Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы  ауылдық округтері туралы  жарияланған ( алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері (лайықты саналатын болса) әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, солай қажет деп санасаңыздар,  деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

  Арасан ауылдық округі  Ақсу ауданы

   Ауылдық  округі  құрамына  Арасан,  Қызылжар және Арасан-Қапал  елді мекендері кіреді. Округ орталығы Арасан  ауылында  орналасқан. Округтің жер көлемі — 0,5 мың шаршы шақырым.  Халық саны- 2,0 мыңдай.

. Отбасы саны — 364, зейнеткерлер — 280.   «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері — 38.

 Округте Б.Сырттанов атындағы орта және 1 бастауыш мектеп, ауылдық дәрігерлік амбулатория, ФАП, ауылдық мәдениеті үйі,  «Арасан- Капал» шипажайы, пошта бөлімі, учаскелік тірек пункті,  диірмен, 3 сүт жинау пункті, 4 сауда орны,  бір наубайхана,  мал дәрігерлік  пункті,  «Баянжүрек»  тойханасы халыққа қызмет етеді.

  Округ бойынша 200-ден аса шаруа қожалықтары тіркелген, олардың пайдаланып  жүрген ауылшаруашылық  жері — 45,7 мың га, оның ішінде  егістігі — 7,4 мың. Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

 

 

Баянжүрек тауы

Арасан ауылы аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде, Бүйен өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жоңғар Алатауының ылғалды қоңыржай, агроклиматтық белдеуінде жатыр. Қапал өңіріндегі ең бір сұлу, жазы қоңыр, қысы жәйлі елді мекен.  Оның төңірегіндегі топырағында бұта аралас жусан, селеу, бетеге басым, басқа да түрлі шөптесіндер өседі  Шілденің аптап ыстығында да басынан қары кетпей жатқан биік таулардың етегінде қарағайы, мұрныңды хош иісі жаратын дәрумен шөптері, ат тұяғын бояйтындай боп піскен бүлдіргені, қызыл кітапқа кірген құсы мен аңдары, жер астынан шығып жатқан ағзаға емдік қасиеті бар шипалы суы — бәрі адамға денсаулық сыйлайды.

 

Табиғат көрінісі. Арасан ауылы


Табиғат көрінісі. Арасан ауылы


Табиғат көрінісі. Арасан ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

  1929 жылы  «Красная звезда» ұжымшары құрылып, оның алғашқы басқармасы Черебаев Пимен Павлович, одан кейін 1941-42 жылдары Болысбаев Ешмұхамет болды. 1952 жылы «Красная звезда» және Ворошилов (Қызылжар) ұжымшарлары қосылып, оның бастығы болып Радченко Григорий Кириллович сайланады.

 1954-63 жылдары  «Арасан» аталған ұжымшарды Иманалы Бектемісов басқарды. Шаруашылықтың үш бригадасының басшылары Тұрсынбеков Тұрғанбек, Голых Анатолий Дмитриевич, Бірқұрманов Бекіш болды.

    Тұрсынбек Тұрғанбек –Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Бірнеше ордендер мен медальдардың иегері. Азаматын сыйлаған жерлестері ауылдың бір көшесіне атын берді.

1953 жылы. Бүйен өзенінің жағында ГЭС құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындарына жарық берілді.

  1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысына Арасан ауылына 160 адам барып, оның 100-і қайтпай қалды.

 1959 жылы  ауылда  кітапхана  ашылып, 1967 жылы 300 орындық мәдениет үйі, сауда орындары, 90 орындық балалар бақшасы салынды. 1971 жылы ауыл көркемөнерпаздарының басын құрап, сол кездегі клуб меңгерушісі, марқұм Сыдық Төкебаев мәдениет үйі жанында халық театрын ұйымдастыру жолында біршама жұмыс жүргізді. Театр өзінің алғашқы қадамын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектакілін дайындаумен бастады, Баян ролін қазіргі облыстық Бикен Римова атындағы театрдың актрисасы Мәкен Нұрмұхамбетова, Қодар ролін ауылдың мал дәрігері, марқұм Кәкен Кәріпжанов, Жантық ролін Сыдық Төкебаев (марқұм) орындады . Театрдың осындай үлкен қадам бастап, сәтті шығуына және «Халық театры» атағын алуына Қазақ КСР-не еңбегі сіңген артіс Жарқын Әбілжаевтың еңбегі зор еді. Халық театры 10 жыл ішінде республиканың барлық облыстарында болып өз өнерін көрсетті.  Бүгінгі таңда мәдениет үйі  күрделі жөндеуді қажет етеді.

 Арасан  ұжымшарын 1965-71 жылдары Бәкей Жидебаев, одан кейін Таласпай Мүсекенов, Алматай Жармұханбетов,  Рахымбек Мұсанов басқарды (1971-83).

