Сайттың  бүгінгі парағында ауданымыздың мектептері туралы деректерді жариялауды жалғастырып отырмын. Олар, ауданның басты мектебі саналатын  Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы  туралы мақаламен басталған болатын. Бұл жолы  Сіздердің назарларыңызға ауданның алғашқы орта мектептерінің бірі Есмұрат Сиқымов атындағы мектебі  туралы деректер ұсынылады.

«Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі

мектеп жанындағы интернатымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

   1930 жылы Абакумов ауылында (қазіргі Жансүгіров ауылы)  2 сыныптық орыс мектебі ашылады. Ол 1935 жылы бастауыш, кейіннен 7 жылдық мектеп болады. Мектепке 1936 жылы В.И. Чапаевтың есімі беріліп 7 жылдық мектеп, кейіннен орта мектеп дәрежесіне ие болды.

  1992ж. мектеп жаңа үлгіде салынған 844 орынды ғимаратқа орналасып, оған Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Есмұрат Сиқымовтың есімі берілді. 2008 жылы 16 маусымында мектепке дейінгі шағын орталығы ашылып, мектеп «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» болып аталды.

2015 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп,  2016 жылы 1 қырқүйектен мектеп жанынан 81 орынды интернат ашылды. Интернатқа 1-11 сынып аралығындағы оқушылар 18 елді мекеннен қабылданды. Ең бірінші кезекте, мектебі жоқ және шалғай елді мекендердегі, сонымен бірге, көп балалы, әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларынан  оқушылар қабылданды. Интернат ашылуына байланысты мектептің атауы «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі», деп өзгертілді. Сонымен қатар, мектеп 2011 жылдан бастап ресурстық орталық болып табылады. Аудан мектептерінен магниттік мектептер болып Қаракемер, Кеңжыра, Қарашілік, Қ.Терібаев атындағы орта мектептері бекітілген. Аталған мектептің 10-11-сынып оқушылары күзгі-қысқы-көктемгі демалыс уақытында ҰБТ-ге дайындыққа келеді.

Мектепте барлығы 41 ұстаз қызмет етеді.  Олардың жоғары санаттағысы — 4; 1 санаттағы — 13 мұғалім және  ІІ санаттағы — 8  мұғалім.

Е.Сиқымов атындағы орта мектептің ғимараты Ақсу ауданы, Алматы облысы

Әр жылдардағы мектеп басшылары болғандар: Р.Бегдулин, С.Тоқтыбаев, Н.Хамитов, Н.Имангалиев, А.Қалқабаев, Х.Бейсенбаев, Е.Жақсылықов  (жылдары белгісіз архивте жоқ).

 

Әр жылдарда мектеп директорлары болғандар:

 

                        Ташкенбаева Райхан Жекенбайқызы

1934 жылы туған. Абай атындағы педагогикалық институттың орыс тілі мен  әдебиеті факультетін бітірген. Мектепте  мұғалім, содан кейін  1972—1977 жылдары директоры болды.


Қасымбеков Нұрбек Сарсенбайұлы

1934 жылы туған. Абай атындағы педагогикалық институттың неміс тілі факультетін бітірген. Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі. 1968—1972 жылдары Чапаев мектебін басқарды. 1972—1977 жылы аралығында Қ.И.Сәтбаев мектебінде директор болды. 1992—2000 жылдар аралығында Е.Сиқымов мектебінің директоры болды. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, Ақсу ауданының құрметті азаматы.

 

 

Исаев Асқар Дүйсенбайұлы

1941 жылы туған. Чапаев мектебінің түлегі, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 2001—2005 оқу жылдарында Е.Сиқымов мектебінде директор болды. Ақсу  ауданының құрметті азаматы.

 

 

 

Абитова Зайтуна Тастанқызы

1959 жылы туған. 1960 Қазақ қыздар педагогикалық институының орыс тілі әдебиет факультетін бітірген. 2005—2008 аралығында Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектепте директор болды.

