Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы ауылдық округтері туралы  жарияланған (алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері  әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, сондай азаматтар туралы  (лайықты  деп санасаңыздар) деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

Матай ауылдық округі  Ақсу ауданы

 

   Ауылдық округі құрамына  Матай және  Құрақсу ауылдары, Ақөзек, Береке және Жасқазақ теміржол бекеттері кіреді. Округ орталығы - Матай ауылында орналасқан.  Жер көлемі — 0,2 мың шаршы шақырым. Халық саны-4252.

  Матай ауылында  Матай орта  мектебі,  ауылдық  дәрігерлік емхана, балабақша, малдәрігерлік  лаборатория, байланыс торабы, учаскелік полиция  пункті,  метеостанция, 13 ірілі-ұсақты теміржол мекемелері бар   30-дан аса сауда орындары, наубайхана халыққа қызмет етеді... 50-ден аса адам шағын  және орта бизнеспен айналысады.   30-дан аса шаруа қожалықтары ірі қара, жылқы, қой- ешкі және  түйе малдарын өсірумен айналысады.

Матай ауылы  маңында

 

 Матай ауылы — Алматы облысы Ақсу ауданындағы Түрксіб теміржолы бойындағы станса, аудан орталығы — Жансүгіров ауылынан солтүстік- батысқа қарай 135 шақырым жерде, Ақсу өзенінің жағасында, сирек тоғай, бұта аралас өзен аңғарының құмайтты шалғынды сұр топырақты шөлді белдемінде орналасқан. 

  Станса іргесі 1930 жылы Түрксіб теміржолын салуға байланысты қаланады. Түрксіб теміржолы - 1926—1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарың бірі, Орталық Азия мен Сібірді  қосатын темір жолы болды. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Ол  Орталық  Азияны,  Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып,  халық  шаруышылығының дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді. 1926 осы ірі жол магистралінің құрылысының басталуына байланысты, еліміздің жол қатынасының көрнекті инженерлерімен бірге,  Мұхаметжан Тынышпаев та шақырылады. Түрксібті салудағы М. Тынышбаевтың  ұйымдастырушылық және білгір маман ретіндегі қыруар еңбегі, ұрпақ жадында өз халқының мүддесі мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен үлкен тұлға ретінде есімін қалдырды.

Түркістан — Сібір теміржолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 жылы  21 мыңға, 1929 жылы. 40 мыңға, ал 1930 жылы  50 мыңға жетеді.  Құрылыста жұмыс істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылысқа тек 1930 жылы  өзге өңірлерден инженерлер мен техниктер,  668 маман теміржолшылар (паравоз машинистері, оның көмекшілері, слесарьлар, т.б.) келеді. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 жылдары  өте қызу жүріп, 1930 жылы  28 сәуірде Айнабұлақ стансасында Оңтүстік  және Солтүстік  жақтардың жолы қосылып, Түркістан — Сібір магистралінің құрылысы аяқталады.

 

Матай локомотив депосы

1931 жылы 4-класты Матай темір жол стансасы іске қосылады. 1934 жылы локомотив депосы салынады.  Локомотив депосы–Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында Түрксіб теміржолы  арқылы әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында  өз жұмысын  атқарады. Сонымкен бірге, депо ұжымы танкі колоннасының құрылымына 35 мың сом, «Қызыл Әскердің 25 жылдығы»  құрметіне 24 мың сом, қорғаныс қорына 400 мың сомды сыйлық ретінде тарту етті.

