Құрметті осы мақаланы оқушылар!

Мақала алдында, Сіздерге осы сайттағы ауылдық округтері туралы  жарияланған (алда жарияланатын) деректік мақалалар «авторлық емес» екенін ескертеміз! Олар, ауданымыздың 80-жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл округтерінен  жинақталған материалдарды негізге алып,  бүгінгі ауыл мамандарының толықтыруларымен  құрастырылып отыр.

  Осыған орай, егер мақала деректерінде қателіктер кетіп жатса, оны жедел түзеуге дайынбыз!  Ал, оған жеке бір адамдардың есімдері  әртүрлі себептермен кірмеген болса, сол жөніндегі кінә қоюшылықты (претензияларды) сайт иелері өзіне еш қабылдамайды!  Бірақ, соның өзінде, мақалаға ондай азаматтар туралы деректерді  қосымша енгізіп, оны толықтыруға әбден болады. Яғни, сондай азаматтар туралы  (лайықты  деп санасаңыздар) деректер жазбасын (ауылға сіңірген еңбектерін, марапаттарын көрсетіп), ауыл округі әкімдігі мамандары  арқылы, немесе осы сайттағы  эл.адреске тікелей жіберулеріңізге болады!

 

Қызылағаш ауылдық округі  Ақсу ауданы

 


 Ауылдық округі құрамына  Қызылағаш, Ақтоған  және  Қопалы  елді мекендері  кіреді. Округ орталығы — Қызылағаш ауылында орналасқан. Жер көлемі 0,4 мың шаршы шақырым. Халық саны 3 мыңнан асады.

 Ауыл округінде  І.Жансүгіров атындағы орта және Қызылағаш орталау мектептері, «Нұршуақ» бала бақшасы, ауылдық дәрігерлік  амбулатория, екі фельдшерлік пункт, кітапхана, пошта байланыс торабы,  учаскелік полициялық  пункті,  мал  дәрігерлік  пункт,  монша,  су құбыры қоймасы, тігін  цехы  және  бірнеше  сауда орындары  халыққа  қызмет  етеді.    

  200-ге жуық шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері 55708 га, оның ішінде егістігі — 4153 га. Мал  шаруашылығы  бойынша   ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкі  және  құстар өсірумен айналысады.

   Қызылағаш ауылы Ақсу ауданының батыс жағында, аудан орталығынан 61 шақырым жерде, Алматы-Өскемен автотрассаның бойында, Ақешкі тауының солтүстік етегінде бұйырғын, тасбұйырғын, боз, жусан басым өскен сұр, сортаңды бозғылт қоңыр топырақты шөлдеуіт белдемде орналасқан. Оның жанынан Қопалы өзенінің тармақтары Алакөл және Қызылағаш өзендері өтеді.

Табиғат көріністері


Табиғат көріністері

 

 

Табиғат көріністері


Қызылағаш өзені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдың негізі 19-шы  ғасырдың 70-80-ші жылдары қаланған. 1932 жылы Бүйен — Ақсу қой кеңшары болып құрылады, оның алғашқы директоры Ақтаев болады.  Ол 1932-33 жылдары. ашаршылыққа қарамастан кеңшарды үлкен  іргелі шаруашылыққа айналдыра білді. Ресейдегі Ставрополь және Дон өлкесімен экономикалық қарым–қатынастар жасай отырып, асыл тұқымды жылқылар алдырды. Сол кездегі белгілі әскер қолбасшысы, Кеңес Одағының Маршалы Буденный С.В. Қызылағаш ауылында болып, асыл тұқымды жылқы зауытының негізін салуға зор ықпал етті. (Ақтаев 1937 жылы  «халық жауы» деген атақпен атылып кетеді).

   Шаруашылық 1941 жылы №147 Қызылағаш жылқы зауыты болып құрылып, майданға «Дон», «Буденный», «Ақалтеке» тектес жылқыларды жібере бастайды. (Барлығы, 738 бас жылқы, азық- түліктер жіберілген). Соғыс жылдарында 250-ге жуық грек, неміс, шешен, кәріс, т.б. ұлттар отбасылары  Қызылағаш ауылына әкелініп, қоныстандырылды. 1947 жылы жылқы зауытында 3324 бас асыл тұқымды жылқы, 27439 бас қой, 746 бас ірі қара, 178 бас түйе, 300 бас шошқа, 2387 үй құстары болған.