 

 

 

Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы

1964 жылы туған. Өскемен педагогикалық институтын 1989 жылы бітірген. 2003—2008 жылдар аралығында Н.Есеболатов атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2008—2015 жылдар аралығында Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің директоры болды. «Үздік мектеп директоры – 2010» облыстық байқауының «Бас жүлде» иегері. 2015 жылдың қараша айынан бастап Ақсу ауданының білім бөлімінің басшысы.

 

 

Ибраимова Рахат Нығметбекқызы

1968 жылы туған. 1990 жылы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтты, 2004 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін және 2014 жылы Жетісу мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірді. 2008—2012 жылдары Қаракемер орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2012—2015 жылдары Мамания орта мектебінің  директоры болды.  2015 жылдың қараша айында  Е.Сиқымов атындағы орта мектептің директоры қызметіне тағайындалды. 2017 жылы облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауының 3-ші орын иегері. Алматы облыстық мәслихатының депутаты.

 

«Мектеп – кеме, білім — теңіз» дегендей, мектебіміз сан жылдар бойы мыңдаған ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Ұстаздан асқан ақылды, мейірімді, сезімтал жан жоқ. Алдыңғы толқын аға буынның ізін жалғастырып  шуақ шашқан, мектептің туын түсірмей атағын асқақтату үшін еңбек етіп жүрген ұжым мүшелерінің  қатары  жаңарып, жасарып отырады. Педагогикалық ұжымда өнегелі істерімен өз ісінің шеберлері саналатын, ұстаздық еңбек жолын аянбай білім беруге арнаған ұлағатты ұстаздарды мақтан тұтамыз. Атап айтсақ, Айдабаев Аюхан Мұқанұлы, Сейфульмаликов Ермұхамет Айтуұлы, Рамазанова Бағдат Сарноқасқызы, Нұрлыбекова Гүлжан Мейрамғалиқызы, Молдажанова Ұлтай, Байдалинова Рымхан Тәсібекқызы, Мұқашова Алмагүл Әбдікәрімқызы, Алтынбекова Гүлнәр Жанайбекқызы, Тұрсынқызы Нүрия, Самихова Гүлнар Келгенбайқызы. Мектептің жүрегі де, тірегі де – мұғалім. Өсіп келе жатқан ұрпақ адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан жылдарға жалғаса береді. Білім күші ең құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүріп отырады. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізе аламыз. Мектептің шаруашылық, тазалық жағдайын басты назарда ұстай білген мектептің шаруашылық меңгерушісі Сүлейменова Маншүк Исатайқызының еңбегі өлшеусіз.

 

Ұстаз деген ұлы есім

Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Мектебіміздің тарихында ұстаздық еңбектің ыстығына күйіп, суығына тоңған ардақты ұстаздарымыз көптеп саналады.

Оның ішінде: «Еңбектегі ерлігі үшін» төсбелгісінің иегері Стамбеков Қалибек; «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Құсмолдин Баянды Маманұлы; «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», Ақсу ауданының құрметті азаматы,  Қорғанбаев Бейсебек; Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздіктері Османбекова Факия Рахымбекқызы, Керімбекова Нұрсара Өмірбекқызы, Батырбаева Аймен Жолдасшайыққызы, Карибекова Несіпжамал Қалиқызы; «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Ақсу ауданының құрметті азаматы Айтбаев Амантай Айтбайұлы; «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталғандар Әбдіқалықова Дариға Итжанқызы, Жапарова Ұлжан Жапарқызы, Менисова Жолтай Менісқызы, Бейісова Сайра Ермұханбетқызы, «Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі» Жалмендина Сарқытжамал Жалмендіқызы; «Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері Төлегенов Ерғали Тұрғалиұлы, Қазақстан білім министрлігінің грамотасымен марапатталған Чукенова Дария Баяхметқызы мен Толғанбаева Сәулежан Тәңірбергенқызын мақтанышпен айтамыз.