Түрксібтің  салынуына қатысушылардың алғашқылары, «Бесжүздіктер пионерлері»,  осы депоның аға машинистері Мұхтар Қаптағаев,  Владимир Медведь және Валентин Чернягин 1954 жылы өткен теміржол саласы қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесіне қатысады, олар теміржолшылар арасында «Үш алып» деп аталып, есімдері аңызға айналды. Жас кезінде бай жалшысы болған Мұхтар Қаптағаев, теміржолдағы еңбек жолын паровозға от жағушылықтан бастап, машинист көмекшісі, машинист болады. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. «Паровоздың тәуліктік жол жүрісін 500 шақырымға жеткізейік!» деген бастама көтеріп, ол бүкіл Түрксіб теміржолшыларынан қолдау тапты. 1950 жылы ол Сталиндік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Оның өмірі мен ерен еңбегі жөнінде Мәскеудің «Транспорт» баспаханасында «Мұхтар Қаптағаев» атты кітап, белгілі ақын Ғафу Қайырбековтың «Мұхтар Қаптағаев» поэмасы, жауынгер–жазушы Жекен Жұмахановтың повесі, халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтың өлеңдері жарық көрді. Локомотив депосы 70 жылдан астам тарихында 4 рет — — негізгі, 3 рет — ауысымда жұмыс істеді. Осы кезеңдерде КСРО және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестерінің депутаттығына Мұхтар Қаптағаев, Ешей Қасенов, Шәріп Қойбағаров сайланса,  7 адам — «Ленин»;  3 адам — «Еңбек Қызыл Ту»;  1 адам — «ХалықтарДостығы» және  2 адам- «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды.

Матай өлкесі тарихы мен теміржолшыларының ұзақ жылдардағы еңбегі туралы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, локомотив депосының кәсіподақ ұйымының төрағасы болған,  Аяпбергенов Нұрлан Жетпісбайұлы (марқұм), бірнеше кітаптарында жазып кетті. «Он сегізде от кешкендер» атты кітабында Ауған жеріндегі ұрыстарға қатысқан Матайлық сарбаздар туралы естеліктер айтылады. 2008 жылы сол кездегі жөндеу депосының басшысы болған С. Юсуповтың демеушілігімен осы жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды. Оның ашылуына «Халық Қаһарманы», ҚР Ауғанстан  ардагерлері қауымдастығының төрағасы, генерал–лейтенант Бақытжан Ертаев арнайы келіп, майдангерлерге тағзым етті. Бірнеше ауыл азаматына «Сауап» медалін тапсырды. Н.Аяпбергенов сонымен бірге, Матай ауылында жасөспірімдер арасында бокстан КСРО спорт шебері,  Қазақ ССР-ның чемпионы Ақылбек Құсайыновты еске алу облыстық-аймақтық турнирінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Ауылдағы бокс мектебін сол Ақылбектің туған ұлы, Аслан Құсайынов жүргізеді.

 

Матай ауылының тумалары, «Локомотив–сервис" орталығының сатып алу бөлімінің атқарушы  директоры  Садықов Сәтжан Балтабайұлы және Маусымбеков Қалихан ауылдың қоғамдық-мәдени, демеушілік жасау шараларына белсене араласып, ауыл мешітін салынуына қомақты үлес қосқан азаматтар. Екеуі де көп балалы отбасында туған, теміржолшылар династиясын жалғастырушылар.

   Ауылдағы «ЖШС СКД-7» мекеме басшысы, Самбетов Эльдар Ермолдаұлы-аудандық мәслихаттың депутаты. Ол 1983 жылы Матай стансасында дүниеге келген.  2002—2004 жылдары «Локомотив  Матай» ЖШС-нде күзетші, 2004—2013  жылдары — «ЮБС-Матай» ЖШС-нде жөндеуші, шебер, өндіріс бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметінде,  2013 жылы  «Матай –ТУ» мекемесінде директор болады.  2014 жылдың шілде айынан бастап  «СКД-7»  мекемесінің директоры қызметінде.

2014 жылы ауданда  басталған «Туған жерге туыңды тік» акциясы шеңберінде  алғашқы болып, ауылдың тумасы Қ.Самбетов «Ток-а-шок» мейрамханасын ашты. Сол сияқты,  М.Есімбеков халық игілігі үшін  монша, ал, Қ.Әбеуов  халыққа қызмет көрсету орталығын  ашты.

Матай поселкелік кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сүлейменов Төлеубай 1957 жылға дейін жұмыс істеді. Одан кейін, осы қызметті Қисабеков Айтқали (1957-71, 1977-87), Савенко (1971-77), Идоятова Марият Халимовна (1987-89), Толқынбаев Тоқтағұл (1987-89), Жапарбеков Нұрәлі (1991-94), Сазанбаев Бақытырыс (1994-96) атқарды.    

Матай ауылдық округі 1997 жылы Бөрлітөбе ауданының жабылуына байланысты Ақсу ауданының қарамағына өтті.