  Содан кейін кеңшарға ауысқан оның директорлары Мұрат Шәріпов, Тәтімқожа Уақасов, Боранхан Жүнісов  (1984-98) болды .

Арасан ауылынан шыққан танымал азаматтар: Тәнекеұлы Қожабек-1916ж. Патша жарлығына қарсылық көрсетіп, халқын қарулы көтеріске бастаған; Есмұрат Күнболатов- кеңшарда 40 жылдан астам еңбек еткен, 25 жыл бойы бригадир болған, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған;  Бижамал Кәріпжанова -алғашқы «Қызыл отау» меңгерушісі; Механизаторлар- Ешенхан Қожаев, Нұрғазы Жүзжасаров;  жүргізушісі- Мұса Оразов;  кітапханашы- Қаншай Жұмабекова;  партия ұйымының хатшысы — Шағи Сәрсенбаева, ауылдық Кеңестің Төрағасы-Нұрбүбі Айтуғанова; 1955ж. Бүкілодақтық халықшаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысқан сауыншы — Мария Әубәкірова, шопан — Бекіш Биқұрианов; 3-ші дәрежелері «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері, механизаторларлар — Қазыбек Ибраев, Есімбай Қаймолдин; «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері —

 

Василий Иванович Осипов


Марат Жабықбайұлы Мальтекбасов


Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов

 

Бекежан Құдияров; «Великие Луки» түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан атқыштар бригадасының капитаны, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Жұмәділ Әубәкіров; Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім  Академиясының аға ғылыми қызметкері, әдіскер-ғалым, марқұм —  Қайрат  Жұмажанұлы  Адамбосынов;  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, көп жылдар аудандар мен облыс басшылығында, ел Парламентінде  қызмет атқарған Василий Иванович Осипов;  ҚазМУ- дың кафедра меңгерушісі, профессор, академик Жұмағұлов Қалқаман, «Баянжүрек» ЖШС-і баспасының директоры, жазушы — Арасанбай  Естенов;  облыстық Б.Римова атындағы драма театрының әртісі, «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» — Мәкен Нұрмұханбетова, республикалық  «Мекенсақтау» өндірістік мекемесінің бас директоры  - Ерік Аязбаев; айтыс ақыны — Жапарғали Ақсубаев; Қапал аудандық партия комитетінің хатшысы, шаруашылық басшысы болған — Боранхан Жүнісов; І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университетінің проректоры- Марат Жабықбайұлы Мәлтекбасов; халықаралық  Қожа Ахмет Яссауи  атындағы Қазақ түрік университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандитаты, көптеген педагогикалық кітаптардың авторы-Айман Рысбекова;  Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде консулдік қызмет атқарған — Серік Андосов;  Қаз.ССР халық ағарту ісінің «Озық қызметкері», ардагер ұстаз — Ұлтуған Оразалина.         

   Сонымен бірге, ауылымыздың мақтанышы ретінде төмендегі адамдардығ да есімдері  аталады: «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісі және «Құрмет белгісі» орденінің иегері, дәрігер- Раушан Тәженова;  Ақсу ауданның құрметті азаматтары- Құдияров Бекежан, Жунусов Боранхан;  3 мәрте  аудандық  мәслихаттың депутаты болып сайланған — Ниязов Зариф, қазіргі уақыттағы аудандық мәслихат депутаты — Сейсебаев Ғалымбек, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы» медалі иегері, шаруа қожалығының жас басшысы — Абай Жунусов,  Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің мұғалімі -  Қарлығаш Байтоғымова және тағы басқалар.

  Қазіргі  таңда  ауылдың әлеуметтік — экономикалық жағдайын көтеруде мал шаруашылығымен  шұғылданатын «Сұлтан» (басшысы — Ерболат Көлдейбаев; Б.Жүніс» (басшысы — Қайрат Жүнісов); «Б.Илияс» (басшысы — Абай Жүнісов);  «Әлия» (Оңғар Жарқынбаева) және  «Баянжүрек» (басшысы — Зариф Ниязов) шаруа қожалықтары елеулі үлес қосып, өнімді еңбек атқаруда.