 

Ұрпақтар сабақтастығы

2016 жылы Е.Сиқымов атындағы орта мектебінде «Аталар жолымен, ағалар ізімен» атты 50 жылдық түлектермен кездесу өтті. Кездесуге 1966 жылы мектепті бітірген түлектер келді: Мұқатай Немеребаев, Тойлыбай Қожахметов, Әділжан Сайынбөлеков, Сарқытжамал Жалмендина, Айымгүл Күнтайлақова, Күлжікен Төлендина, Шолпан Белдулина, Тұрсынай Төлепбергенова, Жұмагүл Қалиева. Осы 1966 жылы бітірген түлектерге неміс тілі пәнінен сабақ берген ұстазы Сайлаубек Алдабергенов келіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

2016—2017 оқу жылында мектепте ардагер ұстаздармен және құрметті азаматтармен кездесу өтті. Кездесуге Ақсу жерінің көркеюіне үлес қосқан аққуларымыз Жазылбекова Қалима Қожахметқызы, Сүлейменова Ляззат Жаңылысқызы, қол өнер шебері Есімжанова Рза Тұрсынзадақызы келді. Мектеп ұжымы мен оқушылар алыстан келген қонақтарды үлкен ықыласпен қарсы алып, зор құрмет көрсетті.

Чапаев орта мектебінің,  қазіргі «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ-нің түлегі Аймақтық менеджмент академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұқатай Немеребаев ағамызбен байланыс үзілген емес. 2017 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 70 жылдық мерейтойы аталып өтіліп, «Жаһандану заманындағы жаратылыстану және техникалық ғылым» атты республикалық конференция жоғары деңгейде өтті. Ұжым атынан бұл конференцияға мектеп директоры Р.Н.Ибраимова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Нұрлыбекова, мектеп психологы Р.К.Баймолдаева қатысып, ұжымның, жерлестерінің жүрекжарды лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.  

 

Түлектер – мектеп мақтанышы

Исабаев Исатай — Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, «Тарлан» сыйлығының лауреаты. 1965 жылы Мәскеу полиграфиялық институтын бітірген. 1967—1973 жыл аралығында Қазақ политехникалық институтында ұстаздық етеді. 1988—1991 Қазақ ҚССР баспа, полиграфия және саудасы жөніндегі комитеттің бас суретшісі қызметін атқарды. «Ана тілі баспасының» бас суретші-редакторы болып жұмыс істеді. 100-ден астам кітапты безендіріп көркемдеген, 1000-ға жуық графикалық және бейнелеу жұмыстарының авторы. «Абай», «Қазақ халқының тұрмысы», «Көкпар», «Шайқас» секілді циклды еңбектері халықаралық көрмеге қойылып түрлі жүлдеге ие болды.

Жұмашев Ораз — ақын, журналист. Ақсу өңірі газетінің бас редакторы, ҚАЗМУ–дің журналистер факультетін бітірген. Ақынның «Даладағы  ағындар», «Сезім сырлары» кітаптары баспадан шықты. 2009 жылы Жансүгіров ауылында Ораз Жұмашев атындағы көше берілді. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Қуатұлы Жармұхамет — 1959—1964 жылдары Елбасы Н.Назарбаевпен бірге  Қарағанды металлургия зауытында мыс қорытушы болып істеген. 1964 жылдың қыркүйек айынан 1971 жылға дейін аудандық мәдениет бөлімінде аға инспектор болып қызмет атқарды.

Немеребаев Мұқатай — 1970 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылысшы инженер факультетін бітірген. 1974 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 1989 жылы М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында жұмыстан қол үзбей – машиналардың аспаптардың және аппаратуралардың динамикасы, беріктігі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.1993 жылы — доцент атағы, ҚР білім және ғылым министрлігінін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 31 қазандағы шешімен техника ғылымдарының докторы, 2009 жылы — профессор ғылыми атақтары  берілді. Ақсу ауданының құрметті азаматы

Сабырбаев Ақыш Ғалымжанұлы — Отан Соғысының ардагері ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», Қазақстан Республикасының Құрмет ордендерінің иегері.  Ақсу ауданының  құрметті азаматы.

