Құрметті сайт оқырмандары!  Бүгінгі осы мақаламен, ауданымыздың ауылдық округтері деректері туралы жарияланып келген сайттағы жазбалар циклі аяқталады. Оларда, негізінен, ресми «көздерден» алынған мағлұматтар пайдаланылды. Солай десек те,  әр ауыл округі  туралы мәліметтер толыққанды болды деп айта алмаймыз, әсіресе, ауылдардың  өсіп-даму жылдарында ерекше орны болған,  соған еңбектері сіңген  айтулы, құрметті азаматтарын  толық көрсету  мүмкін де емес еді. Солай десек те, сайт мақалалары қосымша деректердің жинақталуына қарай. мезгіл-мезгіл реттеліп, толықтырылып отырылатынын, тағы да  айта кетейін ...  

 

Жансүгіров ауылдық  округі   Ақсу ауданы

 

  Ауыл округі құрамына —  Жансүгіров, Көкөзек және Алтынарық елді мекендері кіреді.  Округ орталығы,  сонымен бірге аудан орталығы болып саналатын - Жансүгіров ауылы. Ол Алматы облысы орталығы  Талдықорған  қаласынан  солтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде, Жоңғар (Жетісу) Алатауының  сілемдерінің  солтүстік- батыс баурайында,  Алматы-Өскемен тас жолының бойында, Ақсу өзенінің жағалауындағы  бұта  шоғырлары  аралас  бетеге,  боз,  жусан, селеу, сарсазан  өскен  қоңыр сұр топырақты, қуаң дала белдемінде орналасқан.  Жері көлемі-1,3 мың шаршы шақырым.

  Округте  аудандық  мекемелерден  басқа,  5 орта мектеп,  бір  кәсіптік колледж,  өнер мектебі,  аудандық аурухана, емхана,  2 фельдшерлік пункт, 2 мәдениет үйі, жастар орталығы, 2 кітапхана,  мешіт, пошта,  байланыс торабы, учаскелік полиция пункттері, мал дәрігерлік пункттері, стадион,  саябақтар, т.б. халыққа қызмет етеді.

. Жансүгіров ауылында  қант зауыты, су электр стансасы, бірнеше мейрамхана мен қонақүйлер. автобекет, орталық базар, 100-ден аса  сауда және тағы басқа кәсіпкерлік орындар бар.

 Округте 400-дей  шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері 23559 га, оның ішінде егістігі- 3746 га.

Жансүгіров ауылының көрінісі. Ақсу ауданы

 

 

   Жансүгіров  ауылының  іргесі 19-шы  ғасырдың  ортасында қаланған.  Осы жердің  бедеріне қарай,  «Тасбекет»  атанған ол, аудан аумағынан  өткен сауда керуендеріңің  жолында  орналасқан бекеттердің бірі ретінде  белгілі. 

    Бір  деректер  бойынша, 1858 жылы осы жердегі  тау жолы өтетін  «Қарала  көпір» сайы   аузында,  қорғаныс  аймағын  нығайту  мақсатында  Ресейдің  әскер  полкі  келіп орналасады.  Соған  байланысты, салынған ауыл  сол  әскер  құрамының басшысы болған Абакумовтың есімімен аталып кетеді. Белгілі ғалым — зерттеушілер  Ш.Уалихановтың,  Н.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің естеліктерінде,  жергілікті тұрғындар үшін игілікті істердің ұйымдастырушысы  ретінде Абакумов  туралы жақсы пікірлер  айтылады.  Осы  мекенді орыстардың  «Хутор»  деуіне байланысты,  жергілікті  қазақтардың  айтуымен  «Қотыр  қала»  деген атау  да бірге «ілесіп» келді.

 

  1930-шы  жылдардың  басында осы ауылда, аудандағы  алғашқылардың  бірі  болып  ұжымшар ұйымдасады.  Кейін маңайдағы  бірнеше  ұсақ  шаруашылықтар  біріктіріліп, алдымен  «Өндіріс»,  одан соң Чапаев атындағы  ұжымшар  атанады.  Ол,  1963 жылы  «Қаракемер»  кеңшары болып қайта құрылды.