Ауданда атқарылудағы «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында ауылдың тумасы  Енсебаев Абай өз қаражатына «Баянжүрек» атты тойхана салып, ауыл тұрғындарының құрметіне ие болды. 1973 жылғы мектеп түлектерінің, оның ішінде Тимур  Мәлтекбасовтың  бастамасымен және  ауыл тұрғындарының қолдауымен Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына орай, соғыста қайтыс болғандар мен оған қатысушыларға арналған ескерткіш орнатылды.  Ауылда  «Жетісу Гранит» ЖШС-і (Басшысы Е.Пай)  гранит қазу және  өңдеу жұмыстарын атқарып,  алғашқы өнімдерін «ЭКСПО-2017»  көрмесінің құрылыс жұмыстарына  жіберді.  "Жұмыспен қамту — 2020" бағдарламасы бойынша несиелер алған,  ауылдың жеке кәсіпкері Асел Акашева шаштараз және тігін цехын, ал  Жаксылыкова Торғын  шағын наубайхана ашып, жұмыстарын  атқаруда Жеке кәсіпкер Құралай Құлбекованың наубайханасы нанменен көрші ауылдарды да  қамтамасыз етеді.

Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған ескерткіштің ашылуы, Арасан ауылы

 

Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған ескерткіш. Арасан ауылы

 

 

 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» бағдарламасы  аясында  тұрғын үйімен бірге салынған полиция ғимараты  қолданысқа берілді. Ауыл тұрғыны Жошибаев Жұмаштың балалары ауылға үлкен мешіт салып берді.

 

 

Ауылдық полицияның жаңа ғимараты. Арасан ауылы

 

Ауылдық полицияның жаңа ғимаратының ашылуы. Арасан ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ауылда ономастика комиссиясының оң қорытындысы бойынша 5 көшеге соғыс ардагерлері Оразбаев Қожахмет, Ыдрысов Қызайхан, Нұртай Жатқанбайұлы, Муртазин Арыслан және еңбек ардагері Уақасов Тәтімқожаның есімдері берілді.

  Арасан ауылдық емдеу пунктінде 11 адам қызмет етеді.  Емхана меңгерушісі ­­­­­­­­­­­­–Бибігүл Ибрагимова.  Жолдыханова Забира — зертханашы,  Оразова Майра, Құлбекова  Анар, Рахымжанова Эльвира, Баймұхаметова  Дана,  Шарипбаева Қарлығаш және  Сенгирова Шолпан  - медбикелер болып жұмыс істейді.

  Арасан ауылдық кітапханасы ауылдық мәдениет үйінің ішіне орналасқан. Кітапханашы - Алима Шапиық, жоғары білімді кітапханашы- библиограф маманы, еңбек өтілі – 6 жыл.

  Кітап қоры -17720 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 8638дана, оқырман саны- 770, оқырман келімі -8653, кітап берілімі -22233 дана. Кітапханада көпшілік оқырмандармен әртүрлі тақырыптарда конференциялар, кездеулер, пікір алмасулар, диспуттар, кітап  кормелері ұйымдастырылып отырылады.

Арасан ауылдық кітапханасында

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдың алғашқы  әкімі -Базарбек Тұрғанбаев болды.  Одан кейін ол қызметті  Жұмажан Рақымжанов, Төлеубай Садақбаев, Зариф Ниязов, Сламхан Разбеков, Талғат Қасымғалиев, Арнай Құрманғалиев және Нұрболат Көлдейбаевтар атқарды.

Арасан ауылдық округінің әкімі Ғалымжанова Роза Айтжанқызы

2016 жылдың қазан айынан округ әкімі болып Ғалымжанова Роза Айтжанқызы қызмет атқарады.   Ол 1961 жылы Ақсу ауданы Ақсу ауылында туылған. 1984 жылы Алматы  шет тілдер педогогикалық институтын бітірген. 21 жыл мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген білікті маман, оған  дейін осы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізуші болып қызмет атқарды.  Ғалымжанова Роза Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  №46-286 шешімімен ауданның экономикалық-әлеуметтік салаларының «Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясы бойынша «Жыл үздігі-2015» атағының иегері болды. Аудан әкімінің Құрмет грамоталары және  Алғыс хаттарымен марапатталған.    

 

 

 

 

Арасан ауылдық окугі әкімдігінің қызметкерлері. Ақсу ауданы

Арасан ауылдық округі әкімдігі аппаратында Сая Жатақбаева бас маман іс жүргізуші, Насруллаев Садықжан — салық инспекторы, Ә.Нұртасов — бас маман, Боранғазин Диас — жетекші маман, Бестібаев Руслан — учаскілік инспектор, Көпелбаева Динара — бағдарламашы, Алия Баграмова — жастар ісі жөнінен нұсқаушы болып еңбек етеді.

Ауылда ақсақалдар алқасы (төрағасы Баткалбеков Нұртөлеу), «Қазына әжелер» кеңесі (төрайымы Батырбекова Адайша), әйелдер кеңесі (төрайымы Қасымбаева Мейрамгүл)  әкімшілікпен  бірлесе,  ауылдың әлеуметтік мәдени саладағы мәселелерін оңды шешуге ат салысуда.  Арасан ауылының мәдениет саласында Смағұлов Семсер, Есжанова Макира және Алимқан Мұқият  жұмыс істейді.