 

Матай ауылындағы теміржол саласындағы және басқа мекемелер

«КТЖ  жүк-тасымалы АҚ-ның «Жүк тасымалы» Алматы бөлімшесі Матай локоматив пайдалану депосы— Қазақстан теміржолы жүйесіндегі ең ірі локомотив паркі. 75 жылдан асқан тарихы бар Матай депосының республика теміржол саласының өркендеуіне қосып келе жатқан үлесі зор. Филиал Сарыөзек-Матай-Аякөз стансаларына жолаушылар, Үштөбе-Матай-Актоғай стансаларына жүк тасымалдаумен айналысады. Мекемеде қазір 15- тепловоз;  ТЭ33А сериялы 12 тепловоз;  СКД 2- маневрлі тепловоз, 2 ТЭ 10у- 1 тепловоз іс әрекетінде жүр. Депода 453 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 180-тепловоз машинисі, 168-і олардың көмекшілері.

Депоның өркендеуіне, жоғары еңбек көрсеткіштеріне жетуіне, пойыздар қозғалысының қауыпсіздігін сақтауынаүлкен еңбегін үлесін қосып жүрген «Құрметті теміржолшылар»-Маратбек Кенжебаев, Боранбай Мырзағаранов, Нұрмұхамбет Рүстембеков, Валентин Чернышков Қалибек Жұматаев; тепловоз машинистері — Кәрім Байжарықов, Толғамбек Мұсағұлов, Серік Досмұхамбетов, Қожахмет Таупихов, Аман Манатбеков; машинист көмекшілері-Биболат Тойшыбеков, Жанат Тоқмырзанов, Планбек Кәкібаев, Ұлбап Рахымбаев, Серік Мұхаметжанов; маман-басшылар-Берік Шәріпбаев, Серік Есжанов, Серікқали Қайранбаев, Серік Дакубаев, Шалқар Сейілғазинов және т.б. — ұжымның мақтан тұтар азаматтары.

Осы ұжымда сонымен бірге қазіргі кезде 150 зейнеткер есепте тұр. Соның «Құрметті теміржолшылары» -Жолдыбай Бекежанов, Болат Әділбеков.

Михаил Калашников Матайда

Матай стансасының осы паровоз депосының  дайындау цехында, Кеңес одағының батыры, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, техника ғылымдарының докторы Михаил Калашников  өзінің әріптестері Кравченко, Милашус, Қ.Тұрғанбаев,  Медведьтермен бірлесе  өзінің атақты «АК-47»  автоматының жасап шығарған.  Оған темір дәнекерлеудің асқан шебері, жергілікті тұрғын  Құсайынның қосқан үлесі көп болды.

«Паровоз апа»,  ауыл «анасы» атанған еңбек ардагері, Есболатова Алтынай Матай стансасында туып, паровоз айдаған. Ұлы Отан соғысы кезінде Украина, Сталинград, Қиыр Шығыс майдандарына жүк, әскер тасыған. Маршал Г.К.Жуковтың бұйрығымен Сталинград майданында қолға түскен фельдмаршал Паулюсті Мәскеуге жеткізген. Алтынайдың сол «722-03» паровозы, қазір Шымкент қаласында ескерткіш ретінде сақтаулы тұр.

Осы үлкен ұжымды 2013 жылға дейін Болат Кәрімбекұлы Елешев  басқарды. 2014 жылдан басшысы — Есболов Нұрбек Сатыбалдыұлы.

 