    

    Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1964 жылы 30 мамырдағы Жарлығымен аудан орталығы Ақсу ауылынан Абакумовка ауылына көшірілді. Алматы облысының  атқару комитетінің шешімі бойынша 1964 жылы 8 тамызда Абакумовка ауылы қалалық поселке қатарына кіргізілді. Ақсу аудан орталығы Абакумовка поселкелік Кеңесі болып ауыстырылды. Құрамына Абакумовка, Діңгек, Қаракемер, Қьізылқайың және ГЭС елді мекендері кірді.

 

  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1965 жылғы 5 маусымдағы Жарлығымен қалалық поселке Абакумовкаға ауданның тумасы, қазақтың белгілі ақыны  Ілияс Жансүгіровтың  есімі берілді.

 

   Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен  Ақсу ауданы  Талдықорған облысының құрамына енгізілді.

 1968 жылы 1 наурызда Жансүгіров поселкелік Кеңесінің құрамына Жансүгіров, Діңгек, Қаракемер, Көкөзек, Заготзерно, ГЭС  және Қызылқайың елді мекендері кіргізілді.

 

  Жансүгіров поселкелік Кеңесінің төрағасы болғандар: Х.Ахметов (1965—1966),  Б.Тасымбеков (1967—1973),  А.Момыжанов (1974—1975);  Р.Ташкенбаева (1976—1977).

 

  Жаңа аудан орталығына  мемлекет тарапынан қомақты  қаржылар бөлініп, құрылыс жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілді. Заман талабына сай көп қабатты, жаңа үлгідегі тұрғын үйлер бой көтерді. 

  1968 жылы  жаңадан  салынған Ақсу қант зауыты өнім бере бастады. Кеңес Одағындағы 10 қант зауытының  бірі  болған  ол,  80-ші  жылдары Одақ  бойынша  үнемі  озықтар  қатарында  көрініп отырды.

  Ауылда  жаңадан аудандық мәдениет үйінің, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің, алты балабақшаның ғимараттары салынды,  20 гектар жерге аудандық сая бақ өсірілді. Аудандық партия және Кеңес атқару комитеттерінің, бірнеше мекемелердің ғимараттары орналасқан жаңа орталық  алаң, ауылға  әсем көрік берді. Сондай-ақ, халық банкі, аудандық әскери комиссариаты, тұрмыстық қажет өтеу комбинаты, поселкелік Кеңесінің ғимараттары бой көтерді. Сол жылдары барлық әлеуметтік инфроқұрылымының негізі қаланды. Негізгі көшелерге асфальт төселді, электр жарығы жүргізіліп, ауыз су және канализация құбырлары тартылды.

  Одан кейінгі жылдары да, аудан  орталығы  ретінде жаңа әкімшілік-әлеуметтік мекемелер ғимараттары, тұрғын үйлер салынып іске қосылуда, Ауыл көшелері  толық асфальттанды,  су құбырлары күрделі жөнделуде. Орталық алаң  аумағында  кешендік  сипатта бірнеше ескерткіштер бой көтеріп, оны  жаңарту жұмыстары жалғасуда.

 

Алматы облысының атқару комитетінің 1965 жылғы 18 тамыздағы шешімі бойынша Қаракемер ауылы Жансүгіров поселкелік Кеңесінен алынып, Қарашілік селолық Кеңесінің әкімшілігіне берілді. 1967 жылы Қаракемер ауылы қайтадан Жансүгіров поселкелік Кеңесінің құрамына қайтарылады.

 

  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1978 жылы 5 мамырдағы Жарлығымен Діңгек кеңшары аумағындағы Діңгек, ГЭС, Қызылқайың ауылдары Жансүгіров поселкесінен жаңадан ашылған Н. Есеболатов ауыл Советіне берілді.

  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1985 жылы 22 қазандағы Жарлығымен Жансүгіров поселкесіндегі «5 км» аталған елді мекен  Алтынарық ауылы деп аталды.

 

  Талдықорған облысы атқару комитетінің 1989 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен Қаракемер, Алтынарық, Көкөзек елді мекендерді Жансүгіров поселкесінен жаңадан ашылған Алтынарық, Көкөзек ауыл Советіне берілді.

Жансүгіров поселкесінің төрағасы болып В.Параскевопулос, А.Д.Исаев, М.И.Диханшынов, С Ж.Нарышевтар қызмет атқарды.  

