкалық жетекшісі Шұлғаубаев Т.М., көркемдік жетекшісі Болысбаева Г.Ж.) клуб жұмысының пәрменділігі күшейді. Оның шәкірттері, Мырзабеков Дәнел 2008ж. Тараз қаласында өткен Қазақстанның ІV-ұлттық жастар Дельфийлік ойындарында лауреат атанып, «Жетісу жұлдызы-2008» байқауына қатысып жүлделі І-ші орынды, республикалық «Әнші балапан» байқауында ІІ-ші орынды иеленді. Ал, мамыр айында Париж қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылық байқауында І-ші орынды иеленді. Қалиханқызы Ләйлім  облыстық  «Жетісу  жұлдыздары-2011»  байқауында І-орын, Республикалық Дельфи ойындарында  І-орын (2012), «Созвездие талантов» Республикалық байқауында бас жүлде, М.Төлебаевтың 100 жылдығына арналған Халықаралық ән байқауында «Ең жас  орындаушы» номинациясының иегері (2013).

 2016 жылдан бастап клуб  меңгерушісі Шұлғаубаев Талғат, әдіскері Асылхан Мақпал, музыкалық  жетекшісі Болысбаева Гүлшат болып клуб  жұмысын  ары қарай жалғастырып, халыққа  қызмет көрсетіп  келеді.  

«Хор»  үйірмесінің мүшелері. Б.Сырттанов ауылдық округі 


«Келіншектер» би  тобы.  Б.Сырттанов ауылдық округі    

 

  

             

 

 

 

 

 

 

«Наз» би  тобы.  Б.Сырттанов ауылдық округі 


«Ақ ниет» әжелер ансамблі. Б.Сырттанов ауылдық округі  

        

 

                                             

 

 

 

 

 

Б.Сырттанов ауылдық округі кітапханасы.

  Ол ертеректе ауыл клубының бір бөлмесінде орналысқан, кейіннен ауылдық кеңес кеңсесі ғимаратына  ауысқан болатын. Содан бері кітапқанашылар болып-    Қызайбаева Сара(1968—1973),  Досболова Жанаттар (1974 -1978),  Бақтыбаева Айымгүл(1978—1981), Жексенбаева Ұлтай(1981—1998), Орынбасаров Айдос (1998—2003) қызмет еткен. 

   2003 жылдан кітапханашы болып Аубакирова Назира  қызмет атқарады. Кітапханада кітап қоры — 10916 дана , мемлекеттік  тілде -6011 дана, Оқырман саны -775, оқырман келімі-7995,  кітап берілімі-20822.

 

«Көркем сөз» үйірмесінің мүшелері. Б.Сырттанов ауылы

 

 

«Жастар біздің болашағымыз». Дөңгелек үстел. Б.Сырттанов ауылы


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Дөңгелек үстел. Б.Сырттанов ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұлылыққа тағзым-ұрпаққа парыз» атты поэзиялық кеш. Б.Сырттанов ауылы


«Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі. Б.Сырттанов ауылы

 

 

 

 

Б.Сырттанов- «Алаш қоғамының көсемі. Әдеби кеш.  Б.Сырттанов ауылы


«Ұмытылмас тұлға» атты кітап көрмесі. .Б.Сырттанов ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б.Сырттанов ауылдық жастар ұйымы  ұйымдастырған «Жайдарман» ойындарынан