Матай локомотив жөндеу депосы

Бұрынырақ «ЮБС-Матай» ЖШС болған,  қазіргі СКД-7 ЖШС 2001 жылы  Матай локомотив депосынан жеке жөндеу депосы болып бөлініп шығады. Оның директорлығына Юсупов Сайлау Түсіпұлы тағайындалды және ол, білімді де білікті, іскер басшы ретінде осы кәсіпорынның дамуына ciнipгeн еңбегі айрықша болды. Ұжым жұмысшыларының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларының жақсаруына баса назар аудара білді. Сол сияқты, қайырымдылық, мәдени-көпшілік жұмыстардың ұйытқысы болып отырды, талай өзіндік те демеушілік шаралар ұйымдастырды. Аудандық Мәслихат депутаты рeтінде де ауданның қоғамдық-саяси, көпшілік өмірімен тығыз байланыста болды. Оның басшылығымен Серіктестікте жөндеу цехтары қалыптаса бастайды. Қазір деподағы дайындау, автоматтық, электр  аппаратты, дәлдік құралдар, жағар май аппаратын жөндеу, сүзгі, құрал-сайман, нөмірлі техникалық қызметтер көрсету, т.б. цехтар уақыт талаптарына  қарай жабдықталды.  Соған қажетті кадр мамандары даярланып, кәсіптене бастады. Олардың жұмысына қосымша көмекші механикалық,  электр, құрылыс, жону, қуат жинақтаушы цехтары, ұстахана, автокөлік шеберханалары көмек береді. Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты жаңадан тепловоздар жөндеп шығаратын цех, жонушы цехы, қойма бөлімі жаңадан ашылды. Локомотивтердің жүрісіндегі мерзімді уақытына байланысты профилактикалық, техникалық қызмет түрлері бойынша  ағымдағы  жөндеу жұмыстарын жүргізумен бірге, күрделі жөндеуді де өз күштерімен жүргізуге қол жеткізілді. ҚХР-нан сатып алынған СКД6-Е сериалды маневр тепловоздарына сервистік қызмет көрсету игерілді.

Ұжымның қалыптасуына бас инженер Табылды Байсалбаев, директордың жөндеу жөніндегі орынбасары Қолғанат Самбетов, өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Серікқали Қайранбаев, бас механик Рашид Калимулин, механикалық, тәжірибелік цехтардың шеберлері Төлеген Көптілеуов, Балтабай Найманшалов, т.б. үлкен үлестерін қосты. Серіктестік алғаш құрылған кезде 235 адам болып, 321 адамға дейін жұмыс істеді, оның 235-і жұмысшы жөндеушілер, ал «Достық» бекеті бойынша 47-адам қызмет көрсетілді.

 Бүгінде СКД–7 ұжымының директоры — Самбетов Эльдар Ермолданұлы,  онда,  оңтайландырудан  кейін,  61 жұмысшы  жұмыс жасайды. Білікті мамандар ретінде Танысбеков Жанат, Садықов Мәлік, Мансаринов Қайрат, Жаппаров Серікжан, Мұханов Шамиль, Қанапиянов Нұрлан,  Ахметов Азиздердің  есімдері аталады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның «Матай жол дистанциясы» филиалы Түрксіб темір жолының ірге тасын қалаушыларының бірі. Осы соңғы атауға 2004 жылы ие болды. Филиал, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтоғай-Үштөбе телімдері аралығында жол мен жасанды құрылыстарға ағымдағы күтім жасау және жолды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарымен айналысады.

Дистанцияны 1934 жылдан — құрылыс инженерлері, капитан Свириденко, капитан Климанов, майор Куликовский, подполковник Радоман, майор Несветов, С.П.Жуков, Ш.Құлжанов басқарса, 1959 жылдан — Қожанберді Ердосұлы Күрбенов, Аманжол Әсембекұлы Кәметов, Сейсенбек Нұрсейтұлы Мейірманов, Қалихан Ерболғанұлы Құнанбаев, Жетпісбай Қалибекұлы Доспаев, Мейрамбек Өмірбекұлы Серікбаевтар; 2008 жылдың басынан — Қайрат Болатұлы Иланов басшылық етті.

2013 жылы Матай жол дистанциясы ірілендірілген Ақтоғай жол дистанциясына қосылды. Қазіргі уақытта ПЧ-44 филиалы  Матай жол дистанциясы бөлімшесі болып қалды.  Бүгінгі күні бөлімшені  Мүлкебаев Нияз Жұмабекұлы басқарады.

Аты аңызға айналған Түркістан-Сібір темір жолын салуға ат салысқан аға ұрпақ өкілдері Бөлеков Қанабек, Ахмолданов Айтмолда, Конавалов Профим, Көшіғұлов Мұқан, Матреков Ізтілеу, Ақшабаев Тұмарбек, Ізбекенов Қожахмет, Омаров Қымыран, т.б.еңбектері зор болды.

Ұлы Отан соғысына қатысушы Бейсембеков Садуақас, Төлеубаев Бөкейхан, Табақбаев Шерубай, Жұмасілов Танысбай, Бүкенов Бекімбек, Рысбеков Жақыш, Абдрахманов Мұқанали, т.б. еңбекте де ерекшеленген ардагерлер.

