Сайтымның осы парағында, ауданымыздың Сағабүйен ауылындағы балалар саз мектебі туралы деректер беріліп отыр. Осындай   ауылдық жерде орналасқан және 30-жылдан астам нәтижелі жұмыс атқарудағы  өнер мектебі елімізде некен-саяқ шығар. Және оның құрылып-ашылуына «мұрындық» болған, оның алғашқы күнінен бүгінгі дейін директорлығы қызметін  абыройлы атқарып келе жатқан бір ғана азамат - Аитов Азамат Төкенұлы екенін де ерекшелеп айтуға болады. Қабыл алыңыздар!

 

 

  Сағабүйен балалар саз мектебі 

  Мектеп 1986 жылы ашылған. Оның  алғашқы директоры болып тағайындалған Аитов Азамат Төкенұлы, содан бері сол қызметті атқарып келеді. 

Сағабүйен балалар саз мектебінің ғимараты 

 

  Алғашқы жылдары мектепте домбыра, домбыра-прима, қобыз, баян, фортепиано, бас қобыз мамандықтары бойынша 70 оқушы қабылданып, 12 мұғалім аталған мамандықтар бойынша дәріс берді. 1986—1992 жылдар аралығында М.Хамитова, Р.Хамитова, К.Алпысбаева, Г.Ашимова, Е.Нұрхасенов, Ғ.Базарбаева, М.Әмірқожанов, Г.Киргизханова, Б.Баймуханова, Р.Егінбаева, Қ.Қамалбаев, М.Алыбаев сияқты мұғалімдер жұмыс жасады.

 1992—1998 жылдары М.Әмірқожанов, Ү.Мұқанов, Т.Әбішева, Б.Урисбаев, А.Садыханова, Қ.Ибраимова, Б.Құрсабаева, Д.Барлыбаев  мамандықтар бойынша дәріс берді. 1994—1998 жылдары мұғалімдер қатары мектебімізді алғаш бітірген түлектеріміз А.Айсарина, М. Отызбекова, Н.Мұсабековалармен  толықты.

  1986 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта мектептен білім алған шәкірттер көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, 1991 жылы саз мектебінің 1-ші түлектері А.Бижігітова, Г.Андабаева домбырадан, Г.Жаналиева, К.Мұқанова қобыздан, Ф.Тұрғанбекова домбыра-примадан, А.Мамырбеков баяннан облыстық кәсіби деңгейде өткен байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

1991 жылы Алматыда XXV республикалық саз мектептер арасында 3 жылда бір өтетін кәсіби деңгейдегі байқауда домбыра аспабы бойынша А.Бижігітова бас жүлдені жеңіп алды, мұғалімі Аитов Азамат Төкенұлы.

  1994 жылы Атырауда Құрманғазы Сағырбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық байқауда домбырадан Г.Мұсабекова бас жүлдені, Б.Тұрғанбеков байқаудың дипломанты атанды, мұғалімі Аитов Азамат Төкенұлы. 

 

 

1997 жылы саз мектептер арасындағы облыстық байқауда Сағабүйен саз мектебінен домбыра аспабы бойынша Н.Есімбекова бас жүлдені, Г.Аталықова – I орынды иеленді, мұғалімі Аитов Азамат Төкенұлы. Қобыздан К.Мұқанова II-орын, мұғалімі Құрсабаева.Б.Қ. Баяннан А.Мамырбеков III-орын, мұғалімі Мұқанов.Ү.Ә. жүлделі орындарға ие болып, мұғалімдер облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы облыстық байқауда домбырадан бас жүлде, I-орын алған Н.Есімбекова, Г.Аталықова республикалық байқауға жолдама алып, байқауда Н.Есімбекова  II-орын, Г.Аталықова ІІІ-орынды иеленді. ІІ-ші орынды жеңіп алған Есімбекова Надира Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дарынды балалар кездесуінде болып қайтты.

  1997—1998 жылы мектептен тыс мекемелер жабылуына байланысты Сағабүйен балалар саз мектебі де жабылды. Мұғалімдер қысқарғандығына қарамастан саз мектебінің жекелеген қобыз, домбыра аспаптары және халық аспаптар оркестрін ұстап, тегіннен –тегін көп жұмыстар атқарды.

