Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы  ауылдық округтері туралы  жарияланған ( алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді (лайықты саналатын болса)  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, солай қажет деп санасаңыздар,  деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

Қарашілік ауылдық округі, Ақсу ауданы 

 

   Ауылдық  округі  құрамына    Сағабүйен,  Сағакүрес,  Қарашілік  және  Жанаш  елді  мекендері  кіреді.  Округ  орталығы  — Сағабүйен ауылында орналасқан. Жер көлемі — 0,8 мың шаршы шақырым. Халық саны –2.5 мыңдай.  Отбасы – 417. Оралмандар – 65. Зейнеткерлер — 321. «Батыр ана» – 20. «Күміс алқа» иегер — 35 аналар бар.   

   Ауыл  округінде  Төлеген Тоқтаров  атындағы  орта,  Қарашілік  негізгі, Сағакүрес орталау  және  Сағабүйен  балалар  саз мектептері,  ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2  фельдшерлік пункт, Мәдениет үйі, 2 — кітапхана, 2- байланыс торабы, учаскелік  полиция пункті, мал дәрігерлік пункт, 10-нан аса  сауда орындары халыққа қызмет етеді.

  Округте 200-дей  шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшауашылық жері – 41,4 мың га, оның ішінде егістігі – 4700 га. Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

 

Сағабүйен ауылы аудан орталығынан батысқа қарай 20 шақырым жерде, Алматы-Өскемен автожолының бойында, Бүйен өзенінің жағалауында, Қаракүңгей тауының солтүстік бөктеріндегі жусан, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен қиыршықты, сұр, бозғылт, қоңыр топырақты, құрғақ далада орналасқан.

Сағабүйен ауылының ортасынан Бүйен өзені ағып өтеді. Ол Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан басталып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып өтеді де, жазыққа шыға ағысы баяулайды. Ұзындығы 120 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Бастауында ені 150-170 м тар шатқалмен ағады, Қызылту ауылынан төменірек жерде өзен аңғары 500 — 600 м-ге дейін кеңейеді. Жылдық орташа су ағыны 4,05 м3/с (Сағабиен ауылы тұсында). Суы тұщы (150 — 200 мг/л). Жазықта өзен арнасынан тартылған 12 каналмен егістік, бау-бақша жерлері суарылады.

 

  Қарашілік өңірінде 1928-29 жылдары коллективтендіру кезінде ТОЗ, артельдер құрылады. 1929 жылы Қарашілік ауылдық кеңесі құрамына Күреңкей, Божалтай, Қоныстандыру, Күлжаман, Көкөзек, Көктұма елді мекендері кірді.

  1952 жылы «Дальный Сталин», Қарашілік, Алқалы, Сағакүрес, Сағабүйен бірігіп, «Сталин» ұжымшары болды. Басқарма төрағалығына Әбішев Есім сайланды, одан кейінгі басшылары Нұрпейісов Серпербай, Ысқақов Досымбай, Кемпіреков Дүбек болды.

 Садуақасов Ғазиз, Әбішов Мұхамедияр, Қасымов Тойшы, Әліпов Жаңғабыл, Хасенов Мәнтәй, Көкежанов Бейсенбект.б- .ауылдың іргесін қалауда және дамуына ерекше ат салысқан азаматтар.

 1962 жылы Қарашілік, Сағакүрес, Сағабүйен ұжымшарлары бірігіп, Жансүгіров атындағы ұжымшарға айналды, оған Тоғанбаев Тұрғанбай, одан кейін Ахметжанов Ғаббас (1968-70), Нұрпейісов Серпербай (1970-72 ) төрағалық етті.

 1980 жылы ұжымшар Жансүгіров атындағы кеңшар болып құрылды. Директорлыққа Жетпісбаев Жексенбай тағайындалды. Одан кейінгі директорлары - Мұханов Сабыржан (1982-92 ), Ырғалбеков Жансұлтан (1992-94) болды.

  1995 жылы кеңшар тарап, ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне айналды,  1997 жылы ол да тарап, жеке-жеке шаруа қожалықтары құрылды.

