Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы  ауылдық округтері туралы  жарияланған ( алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері  әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, сондай азаматтар туралы  (лайықты  деп санасаңыздар) деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

Ойтоған ауылдық округі  Ақсу ауданы

   

Ауылдық округі құрамына   Ойтоған және Үлгілі  елді мекендері кіреді. Округ орталығы - Ойтоған ауылында орналасқан.  Жер көлемі 0,9 мың шаршы шақырым.  Халық саны – 1,0 мыңға жуық.

Округте  І.Жансүгіров    атындағы   орта  мектеп,  дәрігерлік   амбулатория,  2 кітапхана,  пошта бөлімшесі,  учаскелік полиция  пункті, мал дәрігерлік  пункт, наубайхана,  бірнеше сауда орындары  халыққа қызмет   етеді.

70-тей шаруа қожалықтары  жұмыс істейді. Пайдаланып жүрген  ауылшаруашылық  жері -  40 мың га. Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

        Ойтоған   ауылы   аудан орталығынан  солтүстік – батысқа  қарай  50 шақырым  жерде, Ақсу  өзенінің  жағалауында  бозғылт  сұр топырақты, қуаң- шөлейт  белдемде  орналасқан.  Жеріне  сәйкес  боз, бетеге,  бұйырғын, баялыш сияқты  өсімдіктер  өседі. 

   Ауыл мол  тарихы  бар  мекендердің бірінен  саналады. Ойтоған  ауылы - топырағынан қазақтың көрнекті жазушысы, ақиық ақын, қазақ әдебиетін  қалыптастырушылардың бірі - Ілияс  Жансүгіров, қобызын күбірлеткен - Молықбай күйші, арынды ақын -  Толғанбай, есімдері ел аузында жүрген  Шоңды, Құлдыбай, Әбсалаң, Қарабай, Болатшы, Смағұл, Саурық, Сұранбай, т. б. айтулы  азаматтар  өрбіген  мекен.

    1930 жылы Ақсу ауданы құрылғанда ауылдың  Балабеков Есенаман, Әділбеков Оспан,  Тоғанбаев Рғымбай,  Рахметов  Қайролла,  Шынасілов Шамай, Сүлейменов   Солтанғазы,  Жілікбаев  Нұрмолда сияқты азаматтары  аудандық, облыстық   мекемелер  басшылығына  тартылады. Ш. Шынасылов  министрлік  қызметке дейін көтерілген. Олардың бәрі сталиндік  қуғын – сүргінге   ұшырайды.

    1936 жылы    ұжымшарлар   құрыла бастады.  Сол кезде қазіргі ауыл  аумағында   «Қызылтаң»,   «Тесіктоған», Молотов атындағы , « Жаңалық»,  «Белтоған»,  « Бұрған »,  « Үлгілі » және « Науатоған » сияқты  ұжымшарлар болды. 1937  жылы барлық ұжымшарлар бес шаруашылыққа  біріктірілді. 1950 жылы «Қызылтаң», «Тесіктоған»,  Молотов атындағы,  «Жаңалық» және «Үлгілі» ұжымшарлары  Молотов атындағы шаруашылыққа  біріктірілді.  Оның  төрағалығына  Темірғали  Жөңкебаев  сайланды. «Үлгілі» сол кезде аудан көлемінде  экономикасы, мәдени – әлеуметтік  жағынан ең озық шаруашылық болды.

   1941-45 жылдары Ұлы Отан  соғысына   ауылдан 241  ер  азаматтар  аттанып, 112 боздақ оралмай,  майдан  даласында  қалды.

  1957 жылдың басында Молотов  атындағы  және «Қызылтаң» ұжымшарлары біріктіріліп,  «Қызылтаң»  кеңшары құрылды. Оның алғашқы директоры К. Амандосов, партком хатшысы Б. Болатбаев болды. Одан кейін директор қызметін Асқар  Біржанов  (1957 -59), Саяқ  Смағұлов ( 1959-60), Нартай Дәндібаев (1960-63), Қанабек Заманов (1963-72), Серікқажы Садуақасов (1972-92), Бүркіт Жұмағалиев (1992 -95ж)  атқарды.

   1997 жылдардан кейін шаруашылық   Ойтоған, Үлгілі және Бұлан ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары болып тарайды.

    Кеңшардың  көрікті мекенге айналуы, экономикасы  өркендеп өсуі  Н. Дәндібаев  басқарған кез еді. Қой саны 70 мыңнан асатын. Сол жылдары Н. Дәндібаев Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесіне  депутат  болып сайланды.

    Қ. Замановтың   басшылығы кезінде  де 3 қабатты  мектеп, балабақша,  машина–трактор жөндеу шеберханасы, клуб салынды. Ол  «Еңбек Қызыл  Ту» орденімен  марапатталды. 1984 жылы  шаруашылық   Бүкілодақтық   социалистік жарыстың  жеңімпазы  деп танылып,  ауыспалы Қызыл Туды жеңіп алды. 