  2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылына байланысты Алматы қаласында өткен «гала» концертке қатысып, Сағабүйен балалар саз мектебінің оркестрі үлкен сахнада өнер көрсетті. Сонымен қатар  облыс, аудан көлеміндегі атаулы мерекелерге концерт беру және байқауларға қатысқанның нәтижесінде 2005—2006 оқу жылында Ақсу ауданының әкімі қолдауымен Сағабүйен балалар саз мектебі қайта ашылып, қазіргі таңда 8 мамандық бойынша  : домбыра, домбра-прима (шертер), қобыз, бас қобыз (виолончель), ысқышты контрабас, аккордеон, флейта, ұрмалы-үрмелі аспаптарда 110 оқушыға  20 мұғалім білім  беруде.

 

Сағабүйен балалар саз мектебінің ұжымы 

 

 Олардың ішінде Т.Тоқтаров мектебінен  56 оқушы, Сағакүрес орталау мектебінен  24 оқушы, Қарашілік  орта мектебінен  26 оқушы, Ж.Сыдықов орта мектебінен  4 оқушы оқып жатыр.

 Мектепте Халық атағы бар облыстық, республикалық кәсіби деңгейдегі байқауда бірнеше рет бас жүлде және жүлделі орындарға ие болған  үлкен  45 адамнан құрылған қазақ ұлт аспаптар оркестрі және үрмелі аспаптар ансамблі бар. Оркестрдің дирижеры — мектеп директоры Аитов Азамат Төкенұлы. 

   

Аитов Азамат Төкенұлы.


Ұлт аспаптар оркестрі

  

Ұлт аспаптар оркестрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп ашылғаннан бері 2005—2018 жылдар аралығындағы мұғалімдер мен оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті.

  — 2008 жылы облыстық ІV Дельфий ойындары  байқауына 6 оқушы қатысып, қобыз аспабы бойынша А.Сембаева республикалық байқауға жолдамаға ие болып,  осы жылы  Тараз қаласында өткен республикалық байқауға  қатысып, сертификатпен оралды, мұғалімі М.Отызбекова.

  2009—2012  жылдары қатарынан облыстық Дельфий ойындары байқауына мектеп оқушылары қатысып бас жүлде, І, ІІ, жүлделі орындарға ие болды.

 

  2011 жылы өткен 46-шы облыстық кәсіби деңгейдегі жас музыканттар байқауына мектеп оқушылары  қатысып І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

  2013 жылы ІХ-облыстық  Дельфий ойындарына 12 оқушы қатысып І, ІІ ,ІІІ орындарға ие болып, Алматы қаласында өткен республикалық ІХ Дельфий ойындары байқауына домбыра аспабынан  Е.Жарқыннұр бас жүлде —  алтын медаль иегері атанды, мұғалімі Айнұр Аитова. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қобыз аспабынан Н.Нұрмұханбетова  байқау дипломанты болды, мұғалімі Бақыт Құрсабаева.   

 2014 жылы облыстық  Х Дельфий ойындарына 6 оқушы қатысып І, ІІ , ІІІ орындарды иеленіп, Уральск қаласында өткен республикалық  байқауда Н.Нұрмұханбетова  дипломант атанды, мұғалімі Б.Құрсабаева.

 2015—2017  жылдары  Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде қатарынан өткен байқауға мектеп оқушылары қатысып,  әр мамандық бойынша жүлделі І,ІІ орындарға ие болды.

  2015 жылы ХІ-ші облыстық Дельфий ойындары байқауына 8 оқушы қатысып І, ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Облыстық байқауда І-орынға ие болған  оқушылар Астана қаласында қазан айында өткен республикалық ХІ Дельфий ойындары байқауында домбыра аспабы бойынша Жарқыннұр Ержанат бас жүлде –алтын медальді жеңіп алды, мұғалімі Айнұр Аитова. Қобыз аспабынан Альсейіт Ақерке дипломант атанды, мұғалімі Бақыт Құрсабаева, (сүйемелдеуші) Баетова Манат Құрманбетқызы.