 

   1928-52 жылдары ауылдық Кеңесте Өрісбаев Базаралы, Сүлейменов Бекмұханбет, Смайлов Бейсенқұл, Мұхажанов Сейдуали, Оразбаев Тұрсынбай, Мустапин Қуатбек, Рысқұлбеков Сепбосын, Есейбаев Бекмұрат, 1948-93 жылдары Сембин Шайза, Нұрғалиев Қантай, Аманбаев Кәрім, Мұхажанов Сейдуали, Оспанов Т, Темірбеков Тінібай, Мұратбеков Әлсейіт, Шаймерденов Сәлімжан, Мұраталин Тельман, Төлепбеков Орын, Шегебаева Купан, Жайсанбаев Нұрғали, Құрмашев Кабікен, Қалибаев Орын, Шығанбаев Қалмұрат, Өмірбеков Ержан, Рысбеков Әбітайлар төрағалық етті.

Ауылдан 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысына барлығы 217 адам аттанып, 106 жауынгер майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Базарбеков Мамырбек, Сәрсебаев Ахметбек, Тұрғанбаев Қалмұхамбет, Белгібаев Нұғарбек, Жаналиев Камел, Шымырбаев Айтбай — Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, көптеген ордендер және медальдармен марапатталған.

Ауыл шаруашылығын өркендетуге ерекше үлес қосқандар: Социалистік Еңбек Ерлері, шопандар — Нұрсейітов Наужан, Сүйеубаев Отызбек, малшылар — Жаналин Камал, Исабеков Түктібай, Манасов Нұрбай, алғашқы тракторға отырғандар -Қойшыбаев Биболат, Тілегенов Қабдолда, Ақсамбаев Құрманбек, алдыңғы қатарлы қызылшашы-механизаторлар  - Ленин орденді Байметенов Жамали, Мұсағали Дөңсебаев, Есімбеков Мейрамдос, Немеребаев Өзенбай, Омарбаев Сәбетбек, Әуелбаев Тұрбай, Мұқанов Әжібай. 1970-80жж. «Қыз-келіншектер трактор руліне!» атты үндеуге үн қосқан механизаторлар Ақсамбаева Оразхан, Айтқұлова Сәруер, Мұқашева Қайнижамалдар болды.