Жақсылықов Ермұхамет — 1967 жылдан Республикалық Туризм Советінің төрағасы  болған, 1974 жылы  Алматы қаласындағы «Алатау» қонақ үйі, ал, 1976 жылы «Медеу» шетелдік қонақтар келетін қонақ үйінің ашылуына үлес қосқан. 2006 жылы «Әр кездегі толғаныстар» кітабы шыққан. «Екі рет Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендері медальдарымен Республикалық құрмет грамотасымен марапатталған.

Қасымов Қасымжан Тәңірбергенұлы — биология ғылымдарының докторы. Қазақтың ауыл шаруашылығы академиясының академигі. Ресей ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент мүшесі. Көптеген ғылыми мақаланың және монографиялық еңбектердің авторы.  12 ғылым докторын,  46 ғылым кандидаттарын дайындаған.

Мусанов Дубек — КазМУ-дің  филология факультетін бітірген. Ақынның қаламынан туған «Киелі тас» повесі «Ағынды менің Ақсуым» кітабы «Күй туралы аңыз», «Бөрібай батыр», «Құдайдың тізімінде қалған адам», «Қасым сондай болмаса» атты дастандары жарық көрді. 2007 жылы «Жүректегі шуақтар» кітабы жарыққа шықты. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Уалиұлы Сатыбалды — Ақсу өңірінен шыққан алғашқы математика ғылымдарының кандидаты. Жансүгіров поселкесінде оның  атына көше берілген.

Ысқақов Амантай Тәңірбергенұлы — Алматы шет тілдер институтын бітірген. Германиядағы Лейпцик университетінің жоғары курсын бітірген. Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздік қызметкері. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Аязбаев Ахат — Қарағанды тау-кен институтын бітірген. Қарағанды көмір бассейнінің директоры болды. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Сеңкібаева Ажар Сәрсенбайқызы — Алматы қыздар педагогикалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Аудандық комсомол, партия комитеттерінде жауапты қызмет атқарған., аудандық партия тексеру комитетінің төрағасы болған. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Аманбаев Берлібек Ырысбекұлы — Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1986 жылдан «Ақсу өңірі» газетінде тілші, жауапты хатшы. Ақынның «Тұнғыш сыр сапар», «Жайдарман», «Мөлдір» бастаулары атты өлең жинақтары бар. Ақсу ауданының құрметті азаматы

Қасымбеков Қалмұхамбет — Аудандық, облыстық грамоталардың иегері. «Еңбектегі ерлігі үшін» «Астананың -10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. 1976- 1980 жылдар аралығында совхоз аралық автобаза директоры болды. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Алыбаев Талғат — Ақсу аудандық музыка мектебінің директоры болды. Жансүгіров атындағы университеттің музыка факультетін үздік бітірген. Осы оқу орнында кейінгі жылдары ұлт аспаптарының кафедра меңгерушісі болған. 

Фазылжанов Мұрат Фазылжанұлы — Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектептің директоры болды.  «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Құрметті қызметкері» медальдарымен марапатталған. Ақсу ауданының құрметті азаматы

Мұхаметшарұлы Дүйсен — ҚАЗГУ – дың журналистика факультетін  бітірген. «Ақсу өңірі» газетінің редакторы болды. Ақсу ауданының құрметті азаматы

Сүлейменова Ләззат Жаңылысқызы — Талдықорған педагоикалық институтының математика факультетін Ресей мемлекеттік әлеуметтік қатынастар институтын бітірген. Чапаев мектебінде ұстаз болды. 1986 -1990 Талдықорған облыстық жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 1997 жылдан Талдықорған қалалық әкімінің ішкі саясат бөлім меңгерушісі болды. Қазіргі кезде Астана қаласында,  Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Ақсу ауданының құрметті азаматы

Житкеев Асхат — Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебінің түлегі Мюнхен  қаласында «Дзюдодан» өткен Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 1997 жылы Өзбекістанда, 1998 жылы Турцияның Измир қаласында, Германияда Бреминг қаласында, Анкарада алтыннан алқа тақты. Пекин олимпиадасының  күміс жүлдегері. Ақсу ауданының құрметті азаматы

Лаизиди Лазо — Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебінің түлегі. Үш дүркін грек-рим күресі бойынша чемпион болды.