     Шаруашылық еңбеккерлері: Жақабыл Жәнәбілов — 2 мәрте «Ленин» орденімен; Қажыкен Ыдырышбаев — «Еңбек Қызыл Ту»  және «Ленин» ордендерімен;   Аманжол  Әбәсілов, Дәрібек Алтынбеков,  Нұрлыхан Ысқақов -«Ленин» орденімен;   Дәулетбек Әміренов,  Өнербек Жарықбасов,  Тоғжан Қыдырманов,  Елужан Бейсекенов,  Бидахмет Әбдилдин,   Қазбек Қанатбаев,  Қалқаман Әмірғожин,  Саяқ Құрманбаев,  Қабдікен Рысбеков,  Күлән Нүсіпова,  Қыдырма Рахметов — «Еңбек Қызыл Ту» орденімен; Көшербек Бейсенбеков және Шаймұрат  Нұрдаулетов  - « Еңбек  даңқы» орденімен 2 мәрте; Батқалов Қаржаубай —  «Еңбек  даңқы» орденімен және Айтқали Уалиев — «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

   Ауылдан шыққан белгілі азаматтар:  Талапбек Сұлтанбеков — жазушы; Нұрмолда  Жілікбаев -  Қазақстан Компартиясы  ОК  жауапты қызмет атқардған; Құрманбай  Жанбаев – шопан, Социалистік Еңбек  Ері  атағының иегері; Тұрысқали Мәдіғожин – КСРО-ға еңбегі сіңген ұшқыш, Сайлаубек  Дүйсембеков — Қазақ  ССР Жоғарғы Кеңесінің  депутаты болған,  Ақшамбек Барысбекұлы – ҰҚК ұзақ жылдар еңбек еткен, зейнеткер; Мұратқали  Нұғыманов – Батыс Қазақстан  Азаматтық авиация орталығындағы әуе байланысы мекемесінің  директоры болған;  М. Құлдыбаев – биология ғылымдарының докторы; С. Аубакиров  — Ұлттық  техникалық  Академиясының  кафедра меңгерушісі болған;  Серік Жәнәбілов – жазушы; Талғат Батырханов – журналист;  Жаңабаев Әбіләкім  Қожымбетұлы – аудандық ауылшаруашылығы басқармасында нұсқаушы, шаруашылықтарда бас есепші болған;  Қанат  Досқалиев –  «Матай» шаруа қожалығының  басшысы,  Ақсу ауданының құрметті азаматы  және т.б.

И.Жансүгіровтың ескерткіші Ойтоған ауылы Ақсу ауданы


И.Жансүгіровтің бюсті. Ойтоған ауылы Ақсу ауданы

И.Жансүгіровтың ескерткіші Ойтоған ауылы Ақсу ауданы

 

«Қызылтаң» кеңшары  құрылғаннан кейін  партком  хатшысы болғандар: Б. Болатбеков, Әбдікен Бармақов, Сейілхан Мусин, Сейпілмәлік  Рамазанов,  Ақан Қайырбеков,  Рақымжан  Майлин,  Бидікен  Тойшыбеков,  Жұмагелді  Игіліков

   Ойтоған ауылдық  Кеңесі төрағасы  қызметін  Мәнтай   Әбдіхамитов (1948-54) және одан кейінгі кезеңдерде  Нұржамал Жаңақайырова, Қанатхан Мусин,  Мырзахан Мухамедиев, Қантай Әбдіхамитов, Нұрғабыл Тұрсынбеков, Амангелді  ӘбдіғаппаровҚантай  Дәндіғұлова және  Елубек Қожабеков  атқарды.

   Ойтоған ауылдық округінің  алғашқы  әкімі  — Елубек  Қожабеков болды, ал,  одан кейін ол қызметті Кеңесхан  Тоғжанұлы Қыдырманов, Қайрат Асқарұлы  Исаев, Берікбол Атағозин, Мақсат  Тілеукенұлы Қосмиллионов, Серікбай Тұрарбекұлы Сақмолдин   атқарды.

  2017  жылы  ауыл  әкімі болып  Тұрсыннұр  Тұрысбекұлы  Білісбек сайланды.  Ол,  1958ж. туған.  Қазақтың ауылшаруашылық институтын «агроном»  мамандығы бойынша  бітірген. Шаруашылықтарда  агроном,  облыстық ауылшаруашылық басқармасында жетекші маман болды.  2008—2017 жылдары  Көшкентал ауылдық округ әкімі қызметін атқарды.