Ауылдың даму барысында аса танымал болған басқа да азаматтар: Жаналиев Камел— 1903ж. туған. шопан болған, Қарашілік ауылының ірге тасын қалаған. Ұлы Отан соғысының ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған; Бәкіров Сейітқазы — Сталин атындағы ұжымшардың бастығы болған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Қызы-Нәзипа алғашқы қыз- келіншектер арасынан шыққан механизатор, баласы Серік — ауданның көптеген шаруашылықтарында бас инженер қызметін атқарды; Бәкіров Ешмухамбет Сейітқазыұлы - 1912ж. туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Теміржол бойында ұзақ жылдар абройлы қызметтер атқарған. Нұрпейісов Серпербай — 1918ж. Қарашілік ауылында туған, соғыс, еңбек ардагері, осы шаруашылықта басшы болған, көптеген орден — медальдармен марапатталған; Әбішев Есім Сапиұлы — 1920ж. Сағабүйен ауылында туған, Сталин ұжымшарының төрағасы, Жаңалық, Қарашілік, Арасан ауылдарында бас агроном болып жұмыс жасады, І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапаталған; Әміров Айтмұханбет — 1922ж. Сағабүйен ауылында туған, балалар үйінде тәрбиеленген. Ұлы Отан соғысы ардагері,ауыл, аудан мектептерінде мұғалім, директор болды, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері; Тоғанбаев Тұрғанбай — 1928ж. туған, соғыс жылдарында хатшы, қоймашы, есепші болып істеген, Жансүгіров ұжымшарын және басқа шаруашылықтарды, аудандық кәсіподақ комитетін басқарған, «Ақсу ауданының құрметті азаматы»; Аитов Төкен - 1927 жылы  Сағабүйен ауылында туған. Шаруашылықтың өндірістік бригадаларын, бөлімшелерінің басшысы және директордың орынбасары болып жұмыс жасап, оның өсіп-өркендеуіне  үлкен үлес қосқан. «Еңбек Қызыл Ту орденінің» иегері, Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысқан; Майлин Рахымжан Жақыпұлы-1931ж. туған, механизация училищелерінде мұғалім, шаруашылықтарда партком хатшысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы, астық қабылдау мекемесінің директоры болды; Байметенов Жамали — 1933 ж. туған, механизатор. «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Ленин» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері»; Омаров Тұрсынғали-1933ж. туған, ұзақ жылдар мектептер директоры, Қапал аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. «КСРО білім беру саласының үздігі»;  Бекежанов Дүйсетай-1934ж. туған. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының (Д.А.Қонаевтың) көмекшісі болды; Сағындықова Надира-1935ж. туған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген медицина қызметкері», еңбек ардагері; Әліпова Ұлтай-1936ж. туған, сауыншы, Батыр ана, «Құрмет белгісі», «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері; Жүнісбеков Уса— механизатор, қант қызылшасының звено жетекшісі, ІІ, ІІІ-дәрежелі «Еңбек Даңқы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған; Омарбаев Советбек Нұрмұханбетұлы -1938ж. туған, ұзақ жылдар шаруашылықта механизатор болып еңбек еткен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған, Қарашілік ауылының көшесінің біріне есімі берілген; Мұқашева Қайнижамал 1939ж. туған. «Ақсудың Кәмшаты» атанған Қазақ ССР-на еңбегі сіңген механизатор, «Даңқ», «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасымен, көптеген медальдармен марапатталған, Алтын алқа иегері; Ахметова Фарзана - алғашқы механизатор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, еңбек ардагері; Сахмолдин Тұрарбек-1938ж. туған. комбайн жүргізушісі, механик болып істеген, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған; Қалибеков Орын Баймолдаұлы- 1940ж. туған, Жансүгіров ұжымшырында комсомол ұйымының хатшысы, Қарашілік ауылдық Кеңесінің төрағасы болған; Айтбаев Тойболған-жылқышы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, партияның ХҮ-ХҮІІ сьездерінің делегаты, есімі Қазақ КСР-нің «Құрмет кітабына» жазылған, Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған; Рахым Тәжібаев- домбырашы, «ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері»;  Cадуақасова Нығметжан 1942ж. Сағабүйен ауылында туған, ҚР халық ағату қызмет ісінің үздігі», «Ақсу ауданының құрметті азаматы»; Абай Смағұлов (ҚР еңбегі сіңген артист) пен Серік Әбішов— цирк артистері, Қазақ циркінің ірге тасын қалаушылар; Асылханов Сәулебек- 1949ж. туған, театр режиссері, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері, «Ақсу ауданының құрметті азаматы»; Қабдолданов Кеңесбай — ауылдық ауруханаларда бас дәрігер, аудандық аурухананың терапия бөлімінің басшысы болған; Қоңыров Дүйсен-ұжымшар сушысы болған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты; Бабакұмаров Ержан Жалбақұлы -1969ж. туған, ҚР Мәдениет вице-министрі болған, қазір Үкімет аппаратында жауапты қызмет атқарады. Әбішова Күләш, Дәуітбекова М.К., Әбілхамитова Р.,Шегебаева Г., Кәрібаева Г. – ғылым кандидаттары, Шегебаева К. — ғылым докторы

Нұрғалиев Дәулет, Мәдіғалиев Әділхан, Тойшыбеков Биғали, Ойшынов Бақытжан-Ауған соғысына қатысқандар.

  Ауыл округінде «Төлеген Тоқтаров атындағы орта, Қарашілік негізгі, Сағакүрес орталау және  Сағабүйен балалар саз мектептері жұмыс істейді. (Олар туралы деректер жеке берілетін болады).

Ауыл округінің әкімі болып әр жылдары Қалиақбаров Еркін (1993-95), Садуақасов Ыдырыс (1995-98), Базарбаев Серік (1998—2002) және  Ырғалбеков Жансұлтан (2002-06) қызмет атқарды.

Садуақасов Ыдырыс Қарашілік ауылының әкімі Ақсу ауданы

 

 2002 жылдан ауыл әкімі — Садуақасов Ыдырыс Ғазизұлы. Ол 1958ж. туған. Қазақтың ауылшаруашылығы институтын бітірген, мамандығы агроном. Оған дейін «Сұлушаш» жеке шаруа қожалығы басшысы, Жансүгіров поселкасы әкімінің орынбасары болған.