  Тың және тыңайған жерді игеруге байланысты 1956-57 жылдары  қосымша 13855 га тың жер көтеріліп, егін көлемі 24 мың га-ға жеткен. Кеңес Одағының түпкір–түпкірлерінен тағы да көптеген жұмысшылар күші келіп қосылды. Зауыт директоры болып Пушкарский З.Я. істеген. 1958-70 жылдары ауылдың экономикасы жақсы нығаяды.  Жаңадан 680 орындық мектеп, малшылардың балаларына арнап 180 орындық 3 қабатты мектеп-интернат, май шығаратын зауыты салынды. Заманның талабына сай малшылар үйлері, мал қоралары көбейді. Шопан Балтабаев Тынымбай және комбайнер Адлер Отто Рудольфович   Социалистік  Еңбек Ері атағын алды. 27 адам — Ленин орденімен, комбайнер Бек Эмиль, механизатор Ермолдин Нұрымхан, басқа да көптеген ауыл еңбеккерлері үкіметіміздің орден, медальдарымен марапатталды.

  Ауылдың мәдени-әлеуметтік жағдайын көтеруде, тұрғын үйлер салуда, көшелерді асфальттауда, су арықтарын салуда 1970-80 жылдары зауыт директоры болған Л.А. Либерманның еңбегі үлкен болды. Ауылға тау бұлағынан таза ауыз-су құбыры тартылды. Шаруашылықта 64-65 мың қой болды. Жылқы зауыты 1966, 1979 және 1982 жылдары  Қазақстан КП ОК және Министрлер Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

  Қызылағаш өзінен сметалық құны 580 млн. теңгені құрайтын, 58 млн. текше метр су жиналатын су қоймасы, су жүйесін бөлетін орталығы (водозабор) және жер асты үлкен су құбырлары бар суғару жүйесі жасалынып, жер асты құбыры арқылы жаңа 1400 гектар массив игерілді. Соның арқасында,  ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі көбейіп, сапалары анағұрлым жақсарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ауылдың танымал азаматтары ретінде есімі аталатындар: Сламжан Құнанбаев – Қазақстан комсомолы ОК хатшысы, Қазақстан Министірлер кеңесінің іс басқарушысы, мемлекет және қоғам қайраткері болған, майдангер; Есет Есболатов – Алматы облыстық әділет басқармасының бастығы болған, заңгер; Тоқтарбек Кәріпжанов – облыстың үш ауданын басқарған қайраткер; Тоқтарбай Қанапиянов –Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз;  Махаба Есболатова– Республикаға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері; Сүлеймен Құнанбаев– аудандық партия комитетінің хатшысы, көп жылдар Гвардия ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы колхоздың бастығы болған, ағайынды Қасымовтар – аудандық оқу бөлімдерінің басшысы және мектеп директорлары, және т.б. Қант қызылшасын өсірушілердің ішінде жақсы көрсеткіштерге жеткен жеке шаруа қожалығының төрағасы А.А.Квитко «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жеке шаруа қожалықтарының төрағалары Хаймолданов Сейілхан, Тойбаев Серікбай,  Базарбаев Берік ауылдағы мал санын көбейтуде өздерінің үлестерін қосты.  Ұзақ жылдар шаруашылықта құрылыс маманы болған, 2005 жылдан Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман міндетін  абройлы атқарған, еңбекқор, жауапкершілігі жоғары, елге  сыйлы азамат болған Естібаев Даулет Абдрахманұлы (марқұм) ел есінде.  

 

  Қызылағаш ауылы тарихында 2010 жылы наурыз айының 11- не қараған түнінде болған су апаты еш ұмытылмайтын оқиға болып қалды. Ел басшылығының және бүткіл Қазақстан халқының көмегі арқасында 5 — 6 айда ауыл жаңа үлгідегі, әсем қалашық болап қайта қалпына келтірілді. (Ол жөнінде кейінірек жеке мақала беріледі). Апат кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін ауыл тұрғыны, Сепсуев Қазбек Имранұлы  және пошта қызметкері Сақыпбекова Зинаида Үкіметтің арнайы  медальдарымен марапатталды.