  2015 жылы үш жылда бір рет өтетін 49-шы  облыстық кәсіби деңгейдегі жас музыканттар байқауына 11 оқушы қатысып І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

  2016 жылы облыстық байқауда  І орын алған оқушылар  Астана қаласында өткен республикалық кәсіби деңгейдегі 49-шы жас музыканттар байқауына қатысып,  домбыра аспабынан І орынды Жарқыннұр Ержанат иеленді, мұғалімі Айнұр Аитова.  Қобыз аспабы бойынша  ІІІ орынды Альсейіт Ақерке иеленді, мұғалімі Бақыт Құрсабаева. 

  2016  жылы облыстық ХІІ-ші  Дельфий ойындары байқауына 12 оқушы қатысып, І, ІІ,ІІІ  орындарды ие болып, Степногорск қаласында өткен республикалық ХІІ Дельфий ойындары байқауында қобыз аспабы бойынша Альсейіт Ақерке  байқаудың қола медалін жеңіп алды, мұғалімі Бақыт Құрсабаева.

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 наурызда Астана қаласында «Астана жас толқыны» балалар және жастар шығармашылығының халықаралық байқауының ІІІ орын қола медаль жүлдегері қобыз аспабынан Ермұхамет Зарина. Мұғалімі Құрсабаева Бақыт Қыдырбаевна, коцертмейстері Баетова Манат Құрманбетқызы.

 2016 жылы облыс көлемінде өткен Рахым Тәжібаев атындағы облыстық домбырашылар байқауына мектеп оқушылар  қатысып, бас жүлде — ақшалай сыйлықты домбыра аспабынан Ерсалым Адай жеңіп алды, мұғалімі Рая Нуралина.   Сонымен қатар республикалық байқауларда бірнеше рет гран при, бас жүлде  жүлдегері Жарқыннұр Ержанатқа бағалы сыйлық – алтын домбыраны табыс етті, мұғалімі Айнұр Аитова.

  2017 жылы облыстық қобызшы Молықбайдың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қобыз аспабынан Жеңіс Зерде қатысып, ІІ орынға ие болды, мұғалімі Күлән Бұршақбаева.

 2018 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық «Дарабоз» байқауына 9 оқушы қатысып, 4 оқушы бас жүлде, 3 оқушы бірінші орынға ие болды. Домбыра аспабынан ересек топ бойынша Ерсалым Адай, жасөспірім тобы бойынша Қасым Серікбол бас жүлдеге ие болды, мұғалімі Рая Нұралина. Қобыз аспабы бойынша Жеңіс Зерде бас жүлде,  Әділжан Жанұя 1-орынға ие болды, мұғалімі Күлән Бұршақбаева. Флейта аспабы бойынша Әлсейіт Шұғыла 1-орынға ие болды, мұғалімі Мұрат Алыбаев. Домбыра аспабы бойынша Қыдырмолда Есдәулет 1-орынға ие болды, мұғалімі Мейрамжан Қажиахметов.  Шертер аспабы бойынша Әшім Ілтипат 2-орынға ие болды, мұғалімі Мұрат Алыбаев. Домбыра аспабы бойынша Қажымхан Айман 3-орынға ие болды, мұғалімі Каминұр Жанатбек.

  Қобыз аспабынан арнайы жүлдені Ермұханмет Зарина жеңіп алып, Францияда  өтетін халықаралық байқауға жолдама алды, мұғалімі Бақыт Құрсабаева.