 

 

 

Рахым Тәжібаев атындағы  Сағабүйен ауылдық мәдениет   үйі

          

Р. Тәжібаев атындағы  Сағабүйен ауылдық мәдениет   үйі


Р. Тәжібаев атындағы  Сағабүйен ауылдық мәдениет   үйінде

   Көп жылдар ескіріп, тозып қалған Сағабүйен ауылындағы мәдениет үйі 2013 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, 2014 жылы ақпанда халық игілігіне пайдалануға берілді. Оған 2016 жылы жерлесіміз, күйші Рахым Тәжібаевтың есімі беріліп, облыс деғгейінде ашылу салтанаты өтті Мәдениет үйі музыкалық аппаратурамен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. қызметкерлері бюджеттен қаржыландырылады, 5 штат бірлігі бар.  3 жоғары білімді, 2 арнаулы орта  білімді маман жұмыс істейді,  Мәдениет үйі жанында құрылған  ән, би, қобыз, домбыра, әжелер,  жанұялық, қолөнер, шежірелік (барлығы 8) үйірмелерге 56 адам қатысады. Мамандар ауыл әкімшілігі мен жастары, мектеп ұжымымен және үйірмелермен  бірлесе жүйелі түрде бойынша түрлі мәдениет -көпшілік шараларын өткізіп отырады,  өз өнерлерін аудандық,  облыстық деңгейде көрсетіп келеді.

  Мәдениет үйінің басшысы Урисбаев Болатбек Орынұлы, әдіскер Қызайбаева Раушан, музыкалық жетекші Құрсабаева Бақыт, дыбыс операторы Қызайбаев Сейсен, шаруа меңгерушісі Төлепбайұлы Бердібек.

 

Қызайбаевтардың жанұялық үйірмесі. Қарашілік ауылы


Қарашілік ауылының әкімі           Ы. Садуақасов мәдениет қызметкерлерімен бірге

 

  Би үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы


Би үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ән үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы


Домбыра үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қобыз үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы


Қобыз үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әжелер ансамблі: Қарашілік ауылы  


Шежіре үйірмесі. Қарашілік ауылы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолөнер үйірмесі бұрышы. Қарашілік ауылы


Ән үйірмесі мүшелері. Қарашілік ауылы

 

 

 

 

                                                

                                             

     

                                                     

      

 

        Қарашілік ауылдық  округінде екі,  Сағабүйен және Қарашілік ауылдық кітапханалары  халыққа қызмет көрсетуде.

   Cағабүйен ауылдық кітапханасы 2009 жылдың басында ашылған, Р.Тәжібаев атындағы мәдениет үйінде орналасқан.  Сағабүйен, Сағакүрес ауылдары  тұрғындарына қызмет көрсетеді. 2017 жылдық көрсеткіш бойынша кітап қоры — 5953 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі — 3404 дана. Оқырман саны -1010, оның  ішіндегі балалар — 339. Кітапхана ісі номенклатурасы бойынша 13  құжат, 13 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Қоғамдақ — саяси әдебиеттерді  насихаттау бағыты бойынша «Алтын күнді қондырып қанатына, қазақ елі самғайды болашаққа» тақырыбында  3 бөлімнен тұратын тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. 

 Кітапханашы — Мұратова Райса, арнаулы  орта білімді,  Сарқан гуманитарлық колледжіның кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген.               


     Қарашілік ауылдық кітапханасы Қарашілік орта мектептің ғимаратында орналасқан.    Жалпы аумағы 48  кв.м. Кітапхана 2007 жылы ашылып халыққа қызмет көрсетуде.      2017 жылдың көрсеткіші бойынша кітап қоры —  5958  дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 3501,  оқырмен саны – 500, оның ішіндегі балалар – 177. Кітапхана ісі номенклатурасы бойынша 13  құжат, 13 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі

Кітапханада Мұздыбаева Сайлаухан кітапханашы қызметін атқарады.  1987  Сарқанд  мәдени ағарту училищесінің  клуб меңгерушісі мамандығы бойынша бітірген, арнаулы орта білімді.

 

Ауылдық кітапханалар ұжымы тарапынан өткізілген шаралардан көріністер


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарашілік ауылдық округі аумағындағы ескерткіштер

 

Сағабүйен ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш

 

Ашаршылық кезінде құрбан болған балалар үйінің жеткіншектеріне қойылған ескерткіш. Сағабүйен ауылы


Қарашілік елді мекеніндегі «Қосбатыр» кесенесі