Қызылағаш ауылы Ақсу ауданы


Қызылағаш ауылы Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ауыл округінде І. Жансүгіров атындағы орта және Қызылағаш орталау мектептері бар (олар туралы деректер жеке беріледі)

    Ауылда Мәдениет үйі бар. Директоры – А.А. Есенаманова (білімі жоғары, еңбек өтілі 9 жыл); көркемдік жетекшісі – Г.Б. Қырықбаева (білімі жоғары,  еңбек өтілі 8 жыл); музыкалық жетекшісі – Қ. Жағпар (білімі жоғары, еңбек өтілі 9 жыл).  Мәдениет үйінде 5 үйірме жұмыс істейді. 

Қызылағаш ауылдық Мәдениет үйі Ақсу ауданы


Қызылағаш ауылдық Мәдениет үйінде  Ақсу ауданы

                                                                                            

 

 

 

Қызылағаш ауылдық кітапханасында екі кітапханашы, бір бағдарламашы жұмыс істейді. Кітапханашы – Б.Ж. Байчигашова, білімі арнаулы орта, еңбек өтілі 35 жыл, «Кітапхана ісінің үздігі»  Кітапханашы –  А.Т.  Бейсебекова білімі жоғары,  еңбек өтілі 29 жыл. Бағдарламашы – Г. Нұрланқызы, білімі арнаулы орта.

 Кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңа заман талабына сай жаңартылған, компьютерлер беріліп, ғаламторға қосылды, «КАБИС» бағдарламасына енгізілді.  2017 жылы жаңадан 253 дана, мемлекеттік тілде  226 дана кітап алынды. Кітапхана қорында – 19962  дана кітап бар, оның ішінде  – 12870 данасы мемлекеттік тілде; оқырман саны  – 1400; оқырмандар келімі – 13476;  кітап берілімі – 24498.

Қызылағаш ауылдық кітапханасында Ақсу ауданы


Қызылағаш ауылдық кітапханасында Ақсу ауданы


Қызылағаш ауылдық кітапханасында Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханада  іс номенклатурасы бойынша  бірнеше бағытта жұмыс жүргізіліп,  әр деңгейдегі  оқырмандардың талап-тілектері қанағаттандырылуда.  Өз жүмыс жоспарына сай  жыл бойында  ауылдың  қоғамдық  ұйымдарымен  бірлесе  көпшілік іс – шаралары өткізіледі. Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру»  атты мақаласының аясында  көптеген іс- шаралар атқарылуда. 

 Бүгінгі таңда Қызылағаш ауылдық әкімшілігінде Ж. Қалиасқарова — бас маман іс — жүргізуші,  А.Самихов, Е. Зейнезаев — бас мамандар, Н. Досмаков — жетекші маман,  С. Қалиасқарова — салық инспекторы және  Ә. Рысдәулетов  — малдәрігерлік пункті меңгерушісі  қызметтерін  атқарады.

  Ауылдың алғашқы әкімі — Болат Оразғалиев, одан кейін  Бекмурзин Жайлаубай Бисалыұлы,   Жүнісов Есет   болды.

  2010 жылдан ауылдың әкімі — Амитова Сәуле Мәжитқызы.  Ол  1960 жылы  Жансүгіров ауылында  дүниеге келген.  Алматы зоотехникалық-  малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген. 1982—1997 жылдары шаруашылықтарда мал ұрықтандырушы, асыл мал тұқымдандыру стансасында ұрықтау пунктінің меңгерушісі,  2000 жылдан «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы болды.

 

Амитова Сәуле Мәжитқызы Қызылағаш ауылдық округі әкімі —


Қызылағаш ауылдық округі әкімдігінің ғимараты


Қызылағаш ауылдық округіндегі пошта ғимараты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдық  Мәдениет үйі мен кітапханасы тарапынан өткізілген көпшілік шаралардан