  2018 жылы  өткен облыстық «Сарын» байқауына 12 оқушы қатысып, 2 оқушы бас жүлде, 3 оқушы І орын, 1 оқушы ІІ орын, 5 оқушы ІІІ орындарға ие болды. Домбыра аспабынан  Ерсалым Адай алғыс хатқа ие болды, мұғалімі Рая Нұралина. Қобыз аспабы бойынша Жеңіс Зерде 1-орын,  Әділжан Жанұя 3-орын, Жарқынбек Каусар 3-орынға ие болды, мұғалімі Күлән Бұршақбаева. Флейта аспабы бойынша Әлсейіт Шұғыла бас жүлде, үрмелі аспап бойынша Құнапия Қабылбек 2-орынға ие болды, мұғалімі Мұрат Алыбаев. Домбыра аспабы бойынша Қыдырмолда Есдәулет 3-орынға ие болды, мұғалімі Мейрамжан Қажиахметов.  Шертер аспабы бойынша Әшім Ілтипат 1-орын, домбра-прима аспабы бойынша Жарқыннұр Айжан 3-орынға  ие болды, мұғалімі Мұрат Алыбаев. Домбыра аспабы бойынша Қажымхан Айман 2-орынға ие болды, мұғалімі Каминұр Жанатбек.  Қобыз аспабынан  Ермұханмет Зарина бас жүлдеге, Данаш Әдия 3-орынға  ие болды,  мұғалімі Бақыт Құрсабаева.

 

   Осы уақытқа дейін Сағабүйен балалар саз мектебінен 245 бала бітіріп шықты. Оның ішінде 67  оқушы  музыка саласы  бойынша  арнаулы орта, сонымен қатар жоғарғы  және консерватория , аспирантура оқу орындарын  бітіріп республикамыздың түкпі-түкпірінде қызмет атқаруда. Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесін бітірген түлектер:А.Мұқанова, С.Кенжебаева, Б.Тұрғанбеков, Л.Бөпебаева, Ж.Мұқанова.

   Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы музыка училищесін бітірген түлектер: А.Айсарина, Г.Андабаева, Г.Жаналиева, М.Қажияхметов, Н.Мусабеков, А.Кемелбаева, А.Танибергенова, М.Мусабеков, Ф.Тұрғанбекова, М.Отызбекова, С.Нұрғалиева, Н.Есімбекова, Е.Тәшібаев, А.Мамырбеков, Е.Қызайбаев, Л.Сылдырбаева, А.Керейбаева.

 Алматы қаласындағы Құманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясын бітірген түлектер: Г.Мусабекова, Л.Бөпебаева, Ж.Мұқанова, Н.Есімбекова, Г.Андабаева.

  Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген түлектер: Г.Андабаева, А.Айсарина, А.Аитова, М.Отызбекова, Б.Урисбаев, А.Керейбаева, Г.Аталықова, Р.Нуралина, А.Азамат.

  1986—2017 жыл аралығында Сағабүйен балалар саз мектебін бітірген түлектер: А.Айсарина, Б.Урисбаев, Д.Барлыбаев, Р.Нуралина, Г.Жаналиева, А.Муканова, К.Муканова, Ж.Муканова, С.Муканов, Ғ.Муканов, М.Қажияхметов, М.Отызбекова, А.Танибергенова, М.Мусабеков, Ф.Турганбекова, А.Бижігітова, С.Абілқасымова, Н.Копешов, М.Қамбаров, А.Байбеков, А.Керебаева, Л. Бөпебаева, Г.Андабаева, Г.Мамырбекова, Г.Мусабекова, А.Кемелбаева, С.Нургалиева, М.Қызайбаева, Б.Турганбеков, Г.Аталықова, Қ.Толемісова, Н.Есимбекова, А.Мамырбеков, Е.Бисекенов, Б. Буршакбаева, Ж.Турганбекова, Е.Қызайбаев, Ә.Шомшекова, Д.Шыганбаева, А.Куатова, Г.Турганбекова,  А.Аитова, Л.Сылдырбаева, Қ.Қалияқпарова, А.Шомшекова, А.Кузенбаева, Р.Октябр, М.Оспанова, Г.Сембаева, Ж. Толегенова, Р.Шакенова, Ж.Бейсебекова, Б.Толегенова, А.Турсынгалиева, А.Азамат, Г.Ментаева, С.Сембаева, Е.Орынов, А.Торғауытова, А.Мухаметкалиева, А.Манібекова, А.Бейісбеков, С.Кенжебаева, Б.Айтмуханбетов, Е.Жуманов,  А.Амантаева, А.Еретаев, А.Турсынгалиев, Ж.Кожабеков, Д.Табылбаева, А.Бейсебекова,  Н.Нұрмухамбетова, С.Амиренова, А.Досбаева, М.Искакова, Ж.Серікбай, Е.Нұрмуханбетов,  А.Балтабаева, А.Кунанбаев, С.Малдыбаева, Г.Адалбек, Н.Заманбекова, А.Жүнісбекова, Г.Абишева, Ж.Қалимолда, А.Жамали, С.Досбаева, А.Айтқалиев, Ғ.Кәкімбаев, А.Аділханова, А.Муратова, А.Нурсапа, Н.Серік, А.Абдрахманова, А.Айтанова, Ш.Болсамбай, М.Нұрлан, Р.Ахметбеков, А.Тельманова,А.Альсеит,А.Жарқыннұр, Е.Жарқыннұр, Н.Аманжол,Ж.Еркін.

