Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы  ауылдық округтері туралы  жарияланған ( алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері (лайықты саналатын болса) әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, солай қажет деп санасаңыздар,  деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

Есеболатов ауылдық округі, Ақсу ауданы

 

Ауылдық округі құрамына  Есеболатов, Қызылқайың  және  «Тау самалы» елді мекендері кіреді. Жер көлемі — 1,7 мың шаршы шақырым. Халық саны  2,0 мыңнан асады. Округ орталығы — Есеболатов ауылында орналасқан.   

   Округте 1-орта, 1-орталау және 1 бастауыш мектептер, ауылдық дәрігерлік амбулатория, кітапхана, 1 фельдшерлік пункт, байланыс торабы, учаскелік полиция пункті, 1 мал дәрігерлік пункт, бірнеше сауда орындары халыққа қызмет етеді.

  Округте 160-тан аса  шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері — 12,0 мың  га, оның ішінде егістігі 5,0 мың.  Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

 

  Есеболатов ауылы аудан орталығының шығысында 12 шақырым жерде, Қайрақкөл тауының солтүстік бөктеріндегі бұта аралас сулыбас, бетеге, қылқан селеу мен жусан өскен, қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан.

  1930 жылы Ақсу ауданы  құрылғанда Діңгек, Қызылқайың ауылдары «Қызылқайың» ұжымшарына бірігіп, оны  Қожабек Жаншабаев (1930-38) басқарды. 1950 жылы ұжымшар «Октябрь» аталып, орталығы Діңгек ауылына көшірілді. Оның басқарма бастығы Серпербай Нұрпейісов (1954-57), одан кейін, 1963 жылға дейін Нұрғали Жайсаңбаев болды.

  Шаруашылық 1963 жылы. ірілендірілген Ш.Уәлиханов атындағы кеңшарға біріктіріліп, бірақ көп ұзамай қайтадан жеке бөлініп шығып, «Діңгек» кеңшары атанды. Кеңшардың алғашқы директоры Иван Сергеевич Круценко, оны 20 жылға жуық басқарып, аудандағы алдыңғы қатарлы қызылша өсіретін шаруашылыққа айналдырды. Шаруашылық 1966 жылы  КСРО Орталық Комитетінің, КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының және БЛКЖО Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды. Ауылға тау бұлағынан таза ауыз су құбырын тартқызып, жаңадан кеңсе ғимаратын, МТМ, тауарлы–сүт фермасы кешендерін, егіс алқаптарының бетонды су жүйелерін, көптеген малшылар үйін, мал қораларын салдырды.   

  Одан кейін шаруашылықты Аида Константиновна Алексенцева, Сейтжан Құдайбергенов, Сыдық Баяманов, Арыстан Жиенбаев, Білісбек Төлепбергенов сынды азаматтар басқарды. Партком хатшысының қызметінде әр жылдары Әсет Нұрмұханбетов, Болат Иманқұлов; кәсіподақ комитетінің төрағалары болып Жеңіс Сахметов, Алпысбек Тұралықов, Мұратбай Төлегенов, Қанат Құрманғалиев еңбек етті. Шаруашылық кейіннен көптеген шаруа қожалықтарына бөлініп кетті. 

Фото Есеболат Жастары Діңгек.

Нұрсұлтан Есеболатовтың ескерткіші. Есеболатов ауылы, Ақсу ауданы 

  1941-45жж. Ұлы Отан соғысына ауылдан 112 адам аттанып, олардың 67-і майдан даласынан оралмады. Ауыл азаматы, 28 панфиловшылардың бірі–  ЕСЕБОЛАТОВ  НҰРСҰЛТАН  Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ауыл ортасында оған ескерткіш қойылған.