35-40 жылдар бойы темір жол бойында тынымсыз еңбек еткен ардагерлеріміз:  Матреков А., Қалиев Н., Байшойынов Т., Толқынбеков К., Көшкімбаев Ж., Коротких Л., Қалиақпаров А., Қожабаев С., Қожабаев Ө.,  Қалдыбаев Қ.,  Жексембаев А.,  Төлеуханов Т., Смағұлов Ә., Ақмолданов С.,  Қарашев А.,  Рахымбаев М.,  Райбаев М.,  Күрбенова Р., Тіркесбаев А., Тойшыбекова С., Жолдасбекова Е., Кравченко А., Алпысбаев Қ., Ақмолданов С.,  Тоқболатова Ш., Сейілғазинов Н., Сатанов К., Ботантаев С., т.б. Оразгелдинов Жүнісхан мен Орынбеков Әшім- «Құрметті теміржолшы» атағының иегерлері.

Бүгіндері мекемеде 73 адам қызмет етеді, олардың ішінде 40-қа жуығы жоғарғы  және  орта-кәсіптік мамандар. 2010 жылы  Ақбалық станциясындағы жол бригадирі Жұматай Манатбековке «Құрметті теміржолшы» атағы берілді, жол бригадирі Асқарғали Әбділданов «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталды.

 

Әскериленген күзет мекемесі.  Отар-Ақтоғай стансалары арасында қызмет ету учаскесінде орналасқан 8 атқыш командаларының бірі. Матай-Үштөбе, Матай-Ақтоғай-Бескөл аралығындағы жүктің сақталуына жауап береді, жылына 7 мыңнан аса поезд немесе 70 мыңдай вагондардың сақталуын қамтамасыз етеді. Матай стансасының атқыштар командасының құрылуы Түркісіб салынған жылдармен қатарлас келеді. Құрылымның алғашқы басшылары — Сарыбаев Ахметкәрім, Өтешов Қайыржан, Мәукенов Садуақас,  Барабанов Виктор сынды азаматтар болды.

Ұжымда ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққан Ноғайбеков, Жарқынбетов, Сауырбеков Тұрлыбек, Сазанбаев Ерлібай, Фатеев Е., Загребин Н.  және  олардың ізін басып, 20 жылдан астам уақыт қызмет жасап келе жатқан Садыков Лекер, Сапенов Т., Мұқатаев Орманбектер -мекеменің құрмет тұтатын ардагерлері. Атқыштар ұйымында қазіргі кезде 89 адам еңбек етуде. Соның ішінде, төрт күзет ауысымының басшылары Абюаев С., Садықов Л., Көшкінбаев О., О.Мұқатаев, атқыштар Сіргебаев, Қаңтарбаев, Ермекбаев, Серікбаев, Оразгелдинов, Хасенов, оларға қоса Машерова Қарлығаш, Райбаева Алмагүл, Панкова Зухра сынды азаматтардың еңбектері де ерекше. Ұжым басшысы- Чукенбаев Сейдахмет Төкенұлы.

 

Матай өрт сөндіру поезы.  1998 жылы мамыр айында әскерилендірілген Матай атқыштар ұйымынан бөлініп, жеке шықты. 10 адам қызмет атқарады. Ұжымды  бұрындары  Құнанбаев Қалихан, Барабанов Виктор, Дүйсенбаев Жанарбектер басқарса,  2010 жылдан — Ерлан Тұрғанбекұлы Алпысбаев басшылық етеді. Матай өрт сөндіру пойызы Матай, Лепсі, Көксу, Қарабұлақ станцияларының  және Текелі, Талдықорған қалаларының темір жолдары (ұзындығы 256 км)  бойындағы  өрттің  алдын алуы мен сөндіруін қамтамасыз етеді. Мекемедегі өрт сөндіруші, еңбек ардагері -Құсайынов Қанаттың, көлік жүргізуші — Рахметов Мұхтардың және қарауыл бастығы — Иманбаланов Арманның озық еңбектерін атап өтуге болады

 

 Матай ауылындағы су құбыры мекемесі 1932 жылы салынып, теміржол жүйесіне қараған.  2014 жылдан Ақсу су құбыры коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарамағына алынып, оның Матай бөлімшесі болып аталады. Су құбырының ұзындығы 28 шақырым. Бөлімше басшысы — Саляник Сергей Михайлович, оның қарауында 11 адам жұмыс істейді. Осы бөлімшеде көп жылдан бері Рахметов Аяз, Тынышбаев Табәрік,  Есболатов Ермектер  жұмыс жасап келеді.