Қоқанов Ахат — Қазақстан Республикасының еркін күрестен қола жүлдегері. Екібастұзда, Қытай халық республикасында өткен Халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Уатхан Әлем — Еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы болған.

 

 

Мектеп ұжымы

Оңнан солға қарай:

1-ші қатарда тұрғандар: Жұмағалиева Д., Бейсембаева Ш., Аманжол Н., Айдабаева А.Ө., Байырханова К.И., Байдалинова Р.Т., Кикимова З.С., Ахмолдаева Р.Н., Самихова Г.К., Қыдырманова А.Н., Ибраимова Р.Н., Рамазанова Б.С., Мукашева А.Ә., Нұрлыбекова Г.М., Суюмбаева А.С., Қасымбекова А.А., Ескендирова М., Шоқанова С., Тельгозина А., Жанат А., Мұхамет Ж.

ІІ қатардағы: Нүсіпхан З., Оспанов Қ.М., Құрайыш А., Мухамедиева М.М., Еркмалиева А.М., Маукенова А.Н., Рысдаулетова Б.Т., Тоқыш М., Бейсен Н., Елубаев А.Е., Рафиков С.Н.

 

 Мектеп әкімшілігі

 

Ибраимова Рахат Нығметбекқызы – мектеп директоры.

Алматы облыстық мәслихаттың депутаты, “Шоңай батыр” бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық директорлар кеңесінің мүшесі, Білім магистрі, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамотасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.

 

 

 

 

 

Дәуренбекова Гүлназ Намазбекқызы — директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары


Нұрлыбекова Гүлжан Мейрамғалиқызы — директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 


Баймолдаева Роза Келгенбайқызы – мектеп психологы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сейфульмаликов Ермухан Айтуұлы АӘД пәнінің мұғалімі.


Салиева Динара Бақтыбайқызы педагог-ұйымдастырушы.


Рысдаулетова Ботагөз Тынысбекқызы  мектеп жанындағы интернаттың меңгерушісі


Оспанбекова Айгерім Жұмабекқызы әлеуметтік педагог

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектептің 2017—2018 оқу жылындағы жетістіктері

Е.Сиқымов атындағы орта мектебі облыстық «Үздік ауыл мектебі – 2017» байқауының ІІІ орын иеленсе, аудан бойынша «Ең үздік білім беру ұйымы – 2017» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар,  облыстық «Үздік ресурстық орталық», «Білім беру ұйымының үздік жоспары» байқауларында жүлделі ІІ орындармен марапатталды.

Мектеп ұжымының іс-тәжірибесі Халықаралық үлкен энциклопедияға енгізілді.

2014—2015, 2015—2016 оқу жылдарында мектепті 2 үздік оқушы (Кабулова Аяулым, Жәнібек Исламбек) аяқтаса,  2016—2017 оқу жылында Досымханқызы Жанель «алтын белгі» белгісімен, Мұратбекова Бибі «үздік» аттестатпен аяқтады.

Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінің базасында өткен аудандық «Ең үздік жыл психологы — 2017» байқауында Роза Баймолдаева жүлделі 2-ші орынды иеленді.

«Мен осылай жасаймын» атты критериалды бағалау педагогикалық идеялар аудандық фестивалінде (сырттай байқау) М.Мухамедиева 1-ші орынды; «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында Р.Н.Ахмолдаева 2-ші орынды; «Үздік кітапханашы» байқауында, кітапханашы Ж.Мансурова 2-ші және «Ең үздік дефектолог» аудандық байқауында М.Ескендирова Бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.