   Брест қорғанысына қатысушы жауынгер Рүстембек Рахимов - І-ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің және Герман және Жапон соғысына қатысқан Бабағали Балғабаев пен Қызайбек Алыбаев «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерінің иегерлері атанды. Майдандағы  ерліктері үшін 33 адам — КСРО ордендерімен, 79-ы  әртүрлі медельдармен марапатталды. Қазақстандық 88 комсомол қыздардың қатарында Қанымбике Мырзатаева, Қаншайым Батыршина 1942-46 жылдары қираған қаһарман Сталинград қаласын қалпына келтіруге қатысты. Олар туралы 1976 жылы  «Қазақфильм» киностудиясында  «Қазақстандық қаһарман 88 комсомол» атты деректі кино шығарылып, «Отты жылдар шежіресі» деген кітап жарық көрді.

 

   Адамбек Аманжолов, Жабықбай Солтанбеков, Шормақ Тойлыбаев, Әсет Қатарбаев, Қамидолла Тұрғанбаев, Данияхмет және Асқар Жантайлақов, Юсть Гартман, Тоқан Әлпиев, Қанипа Нысанбаева  сияқты азаматтар, өз істерінің білгір ұйымдастырушылары бола білді. Сол сияқты, механизаторлар — Әбіл Рысбеков, Мұратбек Рахимов, Мұсахан Қозыханов, ағайынды Рихард, Клара, Александр Шмидтер; слесарь — Қыдырма Досмырзанов; ұста — Александр Ангишанов; автомашина жүргізушілері — Әзентай Сауғанбаев, Арыстанбек Бұқарбаев, Бари Ақбаев, Бикүшков Төкен, Тұрсынбай Әлсейітов, Бауыржан Қазбанбетовтер  ауылға үлкен еңбек сіңірген абзал жандар.

 Ауылдың тұңғыш тракторшысы — Рүстембек Рахимовты, әйелдерден шыққан тракторшы — Балқия Шәріпованы, автомашина жүргізушісі — Ешмұханбет Кәріпбаевты басқалар үлгі тұтты.  

  Ауылдан шыққан белгілі адамдар: Қайнар батыр-«Ақтабан-шұбырынды» кезіндегі жоңғар соғысына қатысқан; Еңсегей Ер Еңсебек — 1916 жылғы патшаның қазақтан әскер алу саясатына қарсы шыққан; Ораз Дүйсебаев— Қазақ КСР түсті және қара металлургия вице- министрі; Солтабай Жаншабаев— аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;  Болат Айтжанов пен Қасымжан Қасымов — академиктер; Тоқтарбек Алыбаев–тракторшы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденінің иегері; аға шопан Білісбек Уәлиев; сауыншылар Ақмиса Дәркенбаева мен Галина Михайловна Ермакова облыстық атқару Кеңесінің депутаттары болған, «Еңбек Қызылту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегерлері; ұзақ жылдар бөлімше басқарған Қосымхан Рақимов, қос «Құрмет» және Алматы теміржолының бас диспетчері Әуесхан Еңсебеков–Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегерлері; Тұрғанбек Қорғанбаев — Ақсу МТС-нің тұңғыш жоғары білімді инженері; Нұртілеу Иманғалиұлы – аса танымал тележурналист: Тәжиев Сағатбек  - ауданымыздың әкімі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған,қазір зейнеткер; Қалимолда Байболов - ауданымыздың әкімі, Талғар ауданы әкімінің орынбасары болған, ; Исатай Шарипов-шаруашылық есепшісі, соғыс және еңбек ардагері, 6 медальдің егері; Әсетай Молдахметұлы Нұрмұханбетов - аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болған, Тұрсынбай Нұрахметов кеңшарлар партком хатшысы, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының орынбасары болған: Совет Нұрғалиев — ауданнан шыққан тұңғыш ұшқыш; Аманғали Балғабаев — көп жылдар бойы аудандық тұтынушылар қоғамында маман,  аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған; Ораз Жұмашев, Жамау Бұқарбай, Берлібек Аманбаев, Тілеухан Есеболатов, Мұхаметәлі Қазбанбетов–журналистер мен ақын-жазушылар; Марат Алыбаев — Қапал ауылының әкімі болған, тарих зерттеуші; Рауия Ысқақова–химия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің оқытушысы; Жанарбек Адамбеков — полиция полковнигі, МАИ қызметкері болған, Манарбек Адамбеков- Ақсу ауданының әкімінің бірінші орынбасары болған.