Матай ауылында «ТЭК–Қазақстан» ЖШС-нің көмір қоймасы филиалы бар, онда 9 адам жұмыс жасайды. Ұжымды Жұмабеков Дінмұхамбет Баймолдаұлы басқарады

 

1997 жылы Матай ауылдық округі алғашқы әкімі болған Ахмолданова Айнакез Сатыбалдықызы,  ол  қызметті  2014 жылдың қазан айына дейін атқарды. Ол 1959 жылы туған. І.Жансүгіров атындағы педагогикалық, академик Жолдасбеков атындағы институттарды бітірген. Оған дейін №102 балалар бақшасының меңгерушісі болған. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» және естелік медальдарымен марапатталған. Екі рет ҚР Президентінің қабылдауында болды. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

Мұсағұлов Рүстем  Матай ауылдық округінің әкімі

Ауыл әкімдігінде бас маман-салық инспекторы болып, 1997—2013 жылдары  — Ходжаева Есита Ахметовна, 2014—2016 жылдары — Серіков Ұлан қызмет атқарды. 2005 жылдан статист болған  Қыдырбеков Серік Тәңірбегенұлы, 2011 жылдан бас маман қызметін атқарады. 2011 — 2013 жылдары  әкімдіктегі әлеуметтік қызметкерлер-Доспаева Дария мен Ерасилова Мөлдір болса,  2014 жылдан  ол жұмысты Ахмадиева Күлән мен Байгожанова Эльмира Михайлқызы атқарады.

2014 жылдың желтоқсан айында ауыл округі  әкімі болып Мұсағұлов Рүстем Толғанбекұлы сайланды. Ол 1987 жылы туған. Білімі жоғары.

 

2009–2016 жылдары Матай ауылының  учаскелік полиция қызметкерлері болған  полиция старшинасы Қатарбаев Бакыт Әсетұлы, подполковник Бекенов Нұратбек, аға сержант Меирманов Жанат Капышұлы және полиция майоры Бабашев Еркін Омарұлы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу сияқты шаралардың пәрменділігін жоғарғы деңгейге көтере білді. 2017-ші жылдың наурыз айынан бастап ол қызметті аға леитенант Мұқанбеков Серік Сердалыұлы  атқарады. 2017 жылдың  қараша айында  учаскелік полиция пунктінің жаңа ғимараты  іске қосылды

Матай ауылдық округінің мал дәрігерлік пункті 1997 жылы құрылған. Меңгерушісі болып Қисабеков Ғалым Айтқалиұлы тағайындалып, ол  2015 жылы  зейнеткерлікке шыққанға дейін табысты еңбек етті. Есімі ауданның «Құрмет кітабына» енгізілген. Қазіргі уақытта пункттың басшысы болып Жанат Жақсылық қызмет жасайды.

 

Ауыл округінде Матай орта  және Құрақсу ауылында орталау мектептері бар. (Олар туралы деректер жеке беріледі)

 

Матай ауруханасы 1932 жылы дәрігерлік бекет болып ашылып, кейін тораптық болып ұлғайды. 1964-66 жылдары оны  Михайлова В.В. басқарды. Осы тұста жаңа рентген және физиоемдеу кабинеттері ашылды. Аурухана күрделі жөндеуден өтіп, орталық жылу жүйесі іске қосылды. 1966-76 жылдары бас дәрігер болған Қалқатай Тұралықовтың тұсында аурухана кеңейіп, 87 төсектік болды, жаңадан балалар бөлімшесі салынды. Дәрігер мамандар көбейді. Матай және жол бекеттері тұрғындарымен бірге Құрақсу, Қызылтаң, Егінсу ауылдарынан аурулар қабылданып, тиісті емдерін алып тұрды.  Аурухананың одан кейінгі  бас дәрігерлері  болып  Ж.Қазмағамбетов (1977-89); Махмұтов Омаржан Мұхтарұлы  және Әмірсанин Тыныштықбек Ақанұлы  жұмыс істеді.  Бүгінгі күні бас дәрігер болып Токтасынова Ботагөз Тезекбайқызы қызмет атқарады. Кіші медициналық қызметкерлерден Устенова Мария, Диханбаева Тамара, Сарсенбаева Жанар, Құмарбекова Сағила, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Исекенов Серікжан көп жылдан бері осы мекемеде жемісті еңбек етіп келеді.