 

   Талдықорған облыстық Мәслихаты және әкімдігінің 1996 жылғы 20 қарашадағы шешімі бойынша жоғарыдағы елді мекендер қайтадан Жансүгіров поселкесінің округіне берілді.

    Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1997 жылғы 22 сәуірінде Ақсу ауданы Алматы облысына қосылды.

 

  Алматы облысы Маслихатының № 20-128 шешімі және облыс әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №205 қаулысымен  Жансүгіров поселкесі қайтадан Жансүгіров ауылы деп аталды

 Жансүгіров поселкелік округінің алғашқы әкімі-С.Нарышев (1994-97), одан кейін Н.Мырзеков, С.Б.Қорғанбаев, Б.Жұмағалиев  және М.Адамбеков болды.

 

Шарипов Болат. Жансүгіров ауылдық округінің әкімі. Ақсу ауданы

   

2010 жылы  округ әкімі қызметіне Шарипов Болат Төлегенұлы тағайындалды. Ол 1962 жылы Ақсу ауылында туған. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірген. Аудан орталығындағы №135 кәсіптік техникалық училищесінде комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, директоры орынбасары, «Қамқор» ТҚК стансасының бастығы, Ақсу қант зауытының директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.

 

 

 

Жансүгіров ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері. Ақсу ауданы


Жансүгіров ауылдық округі әкімдігінің ғимараты. Ақсу ауданы

 

 

Қазіргі  уақытта Жансугуров ауылдық округі құрамына Жансүгіров ауылымен бірге Көкөзек және Алтынарық елді мекендері кіреді.

 

Алтынарық ауылы 

  Алтынарық ауылы  аудан орталығынан батыcқа қарай 15 шақырым  жерде  орналасқан.  Ауылда  бір  орта  мектеп,  дәрігерлік амбулатория бар.

  Аңыздар бойынша  Жоңғар шапқыншылығы басылып, кескілескен ұрыстар аяқталғаннан кейін, 1759 жылы ақшора-шаппа руларын басқарған Көтен Тәуіп Байғотанұлы өз елін осы Алтынарық мекеніне  әкеліп қоныстандырады...

  1930 жылы  Қаракемер ұжымшары  құрылып, тұңғыш басқармасы болып С.Сәрсенбаев, содан кейін М.Жазылбеков сайланады. 1950 жылы  қайтадан 4  ұжымшардан   құрылған  Қаракемер кеңшарын  Бәкей Жидебаев,  одан  кейінгі жылдары Қойшыбаев,  Ю.М.Зудин,  Абдығалиев Төлеген,  Тойшыбеков  Жанат,  М.Ширбаевтар басқарды.  

   Ауылдан  Ұлы  Отан соғысына 627 азамат аттанып, 365-сі қайта оралмады.  Соғыста  ерлік  көрсетіп  қаза  тапқан жерлестері  құрметіне  ауыл тұрғындары ескерткіш қойды.

   Соғыс және еңбек ардагерлері-Сәлімбаев Жұмаділ, Байғалиев Биғали, Қабанбаев Бүркітбек, Сейсембаев Мұқыш, Омаров Иманғали, Меньшиков Иван Степанович, Аренжанов Есдаулет, Құтымов Бимұханбет, ФЗО-да еңбек еткен-Рамазанова Дәмелі — ауыл елі сыйлылары болды...

  «Ленин» орденінің иегері — Аязбаева Жамила; «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегерлері — Мұхамадиев  Нұрмұхан, Чнетов Жұмахан,  Асылбеков Самет, Бектұров Қозыбай, Ширбаев Қамбар; еңбек ардагерлері — Әбілмажинова Нұржібек, Шпекбаева Нұрғайша, Мұхаметжанов Жұмағали, Сауытбеков Қожахмет, Сауытбеков Орысбай, Шлабеков Нүсіпбек, Нұрланов Қапан, Молдабеков Жансұлтан, Нұрақышев Ерғазы, Мұқышев Мұхаметжан, Кенебаев Сейілқасым, Сәлімбаев  Хайдар,  Кәрім,  Аязбаев Баймолда, Қожахметов Қуанбай, Өнербаева Оңғайша, Мұхаметжанов Иса, Маукулов Муса, Мухаметжанов Абдрайым, Шоңкенов Серік, Жайлов Қасымхан; Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз-Сейсенбаев Мұқаш және т.б. -   «Қаракемер» кеңшарының қалыптасып, өсіп — дамуына  үлкен үлестерін қосқан азаматтар болып табылады.