  Кейіннен, ауылдық округтер құрылғанда, Мейрембаев Байғызай және басқа да ауыл  белсенділерінің  ұсынысымен  оған және орталық ауылға да  Н.Есеболатов батырымыздың есімі берілді. 

  Ауылдық округтің алғашқы әкімі болып Амангелді Өміралин (1994-97),  одан кейін Болатқан Боранбаев (1997—2004),   Жанболат Төлепбергенов (2004—2016)  қызмет атқарды.

Ергалиев Жанай. Есеболатов ауылының әкімі, Ақсу ауданы

  2016 жылдың қараша айына ауыл округінің әкімі болып  Ергалиев Жанай Бексұлтанұлы сайланды. Ол Қарағанды экономикалық  университетінің  ««Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.  2008—2009 жылдары «Ақсу су құбыры» мекемесінде маман, 2009—2017 жылдары салық инспекторы болып жұмыс атқарды.

 

 

 Бүгінгі таңда Есеболатов  ауылдық әкімдігі аппаратында  Исанова Саягүл -бас маман;  Жайнарбеков Әділет — бас маман — салық  инспекторы; Сабитов Амир -жетекші маман;  Нуғман Назым — жастар ісі жөніндегі әдіскер  нұсқаушысы; Қорғанбаев Аслан -спорт нұсқаушысы  және Қиябаева Әсем — есептеуіш техника  бағдарламасының  маманы болып қызмет атқарады.    Сол сияқты, әлеуметік  қызметкер болып еңбек еткен Шүнитова Нишан  зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі әлеуметік  қызметкерлерАльсейтова Ая және Көктерекова  Сания. Учаскелік полиция қызметкері — Наваев Ерік,  кіші қызметкер — Брекеева Гүлдария. Мал дәрігерлік  қадағалау жөніндегі инспектор- Жиенбаев  Қуаныш.  

Есеболатов ауылы әкімдігінің қызметкерлері Ақсу ауданы


Есеболатов ауылы әкімдігінің қызметкерлері.  Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл округінде Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта, Қызылқайың орталау  және Тау самалы бастауыш  мектептері бар. (Олар туралы деректер жеке беріледі).

Есеболатов ауылдық кітапханасында.  Ақсу ауданы

 

Есеболатов  ауылдық  кітапханасы  — 1975 жылы ашылған. Сол кездерден бастап кітапханашылар болып Қаншайым, Бақыт, Нұрбану есімді мамандар және Сарыбаева Ардақ қызмет атқарды. 1988 — 1993 жылдары кітапханашы — Жырғалова  Нүргүл  болды.

1994 жылдың қыркүйек айынан кітапханашылық қызметті Тукенова Сандуғаш  атқарып келеді. Білімі жоғары, Қазақтың қыздар  педогогикалық  Институтын бітірген... Кітапханашы мамандығы бойынша еңбек өтелімі — 23 жыл.

2017жылдың көрсеткіші бойынша: Кітап қоры  -22944 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі — 11755 дана, оқырман саны — 837 оқырман келімі -11903. кітап берілімі- 22144

    Ауылдағы мәдениет  қызметкерлері: Сағымбаева  Асель — ауылдық клуб меңгерушісі,  Жинақов  Думан -  клубтың әдіскері және Жұмабекова Шолпан.              

   Ауылда бір ФАП бар, оның меңгерушісі болып Абиева Айгерім және басқа 10  қызметкер жұмыс істейді. Бір байланыс торабында Иргалиева Райхан жұмыс атқарады.

.Фото Есеболат Жастары Діңгек.Фото Есеболат Жастары Діңгек.

 

Ауыл округінде өткізілген көпшілік шаралардан...

 

Есеболатов ауылдық мешітінің ашылуы. Ақсу ауданы

 

 

Фото Есеболат Жастары Діңгек.Фото Есеболат Жастары Діңгек.

 

Фото Есеболат Жастары Діңгек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото Есеболат Жастары Діңгек.Фото Есеболат Жастары Діңгек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото Есеболат Жастары Діңгек.