«Ұлттық интернет олимпиадасынан» А.Н.Жиенбаева,  Г.Н.Дауренбекова және  Мухамедиева 2-ші орынды, ал  А.Қ.Жанат 1-ші орынды иеленді.

2017 жылдың 30 қазан күні Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің базасында өткен аудандық Кіші Ғылыми Академиясының ғылыми-тәжірибелік  конференциясында Самат Манас «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша (жетекшісі А.Оспанбекова), Балтабаева Гауһар «физика» бағыты бойынша (жетекшісі Н.Аманжол) және Мәтен Еңлік  "құқық"  бағыты бойынша (жетекшісі Д.Салиева) жүлделі 2-ші орындарға ие болды.

Аудандық «Дарын» ғылыми-жоба байқауында өлкетану секциясы бойынша (география) 10-сынып оқушысы Сейілханова Еркежан 1-ші орынды иеленіп, облыстық «Дарын» ғылыми-жоба байқауында жүлделі 3-ші орынмен марапатталды. (Пән мұғалімі — Рамазанова Б.С.)

2017 жылдың 17 қараша күні Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің базасында өткен аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасында 11-ші сынып оқушысы Бөгенбай Сәуле «Жас ғалымдар» бағыты бойынша жүлделі 1-ші  орынды иеленіп, сонымен қатар Астана қаласында өткен «Мы. Наука. Казахстан» Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, 3-ші  орынды иеленді. (Жетекшісі — Р.Н.Ибраимова).

Шаймерден Нұрай  - Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының 2-ші  орын иегері атанды.

Аудан көлемінде өткізілген жерлесіміз «Құдаш Мұқашев» оқуына Бөгенбай Сәуле қатысып,  Бас жүлдеге ие болды. (Жетекшісі — А.Н.Кыдырманова).

Жеңіс Айнұр — «Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің» атты облыстық шығармалар байқауына қатысып, 3-ші орынды иеленді.

Талдықорған қаласындағы «Жетісу» телеарнасында ұйымдастырылып жатқан «Зерде» интеллектуалды ойынына 11-ші сынып оқушысы, Әсет Ақжол қатысып, 2-ші айналымға жолдама алды.

Аудандық пән олимпиадасына мектебімізден барлығы 31 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлдегер атанды. Жүлделі 1-ші орынмен марапатталған оқушылар: география пәні бойынша Әкімбек Асқар (жетекшісі — Б.С.Рамазанова); информатика пәні бойынша  Тыныбай Гүлзира (жетекшісі — Г.М.Нұрлыбекова); 2-ші орынмен марапатталған оқушылар: биология пәні бойынша Әмірбай Динара (жетекшісі — Р.А.Нүсіп), Нұрмұхамет Толғанай (жетекшісі — А.А. Мұқашева), физика пәні бойынша Салкеев Нұрлан (жетекшісі — Н.Аманжол), орыс тілі пәні бойынша Жеңіс Айнұр (жетекшісі — Г.К.Самихова), ағылшын тілі пәні бойынша Бекишева Тоғжан (жетекшісі — Н.Тұрсынқызы), Қазақстан тарихы пәні бойынша Жанибеков Нияз (жетекшісі — Қ.А.Сулейменов), математика пәні бойынша Тұрсын Бекбол (жетекшісі — Е.Ж.Мусагалиев); 3-ші  орынмен марапатталған оқушылар: математика пәні бойынша Түгелбай Үйсінбек (жетекшісі — А.Кеңесбаева), Жанат Лаура (Ж.Мұқамет), қазақ тілі пәні бойынша Сейден Әлия (жетекшісі — А.Оспанбекова), орыс тілі пәні бойынша Абай Әли (жетекшісі — Г.К.Самихова), ағылшын тілі пәні бойынша Бахытова Камилла (жетекшісі — З.Нүсіпхан), құқық пәні бойынша Тлеулин Адай (жетекшісі — Д.Б.Салиева).