  Олардан  басқа,  ауыл  тұрғындарының аса құрмет еткен сыйлы азаматтары ретінде Маңғазбеков Нұрланбектің (1921ж.т.), Сәтімбеков Тұрсынбектің (1928ж.т.), Сүлейменов Жаңылыстың (1937ж.т.) және Қылышбеков Сайлаудың (1937ж.т.)  есімдері дара аталады. Олардың бүткіл өмір және еңбек жолдары туған ауылының өсіп-дамуымен тығыз байланысты  болды.  Озық  еңбек  адамдары  болған олар,  одан ары шаруашылық бөлімшелерінің басқарушылары ретінде де ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттерімен, қол жеткізген табыстарымен ауыл жылнамасында лайықты іздерін қалдырды. Олар әр кезде де үлкен адамгершілік қасиеттерімен де толыққанды «ел үлкендері» болып құрметтелді.

  Тағы да  ауыл елінің  мақтаныш  ететін  азаматтары: Иманғалиев Байдікен–еңбек ардагері;  Аязбаев Ахат–техника ғылымдарының кандидаты,  Қарағанды көмір шахтысының бас директоры болған, қазіргі зейнеткер; Сүлеймен Ляззат  Жаңылысқызы–әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі; Беркімбаева Сауле Баубекқызы–физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан–Британ техникалық университетінің лекторы; Қалимолдина Райхан– «Дарын» сыйлығының лауреаты, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының әртісі;  Құтымов Талғат –ішкі істер бөлімінің полковнигі;  Ақсу ауданының Құрметті азаматы, Әмренова Нұркүміс және Садуақасов Әсет, Сейсембаева Сауле–ел ағалары;  Маңғазбеков Тұрарбек Нұрланбекұлы–белгілі кәсіпкер; Сүлейменов Бейбіт–шаруа қожалығының жетекшісі болған, қазір аудандық мәслихаттың хатшысы; Сәлімбаева Шәкура–"Медиа-форм" орталығының директоры және т.б

Округтің Көкөзек ауылы туралы  деректер бұрынырақ осы сайтта жеке парақ терінде берілген болатын.

 

 

Аудан орталығы -Жансүгіров ауылының көрнекті орындарынан...

Ақсу ауданы әкімдігінің ғимараты


Ақсу ауданы әкімдігі бөлімдерінің ғимараты

 

 

 

 

 

 

 

Орталық алаң көрінісі. Жансүгіров ауылы


Орталық алаң көрінісі. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық алаң көрінісі. Төрде аудандық Мәдениет үйі. Жансүгіров ауылы


Орталық алаң көрінісі. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық алаң. Батырлар аллеясы. Жансүгіров ауылы


Орталық алаң көрінісі. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәтпаев атындағы орта мектеп. Жансүгіров ауылы

 

Сихымов атындағы орта мектеп. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік политехникалық колледж. Жансүгіров ауылы


Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу аудандық соты ғимараты. Жансүгіров ауылы


Ақсу аудандық прокуратура ғимараты. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу аудандық ІІБ ғимараты. Жансүгіров ауылы


Ақсу аудандық ауруханасы ғимараты. Жансүгіров ауылы

 

 

 

Ақсу удандық пошта ғимараты. Жансүгіров ауылы


Ақсу аудандық спорт мектебінің ғимараты. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу аудандық өнер мектебінің ғимараты. Жансүгіров ауылы


Ақын-Сара атындағы жастар орталығы. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жетісу» сауда үйі. Жансүгіров ауылы


«Ақ-Нар» мейрамханасы. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу қант зауыты. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық стадион. Жансүгіров ауылы


Роликтік коньки манежі. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық саябақтағы балалар алаңы. Жансүгіров ауылы


Орталық саябақтағы жаздық кафе. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

Жаңаланған тұрғын үйлер. Жансүгіров ауылы


Жаңаланған тұрғын үйлер. Жансүгіров ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаланған тұрғын үйлер. Жансүгіров ауылы


Автобекет. Жансүгіров ауылы