Қазіргі таңда мектеп  түлектері: А.Айсарина, А.Аитова, А.Азамат, Б.Урисбаев, Р.Нуралина, М.Қажияхметов  Сағабүйен балалар саз мектебінде, өнер мектебінде  М.Отызбекова, М.Мусабеков,  А.Муканова,  К.Байметенова,   Н.Нұрмухамбетова, А.Тұрсынғалиев,  Д.Айтқалиев,  А.Сембаева  еңбек етуде.

 

  Шәкірттерге сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беруде ұстаздарға басшылық жасап, көптеген жетістіктерге жетуде мектеп директоры  Аитов Азамат Төкенұлының еңбегі орасан зор.

Оның марапаттары мен жетістіктері:

  -1991—1994-1997 жылы Білім Министрлігінің Құрмет грамотасы;

  -1994 жылы «ҚР білім беру ісінің үздік белгісі»медалі;

  -1997 жылы Талдықорған облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы;

  -2000 жылы «Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары» үшін Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды;

  -2002 жылы ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі;

  -2014 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды;

 

 

Аитов Азамат Төкенұлының жоғарыда аталған республикалық байқаудағы жүлдегер шәкірті: Мусабекова Гулбахрам 2004 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын, 2006 жылы аспирантураны да үздікке бітіріп, 1998 жылы Астанада өткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды өрен» атты кездесуіне қатысты.

 Сонымен қатар шәкірті  Г.Мұсабекова 2000 жылы Атырау қаласында өткен «Бұлбұл домбыра» атты Дина Нүрпейісова атындағы қыз-келіншектер байқауынан ІІІ-орынға ие болды, 2001 жылы  өткен шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанды.

 Осындай шәкірттердің бірі Есімбекова Надира 2005 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны, 2007 жылы аспирантураны тәмамдады.

    Аитов Азамат Төкенұлының алғашқы оқытқан сазгерлік жолға баулыған  түлегінің бірі  Айсарина Айгул қазіргі таңда Сағабүйен балалар саз мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. «Өсер елдің ұланы –өнерлі келеді» демекші А.Айсаринаның ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі  айтарлықтай.

 

Мектеп директорының орынбасары Айсарина Айгулдің марапаттары мен жетістіктері :

  -2000 жылы өткен “Нұрғиса және музыка атты” облыстық байқаудың лауреаты;

  -2000 жылы Алматы облыстық Білім басқармасының жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Құрмет грамотасымен”  марапатталды.

  -2003 жылы  облыстық Жыл мұғалімі- байқауының жүлдегері атанды;

  -2004 жылы Алматыда өткен “Өнерім-өмір тынысым” атты облыстық байқауда ІІ –ші орын иегері атанды;

  Сонымен қатар 1995 жылдан бастап шығармашылықпен айналысып, 30-ға жуық ән мен 10-ға жуық арнаулары және бірнеше күйлердің авторы атанды.

   -2004 жылы М.Төлебаев атындағы облыстық композиторлар шығармашылығы байқауындағы “Қасиетті домбыра” атты әнімен І-ші орынды иеленіп, лауреат  атанып, “Жетісудің жаңа әндері” атты кітапқа шығармасы енді.

   - 2010,2013 жылдары өткен облыстық жас музыканттар байқауында шәкірттері лауреат атанып, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасына ие болды;

   -2016 жылы Талдықорған қаласында  облыстық «Қосымша білім беруде оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшелігі» тақырыбында өткен  семинарда үздік шебер сынып өткізіп,жоғары бағаланды.

  Аудан, облыс көлемінде өткен байқауларға дарынды шәкірт тәрбиелеуге  үлес қосып, жоғары жетістікке жетіп жатқан мұғалімдер баршылық.

 

Домбыра мамандығының мұғалім Аитова Айнур Азаматқызының марапаттары мен жетістіктері :

  — аудан, облыс, республика көлемінде өткен  байқауларда I-II-ші жүлделі орындарға ие болды.

  — 2010 жылы өткен облыстық “Дельфий ойындары” байқауында шәкірті Табылбаева Диана ІІ орын алды.

  — 2012 жылы домбыра аспабы бойынша Жарқыннұр Ержанат  облыстық “Жас музыканттар” байқауында І-орынды иеленді.

  — 2013 жылы Толқын Қайрат облыстық Дельфий ойындары  ІІ-орынға ие болды.

  — 2013 жылы өткен облыстық Махамбет оқулары байқауында шәкірті  Жарқыннұр Ержанат І орын алды.

 - 2013 жылы облыстық “Дельфий ойындары” байқауынан Жарқыннұр Ержанат І-орынды иеленіп, 2013 жылы Алматы қаласында, 2015 жылы Астана  қаласында өткен Республикалық байқауда Жарқыннұр Ержанат екі дүркін І-орынды иеленіп, алтын медаль жеңімпазы атанды, коцертмейстері Баетова Манат Құрманбетқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жылы ХІІІ-ші облыстық Дельфий ойындары байқауына оқушысы Е.Жарқыннұр қатысып, жүлделі І-орынға ие болды.

  2011—2017 жылдар аралығында өткен Ұлттық Дельфий ойындары байқауына дайындаған  үздік шәкірттері І.ІІ,ІІІ орындарға ие болып, Алматы облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды;

  2016 жылы байқауға  дарынды шәкірт дайындағаны үшін Қ.Р.Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды;

  Жылда өтетін Қ.Байсеиітов атындағы байқауға өнерлі шәкірт тәрбиелегені үшін саз колледж алғыс хатымен марапатталды;

 

Қобыз мамандығының мұғалімі Құрсабаева Бақыт Қыдырбайқызының марапаттары мен жетістіктері:

  2008—2011 жылдар аралығында Ақсу аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы;

  2009,2017 жылдары Ақсу ауданы әкімінің дипломы;

  2012 жылы Алматы облысы әкімінің дипломы;

  2011—2017 жылдар аралығында Алматы облысы білім басқармасының дипломы иегері;

  2014,2017 жылдары Алматы облысы халық шығармашылығы орталығының құрмет грамотасы;

  2011—2017 жылдар аралығында Қ.Байсейітов саз колледжі директорының алғыс хаттары;

 2013, 2014 жылдары республикалық  Ұлттық Дельфий ойындарындары байқауында шәкірттері алғыс хатпен марапатталды;

 2015, 2016 жылы Қ.Р. Қ.Р.Білім және ғылым министрлігінің дипломы және алғыс хатпен  марапатталды;

 2016 жылы Степногорск қаласында өткен ХІІ-ші Ұлттық дельфий ойындары байқауына шәкірті Альсеит Ақерке қатысып, жүлделі ІІІ-орын және , қола медаль иегері атанды.

 

2017 жылы ХІІІ-ші облыстық Дельфий ойындары байқауында үлкен топ бойынша А.Альсеит, кіші топ бойынша З.Ермұханбет жүлделі І-ші орындарға ие болып екі оқушысы да республикалық байқауға жолдама алды, концертмейстері Баетова Манат Құрманбетқызы.                         

 2018 жылы өткен республикалық «Дарабоз» байқауында шәкірті З.Ермұханбет қатысып, бас жүлде және арнайы жүлде- халықаралық байқаудың жолдамасына  ие болды.

 2018 жылы өткен облыстық «Сарын» байқауында да шәкірті З.Ермұханбет  бас жүлдеге  ие болды.