Пән олимпиадасының облыстық кезеңіне 9-шы сынып оқушысы Әкімбек Асқар география пәні бойынша (пән мұғалімі — Б.Рамазанова) және 10-шы сынып оқушысы Тыныбай Гүлзира информатика пәні бойынша (пән мұғалімі — Г.Нұрлыбекова) қатысып, жүлделі 2-ші  орындарды иеленді.

Талдықорған қаласында өткен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Алматы облыстық Бірінші слёті ұйымдастырылды. Өткен оқу жылында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, біздің Е.Сиқымов атындағы орта мектебімізге келіп, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған мобильдік топпен бірге «Адал ұрпақ» еріктілер тобының өнерін тамашалаған еді.

Сол кісілердің арнайы шақыруымен 7 оқушыдан құрылған «Адалдық» тобы Жәнібеков Нияз, Шабетова Сымбат, Молдажан Сая, Бөгенбай Сәуле, Құдайберген Шыңғыс, Уалиева Эльмира, Бидахмет Анель бірінші слётке қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар кубокпен, «Белсенді топ» номинациясымен марапатталды.

 

Қосымша біліммен қамту

Мектебімізде Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның, Ақын-Сара, Молықбай атындағы мәдениет үйлерінің, Исабай Исатаев атындағы өнер мектебінің мұғалімдері  домбыра, виолончель, қобыз, саз сырнай, шертер, сурет, ән, би үйірмелерін өткізеді. Үйірмелерге барлығы 170 бала қатысады (47,6%), спорт бағыты бойынша – 74 (20,8%), эстетикалық бағыт бойынша – 96 (26,8%).

Қосымша біліммен қамту нәтижесінде оқушыларымыз түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Алматы қаласында өткен І Халықаралық «Amanat music» конкурс фестивалінде Көшербай Аминат жүлделі 1-ші орынға ие болса, Тортай Ержан номинациямен марапатталды. Жетекшісі — Абашев Дамир.

Талдықорған қаласында оқушылар сарайында Республикалық «Дарабоз» өнер байқауына аспапта ойнау жанры ішінде сазсырнай аспабы бойынша мектебіміздің оқушылары Тортай Ержан мен  Қалмұхамбет Әдемі 1-ші орынға, Көшербай Адиля мен  Мақатқызы Мәрмәр 2-ші орынға ие болды. Жетекшісі — Абашев Дамир.

Еркін күрестен Текелі қаласында өткен Алматы облысының чемпионатында Сәлімғазы Алмат жүлделі 2-ші  орынға ие болды.

Сарқан қаласында жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілігінде Биғалиев Рауан мен Қыдырмолда Айбек жүлделі 3-ші орындарды иеленді.

Аудандық «Өнер» мектебінің базасында «Туған жер» бағдарламасы аясында бейнелеу өнері бағыты бойынша өткен жарыста Нұртай Елбол жүлделі 1-ші орынға  (мұғалімі — А.М. Еркмалиева), қазақтың қолөнері бағыты бойынша Серікхан Ерзат жүлделі 3-ші орынға ие болды (пән мұғалімі — А.М.Адильбаев).

Сарқан қаласында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент» күніне арналған аудандық ашық біріншілікте волейболдан қыздар командасы жүлделі 1-ші  орынмен марапатталды (жаттықтырушысы — С.Н.Рафиков).

Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық чемпионатында Жумабай Елдар жүлделі 1-ші орынға ие болса, Молдағалиев Марат номинациямен марапатталды.

 

Мектеп қабырғасында өткен аудандық  іс-шаралар

2017 жылдың қараша айында мектепте аудан көлемінде «Bilim Land ресурстарын тиімді пайдалану жолдары» атты семинар өткізілді. Семинарда метеп мұғалімдері А.Маукенова, А.Кеңесбаева, А.Қыдырманова, Н.Тұрсынқызы, Р.Байдалинова, А.Қасымбекова сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп, тәжірибе алмасты. Г.К.Самихова 11-сынып оқушыларымен «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізсе, Қ.Оспанов on-line режимінде Bilim Land ресурстарын пайдалану жолдарымен таныстырып өтті.