 

«Кәусар» балабақшасы. Матай стансасында 1987 жылы 280 орынды алғашқы балабақша қолданысқа беріліп,  теміржол қаражатынан қамтамасыз етілді. 1996  жылы балабақша теміржол қарамағынан Ақсу ауданы білім бөлімінің құзырлығына өтеді. 1997 жылы ол жабылып, ғимараты жекеменшікке беріледі. 2010 жылы  мемлекеттік «Балапан» бағдарламасына сәйкес, балабақша ғимараты жекеменшіктен өкіметке қайтарылып, оның күрделі жөндеуіне 75 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Нәтижесінде,  2011 жылдың  26 қаңтар күні 120 орындық жаңа балабақша іске қосылып,  «Кәусар» балабақшасы-мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны болып бекітілді. Балабақшада 5 топ жұмыс жасайды, 29 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда балабақша 280 орынды, ондағы 10 топта 200 бала  балабақшаға келеді, 64 адам жұмыспен қамтылған. Балабақшаны Аңсабаева Ажар Орынғалиқызы басқарады және онда Байгельдинова Дана - әдіскер болып , Қасымбекова Нүргүл Нұрбекқызы - музыка жетекшісі,  Сабитова Гульмира Жексенбекқызы - логопед, Құсайынова Жанар Әмірғалиқызы, Қазанбаева Назгуль Бидахметқызы, Еспенбетова Жанаргуль,  Байсалбаева Меруерт Бекниязқызы — тәрбиешілер болып жұмыс істейді.

 

Ауылдық клуб.  Оның меңгерушісі болып 2009—2014 жылдары Смаилова Кітапбай Аитқызы жұмыс атқарды, оның ұйымдастыруымен мәдени шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Оның 2001 жылы құрған «Ғасыр әже» фольклорлық-этнографиялық тобы, ауыл қобызшылары көркемөнерпаздар байқауларында жүлделі орындардың тұрақты иегері болды.  2014 жылдан клуб меңгерушісі болып Раисова Мерей Қуанышқызы жұмыс істейді. — Оның ұйымдастыруымен мәдениет үйінде домбыра үйірмесі және де Ж.Букеновтың ұйымдастыруымен спорт үйірмесі, Н.Нұрбекқызының ұйымдастыруымен би үйірмесі жұмыс жасайды. Ауылдың «Ғасыр әже» тобы, көркемөнерпаздар үйірмесі облыс, аудан орталығында өткен байқауларға қатысып отырады. Матай ауылының тумасы «Астана аруы» атағын жеңіп алған Е.Нұрсейітова, «Ақ көгершін» ән байқауының жеңімпазы К.Қабикенова сынды жастарымыз мәдениетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүр 

 

Матай ауылдық кітапханасы.  Матай ауылдық округінде 1 кітапхана орталығы бар. Ол 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның кітапханашылары   Смайлова Кітапбай (1998—2005), Досмуханбетова Жанна (2005—2006),  Дүйсенбаева Айнұр (2006—2007) болады. 2008—2017 жылдары ауылдық кітапханасының  кітапханашы болған  Нұршабаева Раушан Сейдахыметқызы  - қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі, ақындар, т.б. байқаулардың жүлдегері.  2017 жылдың тамыз айынан кітапханашы -Берікқалиқызы Ажар.  Білімі жоғары, мамандығы -мұғалім. Кітап қоры – 12697 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 9080, оқырман саны — 1499, оқырман келімі –12148, кітап берілімі -  30687дана. Кітапханасы жанында «Мирас» қызығушылық қолөнер шеберлер клубы  және басқа үйірмелер бар.

 Сонымен қатар, округте  Құрақсу ауылдық кітапханасы да жұмыс істейді. Кітапханашысы — Көбелдесова Гулшат. Білімі орта арнаулы. Кітап қоры – 6059 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 4179,  оқырман саны — 341, оқырман келімі –5109, кітап берілімі -  10312 дана.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ауыл округінде өткізілген көпшілік шаралардан