 

 

Қобыз мамандығының мұғалімі Бұршақбаева Күлән Нағысбекқызының марапаттары мен жетістіктері:

             

  2008—2011 жылдар аралығында Ақсу аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы;

  2009,2017 жылдары Ақсу ауданы әкімінің дипломы;

  2011—2017 жылдар аралығында Алматы облысы білім басқармасының дипломы иегері;

  2015—2017 жылдар аралығында Қ.Байсейітов саз колледжі директорының алғыс хаттары;

 2017 жылы облыстық қобызшы Молықбайдың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға Жеңіс Зерде қатысып, ІІ орынға ие болды.

 2017 жылы ХІІІ-ші облыстық Дельфий ойындары байқауында кіші топ бойынша З.Жеңіс 1-орын, Ж.Әділжан 3-орынға ие болды, концертмейстері Баетова Манат Құрманбетқызы.

 2018 жылы өткен республикалық «Дарабоз» байқауында шәкірттері  қобыз аспабы бойынша Жеңіс Зерде бас жүлде,  Әділжан Жанұя 1-орынға ие болды   ие болды.

 2018 жылы өткен облыстық «Сарын» байқауында шәкірттері  Жеңіс Зерде 1-орын,  Әділжан Жанұя 3-орын, Жарқынбек Каусар 3-орынға  ие болды.

 

 

Флейта мамандығының мұғалімі Алыбаев Мұрат Өзбекұлының марапаттары мен жетістіктері:

  2011—2017 жылдар аралығында Алматы облысы білім басқармасының дипломы иегері;

  2011—2017 жылдар аралығында Қ.Байсейітов саз колледжі директорының алғыс хаттары;

 2017 жылы ХІІІ-ші облыстық Дельфий ойындары байқауында шәкірті   Ш.Әлсейіт 1-орынға ие болды, концертмейстері Баетова Манат Құрманбетқызы.

  2018 жылы өткен республикалық «Дарабоз» байқауында шәкірттері Ш.Әлсейіт  қатысып 1-орын, І.Әшім 2-орынға  ие болды.

  2018 жылы өткен облыстық «Сарын» байқауында да шәкірті флейта аспабы бойынша Әлсейіт Шұғыла бас жүлде, үрмелі аспап бойынша Құнапия Қабылбек 2-орын,  Әшім Ілтипат 1-орын, домбра-прима аспабы бойынша Жарқыннұр Айжан 3-орынға ие болды.

 

 

Домбыра мамандығының мұғалімі Нұралина Рая Қанатбекқызының  марапаттары мен жетістіктері:

  2010—2012 жылдар аралығында Ақсу аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;

  2009,2017 жылдары Ақсу ауданы әкімінің құрмет грамотасы;

  2011—2017 жылдар аралығында Алматы облысы білім басқармасының дипломы;

  2011—2017 жылдар аралығында Қ.Байсейітов саз колледжі директорының алғыс хаттары;

 2016 жылы облыс көлемінде өткен Рахым Тәжібаев атындағы облыстық домбырашылар байқауына белсене қатысқаны үшін Алматы облысы  мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының алғыс хаты иегері;

 

 

Домбыра мамандығының мұғалімі Қажиахметов Мейрамжан Боранбекұлының марапаттары мен жетістіктері:

  2017 жылы  Ақсу аудандық білім бөлімінің дипломы;

  2018 жылы өткен республикалық «Дарабоз», облыстық «Сарын» байқауларында шәкірті Е.Қыдырмолда қатысып 1-орынға  ие болды.

 

Домбыра мамандығының мұғалімі  Жанатбек Каминұрдың марапаттары мен  жетістіктері:

  2017 жылы  Ақсу аудандық білім бөлімінің дипломы;

 2018 жылы өткен республикалық «Дарабоз», облыстық «Сарын» байқауларында шәкірті А.Қажымхан қатысып 2,3-орынға  ие болды.

 

  Барлық байқауларда оқушыларды сүйемелдеген үздік ұстаз Баетова Манат Құрманбетқызының еңбегі үлкен.

 

  Осындай еңбектердің нәтижесінде  кәсіби деңгейде өтетін байқауларға дарынды ұрпақты тәрбиелеуде Сағабүйен балалар саз мектебінің ұстаздарының қосар үлесі әлі де  көп болатыны анық.