2017 жылғы 21 қараша күні «Бастауыш сыныпта инклюзитивті білім берудегі өзекті мәселелер» тақырыбында Ақсу ауданының білім бөлімі мен «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» ұйымдастырылуымен мектебімізде семинар өткізілді. Семинарға әр мектептен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және логопед, дефектолог мамандары қатысты.

Мектебімізде қаңтар айында аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары арасында семинар өткізілді. Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан Есімбекова Бахыт Оразаевна келіп, мектептегі психологиялық жұмыстар, тәрбие жұмысын жоспарлау, ата-аналармен жұмыс жоспарларымен таныстырып, әдістемелік көмек көрсетті.

 

Мектепке робототехниканы ендіру – жаңашылдыққа ұмтылу жолы

Мектебіміз робототехниканы ендіру мақсатында Жетісу мемлекеттік университетімен, “Робототехника” орталығымен келісімшартқа отырып, “Робототехника” үйірмесі ашылып, жұмыстар жүргізілуде.

ЖМУ қызметкерлері келіп, 6-11 сынып оқушылары арасында Робот туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алдағы міндеттер:

  • Мектепке демеушілік көмек арқылы робот алу;
  • Роботтарды электронды жүйе арқылы құрастыру;
  • Робототехника бойынша облыс мектептерімен байланыс орнату, тәжірибе алмасу.

 

Туған жерге туыңды тік...

2015—2016 оқу жылы мектеп ауласын көгалдандыруға байланысты жеке кәсіпкер, мектеп түлегі С.Дауытов бастаған түлектердің  демеушілігімен  350 мың  теңге қаражатқа 50 түп қарағай, туя, арша, шырша  ағаштары отырғызылып, «Мәңгілік ел» қарағайлы бақ аллеясы ашылды. Осы баққа мектеп түлегі, ауданның құрметті азаматы Б.Еркеновтың демеушілігімен 100 мың теңгеге 4 түп шырша отырғызылды.

Жеке кәсіпкер Ж.Тілеужановтың демеушілігімен 100 мың теңге қаражатқа мектептің мәжіліс залының сахнасы жасалынды.

Мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты Р.Ибраимова 150 мың қаражат көлемінде, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, мектеп түлегі С.Жакупов 100 мың теңге  көлемінде демеушілік жасап, мектептің ауласын абаттандыру  мақсатында оқушыларға арналған демалыс алаңы, орындықтар жасалынды.

2016 жылы 50 жылдық кездесуге келген түлектердің көмегімен 80 мың теңге қаражатқа питунья, канн, раушан гүл отырғызылды. Мектеп директоры Р.Н.Ибраимованың өз қаражатына 41 түп қайың, мектеп ұжымының тарапынан 16 түп алма-ағаштары егіліп, мектеп ауласы көгалдандырылды.

Жеке кәсіпкер Ерғалиева Ғалия, ұжым мүшелері мектептің тұлдыр жетім оқушыларының жеке есеп шоттарына үнемі қаражат аударуда.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптың құндылығын аса жоғары бағалайтын, жас ұрпақтың тәрбиесіне бей-жай қарамайтын ауданымыздың құрметті азаматы, ардақты ағамыз Серікбек Серпербайұлы жақсы бастама бастап, өзінің жинаған 500-ден аса кітабын мектеп жанындағы интернатқа сыйға тартты.

 

Алдағы міндеттер:

  • Облыстық бюджет есебінен мектеп жанындағы интернат оқушыларына монша салу;
  • «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында мектеп жанынан демеушілік көмегімен жылыжай ашу;
  • Мектепті демеушілік көмек арқылы роботпен қамтамасыз ету.