 

Тұрсыннұр  Білісбек   Ойтоған ауылдық округінің  әкімі.  Ақсу ауданы


Ойтоған ауылдық округі әкімдігінің ғимараты   Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдық округ әкімдігінің  бүгіндергі қызметкерлері:  бас  маман -  Мақсат   Қосмилианов,  есепші маман -  Ләззат  Жандайбекова,  агроном бас- маман – Серікбай  Тұрарбекұлы  Сақмолдин, компьютерлік бағдарламашы  – Лаура Жанабаева, жастар жөніндегі әдіскер –нұсқаушы  – Шернияз Нұрланұлы,  ауылдық спорт жөніндегі әдіскер -нұсқаушы – Ұлан Жесекбаев,  әлеуметтік қызметкер – Айдана  Қабидолдаева. Бұрындары әлеуметтік  қызметкер болып жұмыс  атқарған Айжан  Бижігітов-  қазір еңбек демалысында.

  Ауылдың учаскелік полиция  инспекторы –  Еркін  Бабашев.

  Ауылда  І.Жансүгіров    атындағы   орта  мектеп бар. (Ол туралы деректер жеке беріледі).

Ойтоған ауылдық учаскелік аурухана

  1963 жылы 25 орынды ауылдық учаскелік аурухана  ашылды.  Содан бастап  аурухананың бас дәрігері  болып, Мэлс  Кенжебаев,  Жеңіс Абдрахманов, Абдолла Мақұлбаев, Баймұқа Шаяхметов, Клара Мұхаметовалар  жұмыс атқарды. 1985  жылдан аурухананың  бас дәрігері болған Еріксұлтан  Бижігітов, қазіргі таңда дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі   қызметін  атқаруда. Тіс дәрігері  болып 41 жыл еңбек  еткен Жақсыбаев Оралтай, қазіргі таңда  зейнеткерлік демалыста. Нұргүлсім  Бікенбаева  зейнеткерлікке  шыққанша,  ұзақ жылдар «Үлгілі» ауылдық фельдшерлік пунктінде қызмет атқарды.

   Бүгіндері ауылдық амбулаторияда  Аязхан Тыныбаева мен Қарлығаш Қыдырманова - мейірбикелер; Еділ  Ахметкәрімов пен Елдос  Әлімбеков - медбраттар және Сымбат  Тыныбеков  — фельдшер болып жұмыс істейді.

Ойтоған ауылдық поштасы

. Ауылдық поштада – Рамзан  Исабаев, Нұрсапа Мұхамадияров, Бибі Сүлейменова, Тұрсынбала Кемешова, Зүбәржат  Қыдырманова, Нұрлан Беков, Ләззат   Жандайбекова, Гүлсанат  Қожабековалар жұмыс істеген, қазіргі кезде  Құралай Жұмабекова қызмет  істейді

     Ауылдағы мал  дәрігерлік пунктінде, оның меңгерушісі болып Ажар Тұрсынбекова; маманы – Мирас  Байдарханов, санитарлары – Асан Малсақов, Мадияр Нұршабаев, Сұлтан Қаратаевтар жұмыс істейді.

     Нұрлан   Беков, Амангүл Сағынғанова және Бақыт  Долбақова Ақсу  аудандық «Су құбыры» мекемесінің жұмысшылары ретінде  Ойтоған, Үлгілі  ауылдарындағы ауыз  су жүйелері жұмысын қамтамасыз етеді.

    Ауылдағы электр жүйелерінің мамандары – Ержан  Жанасілов,  Әділхан Қадылхан және Жанар Қарынова.  

Ойтоған ауылдық клубы

    Ауылда 1963 жылы Мәдениет ошағы — клуб салынып, оның алғашқы  меңгерушісі – Назарбек  Әмірғалиев болады. 90-шы жылдары клуб жабылады да, 2008 жылы  қайта өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде  ауылдық клубтың меңгерушісі – Сейсенова Шолпан , әдіскері – Бекова  Элмира, музыкалық  жетекшісі  — Есенбаев  Махамбет. 

     Ауыл кітапханасы 1957 жылдан бастап   істейді, оның алғашқы меңгерушісі- Амантай Тынбаева, одан кейін  - Сарқыт Өмірбаева, Қағазбек  Қайыпбаева, Қарлығаш  Оразбекова, Айгүл Құлжабаева, Ардақ Медеубаева және Жәмилә Майлыбаева болды. 2007 жылдан кітапханашы болып  Айсұлу Сағымбаева қызмет атқарады. Ойтоған ауылдық кітапхана  жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіп, халыққа қызмет етуде.

 

 Ойтоған  ауылдық  кітапханасының  негізгі көрсеткіштері: оқырман саны — 695, оның ішінде балалар саны — 180, оқырман келімі- 6650, оның ішінде балалар саны- 2548. Кітап қоры-11529 дана, оның қазақ тіліндегісі-7964 дана.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл округінде өткізілген көпшілік шаралардан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханаға қойылған көрмелер  тізбегі:

 
   

Кітапханада өткізілген шарлар: